АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.05.2017


ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТАҒЫ ДАЛАЛЫҚ АСХАНА

Күні: , 128 рет оқылды

18359145_272728923137003_7386971087044901801_o 18358764_272728753137020_3713394123034801023_o9 мамыр күні Жалпақталдағы орталық саябақта Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай арнайы әскери далалық асхана дайындалды. Онда Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиев, тыл ардагерлері қатысты. ҰОС ардагері мен тыл еңбеккерлеріне арналған ас мәзірінде соғыс даласындағы әскерилердің тамағы қойылды. Майдан асханасында дайындалған ыстық тағамдар ардагерлердің өткен күндерін еске түсірді. Асхана ауласында ұйымдастырылған соғыс даласындағы көрініс жиналған жұртшылықтың назарына ілікті. Осы шараны ұйымдастыруда «Балдәурен» бөбекжайы, «Қазақтелеком» мекемесі, газ шаруашылығы, «Қазпошта» бөлімшесі белсенділік танытты. Шарада әсем әндер шырқалып, ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Риуанов өзінің ризашылық сезімін білдіріп, Жеңіс күнімен құттықтады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҰЛЫ ЖЕҢІС — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Күні: , 122 рет оқылды

18319410_272725556470673_7932354379365451118_o 18320907_272725523137343_6721616138051013510_oБиыл Берлин түбінде Жеңіс туының желбірегеніне 72-жыл. Бес жылға созылған сұрапыл соғыстың соңғы нүктесі дәл осы күні қойылды. Қаншама жас жер жастанып, қаншасы қыршынынан қиылды. Қиын жолмен келген азаттықтың да арайлы таңы атты. Жеңіс күніне орай Жалпақтал ауылының орталық саябағында мерекелік шара өтті. Жиналған жұртшылық Кеңес Одағының Батыры А.Құсайыновтың кеуде тұғыры мен қан майдан даласында оралмаған боздақтарды еске алып, гүл шоқтарын қойды. Осы жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамдықтың, отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек. Ақтаңдақ жылдар енді ешқашан қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аталарымыздың жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз. -Ұлы Отан соғысы отаны мен тарихи әділдік үшін жан қиюға дайын қаһарман халқымызды күллі әлемге танытқан қасиетті майдан болса, Ұлы Жеңіс аға-буын өкілдерінің ерліктерін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл Жеңіс болмағанда, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан да Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан әрбір ардагерге кейінгі ұрпақ атынан мың мәрте алғыс айтамыз. Сіздер сияқты жеңімпаздардың ұрпағы, халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын,-деді округ әкімі Самиғолла Ақмурзин. Мұнан кейін Ұлы Отан соғсының ардагері Жұбат Сәрсембиев естеліктерімен бөлісіп, ақ жарма тілегін айтты. Жеңіс күні мерекесі Жалпақтал мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған мерекелік концертіне ұласты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«ҰЛЫ ЕРЛІККЕ — МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ»

Күні: , 232 рет оқылды

18422994_272715893138306_7313905753358705296_o 18320620_272720903137805_9004187540239062050_o 18320475_272720856471143_6468312985505957394_o 18402151_272715749804987_5268153494591536113_o 18359368_272717029804859_1309903952582559154_o 18319164_272723059804256_4451510493090126184_o 18319246_272717279804834_858903078804269632_o 18319268_272723219804240_9176508128354160721_o 18319408_272718883138007_4964563784249791113_o 18320501_272720803137815_619313495306849111032_o 18359008_272719143137981_5552650227129525245_o 18451421_272719266471302_6212141685030261681_o 18422404_272718926471336_7865070770162177988_o 18403893_272717069804855_289168862832540954_o 18403820_272720819804480_1696082341984219767_oОрталық алаң. Жиналған көпшілік қауым. Мерекеге жиналған аудан тұрғындарын аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, аудандық Қазталов және Жалпақтал балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне аутокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар еңбек ардагері Ихсан Құтхожин Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай келе елімізде тек қана бейбітшілк болсын деген аталық лебізін жеткізді. Мерекеде А.Оразбаева мектебінің «Азамат» әскери-патриоттық клубы және Қазталов мектебінің «Айбын» әскери-патриоттық клубының мерекелік көрсетілімі болды. Алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс алып жүрген оқушылар өздерінің әскери дайындықта шеберліктерінің жоғары екендіктерін байқатты.Мерекелік шарада мекеме, ұйым қызметкерлерінің қатысуымен вальс биі биленді. Мекеме қызметкерлерінің арасында жас мамандармен қатар аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары өздерінің әсем билері арқылы қалың көпшіліктің қошеметіне бөленгенін байқадық.Сондай-ақ ардагер аға-апалардың да вальсте тербелуі қандай әдемі! Мерекелік шара өтіп жатқан алаңға «Жауынгер асханасы» келді. Жиналған жұртшылық жауынгер ботқасынан дәм татты. Кешегі бес жыл қан төгісте біздің майдангер аға-апаларымыз осы жауынгер ботқасын талғам етіп, бақайшағына дейін қаруланған жауды тас-талқан етті. Жауынгер ботқасының дәмін-ай! Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және «Қарлығаш», «Шаттық» би ансамбльдері әскери-патриоттық әндер мен билерді орындап, көрермендердің көз алдына сонау сұрапыл жылдарды еске түсірді. «Военный пляска» биі Жеңіске жеткен жауынгерлердің рухты бейнелерін көз алдымызға әкелсе, ал «Журавли» биі қан майданда жүрген сарбаздардың туған елге деген сағынышты сәлемін жеткізгендей болды. «День победы» әні Ұлы Жеңістің мәңгілік үстемдік құратынын паш еткендей Қазталов аспанында қалықтады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«ҰЛЫ ЕРЛІККЕ — МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ»

Күні: , 134 рет оқылды

17972422_272712606471968_6507819565481021542_o 17973798_272712249805337_1762586736218236514_o 18358568_272712266472002_7091659672163292683_o 18358821_272713099805252_7050292605327261002_o 18401916_272712813138614_585979389859642089_o 18404203_272712716471957_4813518189508313716_o9 мамыр — Жеңіс күні аға ұрпақтың өшпес ерлігі. Біз 72 жыл бойы «Жеңіс» деген ұлы сөзді тебіреніспен, асқақ сезіммен айтамыз. 9 мамыр күні аудан орталығында Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Мекеме, ұйым және жұртшылық өкілдері Орталық және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар орталық көшелерден «Қаһарман ұлт ұрпағымыз» атты мәңгілік полк шеруі өтті. Шеруге қатысушылар өздерінің майдангер ата-апаларының суреттерін алып шықты. Бұл жас ұрпақтың әкелер даңқына бас июі болып табылады.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.