АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.05.2017


ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА АРНАЛҒАН «ДАРА ЖОЛ» КЕШІ

Күні: , 140 рет оқылды

18449712_275153459561216_6150269808148697299_o 18451459_275154242894471_7949476024614548803_o15 мамыр күні А.Оразбаева мектебінде тарих пәні мұғалімі Марал Төлекенованың ұйымдастыруымен сол мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған, бүгінде зейнеткерлік жасқа толғалы отырған Аққойсын Жұмашқызы Жұмашеваның ұстаздық қызметіне арналған «Дара жол» атты кездесу кеші өтті. Аққойсын Жұмашева 1995 жылдан бері А.Оразбаева мектебінде география, биология пәндерінен сабақ беріп келеді. Бар өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз өзінің алғыр да қарапайым мінезінің арқасында шәкірттерінің жүрегінен жол таба білді. Кеште сөз алған А.Оразбаева мектебінің директоры Әлия Зербіқызы зейнеткерлік жасқа толғалы отырған ұстазды мерекемен құттықтап, ұзақ жылғы атқарған еңбегі үшін алғысын білдірді. Кеште Аққойсын апай өзінің жастық шағы мен еңбек жолындағы қызықты оқиғаларға тоқталса, жолдасы Сәлімгерей аға, әріптестері, шәкірттері және достары да өткен күндердің қызықты естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ кеште шәкірттері ұстазына арнап әсем әннен шашу шашса, әріптестері ақ жарма тілектерін білдіріп, ұжым атынан естелік сыйлық табыстады. Кеш соңында Аққойсын Жұмашқызы осындай көрсетіліп жатырған құрмет үшін барша ұжымға алғысын білдірді.

Әсем БОЛАТ


«ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫН АЛҒАНДАР

Күні: , 70 рет оқылды

18527622_274896826253546_6674536147602199180_n 18447272_274896922920203_4935066171401216798_n 18446883_274897816253447_5340431091215718858_n 18519857_274897899586772_2944473288297010150_n 18447164_274897956253433_2528546153061450492_n 18555954_274898019586760_8259963610548910847_n                  

Аудандық мәслихаттың 2016 және 2017 жылындағы шешімдерімен «Қазталов ауданының құрметті азаматы» атағын алғандар

1. МАРАТ ҒИНИЯТҰЛЫ ЖҰМАҒАЛИЕВ 2. НАДЕЖДА СТЕПАНОВНА ГЕФНИДЕР 3. МАРАТ ҚАЛИҰЛЫ БИҒАЛИЕВ 4. МҰЛХАЙДАР ӘМІРЕЕВ 5. НӘСІПҚАЛИ ҒАЗИЗҰЛЫ ҒАЗИЗОВ 6. МЕҢДЕШ ДОСМҰХАНҰЛЫ ИСҚАЛИЕВ

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.