АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 02.05.2017


АҚЖАЙЫҚТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Күні: , 101 рет оқылды

18278376_270349090041653_6750424881831905983_o28-29 сәуір күндері аралығында Ақжайық ауданында Ақжайық ауданының «Құрметті азаматы», спорт ардагері Е.Нысанбаевтың 75 жас мерейтойына арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтті. Турнирге Атырау облысының командалары, Орал қаласынан спорт интернат командасы, №47 мектеп командасы, Жаңақала, Бөрлі, Ақжайық және Қазталов ауданынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысып, өзара бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша 22 келі салмақ дәрежесінде Нұралы Жалмұханов 1орын, 25 келіде Әлисұлтан Баянғали 2 орын, 32 келіде Мейрамбек Қуатов 3 орын, 34 келіде Бақтияр Оразғалиев 3 орын, 39 келіде Айтжан Нұржанов 3 орынды иеленді. Жеңімпаз палуандардың осындай биік белестерді бағындыруларына зор үлес қосқан жаттықтырушысы Мейрам Ғиляжевтің еңбегі біртөбе.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


АУЫЛ АҢСАҒАН ТОЙ ӨТТІ

Күні: , 240 рет оқылды

18192482_270108133399082_3558720577193145879_o 18209078_270107840065778_1693212328009949270_o 18216510_270107830065779_9165602822000756949_oҚазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Осы мерекеге орай 1 мамыр үні Көктерек ауылдық округінде өткен дала қызығын тамашалауға бардық. Көктеректе өткен дала қызықтарына ауыл тұрғындарымен қатар шаруа қожалықтары мен кәсіперлер ат салысқан екен.» Бірігіп жасаған тірліктің берекесі бар» — демекші көктеректік ағайынның ұйымдастырған дала қызықтары да қызықты өтті. Ауылдың «алты ауыз» көркемөнерпаздарынан бастап шабандоздарына дейін бұл тойға белсене қатысты. Дала қызықтары тай жарыс,құнан жарыс, аламан бәйгемен басталып, қазақша күрес, қой көтерумен аяқталды. Тай жарыста көктеректік Нұрболат Әдиетовтың тайы оза шапса, құнан жарыста Құрманғазы ауылынан келген Дихан Рамазановтың құнаны бас бәйгені жеңіп алды. Ал аламан бәйгеде Көктерек ауылының Аманжол Көшекенов атбегі баптаған сәйгүлік топ жарды.

Қайрат ЖАҚЫП


«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Күні: , 124 рет оқылды

18216730_269976560078906_2359082538930138781_o 18237809_269976610078901_7679789890495575268_o«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін барша Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі ішаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Біздің Қазталов аудан орталығында да 157 татарлар, 142 орыстар, 79 басқа ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Осы орайда 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудан орталығында «Қазақстан-достық мекені» атты мерекелік шара өтті. Шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — «Көне тарихтың қай парағын ашсаңыз да халықтың, елдің ұлы армандарының алдыңда елдің бірлігі, татулығы тұрғандығын көреміз. Ал енді осы құндылықтар Қазақстанның Тәуелсіздігі алынғаннан бері ерекше мән, маңызға ие болып отыр. Оны біз тек қана соңғы жылдары емес, Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап атқарылып отырған саясаттан көріп отырмыз», -деп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ «Достық» саябағында өткен мерекелік кеште киелі шаңырақ ішінде тұрған түрлі ұлт өкілдерінің әндері ашық аспанға жетіп, бейбітшіліктің белгісін білдіріп жатты. Шарада «Қарлығаш», «Шаттық» би ансамблдерінің билері көрсетілсе, мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының әсем әндері де көрермен назарына ұсынылып, жастар ресурстық орталығының және «Жадыра», «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшаларының жастары флешмоб биледі. Бірлік пен берекенің бастауына айналған бұл мерекелік кеште аудандық орталықтандырылған аурухана, Қазталовка орта жалпы білім беретін мектебі, электр жүйесі мекемелерінің ерекше дайындықпен келгендерін байқауға болады. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, ағайын!

Жұлдыз АСҚАР


ӘЖІБАЙДА «МИРАС» ТОЙХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 188 рет оқылды

18156170_269704193439476_7487918062219514963_o 18156516_269703353439560_7031245475540052939_o 18192527_269704256772803_6792788262267955_o 18208924_269703996772829_7085661617761752067_o30 сәуір күні Әжібай ауылында жеке кәсіпкер Данияр Жорасов әкесі Достық Жорасовпен бірге өз қаражаттары есебінен салған «Мирас» жаңа тойханасын тұрғындар игілігіне ұсынды. Халықтың қуанышын бөлісіп, той-думанын өткізуге арналған 250 орындық жаңа нысан толықтай заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі күні тойхана 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауыл тұрғындарының тілегі мен сұранысына орай салынған тойхананың ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр: -Қазiргi уақытта ауылдық жерлердiң ахуалы айтарлықтай артып келедi. Ауыл халқы нарық талабына бейiмделiп, заман ағымына орай жұмыс жасай бастады. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнестiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн ынталандыру жөнiндегi дәйектi жұмысын жалғастыру мiндетiн баса айтқан болатын. Сонымен қатар мемлекет басшысының күні кешегі жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында да туған елді түлету туралы баса айтылды. Міне, ауданымыздағы туған елге жанашыр азаматтар бүгін осындай керемет тойхананы салып, ел игілігіне ұсынып отыр. Бұл орын тұрғындар талабына сай жұмыс жасап, тек қуанышты, салтанатты жиындардың ордасына айналсын, -деген iзгi ниетiн бiлдiрді. Сондай-ақ ашылу салтанатында Достық Жорасов нысанның символикалық кілтін ұлы Даниярға табыс етіп, құрылыс жұмыстарына қатысып, көмектерін берген ауыл азаматтарына да алғысын бiлдiрiп, сыйлығын тапсырды. Аудан әкiмi Нұрлан Мағазұлы пен Достық Жорасов тойхананың лентасын қиып, салтанатты түрде ашылу рәсiмiн жасады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


КАМШАТ МОЛДАҒАЛИЕВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН — 3 ОРЫН

Күні: , 142 рет оқылды

18119520_269344910142071_1472913789690721254_nҚуанышты хабар жетті. ҚР-ның Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында өткен жалпы білім беретін мекемелер мен колледждердегі музыка пəні мұғалімдеіне арналған «Мəңгілік елім -Қазақстаным!» атты республикалық байқауға А.Оразбаева орта мектебінің ұстазы Камшат Молдағалиева қатысып, «Əн» номинациясы бойынша 3 орын иеленіп, жүлдегер атанды. Камшат апамыз өзінің əдемі əнімен жəне шəкірттерін өнерге баулауда, соның ішінде Перизат сынды шəкірттерінің биікке шығуына зор үлес қосып жүр.Камшат апамызға өнердегі жолыңыз ұзағынан болсын деген тілегімізді жеткіземіз!

Əсем ХАЛИУЛЛИНА


САЗ МЕКТЕБІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ

Күні: , 166 рет оқылды

18156021_269405916802637_4014966776914755733_o 18192461_269409560135606_8394947468000735104_o 18193101_269409936802235_4046886529111067353_o 18193128_269409240135638_2395508538320503458_o 18193152_269413426801886_1354680022182326878_o 18193158_269409816802247_2359135641806708873_o 18209152_269405833469312_1343726083878377091_o29 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде жерлесіміз, театр өнерінің жарық жұлдызы Х.Бөкееваның 100 жылдығына арналған «Қазталовтан шыққан хас талант» атты Қазталов балалар саз мектебінің есеп беру концерті өтті. Кеш өте тамаша өтті деуге толық негіз бар. Неге дейсіздер ғой? Томирис пен Еркін кештің шымылдығын ашып, әсем де әуезді үндерімен лық толы көрермендерді таңдай қақтырды. Олардың көркем де сымбатты келбеттері көпшілік қауымды баурап алды. Кеш одан әрі Ерлан Өресов дирижерлік еткен балалар саз мектебінің ұлт аспаптар оркестрі Евгений Доганың «Вальсы» мен Е.Елжановтың «Ордабасы толғауы» күйімен өрілді. Есеп беру кешінде мың бұралған «Шаттық» бишілер тобының билері, әсем әндер мен сиқырлы сазға толы күйлер өнер сүйер қауымды әсерлі күйге бөледі. Кеште өнер қуған жас өнерпаздар өздерінің бойындағы бар қабілеттерін көрсете білді. Бұндай талантты шәкірттердің қабілетін тану, әрине, ұстаздарға байланысты. Міне, өнер жолында аянбай тер төгіп жүрген аудандық саз мектебінің директоры Жадыра Тілеубаева, Нұрлан Нығметов, Розагүл Байғонақова, Майра Қапизова, Зәмзәгүл Қуандықова,Нұргүл Рысмағанбетова, Гауhар Мерғалиева, Аягүл Шоқпанова, Ерлан Өресов, Қайрат Баймурзин, Әсемгүл Жұмабаева, Гүлзия Жанғалиева, Әділ Нығметов, Айгүл Салауатова, Гүлшат Есмағанбетова, Ақнұр Шәріпова, Жаннат Өтешова, Асхат Нығметов, Əсем Бекжан сынды ұстаздардың еңбегі ұшаң-теңіз деп білеміз. Есеп беру концертінде көрермендер еш жалыққан жоқ. Демек, бұл өнерлі ұжымның еңбегінің жемісі деп білеміз. Кеш жерлес ақын Мұнайдар Балмолданың сөзіне жазылған «Саз мектебі» әнімен аяқталды.

Әсем БОЛАТ


ЖЕРЛЕСТЕРІ ЕСКЕ АЛДЫ

Күні: , 202 рет оқылды

18121822_269307213479174_6298803563323145083_o29 сәуір күні Жалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебінің залында Жалпақтал ауылының тұрғындары болған Артур Габидуллин мен Жеңіс Мұхамбетьяровты еске алуға арналған баскетболдан мекеме ұжымдары арасында аудандық ашық турнир оздырылды. Турнирінде марқұмдардың өмірбаяндары айтылып, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Аудандық ашық турнирге Жалпақтал колледжі, №15 өрт сөндіру сөндіру бөлім, 1983 жылы туылған құрдастар, марқұмдардың тума-туысқандар командасы, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы білім ордалары, Газ шаруашылығы, аудандық спорт мектебінің командалары бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында Жеңіс бпен Арутур бауырымзың әкесі мен ағасы Мәлік Мұхамбетьяров, Сағынғали Бекжанов сөз сөйлеп,еске алу турнирін ұйымдастыруды қолға алған достарына алғыстарын айтып, командаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев, достары атынан Қуаныш Шарипов сөз сөйледі, Ал жарыстың бас төрешісі Жомарт Меңдешев ойынның екі жерде ұйымдастырылған айтып, ойын ережесімен таныстырды. Ойын өз жалғасын табуда. Жалпы қорытындысы «Ауыл айнасы» газетінде жарияланатын болады

Тұрарбек АҚМУРЗИН


БАТЫР ҰЛДАР БЕЛДЕСТІ

Күні: , 150 рет оқылды

18121831_269123913497504_642749448941671494_o 18156712_269123326830896_1770758600040653164_o 18192275_269124096830819_7799620511812592772_o 18193282_269123533497542_3009612136801210589_oҚазақтың нар тұлғалы батыр ұлдары тағы белдеспек! Елімізде 1-ші сәуірден дүниежүзіне әйгілі болған «Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу басталады. Оның үстіне биыл байрақты бәсеке «ЭКСПО» көрмесіне тұспа-тұс ұйымдастырылып отыр. Осыған орай 28 сәуір күні Қазталов ауданы орталығында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен республикалық түрнирінің аудандық іріктеу жарысы – Қазталов барысы өтті. Бұл айтулы доданы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған болатын. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова бұл жарыстың маңыздылығына тоқталып өтіп, барша қатысушы палуандарға сәттілік тіледі. Қазталов Барысына аудан округтерінен 16 палуан қатысып, өз күштерін сынап көрді. Біздің де ауданымызда нар тұлғалы батыр ұлдардың бар екені жарыс барысында анықталды. «Достық» саябағында өткен тартысты белдесулерде қараобалық Нұрғиса Қаратаев 3 орын алса, жалпақталдық Айбар Асқаров 2 орынды өз қанжығасына байлады. Ал барлық палуандардан айласын асырып, өз күшін мойындатқан жалпақталдық Жасталап Мақсотов Қазталов Барысы атанды. Жасталап ендігі кезекте облыс орталығында өтетін іріктеу кезеңінде аудан намысын қорғайтын болады. Нар тұлғалы батыр ұлымызға сәттілік тілеп, жеңісі құтты болсын демекпіз!

Қайрат ЖАҚЫП


БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІКТЕ

Күні: , 132 рет оқылды

18121341_269080243501871_1365246831628538816_o 18155787_269080586835170_4995792864163779901_o 18156480_269080240168538_4806454068213334489_o29 сәуір күні Жалпақтал мәдениет үйінің фоесінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ауылымызда тұратын өзге ұлт өкілдері бас қосып, мерекелік дастарқан жайылды. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Тоғыз ұлт өкілдері жергілікті халықтармен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатқаны қуантады. Мерекелік шараға Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, бірқатар мекеме басшылары қатысып, бірлік пен татулықты ту еткен мерекенің маңызына тоқталып, ынтымақ пен бейбітшілік тіледі. Мерекелік дастарқан жайған қазақ, әзірбайжан, татар, орыс, украин, белорус ұлтының өкілдері өз кезектерінде алғыстарын айтып, дастарқанның шырайын кіргізіп, өз әуендерін шырқап, мың бұрала билеп, меймандардың көңіл-күйін көтеріп тастады. Бүгінгі мерекелік шарада Жалпақтал ауылының тұрғындары мерекелік көңіл-күймен ұйымшылдық танытты. 1 мамыр мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының бейбіт заманда бірлікте, достықта, ынтымақтастықта ғұмыр кешіп жатқандығын көрсетті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖАЛПАҚТАЛДА БІРЛІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 132 рет оқылды

18121880_269072240169338_1492175801267674121_o 18192415_269072233502672_2484175716066690173_oБүгін Жалпақтал ауылының мәдениет үйінде «Ынтымақ, бірлік-ел ертеңі» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған шара өтті. Береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді Сыр жұртшылығы асыға күтеді. Татулығы тұғырлы, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі Жалпақтал жұртшылығын ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин құттықтады. — Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Туған жердің төсінде, бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін, — деді округ әкімі. Мұнан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын ауыл тұрғындары арасында насихаттап, елімізде, ауданымызда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін, Алашорданың және Х.Бөкееваның 100 жылдығына арналған мәдени шараларды таныстырып, ауылдас ағайындарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаса, облыстық Ассамблея мүшесі Марина Васильевада өзінің ақжарма тілегін жеткізді. Елімізді мекен ететін түрлі ұлттар мен ұлыстар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазіргі күні тоғыз ұлт пен ұлыс өкілдері киелі мекен болған Жалпақтал ауылында өз қандастарымызбен бірге ынтымақтастықта тату-тәтті тірлік кешіп жатқанын мақтанышпен айтамыз. Мерекелік шарада Жалпақтал балалар өнер мектебінің концерттік бағдарлама оздырылып, өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары әннен шашу шашты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.