АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.05.2017


МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТУІ ТИІС

Күні: , 116 рет оқылды

18221605_271380389938523_8270154413673589177_n5 мамыр күні аудан әкімінің орынбасарлары Нұретден Құтхожин, Зәйлім Мәжитова мекеме, қоғамдық ұйым жетекшілерімен мәжіліс өткізді. Мәжілісте 7-9 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мейрамдарын ұйымшылдықпен өткізудің жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар 18-19 мамыр күні өтетін Х.Бөкееваның 100 жылдығын атап өту мәселелері де нақтыланды. Осыған орай арнайы құрылған комиссия мүшелеріне және бұл жұмыстарға жауапты мекеме жетекшілеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.

Әсем БОЛАТ


ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ — АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Күні: , 112 рет оқылды

18359063_271378079938754_3452611024614600013_o5 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Бибигүл Қонысбаева бастаған үгіт-түсіндіру тобының мүшелері Қазталов ауданы активімен кездесті. Кездесуде облыс әкімінң орынбасары «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шеңберінде төртінші деңгейдегі бюджетті енгізуге әзірлік», «Мемлекеттік және жеке әріптестіктің даму мәселелері» және «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу туралы» мәселелер төңірегінде әңгімеледі. -Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Өйткені, негізінен оны халық қалыптастырады, оның бақылауында болады және хлықтың негізігі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды ұйымдастырылса жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануға, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістердің төмендеуіне және тұрғындардың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Жергілікті жердің түйінді мәселелерін шешу барысында тұрғындардың өздерін тартуға мүмкіндік береді, күнделікті тұрмыстық және маңызыды мәселелерді шешу белсенділігін арттырады. Бұл орайда әрине, ауылдық округтердің өзіндік бюджеті болмаса, жергілікті өзін-өзі басқару құр әңгіме болып қалған болар еді. Сондықтан әрбір округтердегі мүліктерді есепке алу, олардан пайда көзін құрау және салық түсімін арттыру арқылы белгілі бір бөлігін жергілікті жерде қалдыру мәселелері тұр, -деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде. Сонымен қатар мемлекет пен жекенің арасында әріптестік орнағанда ғана белгілі бір нәтижелерге жетуге болады. Бұл бағытта елімізде жинақталған тәжірибелер молшылық. Соны жүзеге асыратын уақыт та келіп жетті. Міне, осындай және басқа да мәселелерге үгіт — түсіндіру тобының мүшелері кеңінен тоқталып өтті.

Әсем БОЛАТ


«НҰРБАЛАПАН» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ЕРТЕҢГІЛІК

Күні: , 116 рет оқылды

18222068_271341496609079_6971037453633053666_n5 мамыр күні «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасында 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай «Желбірейді Жеңіс туы» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Гүлзия Ахатова сөз алып, — Біз бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиып, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің ерлігін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! -деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ «Балдырған», «Алпамыс», «Бәйтерек», «Болашақ», «Ертөстік» тобының бүлдіршіндерінің орындауындағы «Ел қорғауға әзірміз», «Қазақстаным», «Сапқа тұр», «Жеңіс туы желбіреп», «Бейбіт елдің тұрғындары» әндері шырқалып, туған елге деген патриоттық сезімдерімен көрермендерді бір серпілтіп тастады. Ертеңгілікте кішкентай бүлдіршіндердің «Смуглянка», «Көк орамал», «Военный» билері мен Жеңіс, ерлік туралы мәнерлеп айтқан тақпақтары көпшіліктің көңілінен шыға білді. Ерлікпен қаза тапқан ата-бабаларымыздың ерлігі жөнінде көрініс көрсетіліп, олардың рухтарына арнап, гүл шоқтарын қойды. Ертеңгілікте «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Арай Хамзина «Әлия» әнін орындағанда, батыр апамыздың сол кездегі ел үшін жасаған ерлігі ән әлемінде жаңғырып жатты…

Жұлдыз АСҚАР


ҚАЗТАЛОВ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ КТА ОЙЫНЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Күні: , 126 рет оқылды

18209280_271190026624226_7827121980856231455_o 18238087_271189943290901_3050892336082059715_o 18278127_271190119957550_8279275563705172938_o4 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығы мен жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен КТА (көңілді тапқырлар алаңының) финалдық ойыны өтті. Бұдан бұрынғы өткен ойында әр ауылдық округтен 10 команда қатысып, финалға 7 команда жолдама алған болатын. Бүгінгі өткен финалдық ойынға Əжібай, Қайыңды, Бостандық, Қазталов, Қошанкөл, Қарасу және Қараоба ауылының құрама командалары қатысып, «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап», «Капитандар сайысы» және «Әзіл алаңы» кезеңдері бойынша сынға түсті. «Болашағымыз бірлікте» деп аталатын соңғы кезеңде Қошанкөл ауылдық округі командасын ерекше атап өткен жөн. Бұл команда үй тапсырмасы кезеңінде түрлі ұлт өкілдерінің образдарын сомдап, тамаша ойын өрнегін көрсетті. Сондай-ақ Қазталов, Қайыңды, Әжібай, Қошанкөл,Қараоба және Бостандық ауылының командалары да өздерінің ұтқыр ойлары мен астарлы әзілдерін көрерменге жеткізе білді. Бұл финалдық ойында өткір қалжыңымен көреремендердің ыстық ықыласына бөленіп, әділқазы алқаларының кубогін ең көп иеленген Қазталов құрама командасы КТА ойынының аудан чемпионы атанды. Сондай-ақ ойын барысында актерлық шеберлік танытқан Қарасу құрама командасынан Әлихан Уахитов «Болашақ актер», әжібайлық Ағжан Тұрақбай келіннің рөлін үздік сомдағаны үшін және Қазталов құрама командасынан Нұргелді Құрманалиев «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша марапатталды. Бүгінгі КТА ойынында жеңіске жеткен Қазталов құрама командасына тағы да жеңіс құтты болсын дейміз! Өнер жолында биік белестерден көріне беріңіздер!

Әсем БОЛАТ


КІТАПХАНА ҰЖЫМЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ӘДЕМІ КЕШ СЫЙЛАДЫ

Күні: , 116 рет оқылды

18209234_271097013300194_8081094427998938933_o 18216467_271096886633540_4007804645778723586_o 18237910_271097203300175_5275735273429564469_o4 мамыр күні аудандық кітапханада Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіс — Жасасын!» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне аудан орталығында тұратын тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлері және аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Кездесу кешінде сөз алған аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дәулетова,- кешке қатысушы ардагерлер мен қонақтарды Ұлы Жеңістің 72 жылдық мекмекесімен құттықтап, елімізде ешқашан соғыс болмасын -деген тілегін жеткізді. Кеш барысында қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанова туралы бейнефильм көрсетіліп, «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары әзірлеген әдемі билер биленіп, өлеңдер оқылды. Кеште мектеп оқушыларынан құралған «Әскери патриоттық азамат» клубы және «Қоян-қолтық шайқасы» клубының мүшелері өздерінің өнерлерін ортаға салып, шараға қатысушы қонақтардың алғысына бөленді. Шарада сөз алған тыл ардагерлері Ихсан Құтхожин, Болан Арыстанғалиева және Валя Уваровалар, -Біз соғыста қолымызға қару ұстап шайқаспасақ та сол кездегі тылдағы ауыр жұмыстарды атқардық. Елдің бірлігі мен еселі еңбектің арқасында біз осы жеңіске жеттік. Бүгінгі ұрпақ біз көрген бейнеттерді көрмесін!,- деген жүрекжарды лебіздерін білдірді. Шара соңында кітапхана қызметкерлері дайындаған көрініс көрсетіліп, қонақтардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды.

Қайрат ЖАҚЫП


«ҚазИИТУ» ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ КЕШЕНІ — АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 120 рет оқылды

18278711_270744666668762_3713281065577139686_o 18278823_270745843335311_1475174036127136986_o 18278836_270745646668664_1262100567182521271_o 18278580_270744886668740_3487086977797090623_o3 мамыр күні Қазталов аудан орталығына «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені ректорының міндетін атқарушы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Әліби Баяхов бастаған білім ордасының ұстаздары мен шәкірттері келді. Олар Елбасының халыққа арнаған Жолдауы және «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарымен кездесті. Келген қонақтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, «Достық» саябағына тал-теректер отырғызды. Аудандық мәдениет үйінде болған кездесуде топ жетекшісі Әліби Баяхов жиналғандарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуда, ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтеріне және жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуде ғылыми-білім кешенінде ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ ғылыми-білім кешінінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, доцент Аида Маратова, Мәскеудің халықаралық табиғат, қоғам адам университетінің техника ғылымдарының магистрі Айдана Боранова білім кешені туралы айтып өтті. Сонымен қатар осы ғылым-білім кешенінде білім алып жатқан студенттерге және ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені атынан ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Тайыр Қабдығалиевке жеңіл көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Аудан тұрғындарымен кездесудің соңы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің талантты жастарының концерттік бағдарламасына ұласты. Осындай ғылым-білім кешені ұжымының ауданымызда болып, ғылым мен білім туралы әсерлі кездесу ұйымдастырғаны үшін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аудан әкімі атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Жұлдыз АСҚАР


ФУТБОЛДАН ЖАРЫС

Күні: , 126 рет оқылды

18301320_270411700035392_6869585196565364520_n1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мекеме, кәсіпорындар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа ауданымыздың мекеме, кәсіпорындарынан 12 команда қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 1 орын, №19 өрт сөндіру бөлімі 2 орын, аудан әкімі аппаратының командасы 3 орынды иеленді. Сондай-ақ Еркебұлан Ерахов «Үздік қақпашы», Серік Садиров «Үздік қорғаушы», Әділбек Өмірзақов «Үздік шабуылшы», Нұркен Ахметов «Үздік ойыншы» және Н.Хасанов «Турнирдің ардагер спортшысы» аталымдарына ие болды. Жеңімпаз командалар кубок, медальдармен марапатталды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.