АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.05.2017


БОКСШЫЛАР АҚЖАЙЫҚТАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

18403837_273740199702542_5716126202224863513_o5 мамыр күні Чапаев ауылында Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы» Абай Иманғалиевті еске алуға арналған Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы спортшыларының жүлдесі үшін бокстан жасөспірімдер арасында дәстүрлі III Халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 17 команда қатысып, 300-ға жуық спортшылар бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша 26 келі салмақ дәрежесінде Армат Жұмагерей 1 орын, 36 келі салмақ дәрежесінде Бекарыс Маратов 1 орын, 30 келіде Модир Иран 2 орын, 48 келіде Ермек Мереке 3 орын, 28 келіде Нұрсұлтан Жұмагерей 3 орын, 30 келіде Нұржан Нұрислам 3 орын, 48 келіде Айхан Қадырбеков 3 орын, 48 келіде Роман Жұмагелдин 3 орынды иеленді. Бокс тобының жаттықтырушысы — Асыланбек Сармалаев.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАС ПАЛУАНДАР ЖАРАДЫ!

Күні: , 138 рет оқылды

18342606_273736359702926_4069225761846099615_n6-7 мамыр күндері Орал қаласында Отан қорғаушылар күніне және жас спортшы Ораш Нариманұлы Абзалды еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен қалалық ашық турнир өтті Турнирге 8 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 24 келі салмақ дәрежесінде Нұрболат Нұрдос 1 орын, 30 келіде Бақтияр Оразғалиев 2 орынды иеленді. Еркін күрес тобының жаттықтырушысы — Мейрам Ғиляжев Жас палуандарымызға алдағы уақытта да жарқын жеңіс тілейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


ӨЗЕНГЕ БАТЫП КЕТКЕН

Күні: , 120 рет оқылды

18403559_273506436392585_1203721348652343525_n9 мамыр күні Бостандық ауылынан жергілікті полиция бөліміне 1973 жылы туылған Г. деген ауыл тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлерінің жан-жақты іздестіруі нәтижесінде 10 мамыр күні сағат 11:30-да Сарыөзеннен («Машдвор» қыстағы) суға батқан мүрдесі табылды. Қазіргі күнде тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАР, ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ӘЛІ ДЕ КӨП

Күні: , 152 рет оқылды

18359099_273407936402435_749440506458106662_o 18423107_273407973069098_2330731407927865990_o 18422536_273408113069084_7568874179089766174_o10-11 мамыр күндері облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазталов ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірқатар су, газ, құрылыс нысандарымен және шаруашылық жұмыстарымен танысты. Атап айтар болсақ 10 мамыр күні облыс әкімі Талдыапан ауылдық округіндегі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатырған таза ауыз су құрылысы жұмыстарын аралап, Чапаев-Жалпақтал-Қазталов республикалық жолының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ облыс әкімі Сарықұдық ауылында болып, осы ауылдағы жаңадан салынған медициналық пунктін көрді. Айта кететіні бұл нысанды ауыл азаматы, жеке кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев өз қаражатына салған болатын. Алтай Сейдірұлы туған ауылды көркейтудегі еңбегі үшін Нұрлыбай Жолдыбаевқа алғысын айтып, тұрғындарға үлгі етті. 11 мамыр күні облыс әкімі Қазталов ауданы орталығындағы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатырған таза ауыз су жүйесінің жұмыстарын көру үшін «Лекер» су станциясына барды. Бұл жерде Қазталов, Бостандық ауылдарында таза ауыз су құбырын тартып жатырған мердігерлер «Батыс Газ Строй» ЖШС мен «Жиенбай» ЖШС-нің жетекшілерімен кездесті. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен Қазталов ауылына 244 млн. 606,2 мың және Бостандық ауылына 336 млн. 470 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар өңір басшысы аудан орталығында салынып жатырған 100 орындық жатақхана құрылысымен де танысты. Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Алма Оразбаев атындағы орта мектебіне соғып, мектеп ғимаратының апатты жағдайына байланысты өз пікірін білдірді. — Бұл білім ордасының бүгінгі жағдайымен арнай мамандар танысып, шешім шығаруы керек. Егер де мамандар апатты жағдайдағы нысан деп таныса, жаңа мектеп салуға ықпал жасаймыз,- деді. Облыс әкімі Қазталов ауданынына жасаған жұмыс сапарын аудан әкімдігінде өткен жиында қорытындылады. Бұл жиынға салалық мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және ауыл ақсақалдары қатысты. Алтай Сейдірұлы, — Көріп отырсыздар Қазталов ауданында біраз жұмыстар жасалып жатыр, әлі де жасалады деп жоспарлануда. Биылғы жылдың өзінде аудандарыңызда 4,5 млрд. теңге қаражаттың жұмыстары атқарылмақ. Облыс орталығынан тартылып жатырған күре жол да аудан орталығына жетіп қалды. Биылғы жылы 13 шақырым жол тартылатын болады. Орталықтарыңыздағы 100 орындық жатақхананың да құрылысы биыл бітетін болады. «Ақбұлақ» бағдарламасы да іске асып жатыр. Қазталов ауданы бойынша биылғы жылы 12 елді мекенге бұл бағдарлама бойынша таза су берілетін болады. Көгілдір отынға келетін болсақ, ауылдарыға газ құбырларын тартуды келесі жылдан бастап іске асыратын боламыз,-деп ауданымызға жасалған жұмыс сапарына нүкте қойды.

Қайрат ЖАҚЫП


ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНҒА САПАРЫ

Күні: , 200 рет оқылды

18402041_273232596419969_2624255162433883054_o 18404134_273232713086624_4979104799764938438_oБүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ауданымыздың Жалпақтал ауылында болды. Биылғы жылы Жалпақтал, Қараөзен ауылдық округтеріне республикалық, жергілікті бюджеттен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 361,126 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Бұл жұмыстарды «ПМК-117» ЖШС-гі атқармақ. Былтырғы жылы алғашқы 10 млн. бөлінді. Серіктестік басшысы Ольга Папова жұмыстардың тиянақты жүріп жатқандығы жергілікті жерден ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырғандығын айтты. Мұнан кейін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов аудандағы суландыру жүйесінің жайы туралы баяндады. Бүгінде аудан аумағындағы көлдетіп және жүйелі суармалы жер көлемі 68411 га құрайды. Ал оның ішінде 22157 га жер су реттегіш арқылы мысалы «Сакрыл» суландыру жүйесі бойынша 14901 га, «Мамай» суландыру жүйесі бойынша 1967 га жер суландырылады. Өткен жылы аталған суландыру жүйелері бойынша жер актілерін және техникалық құжаттарын жасақтау үшін аудандық бюджеттен 1 млн 998 мың теңге қаражат қарастырылып, тиісті құжаттар рәсімделген. -Аудан аумағындағы орналасқан коммуналдық меншіктегі «Сакрыл» және «Мамай» суландыру жүйелерін қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілген жағдайда табиға мал азығымен қамту, экологиялық ахуал және ашық су көздерінің тапшылығы жөніндегі өзекті мәселелердің де шешілуіне септігін тигізбек,-деді аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр. Сонымен қатар облыс әкімімен кездесуде еңбек ардагері Хамидолла Берғалиев «Сакрыл», «Мамай» суландыру жүйесінің маңыздылығын айтты. -Құрылыс жұмыстар уақытында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар сапалы болуы керек. Бүгінгі таңда ауыз су мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Ең бастысы «Киров-Шежін» каналының құрылысын аяқтамақпыз,-деді кездесуде өңір басшысы Алтай Сейдірұлы.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.