АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 09.05.2017


МАЙДАНГЕРДІ ЖЕҢІСТІҢ 72 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 118 рет оқылды

18278887_272455753164320_3580727466422263425_o8 мамыр күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевтің шаңырағында болып, майдангерді Жеңістің 72 жылдық мерекесімен құттықтады. Отан үшін от кешкен қарияға денсаулық, амандық тілеп, ардагерге командир сағаты мен арнайы сыйлық табыс етті. Жұбат Сәрсембиев 1923 жылы 1 қаңтарда Жаңақала ауданының №8 Тұрдықұлы селолық советінде дүниеге келді. Соғысқа дейін еңбек етіп, 1942 жылы Жаңақала ауданынан майдан даласына аттанды. 1943 жылы 65-атқыштар жаяу әскери полкінде болды. Сол жылы Р.Малиновский жетекшілік еткен «Ростов» шабуылы» операциясына қатысып, қаланы жаудан тазартады. 3-Украина майданы 58 атқыштар дивизиясы құрамында Орел, Курск, Прохоровка, Усманов қалалары мен бірнеше селоларды жаудан тазартуға қатысады. 1944 жылы майдан даласында жараланып, әскери тапсырманы ойдағыдай орындап, көрсеткен ерлігі үшін 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталады. Госпительде ұзақ емделіп, 1944 жылдың маусым айында елге оралады. Қазталов ауданыдық ісші істер бөлімінде инспекторы, 1945-1947 жылдары Фурманов аудандық ішкі істер бөлімінің өрт инспекциясының бастығы қызмет атқарады. Кейін Фурманов аудандық ауылшаруашылығы мекемесінде еңбек етіп, Қрасный партизан совхозында ферма меңгерушісі болды. Бар саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған ақсақал бүгінде немере, шөберелерінің қызығын көріп отыр. Қарт майдангер мерейлі мерекеде өзін арнайы құттықтап келген аудан және ауыл әкіміне, аудандық мәслихат хатшысына, аудандық ақсақалдар алқасына, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалына, аудандық қорғаныс бөліміне ризашылығын білдіріп: -Мен Мемлекет басшысының Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше көңіл бөлетініне разымын. Бұл өзім сияқты барша майдангердің тілеуі. Ал сіздерге біздің көрген бейнетімізді бермесін, жасымызды берсін. Өткен тарих қайталанбасын, еліміз тыныш болсын!-деген тілегін жеткізіп, батасын берді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 78 рет оқылды

18301735_272393373170558_1338655480358263141_n8 мамыр күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мерейлі 80 жасқа толып отырған, еңбек ардагері Ораш Малаевты қабылдады. Ораш Малаев Әжібай ауылының эконмикасы мен әлеуметтік дамуына өзіндік қолтаңба қалдырған жан. Ауыл шаруашылық саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдарда да абыройлы қызмет атқарып, жастарды имандылыққа тәрбиелеуде зор еңбек сіңірді. Аудан әкімі 80 жас мерейтойдың иесін құттықтап, алдағы уақытта да деніне саулық, отбасында бақытты ғұмыр кешіп жүре беру тілегін білдіре келе алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Өз сөзінде еңбек ардагері осындай құрмет үшін аудан әкімідігіне алғысын жеткізе келіп, еліміздің дамуы жолында қызмет атқара беріндер деген аталық батасын берді.

Әсем БОЛАТ


МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

Күні: , 200 рет оқылды

18358926_272164743193421_8377419355480357007_o7 мамыр күні аудандық С.Садықов атындағы мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне орай «Біз – батыр елдің ұрпақтарымыз» атты аудандық патриоттық әндерді орындаушылар байқауы өтті. Байқауға Тереңкөл ауылдық округінен Сүйінбай Галимов, Талдықұдық ауылдық округінен Эльдар Аманғалиев, Қаракөл елді мекенінен Еділ Мақсотов, Қазталов ауылдық округінен Динара Қадерова, Жансая Мақсотова және аудандық саз мектебі атынан «Әуен» вокалды тобы қатысып, Ұлы Отан соғысы жылдарынан бір ән және екінші Қазақстан компазиторларының туған жер, ерлік, елдік тақырыптарындағы әндерді орындады. Аудандық мәдениет-демалыс орталығының режиссері Қайрат Абдулов, мәдени-шараларды ұйымдастырушы Нәрік Дүйсенов және осы орталықтың әншісі Мұрат Ахметов әділқазылық еткен байқаудың қорытындысы бойынша 3 орынды тереңкөлдік Сүйінбай Галимов пен қазталовтық Жансая Мақсотова иеленсе, 2 орындық Қаракөл елді мекенінен қатысқан Еділ Мақсотов пен Динара Қадерова бөлісті. Ал 1 орын талдықұдықтық Эльдар Аманғаливке бұйырды. Байқаудың бас жүлдесін аудандық саз мектебінен қатысқан «Әуен» вокалды тобы жеңіп алды. Барша қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Барша байқауға қатысқан өнерпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨПШІЛІК ШАРА

Күні: , 152 рет оқылды

18319322_272079383201957_7439620080672250408_o 18320603_272077999868762_6135421789782640528_o 18359387_272078786535350_2868081957401076990_o7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Достық» саябағында аудандық мекеме-кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен мәдени-көпшілік шара өтті. Шарада сөз алған аудан басшысы Нұрлан Бекқайыр, -Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ауданымыздағы аға ұрпақ пен жас буын Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосып келеді. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін,-деген тілегін жеткізді. Шара одан әрі ауданның басты көшелерімен барша мекеме-кәсіпорын қызметкерлері жүгіріп өтті. Көпшілік жүгіруге қатысқан мекемелерді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Досжан Ахметов мерекемен құттықтап, белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапаттады. Шара соңы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ – ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР

Күні: , 146 рет оқылды

18238223_271758396567389_1409774559515442987_o 18359257_271757843234111_843277144859113523_o 18402145_271758059900756_2656215789392821111_o6 мамыр күні  Жалпақтал мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне орай және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік шара оздырылды. Мерекелік шараға қатысқан Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Ауған соғысына, Семей полигоны мен Чернобыл апатына қатысқан ардагерлерді құттықтап лебізін білдірді. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы, бүгінде зейнеткер Жамбыл Нұртасұлын және қос білім ордаларының, Жалпақтал колледжінің алғашқы әскери дайындық пәндерінің ұстаздарын марапаттады. Ал Жалпақтал «Ел сарбаздары» қоғамдық ұйымның төрағасы Бауыржан Қажиев, аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова игі тілектерін айтты. Отан қорғаушылар мерекесіне арналған шара одан әрі ауылымыздың өнерпаз қыздарынан құралған мерекелік концертіне ұласты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАЛПАҚТАЛДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 114 рет оқылды

18238703_271756379900924_5539706428431355119_o 18319386_271756299900932_8645225490130944838_o6 мамыр күні Жалпақтал ауылдық округінің орталық алаңында ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Отан қорғаушылар күні аталып өтті. Мерекелік шара Кеңес Одағының Батыры А.Құсайыновтың, Социалистік Еңбек Ері К.Меңдәлиевтің кеуде тұғырына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан кейін Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы білім ордаларының оқушылары, Жалпақтал колледжінің студенттерінің шеру өтіп, салтанаттың сәнін кіргізді. Жиынға қатысқан ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин Жалпақтал жұртшылығын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміздің тыныштығын күзетіп, тәртібін түзеткен Отан қорғаушылардың орны айырықша екендігін атады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ХАЛЫҚТЫҚ БИГАЛИЕВТЕР ЖАНҰЯЛЫҚ АНСАМБЛІ ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН ТАРТУ ЕТТІ

Күні: , 84 рет оқылды

18216473_271508093259086_3827606916061135202_o 18216719_271507886592440_1704349514714741431_oҚазталовтың нәрлі де, әрлі топырағынан таңдай қақтырған талай талантты өнер майталмандары шықты. Сол үрдісті жалғастырып келе жатырған бүгінгі қазталовтықтар мақтан ететін өнегелі, өнерлі отбасы Халықтық Бигалиевтер жанұялық ансамблін айтуға болады. 5 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында Елбасымыздың қолдауымен өткен Республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының дипломанттары Халықтық Бигалиевтер жанұялық ансамблі көрерменге өз өнерлерін тарту етті. ««Әриайдай» әнімен концерттің шымылдығын ашқан ансамбль мүшелері Айгүл, Айнұр және Марина тыңдарманды бір серпілтіп тастаса, ал ансамбль жетекшісі Марат ағамыз орындаған «Ауылым» әні туған жерге деген махаббатты оятқандай болды. Көрерменді тағы бір тамсандырғаны ансамблдің құрамына қабылданған кішкене бүлдіршіндердің орындаған әндері мен билері. Айта кететіні Марат ағамыз бен Нұржамал апамыздың 9 немересі бар. Сол бүлдіршіндер де бүгінде ансамбль құрамын толықтырып, өз өнерлерін халыққа танылуда. Концертте Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен үндескен Арман мен Русланның орындауындағы әскери-патриоттық әндер де тыңдармандардың рухы мен жігерін қайрап, үлкен әсерге бөледі. Концерт соңында сахна төріне көтерілген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бөлімінің басшысы Досжан Ахметов ансамбль мүшелеріне алғыстарын жеткізіп, естелік сыйлықпен қатар өнер майталманы Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған мерекеге арналған шақыру қағазын да табыс етті.

Қайрат ЖАҚЫП


ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ ЖАЛПАҚТАЛДА

Күні: , 110 рет оқылды

18216457_271402173269678_4862283533035937887_o 18278394_271402166603012_1006945750731418383_o 18278528_271402763269619_1052661712154968880_o4 мамыр күні Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесі және Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жалпақтал мәдениет үйінде халықтық Биғалиевтер отбасылық ансамблінің жеке концерті өтті. Ауданымыздың Қошанкөл ауылында туып, сонда еңбек жолын бастаған отағасы Марат Биғалиев зайыбы Нұржамалмен үш ұлы, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Ұл-қыздары негізінен әр түрлі салада қызмет етсе де, ата-анасы баулыған өнер жолынан алыс кетпеді. Өткен жылы Елордамыз Астана қаласында облыс атынан Республикалық «Мерейлі отбасына» қатысып, биік белесті бағындырып келді. Мереке қарсаңында шығармашылық кешін өткізген өнерлі отбасының концертін тамашалауға көрермен қауым мәдениет үйіне жиналды. Марат Биғалиев Ұлы Отан соғысына қатысқан әкесі Қали мен тыл ардагері, бес бала тәрбиелеп өсірген анасы Кәкиманың рухына арнап соғыс және Жеңіс туралы ескі әндерді орындады. Қыздары Айгүл, Айнұр, Марина құраған трио «Катюша», «Көктем вальсі», «Желтые тюльпаны» әндерін шырқады. Марат ағамыздың Арманы мен Русланы, Гүлфайрузы мен Румиясы «Туған жер», «Тәуелсіз қазақтың қызымын», «Әке тілегі», кенжесі Марина «Әлия», «Бұлбұл», «Әке», «Атамекен» әндері көпшіліктің көңілінен шықты. Кеш соңында сахна төріне шыққан Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин ансамбль ұжымын ауыл тұрғындары атынан құттықтап, шығармашылық кеші көрерменнің ықылас ілтипатына бөленгенін атап, естелік сыйлық тарту етті. -Біз өмірде табысқа қол жеткізсек, бәрі де — еңбек пен өнердің арқасы. «Еңбек, бәрін де жеңбек» деген сөз тегін емес. Тек маңдай теріңді тамшылата төгіп, еңбек етсең ғана мақсатыңа жете аласың. Сол сияқты өнермен өткен күн ұмытылмайды. Мәні де, сәні де артады. Қазақстанымыздың табысы ортаймай, тәуелсіздігіміз тұғырлы бола берсін, -деген отбасылық ансамблінің жетекшісі Марат Биғалиев Жалпақтал жұртышығына өзінің алғысын айтты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


МҰРАҒАТТА ӨТКЕН СЕМИНАР

Күні: , 130 рет оқылды

18216592_271392089937353_1151392520115761639_o5 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазталов ауданының мемлекеттік архивінде «Ведомстволық архивтермен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарда Казталов ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы, ХҚКО-ның мамандары, мекеме басшылары және ведомстволық архивке жауапты мамандар қатысып, еліміздің тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын ведомстволық архив саласының жұмыстары жһнінде және осы мәселелер аясында ұсыныстар мен пікірлер алмасты. Семинарға қатысушылар аудандық архивте жиналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Рысқали Кабиров, Әнес Байғазиев, Оразай Мұсақов, Шәкір Отаров, еңбек ардагерлері Құмар Ахметкалиев, Есқақ Гайсин, Гүлжиян Табылдиеваның жеке тектік қорынан архив фотоқұжаттарымен танысты. Қазіргі күнде «Электронды архив» бағдарламасын «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру бағытында барлық архив мекемелері «Е-gov.kz» үкімет порталы арқылы халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Семинар барысында «Құжаттаманы басақарудың тәртібі туралы» Казталов ауданының архивінің директоры Н .МҰстафина; «Жеке құрам бойынша құжаттарды қалыптастыру және әлеуметтік-құқықтыұқ негіздегі сұраныстарды орындау туралы» архивші Л.Гайсина баяндап, осы мәселелерге орай семинарға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.