АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.05.2017


«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

Күні: , 132 рет оқылды

18422491_274102852999610_4172785795842970176_o 18422793_274102749666287_2020581047651259292_o13 мамыр күні Қазталов ауданы орталығындағы мекеме ұжымдары мен қоғамдық ұйым мүшелері сенбілікке шықты. Аудан орталығындағы сенбілікке шыққандар «Достық» саябағының тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына қатысып жатыр. Сенбілікке қатысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- былтырғы жылдан бастап «Достық» саябағын кеңейту жұмыстарын бастағанбыз. Биыл міне аяқталып келеді. Саябаққа тал-теректер отырғызылып, су құбыры да тартылды. Болашақта бұл жерде әр түрлі атракциондар мен теннис корты оырын алмақ. Бүгіннің өзінде «Достық» саябағы қазталовтық ағайынның алаңсыз демалатын орнына айналып отыр,- деді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»- демекші сенбілікке шыққан ағайындар бірігіп жұмыс жасауда.

Қайрат ЖАҚЫП


ГҮЛБАРАМ — «ТІЛ ШЕБЕРІ -2017» БАЙҚАУЫНДА 2 ОРЫН

Күні: , 150 рет оқылды

18485490_273810836362145_457157181389132632_nОралдан қуанышты хабар келді. «Тіл шебері-2017» жастар арасындағы облыстық байқауда К.Меңдәлиев мектебінің ұстазы Гүлбарам Лұқпанова 2 орын алып, ауданның мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Елімізде тіл саясатын жүзеге асыру, үш тілді меңгеруді қолданысқа айналдыру, тілдік мәдениетті жетілдіруді анықтауға арналған байқауда Гүлбарам өз шеберлігін көрсете білді. Гүлбарамға алдағы уақытта да биіктерден көріне бер! -демекпіз.

Жұлдыз АСҚАР


ТӨЛ АЛУДАН КӨШ БАСЫНДА — КӨКТЕРЕК

Күні: , 142 рет оқылды

18424077_273802509696311_8553841361457468766_nАудан бойынша күні бүгінге қолдағы малдардан 15 мың 808 бұзау, 93 мың 104 қозы-лақ, 3 мың 525 құлын, 5 бота төлдері алынып отыр. Төл алудан Көктерек ауылдық округінде 2300 бұзау, 11000 қозы-лақ төлдері алынып, көш бастап тұрса, Қазталов ауылдық округінде 1500 бұзау, 9900 қозы-лақ төлдері алынған. Төл алу науқаны жалғасуда.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.