АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Май, 2017


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «ТУҒАН ЖЕР». ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТУҒАН АУЫЛЫНА ТАРТУЫ

Күні: , 156 рет оқылды

18623286_278197679256794_6580898250016817977_o 18671717_278197779256784_6595184121347851129_oҒали Бегалиев мектебінің 20 жыл бұрынғы түлектері ауыл бүлдіршіндеріне ойын алаңын тарту етті.          
18698185_278193119257250_5656860650128775193_n 18664646_278193129257249_7384271893770335298_n 18620019_278193125923916_4268258669463218270_nОрал қаласында тұратын кәсіпкер Абзал Сралиев Әжібай ауылына балалар ойын алаңын сыйға тартты. Бірік мектебінің 1997 жылғы түлектері 100 бүлдіршінге сыйлықтар тарту етті.      
18673215_278201512589744_5761333728983124535_o 18623593_278201649256397_1395060271938214276_oБостандық мектебінің 20 жыл бұрынғы түлектері «Менің жүрегім — Бостандық» әсем жарнаманы сыйға тартты. Сондай-ақ 10 жыл бұрынғы мектеп түлектері адам жерлеу рәсіміне қажетті құрал-саймандар және оның орнын жасады.      
18672888_278526865890542_7809700434437724427_oТереңкөл орта мектебін 20 жыл бұрын бітірген түлектері «Менің жүрегім Нұрсай» атты әсем жарнаманы сыйға тартты.        
18740475_278529375890291_8423159313906603277_nКөктерек орта мектебін 10 жыл бұрын бітірген түлектері ауылға кірер күре жолға «Көктерек ауылы» белгісін орнатты.

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ». Қайыңды мектебі

Күні: , 96 рет оқылды

18699363_278139072595988_224131670188226507_o 18623415_278139799262582_1176386357282462253_o25 мамыр күні Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты шарада аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев, -Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз, -деді. Сондай-ақ Қайыңды орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Серікжан Сүлейменов және мектеп түлектерінің ұстаздары мен ата-аналары сөз алып, барша мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Кешке осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер де келіп, ақжарма тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар бұл түлектер мектеп ауласына балалар ойын алаңын орнатып, өскелең ұрпаққа игі істің бастамасын көрсеткенін атап өткен жөн. Соңғы қоңырау салтанатында мектеп түлектерінің мерекелік бағдарламасы ұсынылып, шырқалған әсем әуендер үнімен түлектер қимастық сезіммен қоштасып жатты…

Жұлдыз АСҚАР


«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» . ҚАЗТАЛОВ МЕКТЕБІ

Күні: , 122 рет оқылды

18620896_278083175934911_5856238824473214276_o 18620899_278083129268249_1059207237520959223_o25 мамыр күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты шара оздырылды. Салтанатты шарада 2016-17 жоқу жылында оқу озаттары атанған оқушылар қатысқан «Үздіктер шеруі» өтті. Салтанатты шарада сөз алған мектеп директоры Әлия Жақсыбаева,-кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеген бүлдіршіндер бүгін алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Барлық түлектерге сәтті сапар тілейміз!- деген ұстаздық тілегін жеткізді. Сонымен қатар шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат депутаты Еркін Ғазизов, аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов және ардагер ұстаздар да ыстық ықыласқа толы лебіздерін жеткізді. Шара оқушылардың әсем әуенге толы әндері мен билеріне жалғасып, көптен күткен «Соңғы қоңырау» үніне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП


«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ». АЛМА ОРАЗБАЕВА МЕКТЕБІ

Күні: , 185 рет оқылды

18671532_278084902601405_874718156554494335_o 18671547_278084139268148_8175957028656267580_o 18699615_278085022601393_7855764341755212437_oБүгін барлық өңірлерде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтуде. Аудан орталығында салтанатты үлкен шара 150 жылдық тарихы бар Алма Оразбаева атындағы орта мектебінде де өтті. Салтанатты шараға қала мектептерінің түлектері, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Шарада сөз алған осы мектептің директоры Әлия Ғұсманова және аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, — Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз,- деген тілектерін жеткізсе, ардагер ұстаздар ақ баталарын жолдады. Мектеп бітіргендеріне 40,30 және 20 жыл болған түлектер де тілектерін жеткізіп, мектеп әкімшілігіне сыйлықтарын табыс етті. Келесі сәтте «Мектеп вальсі» жарияланып ақ бантикті балауса қыздар мен жас желек бозбалалардың қалың жұбы алаңды тұтастай жауып вальс ырғағымен дөңгелей жөнелді. Осы сәтте алаң ортасындағы шадыман мерекенің жарқын нышаны ондаған шарлар аспанға қалықтай жөнелді. «Соңғы қоңырау» үні де соғылып, оқушылар үйлеріне тарап жатты…

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАС ДАРЫНДАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 158 рет оқылды

18671443_277745762635319_1321999079318048132_oЖуырда «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алашорда — Азаттықтың ақ таңы» атты мектеп оқушылары арасында облыстық мүшайра өтті. Мүшайраға айтыс жанры бойынша Алма Оразбаева мектебінің 10 сынып оқушысы Құралай Амангелді (жетекешісі Аягөз Нұғманова), мәнерлер оқу кезеңі бойынша Назым Бақытжан (Фариза Оразғалиева) қатысып, жүлделі 3 орындарға ие болды. Сондай-ақ өлең шығару жанры бойынш а Армат Ерниязов (жетекшісі Мирболат Мурзағалиев) арнайы сертификатпен марапатталды. Жас дарындарға алдағы уақытта да поэзия шыңында жүре берулеріңе тілекшіміз!

Әсем БОЛАТ


АУДАН ПРОКУРОРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 166 рет оқылды

18595540_277478852662010_5077807254406108826_o 18588846_277478882662007_6721906536372176939_oӨңірімізде Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының «Арыз – мемлекеттік қызметкердің индикаторы» атты жобасының шеңберінде тұрғындармен кездесу жүргізілуде. Бұл жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, заңды тұрғыда кеңестер беру, тұрғындар тарапынан мемлекеттік билік институттарына сенімнің артуын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай 23 мамыр күні Қазталов ауданының прокуроры Дәурен Медетбеков Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге сонымен қатар аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық әділет басқармасы, ауыл шаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлік палатасының басшылары мен өкілдері қатысты. Кездесуде тұрғындар негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік қолдау бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй алу, жер мәселелері, мал бағымын ұйымдастыру бойынша сұрақтар қойды. Сондай-ақ дүкендердегі тауарларға бағалардың жазылмауы, түнгі уақытта заңсыз алкоголь өнімдерінің сатылуы, тұрғындардың ит, мысық сынды үй жануарларына уақытында екпе ектірмеулері жөнінде де мәселелер көтерілді. Кездесу барысында көптеген мәселелер өз шешімін тауып, сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


БАТЫР АТЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Күні: , 132 рет оқылды

18588753_277467289329833_8790438112417186265_o 18589035_277466712663224_4407206861206685504_oӨткен жұмада аудандық балалар-жасөспірімдер мектебінде үш «Даңқ» орденінің иегері жерлесіміз Қайырғазы Имашевті ұлықтау мақсатында волейболдан облыстық ашық турнир өткен болатын. Турнирге Орал қаласынан және Жәнібек, Ақжайық, Қазталов аудандарынан 2002-2003 жылы туылған жасөспірім қыздар қатысты. Турнирде Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Әлия Жақсыбаева сөз алып, жан-жақтан жиналған барлық командаларға сәттілік тіледі. Атап айту керек, бұл ең алғаш рет ұйымдастырылып отырған турнирге Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің ұжымы бір кісідей атсалысқан болатын. Шындығы керек, осы сайысты өткізер алдында ашық турнир «Ауыл айнасы» газеті атындағы деп ұсыныс жасалғанда, газет редакторы Серік Жұмағалиев, -Ауданның жалғыз басылымына құрмет көрсеткендеріңізге рахмет. Бірақ бір нәрсені есімізден шығармайық. Батырға пара-пар Қайырғазы Имашев атында бір шара өткізіліп жатырған жоқ. Сондықтан осы күнге біздерді жеткізген ағаларымызды дәріптейік. Қайырғазы Имашев атындағы турнир болсын! –деп айтқан еді. Нәзік жанды аруларымыз бақ сынаған ойында 1 орынды Орал қаласындағы №19 мектеп, 2 орынды Ақсай қаласы, 3 орынды Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің командалары жеңіп, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Алғаш рет батыр атындағы өткізілген турнирге демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер Г.Әбиева, Ә.Нұрекешов, Б.Кумаев, Е.Қадиров, А.Жұмағазиев, Р.Галимов, А.Тайғаринов, Данияр, Дамир Қабдолов, Айнагүл Қабдоловаларға ұйымдастырушылар ризашылықтарын білдіреді.

Жұлдыз АСҚАР


«МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ» ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 76 рет оқылды

18588676_277140979362464_7533411548522168032_o22 мамыр күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында кеңес өтті. Кеңесте Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департамент басшысы Сатқан Төлегенов, медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Балжан Темірғалиева әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсінік беріп өтті. — 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Халық осы арқылы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмекке міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша қол жеткізе алады. Яғни, кез келген сырқатыңызға байланысты медициналық тегін көмек алып, тіпті қымбат оталардың өзін тегін жасата аласыз. Ол үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жарна аударып тұруыңыз қажет. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне жеткізу, әрі медициналық қызмет сапасын жетілдіру. Сондай-ақ халық арасында ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын одан әрі жақсарту қажеттігін де айтып өтті. Кеңеске қатысушылар осы мәселелерге қатысты сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алды.

Жұлдыз АСҚАР


КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАТЫНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛМЕКШІ

Күні: , 112 рет оқылды

18623492_277132382696657_6417613836937861022_o22 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангерееваның төрағалық етуімен комиссия отырысы өтті. Комиссияда Алаш қозғалысының 100 жылдығы, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, 1 маусым — Балаларды қорғау күні және 4 маусым — Рәміздер күніне арналған іс-шараларды өткізу жоспары талқыланды. Атап айтқанда ел Тәуелсіздігінің іргетасы болып табылатын Алаш қозғалысының 100 жылдығын атап өту, бұл орайда түрлі ғылыми-танымдық шаралар өткізу, оның мәні мен мазмұнын жете түсіндіру, қорытындысында ауқымды конференция өткізу жоспарланып отырса, 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін тарихымыздағы ақтаңдаққа тағы да бір көз жіберу мақсат етілуде. Сондай-ақ 1 маусым — Балаларды қорғау күні мерекесінде жас бүлдіршіндердің көңілді мерекесінде олардың шат күлкімен атап өтуіне барлық жағдайлар жасалмақшы. Ал 4 маусым — Рәміздер күні ерекше мейрам болғалы тұр. Тәуелсіз елдің рәміздеріне 25 жыл толмақшы. Сондықтан Көк Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды асқақтататындай оның әрбір адамның жүрегінде сақталатындай шаралар жүргізілмекші. Міне, осындай түрлі іс-шараларды ұйымдастыру тиісті мекеме, ұжымдарға тапсырылып, атқарылуы міндеттелінді.

Әсем БОЛАТ


«СӘЛЕМ САҒАН, АҚЖАЙЫҚ» АЙЖАН НҰРМАҒАНБЕТОВАНЫҢ ӘН КЕШІ

Күні: , 151 рет оқылды

18556073_276806596062569_8109883484160413941_n 18558576_277028502707045_2877437864047780843_o 18581743_277027149373847_366976697102751291_n 18620517_276806746062554_3019100919378675643_o 18671763_277028346040394_9046676531253338844_o21 мамыр күні Қазталовтың қасиетті топырағына қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова концерттік бағдарламамен ат басын тіреді. Айжан Қабдуалиқызы концерттік бағдарламасымен Жаңақала, Бөкей орда және Жәнібек аудандарында болған еді. Енді міне, Қазталов ауданына да келді. Эстрада жұлдызының концерті бүгін сағат 19:00-де аудандық мәдениет үйінде өтетін болады. Кеш қонағы «ҚазақКонцерттің» жас әншісі Сая Махамбет. Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан еңбек сіңірген әртісі, әнші Айжан Нұрмағанбетова мен «Қазақконцерттің» әншісі Сая Махамбет «Сәлем саған, Ақжайық!» атты концерттік бағдарламаларын берді. Концертте Сая Махамбет «Қазағымсың», Алтынбек Қоразбаевтың әніне жазылған «Желдірме», Шәмші Қалдаяқовтың әні «Бақыт құшағында» сынды әндерді орындап көрермендердің зор кошеметіне бөленсе, Айжан Нұрмағанбетова сахна төріне шыққанда барша қауым ыстық ықыласымен қарсы алды. Айжан Қабдуалиқызы «Шилі өзен», «Бақыт деген», «Махаббат әндері», «Мен деп ойла» басқа да елге танымал әндерін шырқап, көрермендерді бір серпілтіп тастады. Шара соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.