АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.04.2017


Т.ҚАБАТОВТЫҢ ТІЛІМЕН АЙТҚАНДА «ҰЛЫ БІРКҮНДІК ТӨҢКЕРІС» НЕМЕСЕ ҰБТ-ҒА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?..

Күні: , 154 рет оқылды

18034092_265249647218264_2938066575333962823_nМіне, сәуір айы да келді, кезекті Ұлттық біріңғай тестілеу уақыты жақындап келеді. Оқушылар да, ұстаздар, ата-аналар да үлкен толқыныс үстінде жүргені анық. Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеу өткен жылдарға қарағанда құрылымы жағынан өзгеше. ҰБТ 29 мамырдан 9 маусым аралығында өтеді және «Алтын белгі», «Қызыл аттестатқа» үміткерлер тестілеуден босатылмайтын болды. Бірінші емтиханды оқушылар мектепте бес пән бойынша емтихан тапсырады. Яғни, ана тілі мен әдибеті — 250-300 сөзден тұратын эссе жазу. Эссе жазу барысында оқушы тақыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет. Алгебра және анализ бастамалары — бақылау жұмысы, қазақ тілі ( орыс сыныбы), орыс тілі (қазақ сыныбы) — тест және таңдай пәні — тест тапсырып, қолдарына атестаттарын алады. Екінші жоғарғы оқу орнына тапсырамын дегендер Ұлттық біріңғай тестілеуден өтеді. Тест тапсыруға өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында қабылданады. Жалпы уақыты 3 сағат 50 минут беріледі. Тестілеу математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, қазақстан тарихы, бейінді пән бойынша тапсырып, жоғарғы 140 балл жинаулары тиіс. Шекті деңгей балы — 50. Біз осы Ұлттық біріңғай тестілеудегі өзгерістер туралы А.Оразбаева атындағы орта мектебінің оқу ісінің орынбасары Нұрлан Хайрушевпен тілдескен болатынбыз: -Биылғы тестілеу өзіңіз айтқандай екі деңгейде өтеді. Оқушылар алдымен мектепте қорытынды аттестаттаудан өтіп, қолдары орта білім алғаны туралы құжатты алады. Ал жоғары оқу орнына түсем дегендер ҰБТ тапсырады.Бұл мектеп оқушыларын іріктеудің формасы болып табылады. Біздің мектебімізден бітіргелі отырған 19 түлектің 10-ы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Мектепте тапсырылатын емтихандарға дайындық қызу жүруде. Эссе жазу үшін министрлік бекіткен 100 тақырып бойынша оқушылар дайындалуда,-деді. Сондай-ақ Қазталов аудандық №768 ҰБТӨП жетекшісі Айнұр Сисеновамен де кездесудің сәті түсті. Айнұр Сисенова,-Қазіргі таңда жаңа форматтағы ҰБТ туралы мектептерде түсінік жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылғы тестілеуде бес пән бойынша 140 балл жинайды, оның ішінде бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда кездеседі, осы арқылы оқушы ұпай санының көбірек болуына тағы бір мүмкіндік болары сөзсіз. Осы жылғы аудан бойынша 233 түлек, оның ішінде 21 орыс сыныбы, 212 — қазақ сыныбы бітіреді. Қазіргі болжам бойынша ҰБТ-ға 137 оқушы қатысады деп көзделуде (әзірше 64 өтініш тапсырылған). Ұлттық біріңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау аудан бойынша 10 наурыздан — 30 сәуірге дейін жүргізіледі. Өзгеріске толы тестілеуде оқушыларға сынақтан сүрінбей өтулерін тілекшімін,-деді. Мақала жазу барысында А.Оразбаева мектебінің «Алтын белгіге» үміткер оқушысы Рахман Бақтыгереевтен дайындық барысын сұрағанымызда,- дайындық ойдағыдай өтуде. Мұғалімдерім берген тапсырмаларға толық дайындалып жүрмін. Таңдау пәнім география пәні болғандықтан, ҰБТ-да бейінді пән бойынша география және математикадан тапсырамын. Соңғы байқау сынағында 111 балл жинадым. Мамырға дейін әзірлікті күшейтіп, жоғары баллды жинаймын деген ойдамын,-деді. Олай болса 2017-нің мектеп түлектері іске сәт!- дейміз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


МАЛ ТӨЛДЕП, ҚОРАДА ШУ

Күні: , 158 рет оқылды

17991814_265239187219310_7370563362382871525_nҚырға көктем келіп, қыс бойы қарға оранған дала төсі көкке боянады. Тіршілік атаулы дүр сілкініп, өзгеше рең алады. Қай ауыл-аймаққа жолыңыз түспесін, жас төлдерін ертіп жол бойында жүрген малды көресіз. Әсем көрініс. 18 сәуірге дейін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген ақпараты аудан бойынша 14494 бұзау, 79502 қозы-лақ, 2685 құлын, 5 бота төлдері алынып отыр. Төл алу науқаны жалғасуда.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ҚАЗАҚТЫҢ МІНІ – МАЛ ҰРЛЫҒЫ»

Күні: , 146 рет оқылды

18033243_265236157219613_3911319642442259057_nАбай атамыз «қазақтың міні – мал ұрлығы» деумен өтті. Бүгінде мал ұрлаумен күресте атқарылып жатқан шаралар тіркелген қылмыс санын тежей алмай отыр. Керісінше, қоғамда «жазаланбай, жалпағынан басып жүре беруге болады» деген ұғымның қалыптасуына және мал ұрлау қылмысымен айналысатын адам санының көбеюіне ықпал етуде. Оған не себеп болып отыр? Неге мал ұрлығы тыйылмай отыр? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрмек болдық? Аудандық ішкі істер бөлімініңі ақпараты бойынша жыл басынан бері Қазталов ауданы бойынша мал ұрлығының 13 фактісі тіркелсе, оның 9-ы ашылып, 4-і ашылмаған. Ал былтырғы жылдың 1 мал ұрлау фактісі биыл ғана ашылған екен. Жалпы қолды болғаны 28 бас мал болса, соның 10 басы табылмай отыр. Мал ұрлау фактілері Қазталов, Жалпақтал, Талдыапан, Көктерек және Қараөзен ауылдық округтерінде орын алған. Мал бағылымының ұйымдастырылмауы Али Нұрекешов аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры: — Мал ұрлығының тыйылмауының басты себебі округтерде мал бағылымының ұйымдастыру жұмыстарының нашар жүруі. Кейбір елді мекендерде мал бағылмайды десе де болады. Әрине, қараусыз жүрген малға екі аяқты да төр аяқты да қызығатыны сөзсіз. Осы мәселені тұрғындар назарына алса дейміз. Сондай-ақ тұрғындар малдары жоғалғаны туралы кеш хабарласады. Бір айдан соң келіп шағымданатында да бар. Мұндай жағдайда мал ұрлығының ізін суытпай іздестірудің мүмкіндігі болмай жатады. Бақташылардың немқұрайлығы Айтжан Жұмағазиев Қазталов ауылының тұрғыны: — Былтырғы жылы бір бас сиырым өрістен үйге келмей қалды. Ізін суытпай бақташыға да полицияға да хабарластым. Бірлесіп іздеп көрдік бірақ таба алмадық. Сол кезде байқағаным, біздің Қазталов та және басқа да елді мекендерде мал бағатын бақташылардың немқұрайлығын айтуға болады. Олай дейтін себебім, таңертең малды өріске айдап апарып тастағаннан кейін күн ұзағына малдың қасында болмайды, тек кешкісін ауылға айдап қайтады. Сенбесеңіз, күндіз мал бағылатын жерге барып көріңіз. Бақташыны таба алмайсыз. Бұл бақташының өз жұмысына деген жауапкершіліктің жоқтығы деп ойлаймын. P.S. Мал ұрлығымен күресу барысында жалғыз құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз. Төрт түліктің, негізінен, жайылымдарда жоғалып кететінін ескерсек, ауыл халқының малға күзетті күшейткені абзал. Мал бағуды жауапты, сенімді адамға тапсыру керек. Тұрғындардың өз малының қауіпсіздігіне жүрдім-бардым қарауын тоқтатпайынша, құқық қорғау органдарының қылмыскерлермен күресі оң нәтижесін бере қоюы екіталай…

Қайрат ЖАҚЫП


АЯЖАН АЛМАТЫҒА БАРЫП, «ЖАС ТІЛШІЛЕР» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Күні: , 148 рет оқылды

17973469_265005760575986_879937692125203446_oГазетіміздің 14 сәуір күнгі санында және фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасында Бірік орта мектебінің 8 сынып оқушысы Аяжан Ғаппардың республикалық «Ұлан» газетінің жариялған «Журналист болғын келе ме?» шығармашылық байқауында бас жүлдені иеленгінін айтып, сүйінші сұраған болатынбыз. Сондай-ақ Аяжанның Алматы қаласында өтетін марапаттау рәсімене жер шалғайлығына байланысты бара алмауы мүмкін екендігін де айтқан болатынбыз. Дегенмен Аяжан ата-анасының және мектеп ұстаздарының қолдауымен 11 сәуір күні Алматы қаласына барып, «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділдәнің қолынан дипломы мен естелік сыйлығын алып қайтты. Сонымен қатар Қазақ ҰУ-нің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткізілетін дәстүрлі XVII «Жас тілшілер» форумына да қатысып, оның мақаласы «Ғылыми шығармалар – 2017» байқауының ең үздік жұмысы деп танылды.Аяжанның мақаласы «Жас тілшілер форумы материалдары» кітабына енгізілді. Аяжан осы сапарында «Жас өркен» ЖШС балалар баспаханасының бас директоры, жазушы Жүсіпбек Қорғасбекпен кездесіп, Нұрғиса Тілендиевтің жұбайы Дариға мен қызы Дінзухрамен де жүздесті. Аяжан осы байқауға қатысуға демеушілік жасаған ұстаздарына үлкен рахмет айтады.

Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА


«БАЛДӘУРЕН» БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Күні: , 84 рет оқылды

17917389_265002183909677_2889236601779177279_o 17973466_265001930576369_4879296598013363319_o17 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Балдәурен» балалар фестивалі өтті. Байқауға әр округтен талантты оқушылар қатысып, алғашқы кезеңі бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде вокал жанры бойынша 1 орынды Аяулым Самат, 2 орынды Талғат Қойшыбаев, халық музыкасы жанры бойынша 1 орынды Әли Кулатов, 2 орынды Әлихан Максим, қолөнер жанры бойынша 1 орынды Даниел Ескендіров, 2 орынды Жанель Ахметова,Жоламан Сәбитов, көркемсөз жанры бойынша 1 орынды Нұрайна Аманғалиева, 2 орынды Ерасыл Мұтиғоллин, би жанры бойынша 1 орынды «Шаттық» би ансамблі, 2 орынды «Жас толқын» би ансамблі иеленіп, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан басқа да үміткерлерге алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ жеңімпаз үміткерлер жақында Орал қаласына өтетін «Балдәурен» балалар байқауына жолдама алды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТАЗАЛЫҒЫМЕН ТАРТЫМДЫ ҚАРАОБА АУЫЛЫ

Күні: , 140 рет оқылды

17990388_264990430577519_6516861180580406888_oСіз қандайда елді мекенге барғаныңызда ең әуелі неге көңіл бөлесіз? Әлбетте, ең бірінші ауылдың көркіне көз жібересіз, содан соң тазалығына көңіл аударасыз. Себебі, ауылдың көркін келтірер зәулім үйлер мен әсем ғимараттар жоқ. Тек, таза көшелері мен тегіс жолдары бірінші көзге түседі. Сондықтан да әр ауыл тазалығымен тартымды болуға тырысуы керек. Әр ауылдың таза болып тұруы тұрғындарына сын. Осы тұрғыда Қараоба ауылының тұрғындары қарап қалмапты. Бірлігі жарасқан қараобалықтар үшін ауыл тазалығын сақтау әу бастан үрдіске айналған. Көктем шығып, тазалық айлығы жарияланысымен олар қыстан қалған күл-қоқыстардан ауыл ішін тазалап, көшелерді тегістеп, ауылды абаттандыруға білек сыбана кірісті. Тіпті электр бағаналарының түптеріне дейіп әктеліп, көшенің көркін келтіріп, жарқырап тұр. Бұл жұмыстар әлі де жалғаса беретін болады дейді олар. Жарайсыздар, қараобалықтар!

Мөлдір ӘНУАРБЕК


КИІКТІ ЕЛ БОЛЫП САҚТАЙЫҚ!

Күні: , 160 рет оқылды

17972065_264988153911080_3175189043891699883_o 17972167_264988113911084_8796289107142321427_o17 сәуір күні «Охотзоопром» ӨБ» МКҚК-нің ғылыми қызметкері Бахтияр Ташенов Қараоба ауылында болып, ауылдың ақсақалдарымен, мектеп ұстаздары және оқушылармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – киіктерді қорғау, оларды қырып-жоюшы қаскөйлерге қарсы жұмыс жасау. -1980 жылдары Қазақстанда 2 миллионның үстінде киік болған екен. Ал 2003 жылдың санағы бойынша олардың саны 21 мыңды ғана құраған. Киіктердің осыншалықты қырылуына не немесе кім себеп? Әрине, ол – ең бірінші қаскөйлер. 2016 жылғы санақ бойынша киіктердің саны 70200 болса, биылғы санақ нәтижесі олардың көбейгенін көрсетуде. Киіктер халықаралық «Қызыл кітапқа» енген жануарлар. Біздің табиғатымыздың сұлу да баға жетпес байлығы. Сол себептен де оларды қорғау – баршамыздың міндетіміз болу керек, -деді Бахтияр Жұмабайұлы. Кездесу барысында қаскөйлерге қарсы жүргізілген іс-шаралар бейнеленген видеороликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.