АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 22.05.2017


«СӘЛЕМ САҒАН, АҚЖАЙЫҚ» АЙЖАН НҰРМАҒАНБЕТОВАНЫҢ ӘН КЕШІ

Күні: , 153 рет оқылды

18556073_276806596062569_8109883484160413941_n 18558576_277028502707045_2877437864047780843_o 18581743_277027149373847_366976697102751291_n 18620517_276806746062554_3019100919378675643_o 18671763_277028346040394_9046676531253338844_o21 мамыр күні Қазталовтың қасиетті топырағына қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова концерттік бағдарламамен ат басын тіреді. Айжан Қабдуалиқызы концерттік бағдарламасымен Жаңақала, Бөкей орда және Жәнібек аудандарында болған еді. Енді міне, Қазталов ауданына да келді. Эстрада жұлдызының концерті бүгін сағат 19:00-де аудандық мәдениет үйінде өтетін болады. Кеш қонағы «ҚазақКонцерттің» жас әншісі Сая Махамбет. Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан еңбек сіңірген әртісі, әнші Айжан Нұрмағанбетова мен «Қазақконцерттің» әншісі Сая Махамбет «Сәлем саған, Ақжайық!» атты концерттік бағдарламаларын берді. Концертте Сая Махамбет «Қазағымсың», Алтынбек Қоразбаевтың әніне жазылған «Желдірме», Шәмші Қалдаяқовтың әні «Бақыт құшағында» сынды әндерді орындап көрермендердің зор кошеметіне бөленсе, Айжан Нұрмағанбетова сахна төріне шыққанда барша қауым ыстық ықыласымен қарсы алды. Айжан Қабдуалиқызы «Шилі өзен», «Бақыт деген», «Махаббат әндері», «Мен деп ойла» басқа да елге танымал әндерін шырқап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Шара соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ДАЛА ҚЫЗЫҚТАРЫ ӨТТІ

Күні: , 199 рет оқылды

18491599_276168312793064_983154654628459720_o 18518077_276168639459698_5220087511940150245_o 18527254_276168889459673_5140866765926519338_o 18558796_276169082792987_7149692239312776139_o19 мамыр күні Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына орай ұйымдастырылған той дала қызықтарымен жалғасты. 15-ке тарта ақшаңқан киіз үй тігіліп, сауда-саттық та ұйымдастырылған. Дала қызығына жиналған жұртшылықты аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, осы тойды ұйымдастыруда демеушілік жасаған «ҚұрылысГаз» ЖШС директоры Каримолла Жакупов, «ПМК117» ЖШС директоры Ольга Попова, «БатысГазСтрой» ЖШС директоры Сапарғали Айтқалиев, «БатысСтройСервис» ЖШС директоры Серікқали Жолымбетовке, ауыл азаматтары Алтай Мұқамбетқалиев, Дамир Байғазиев, Бауыржан Имашев, Жасұлан Байғонақов, Абай Багисов пен аудандық мәслихат депутаттары Еркін Ғазизов, Мейірбек Рамазановқа, кәсіпкерлерге аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді. Дала қызықтарындағы ұлттық ойындарға Ресейден, Атырау, Маңғыстау облыстарынан, Ақжайық, Жаңақала, Бөкей орда, Жәнібек, Сырым, Шыңғырлау аудандарынан қатысты. Көкпар ойынында бірінші орынды Жәнібек ауданы құрамасы, аударыспақтан Мақсот Ғалым (Жәнібек) жеңіп алса, тай жарыстан көктеректік Нұрболат Әдиетовтің тайы, құнан жарыстан көктеректік Дильшад Төлегеннің құнаны бірінші болып келді. Ал аламан бәйгеден маңғыстаулық Әбдіғали Таңатаровтың «Алау» атты тұлпары оза шауып, бас жүлдеге тігілген автокөлікті қанжығасына байлады. Дала қызықтары қыз қуу, арқан тартыс сынды ойындармен де қыза түсті.

Қайрат ЖАҚЫП


«СИРЕК БОЛМЫС – СОМ ТҰЛҒА»

Күні: , 104 рет оқылды

18485841_275942699482292_4943641354574929196_n 18489844_275943456148883_7980118181989761026_o 18491677_275942899482272_663357747410123820_o 18556517_275943059482256_5520433047912092824_oҚазақстанның халық әртісі, КСРО-ның халық әртісі, театр және кино актрисасы, жерлесіміз Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған мерекелік шара «Достық» саябағында «Сирек болмыс – сом тұлға» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концертте Астана мен облыс орталығынан арнайы келген әншілермен қатар ауданымыздың да көркемөнерпаздары саябаққа жиылған көпшілік алдында өз өнерлерін ортаға салды. Концерт соңы мерекелік от шашуға ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП


ӨЗГЕЛЕРДІ ДАРЫНЫМЕН ТАМСАНДЫРҒАН

Күні: , 188 рет оқылды

18518231_275921302817765_4132493539263127700_o 18556835_275921392817756_5469404216105656626_oМерейтойға арнайы келген жерлестеріміз Астана опера театрының әншісі Айзада Қапонова және облыстық филармония әншілері Ақмарал Ахметова, Айбар Қайырханов, Нұржан Тасболатов, Альберт Ғазизжанов, Ернар Өмірәлі, Еркін Өтегеновтер әннен шашу шашып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

ГауҺар ӘДІЛЖАН


ӨЗГЕЛЕРДІ ДАРЫНЫМЕН ТАМСАНДЫРҒАН

Күні: , 100 рет оқылды

18491490_275918849484677_2041167539392182007_o 18518221_275918319484730_1874736163909707127_o 18518290_275918879484674_1476675998013621131_o 18527491_275919309484631_3570794940732233202_o 18558831_275918929484669_1852652345139678595_oТойға жиналған көпшілік Хадиша Бөкееваға арналған көрмемен танысып, «Өзгелерді дарынымен тамсандырған» деректі фильмді тамашалады. Жұртшылық алдында театр саңлағы туралы аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мерейтойға байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде баяндаса, ардагерлер Жайсаң Ақбай, Мұлхайдар Әміреев және өнер тарландары Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, жазушы Сара Ләтиева, ақындар Айсұлу Қыдырбаева, Дариға Мұштановалар естеліктер айтты. Сонымен қатар ауданның мәдениет қызметкерлері Хадиша Бөкееваның орындаған рөлдерді сахнада сомдады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ӨЗГЕЛЕРДІ ДАРЫНЫМЕН ТАМСАНДЫРҒАН

Күні: , 170 рет оқылды

18518374_275917526151476_2573299528902449881_o18588664_275917462818149_3592037182575808363_o 18527028_275917546151474_8595220466966539311_o 18558596_275917326151496_1246816976305642048_o Хадиша Бөкееваның мерейтойының шымылдығы аудандық мәдениет үйінің алдына орнатылған мүсінінің ашылу салтанатымен басталды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, ҚР-ның халық әртісі, актер Құман Тастанбеков: -Бүгін туған елі қазақ мәдениетіне, соның ішінде театр-киноға өзіндік із қалдырған өнер саңлағына құрмет көрсетуде. Мәңгілік қазақ елінің әлемде танылуында оның мәдениеті зор рөл атқаратынын ескерсек, осындай тұлғалардың қалдырып кеткен өнері бізге мұра болып қалады. Сондықтан да осындай игі істер әрқашан да жалғасын таба берсін, -деген тілектерін жеткізді. Хадиша Бөкееваның мүсінін ашу құрметі жазушы Сара Ләтиева және облыстық мәдениет, мұрағаттар, құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновқа беріліп, гүл шоқтары қойылды.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР, ХАДИША АПАМЫЗДЫҢ ТУҒАН ЕЛІНЕ!

Күні: , 104 рет оқылды

18491601_275831849493377_2922875559171807937_o 18595312_275834789493083_1860154847076113943_o18 мамыр күні Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған мерекелік шараға сонау Алматыдан өнер тарландары Құман Тастанбеков және Меруерт Өтекешова, сонымен қатар Х.Бөкеева туралы кітап жазған Сара Ләтиева, ақын Айсұлу Қыдырбаева, актер Сердеш Қажымұратов, сазгер Әділбек Сүлейменов Қазталов топырағына ат басын тіреді. Қонақтарды қазталовтықтар ұлттық дәстүрмен қарсылады. Қазталов топырағына Х.Бөкееваның 100 жылдық мерекелік шарасына кезінде ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік дамуына және мәдениетіне өзіндік із қалдырған жерлестер қонақ болып келді. Олардың қатарында Балғаным Какимова, Звайда Әкімәлиева, Дариға Мұштанова, Слана Имашева, Гүлжиян Шынтемірова және басқалары да бар.

«Ауыл айнасы» ақпарат


РЕСЕЙ МЫҚТЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ.

Күні: , 94 рет оқылды

18556831_275790436164185_3903327607368545119_o16-18 мамыр күндері аралығында Орал қаласында спорт ардагерлері А.Зұлқашев және У.Молдабековті еске алуға арналған 2000-2002, 2003-2004 жылғы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Халықаралық турнир өтті. Турнирге Ресей Федерацисының Дағыстан, Самара, Кинел қаласы, Кабардин балкар, Тольятти қалалары, Қызылорда, Астана, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе қалаларынан 250-ге жуық палуандар қатысып, өзара бақ сынасты. Осы турнирге Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің палуандары да қатысып, 38 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Жолдыбай мен Байсұлтан Сәкенов қатысып, 2 және 3 орынды иеленді. Ресейдің мықтыларының арасында біздің жас палуандардың жүлдеден көрінуі — қуантады. Ал осындай қуанышқа кенелтіп отырған еркін күрес тобының жаттықтырушысы — Мейрам Ғиляжевтің еңбегі өте зор.

Әсем БОЛАТ


АЙСҰЛУДЫҢ ШӘКІРТІ АЯНА САХНАНЫ БАҒЫНДЫРЫП КЕЛЕДІ

Күні: , 142 рет оқылды

18588996_275784056164823_7409428919652953784_o7-10 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында өткен I халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль конкурсында ән айту бағытының академиялық ән салу жанры бойынша Бостандық орта мектебінің 7 сынып оқушысы Аяна Жүсіпова қатысып, 1 орынды жеңіп алды. Ән салу жанрына баулап жүрген ұстазы Айсұлу Қадырова: — Аянаның әнге айтуға деген қабілетін бірден байқадым.Соның нәтижесінде шәкіртім түрлі байқаулардан жүлделі оралуда.Мен шәкіртімнің талантын тануда қателеспегеніме қуаныштымын, -дейді. Бүгінгі күнде Аянаның репертуарында Халық әндері, шетелдік және конкурстық әндер көптеп саналады. Аяна ауданда өткен «Абай оқуларында» облысқа жолдама алған еді.21-23 мамыр аралағында Орал қаласында өтетін ХVII облыстық «Абай оқулары» байқауында ақын әндерін орындауға қатысқалы отыр. Кішкентай Аянаға сәттілік тілейміз! Ал ұстазы Айсұлу Қадыроваға тек осындай шәкірттерің көп болып, еңбегінді халқың бағалай берсін! -деген тілегімізді жеткіземіз.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.