АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.05.2017


«САХНА ПАДИШАСЫНЫҢ» ҚҰРМЕТІНЕ КӨШЕ ТОЙЫ ӨТТІ

Күні: , 162 рет оқылды

18491755_275617232848172_4966204804881903671_o18527432_275616556181573_89019492926227103_o17 мамыр күні Қазталов ауылдық округінің ұйымдастыруымен Хадиша Бөкеева атындағы көше тұрғындары Қазақстан жәнеКСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, жерлесіміз Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына орай көше тойын өткізді. Мерекелік шарада сөз алған Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағамбет Сағадденов және ауылдық ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов айтулы мерекемен тұрғындарды құттықтаса, ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері Шайхолла Малаев пен Чиослан Адошева Хадиша Бөкева туралы естеліктер айтып берді.Шарада көше тұрғындары әзірлеген мерекелік дастархан жайылып, шараға 18451722_275617442848151_1357929304768404357_oқатысқан қонақтарға дәм ұсынып, ауыл көркемөнерпаздары әннен шашу шашты. Сонымен қатар шарада ауылдық округ атынан Х.Бөкеева атындағы көшенің ең үлен тұрғыны Зеріпқаным Қойшыбаеваға және ең кіші тұрғыны Мансұр Амантайға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ осы көшенің тұрғындары Шаймардан Қазиханов пен Бәтес Хайрушеваларға ауыл тазалығын сақтауда үлгі көрсеткендері үшін «Үлгілі үй» тақтайшасы мен алғыс хаттар табысталды. Сахна майталманы атындағы көшенің тұрғындары бұл шарада ынтымақ пен берекенің үлгісін көрсетті десек артық болмас.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН БАСҚОСУ

Күні: , 120 рет оқылды

18518273_275555749520987_5751777798161082014_o17 мамыр күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев бастаған өкілдер ауданымызға келіп, ауданның жастарымен кездесті. Кездесуде сөз алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев: -Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты — әр ауданның жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының жұмыстарымен танысу, күні бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстарды саралай келе тәжірибе алмасу, -деді. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, -Бүгінгі күнде жастар араласпайтын шаруа жоқ деуге болады. Ауданымыздың қай саласы болмасын жастардың өзіндік қолтаңбалары қалуда. Жастардың басын біріктіретін ұйымның жұмысын жандандыру мақсатында биылғы жылдан бастап 16 округте аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшілері жұмыс жасауда. Олардың атқарып жатырған жұмыстары әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тауып келетінін айта келіп, басқа да мәселелерге тоқталып өтті. Сонымен қатар жиында «Жасыл ел» жасағының басталуына орай жастарды осы іске кеңінен тарту,»100 нақты көмек» жобасын іске асыру және Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ойларды жүзеге асыруда белсенділік таныту жөнінде нақты айтылды. Расында да бүгінгі жүргізіліп жатырған реформалар не үшін керек? -деген сауалға жауап іздейтін болсақ, бұның барлығы да мәңгілік Қазақ елі үшін. Ал соны іске асыратын да, оның жемісін де көретін — өскелең ұрпақ. Сондықтан бұндай жасампаз істерден бойларында күш-қуаты тасыған, жігерлері жанып тұрған жастар шет қалмау керек. Міне, жастармен кездесудегі негізгі түйін де осы еді. Облыстан келген өкілдер аудандық жастар демалыс орталығында және жастар ресурстық орталығында болып, жұмыстармен танысты. Сонымен қатар ауылдық округтердегі жастар ұйымының кеңесші мамандарына облыс орталығымен байланыс жасап, іс-тәжірибемен алмасып отыру қажеттігі де айтылды. Бұл кездесу ауданның белсенді тобына үлкен серпіліс әкелгенін байқадық.

Әсем БОЛАТ


БОСТАНДЫҚТЫҚ ЖҮСІПОВТЕР ОТБАСЫ — «ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ» АТАНДЫ

Күні: , 198 рет оқылды

18489494_275542099522352_4459523180604889106_oАуданда өткен «Оқырман отбасы-2017» байқауында бас жүлдені жеңіп алған бостандықтық Жүсіповтер отбасы бүгін өтіп жатқан облыстық «Оқырман отбасы-2017» байқауында «Өнерлі отбасы» номинациясының иегері атанды. Мақсот — Мейрімгүл Жүсіповтер отбасында 5 бала тәрбиелеп өсіруде. Қызы Таразда өткен республикалық байқауда бас жүлденің иегері болса, басқа да балалары шетінен өнерлі. Сонымен қатар олар рухани байлық — кітаптан ажырап көрмегендер. Ауданымызда осындай өнерлі отбасылар көбейе берсін! — деген тілегімізді жеткіземіз.

ГауҺар ӘДІЛЖАН


ӘСЕТ ПЕН ЖҰЛДЫЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

18485720_275282909548271_462812947412610949_n16 мамыр күні  Орал қаласында өткен Оралxан Бөкей атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңіне ауданымыздан Әсет Раxимов пен Жұлдыз Асқар (ерлі-зайыптылар) қатысып, арнайы алғыс xатпен марапатталды. Қуаныштарыңа ортақпыз, Әсет-Жұлдыз! Сендер әркезде де әдебиетті, соның ішінде поэзияны төрге қойған жаняұсыздар. Әсет қарапайым қызметкер бола тұра саxнада Мұқағалидың өлеңдерін оқығанда ақиық ақынның өзі оқып тұр ма деп таңданатынымыз шындық. Ал Жұлдыз ұлы М.Әуезов пен адамзаттың Айтаматовы кейіпкерлерін сомдағанда «Ғазизаға», «Толғанайға» айналып жүре береді. Әсет-Жұлдыз, өнердегі алар асуларыңыз әлі алда. Талай биікке жететіндеріңізге біз сенеміз. Байқаудың алқа мүшелері сендерге, соның ішінде Әсетке ерекше ықылас танытуы соның айғағы. Жарайсыңдар!

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.