АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 25.05.2017


«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ». Қайыңды мектебі

Күні: , 96 рет оқылды

18699363_278139072595988_224131670188226507_o 18623415_278139799262582_1176386357282462253_o25 мамыр күні Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты шарада аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев, -Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз, -деді. Сондай-ақ Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Серікжан Сүлейменов және мектеп түлектерінің ұстаздары мен ата-аналары сөз алып, барша мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Кешке осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер де келіп, ақжарма тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар бұл түлектер мектеп ауласына балалар ойын алаңын орнатып, өскелең ұрпаққа игі істің бастамасын көрсеткенін атап өткен жөн. Соңғы қоңырау салтанатында мектеп түлектерінің мерекелік бағдарламасы ұсынылып, шырқалған әсем әуендер үнімен түлектер қимастық сезіммен қоштасып жатты…

Жұлдыз АСҚАР


«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» . ҚАЗТАЛОВ МЕКТЕБІ

Күні: , 122 рет оқылды

18620896_278083175934911_5856238824473214276_o 18620899_278083129268249_1059207237520959223_o25 мамыр күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты шара оздырылды. Салтанатты шарада 2016-17 жоқу жылында оқу озаттары атанған оқушылар қатысқан «Үздіктер шеруі» өтті. Салтанатты шарада сөз алған мектеп директоры Әлия Жақсыбаева,-кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеген бүлдіршіндер бүгін алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Барлық түлектерге сәтті сапар тілейміз!- деген ұстаздық тілегін жеткізді. Сонымен қатар шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат депутаты Еркін Ғазизов, аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов және ардагер ұстаздар да ыстық ықыласқа толы лебіздерін жеткізді. Шара оқушылардың әсем әуенге толы әндері мен билеріне жалғасып, көптен күткен «Соңғы қоңырау» үніне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП


«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ». АЛМА ОРАЗБАЕВА МЕКТЕБІ

Күні: , 185 рет оқылды

18671532_278084902601405_874718156554494335_o 18671547_278084139268148_8175957028656267580_o 18699615_278085022601393_7855764341755212437_oБүгін барлық өңірлерде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтуде. Аудан орталығында салтанатты үлкен шара 150 жылдық тарихы бар Алма Оразбаева атындағы орта мектебінде де өтті. Салтанатты шараға қала мектептерінің түлектері, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Шарада сөз алған осы мектептің директоры Әлия Ғұсманова және аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, — Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз,- деген тілектерін жеткізсе, ардагер ұстаздар ақ баталарын жолдады. Мектеп бітіргендеріне 40,30 және 20 жыл болған түлектер де тілектерін жеткізіп, мектеп әкімшілігіне сыйлықтарын табыс етті. Келесі сәтте «Мектеп вальсі» жарияланып ақ бантикті балауса қыздар мен жас желек бозбалалардың қалың жұбы алаңды тұтастай жауып вальс ырғағымен дөңгелей жөнелді. Осы сәтте алаң ортасындағы шадыман мерекенің жарқын нышаны ондаған шарлар аспанға қалықтай жөнелді. «Соңғы қоңырау» үні де соғылып, оқушылар үйлеріне тарап жатты…

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАС ДАРЫНДАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 158 рет оқылды

18671443_277745762635319_1321999079318048132_oЖуырда «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алашорда — Азаттықтың ақ таңы» атты мектеп оқушылары арасында облыстық мүшайра өтті. Мүшайраға айтыс жанры бойынша Алма Оразбаева мектебінің 10 сынып оқушысы Құралай Амангелді (жетекешісі Аягөз Нұғманова), мәнерлер оқу кезеңі бойынша Назым Бақытжан (Фариза Оразғалиева) қатысып, жүлделі 3 орындарға ие болды. Сондай-ақ өлең шығару жанры бойынш а Армат Ерниязов (жетекшісі Мирболат Мурзағалиев) арнайы сертификатпен марапатталды. Жас дарындарға алдағы уақытта да поэзия шыңында жүре берулеріңе тілекшіміз!

Әсем БОЛАТ


АУДАН ПРОКУРОРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 166 рет оқылды

18595540_277478852662010_5077807254406108826_o 18588846_277478882662007_6721906536372176939_oӨңірімізде Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының «Арыз – мемлекеттік қызметкердің индикаторы» атты жобасының шеңберінде тұрғындармен кездесу жүргізілуде. Бұл жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, заңды тұрғыда кеңестер беру, тұрғындар тарапынан мемлекеттік билік институттарына сенімнің артуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай 23 мамыр күні Қазталов ауданының прокуроры Дәурен Медетбеков Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге сонымен қатар аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық әділет басқармасы, ауыл шаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлік палатасының басшылары мен өкілдері қатысты. Кездесуде тұрғындар негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік қолдау бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй алу, жер мәселелері, мал бағымын ұйымдастыру бойынша сұрақтар қойды. Сондай-ақ дүкендердегі тауарларға бағалардың жазылмауы, түнгі уақытта заңсыз алкоголь өнімдерінің сатылуы, тұрғындардың ит, мысық сынды үй жануарларына уақытында екпе ектірмеулері жөнінде де мәселелер көтерілді. Кездесу барысында көптеген мәселелер өз шешімін тауып, сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


БАТЫР АТЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Күні: , 132 рет оқылды

18588753_277467289329833_8790438112417186265_o 18589035_277466712663224_4407206861206685504_oӨткен жұмада аудандық балалар-жасөспірімдер мектебінде үш «Даңқ» орденінің иегері жерлесіміз Қайырғазы Имашевті ұлықтау мақсатында волейболдан облыстық ашық турнир өткен болатын. Турнирге Орал қаласынан және Жәнібек, Ақжайық, Қазталов аудандарынан 2002-2003 жылы туылған жасөспірім қыздар қатысты. Турнирде Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Әлия Жақсыбаева сөз алып, жан-жақтан жиналған барлық командаларға сәттілік тіледі. Атап айту керек, бұл ең алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің ұжымы бір кісідей атсалысқан болатын. Шындығы керек, осы сайысты өткізер алдында ашық турнир «Ауыл айнасы» газеті атындағы деп ұсыныс жасалғанда, газет редакторы Серік Жұмағалиев, -Ауданның жалғыз басылымына құрмет көрсеткендеріңізге рахмет. Бірақ бір нәрсені есімізден шығармайық. Батырға пара-пар Қайырғазы Имашев атында бір шара өткізіліп жатырған жоқ. Сондықтан осы күнге біздерді жеткізген ағаларымызды дәріптейік. Қайырғазы Имашев атындағы турнир болсын! –деп айтқан еді. Нәзік жанды аруларымыз бақ сынаған ойында 1 орынды Орал қаласындағы №19 мектеп, 2 орынды Ақсай қаласы, 3 орынды Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің командалары жеңіп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Алғаш рет батыр атындағы өткізілген турнирге демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер Г.Әбиева, Ә.Нұрекешов, Б.Кумаев, Е.Қадиров, А.Жұмағазиев, Р.Галимов, А.Тайғаринов, Данияр, Дамир Қабдолов, Айнагүл Қабдоловаларға ұйымдастырушылар ризашылықтарын білдіреді.

Жұлдыз АСҚАР


«МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ» ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 76 рет оқылды

18588676_277140979362464_7533411548522168032_o22 мамыр күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында кеңес өтті. Кеңесте Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департамент басшысы Сатқан Төлегенов, медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Балжан Темірғалиева әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсінік беріп өтті. — 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Халық осы арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмекке міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша қол жеткізе алады. Яғни, кез келген сырқатыңызға байланысты медициналық тегін көмек алып, тіпті қымбат оталардың өзін тегін жасата аласыз. Ол үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жарна аударып тұруыңыз қажет. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне жеткізу, әрі медициналық қызмет сапасын жетілдіру. Сондай-ақ халық арасында ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын одан әрі жақсарту қажеттігін де айтып өтті. Кеңеске қатысушылар осы мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алды.

Жұлдыз АСҚАР


КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАТЫНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛМЕКШІ

Күні: , 112 рет оқылды

18623492_277132382696657_6417613836937861022_o22 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангерееваның төрағалық етуімен комиссия отырысы өтті. Комиссияда Алаш қозғалысының 100 жылдығы, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, 1 маусым — Балаларды қорғау күні және 4 маусым — Рәміздер күніне арналған іс-шараларды өткізу жоспары талқыланды. Атап айтқанда ел Тәуелсіздігінің іргетасы болып табылатын Алаш қозғалысының 100 жылдығын атап өту, бұл орайда түрлі ғылыми-танымдық шаралар өткізу, оның мәні мен мазмұнын жете түсіндіру, қорытындысында ауқымды конференция өткізу жоспарланып отырса, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін тарихымыздағы ақтаңдаққа тағы да бір көз жіберу мақсат етілуде. Сондай-ақ 1 маусым — Балаларды қорғау күні мерекесінде жас бүлдіршіндердің көңілді мерекесінде олардың шат күлкімен атап өтуіне барлық жағдайлар жасалмақшы. Ал 4 маусым — Рәміздер күні ерекше мейрам болғалы тұр. Тәуелсіз елдің рәміздеріне 25 жыл толмақшы. Сондықтан Көк Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды асқақтататындай оның әрбір адамның жүрегінде сақталатындай шаралар жүргізілмекші. Міне, осындай түрлі іс-шараларды ұйымдастыру тиісті мекеме, ұжымдарға тапсырылып, атқарылуы міндеттелінді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.