АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.04.2017


ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЕСКЕРІЛДІ

Күні: , 128 рет оқылды

17884156_264691537274075_2233209054438763563_nБиыл Болашақ ауылында өткен аудан, округ əкімдерінің есеп беру жиынында ауылдық ағайындар Болашақ пен Қайыңды ауылдық округінің арасындағы 800 метр жолдың қиындығын сөз етіп, мәселе көтерген болатын. Енді міне сол тұрғындардың ұсыныс тілектері ескерілгендей. 16 сəуір күні аудан əкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат депутаты Қайырбай Алтаев және бірқатар жолға қатысы бар жауапты мекеме басшылары Болашақ ауылдық округінде болды. Онда 800 метр жолды салудың жай-жапсарымен танысты. Қалай дегенде 800 метр жолды көтеріп, жаңадан жол салып, аудандық бюджеттен қаржы бөлуді қарастырды. Алдағы күндері болашақтықтар қиындық көрмей Қайыңдыға дейін жаңадан салынатын жолмен қатынамақ. -Бұрын есеп беруде Болашақ ауылының тұрғындары маңызды мәселе ретінде сауал қойған болатын. Енді сол мәселелері рет ретімен шешілмек. Осы жолға қатысты жауапты мекемелерге жобалық сметалық құжаттарын дайындауды, тиісті мекемелерге тапсырып отырмын. Сонымен қатар осы аймақтың тұрғындары аудан орталығына қатынайтын өткел көпірі қауіпті жағдайда. Сондықтан бұл көпір алдағы күндері қаражат бөлінген уақытта жөнделетін болады. Қазіргі күні аудан орталығына қатынас Ақпəтер, Жалпақтал ауылдық округтері арқылы қатынас жасауда,-деді деді аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


«ИНТЕРНЕТ КІТАПТЫҢ ОРНЫН АЛМАСТЫРА АЛА МА?»

Күні: , 318 рет оқылды

17814557_264201777323051_8441836677976784527_o15 сәуір күні аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің ұйымдастыруымен «Интернет кітаптың орнын алмастыра ала ма?» атты пікірталас өткізілді. Пікірталасқа Қазталов орта мектебінің 10 сынып оқушыларынан құралған «Асыл мұра» және А.Оразбаева атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларынан құралған «Әлем ғажайыптары» топтары қатысып, 4 кезең бойынша өз ойларын ортаға салды. Атап айтсақ, 1 кезеңде екі топ құрамын таныстырса, 2 кезеңде өз пікірлерін дәлелдермен айтып, шараның мәнін аша түсті. Оқушылар сайысқа тиянақты дайындықпен келгендіктері осы кезеңде айқын көрініп тұрді. Себебі екі топта бірі-біріне нақты сұрақтар қойып, жауаптарын дәлдікпен қайтарып отырды. Ал 3 кезеңде сұрақтарға жауап, яғни таңдалған ұяшықтардың ішіндегі мақалдар мен интернет туралы қойылған сұрақтарға толық жауап беру еді. Бұл кезеңде де оқушылар өздерінің тапқырлықтарын танытып, лезде жауап берді. 4 кезең спикерлердің қорытындысы. Кезеңде екі топтың жетекшілері қорытынды ойларын айтып өтті. Пікірталас соңында сарапшылар өз ойларын білдіріп, екі топқа алғыс хат табыс етті. Оқушыларды пікір алмасуға шақырып, сөз саптау мәдениеттеріне аз да өз үлесін қосып, әсерлі пікірталасты ұйымдастырғаны үшін кітапханашы Ләззат Сүйінішқалиеваға еңбегің жана берсін демекпіз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«АШЫҚ ӘКІМДІК» ӨТТІ

Күні: , 122 рет оқылды

17917144_264191040657458_2614470896869227077_o15 сәуір күні аудандық орталық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «Ашық әкімдік» күні өтті. Бұл шарада аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудан тұрғындарын қабылдады. Сонымен қатар шарада аудандағы мекеме және кәсіпорын басшылары аудан тұрғындарын жекелей мәселелерімен қабылдап, сұрақтарына жауаптар берді. «Ашық әкімдік» шарасында тұрғындар жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқу, «Өрлеу» бағдарламасы, тұрғын үй мәселесі және кәсіп ашу туралы сияқты тағы басқа да сұрақтарына жауаптар тапты. Бұл шараға ауданымыздан 70-ке тарта тұрғын қатысқан болатын. Солардың бірі Қазталов ауылының тұрғыны Нұрлы Айтмағамбетова,- менің келген себебім, өз басыма және жанұяма қиыншылық туған кезінде аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы бастаған азаматтар қол ұшын созып, өртеніп кеткен үйімнің орнына үй салуға көмектесті. 800 мыңның үстінде қаражат жинап берді. Ал ауыл әкімі Сәрсенбай Молдашев бас-қасында жүрді. Зор алғысымды білдірейін деп келдім. Осындай кездесудің халыққа берері көп деп ойлаймын,- деді.

Қайрат ЖАҚЫП


ЕКІ ЖҮЗДІҢ ҮСТІНДЕ ТАЛ-ТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Күні: , 118 рет оқылды

17884503_264158140660748_3087673084004226548_n15 сәуір күні Қазталов ауданы орталығында сенбілік өтіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың тікелей қатысуымен аудан орталығындағы болашақ спорт кешені орналасатын саябаққа тал-теректер отырғызылды. Бұл сенбілікке аудандағы барша мекеме ұжымдарымен қатар ауыл тұрғындары да ат салысты.Саябаққа 250-ге тарта тополь(теректің) жас талдары егілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КӘСІПТІ ҚҰРҒАҚ АУЫЗ СӨЗБЕН НЕМЕСЕ КЕҢСЕДЕ ТОЛЫП ТҰРҒАН ҚАҒАЗДАРМЕН БАҒАЛАСАҚ, ҚАТЕЛЕСЕМІЗ!

Күні: , 104 рет оқылды

17903421_264139993995896_8376621636761183743_nҚұс шаруашылығы — мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруізді тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Құстың жұмыртқасы мен еті адам организміне жұғымды да сіңімді диеталық тағамдар қатарына жатқызылады. Құс етінің құрамында белок, май, минералдық заттар, витаминдер мол. Құс етінде протеин көп, дәнекерлік тіндер аз болып келеді әрі бұлшық еттерінің арасында май қабаты болмайды. Сондықтан ол балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланылады. Құстың жұмыртқасы әр түрлі қоректік заттарға бай келеді. Елімізде тауық өсіру өте пайдалы шағын бизнес. Бұл іспен кез-келген адам айналыса алады. Тек тауық өсіру бойынша сауатты жасалған бизнес-жоспар болса болды. Осы орайда ауданымызда шағын бизнесті дамыту жәйі қалай? Әрине, ауыз толтырып айта қоятын көп нәрсе жоқ екені белгілі. Ауданымызда тауық-қаз жоқ деп айтуға келмес. Қай үйге барма, күнделікті ұстап отырған үй құстары бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйене қалсаң, ай сайын пәленбай мың дана жұмыртқа өндірілді, -деп ақпарат беріп жатады. Ал оның дұрысы қайсы? бұрысы қайсы? Ешкім сараптама жасап та жатқан жоқ. Біз білетін Қазталов ауылында Заңғар Салаватов өткен жылы «Даму» қоры арқылы грант ұтып алып, тауық өсірумен шұғылдануда. Заңғардың айтуынша, — Өткен жылы нартәуекел деп осы шаруаны бастап кеттім. Грант арқылы алынған қаражатқа және өз қалтамнан да қаражат шығарып балапандар сатып алдым. Әрине, «балапанды күзде санайды» дейді ғой. Қазіргі күнде 250-ге жуық тауық бар. Алғашқы кезде бұл кәсіппен шұғылданбағандықтан қиындықтар кездесті. Соның орнын толтыру үшін Орал қаласындағы құс фабрикасындағы мамандардан кеңес алдым. Бүгінгі күнде олардың түрлі қосымша азықтарын табу арқылы және қолайлы орын салу нәтижесінде барынша еңбектеніп жатырмын. Сонымен қатар 1 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Ал алынған тұқымдарды дүкендердің және жеке адамдардың сұранысы бойынша тапсырыстарын орындаймыз, -деді. Біз тауық өсіріп отырған кәсіпкер азаматтың шаруасымен танысқаннан кейін, осы мәселеге байланысты ой түюге тура келді. Мамандардың айтуы бойынша егер ауылда шағын құс фирмаларын құрса, оның құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызын мемлекет тарапынан субсидияланады. Сондай-ақ етті тұқымды тауықтардың әр басына 400 теңгеден демеу қаржы да қарастырылған. Бұдан бөлек кәсіпкер өндірілген құс етінің әр келісіне 40 теңгеден көмек қаржы алуға да болады. Міне, осындай жұмыстар жүргізілсе, сол ауданды құс етімен 74 пайызға дейін, ал жұмыртқамен 75 пайызға дейін қамтуға қауқарлары жететін көрінеді. Міне, пайда қайда жатыр? Түрлі деңгейдегі жиналыстарда ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту туралы әңгіме болады да жатады. Ал сол кәсіпкерлік туралы айтыла қалғанда көбінесе-көп мал шаруашылығына тіреледі. Шығынды аз жұмсайтын, пайданы көп келтіретін құс өсіруді неге ұмытып кетіп жатамыз? Осы жерде келіп, тағы да ауданның кәсіпкерлік бөліміне қарай сын айтылады? Оны неге айтып отырмыз? Ауданымыздың бір елді мекенінде 200-ге тарта қаз өсіріп отырған отбасы бар. (Ол отбасы туралы болашақта жазылатын болады. Қазіргі күнде шаңырақ иесі рұқсат бермей отыр.) Ауданымыздың түкпір-түкпірлерінде осындай шаруалармен айналысып отырған адамдарға кәсіпкерлік бөлімі неге мониторинг жүргізбейді? Бұл кәсіпкерлік бөлімі жұмысының төмен дәрежеде екенін байқатады. Түйіндей айтқанда, кәсіпті құрғақ ауыз сөзбен немесе кеңсе шкафын толтырып қоятын қағаздармен бағаламай, «саусақ біріксе ғана ине ілігетіндей» шаруа жасап жатқан адамдардың ісімен бағалау қажет деп санаймыз.

Жұлдыз АСҚАР


АЩЫ БОЛСА ДА ШЫНДЫҚ

Күні: , 152 рет оқылды

17903348_263915160685046_4734262818652425240_n 17903541_263915594018336_1250629948488235897_n 17904044_263915290685033_8307768392943638696_n 17904117_263915397351689_1432508468658670881_n14 сәурі күні жалпақталдықтар тағы бір қойылымның куəсі болды. М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрында Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасының премьерасы өтті. М.Ғұмаровтың шәкірті Нұрлан Шаканаевтің ізін басқан, театрдың жас режиссері Жанна Керімбекованың алғашқы қойылымы. Бұл спектакль — өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние. Бүгінгі қоғамдағы боямасыз шындық — ағайындар арасындағы алауыздық. Бір жатырға сыйғандардың бір шатырға сыйыспауы — зор қасірет! Психологиялық драманың мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыздың бар екенін паш етеді. Отбасы тақырыбы — мәңгілік тақырыптардың бірі. Театр сахнасында жастарға үлгі боларлық, мәні бар шығармаларды қою қажеттіліктен туындап отыр. Осындай маңызы зор дүниелерден жастар сабақ алуы қажет. Ата-анасын ұмытпасын, бауырмал болсын, отбасы мейірімінен ажырамасын деген мақсатта «Бір түп алма ағашы» драмасы көрерменге ұсынылды. Қойылымның шешуші сәттерінде көрермендер көздеріне жас алды. Шынайы бейнені сахналаған өнер майталмандарын зор ықыласқа бөлеп, қол-қошеметпен алғыстарын білдірді. Ананы Анар Мусина сомдаса, Мақсатты Жандос Жексенбаев сәтті орындай білді. Ал Нұрбек Мұқамбетқалиев, Мержан Дүйсенов, Азамат Дүйсеков, София Мерғалиева, Гүлхан Елемесова, Шайзада Елжановалардың рөлдерді сәтті шықты. Қойылым соңында сахна төріне шыққан аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова театрдың режиссері Жанна Рамазанқызына жəне театрдың əртістеріне, ұжымға өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТЕТІГІ

Күні: , 118 рет оқылды

17966334_263862797356949_4219677516143036629_o14 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған аудан активінің жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр төрағалық етіп, мекеме-ұйым басшылары, жастар өкілдері қатысты. -Елбасы мақаласында бірінші кезекте ұлттық идеология мен ұлттық сананы қалыптастыру мәселесі көтеріліп отыр. Сонымен қатар, онда мәдениет саласына қатысты да көп нәрсе қамтылған. Бұл мақаланы маңызды саяси-идеологиялық құжат деп айтуға болады. Себебі бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылады, -деді аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы. Жиында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова баяндама жасап, мақаланың мазмұнына тоқталды. -Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, еліміздегі үлкен оқиға болды. Мақалада латын әліпбиіне көшу, туған жерді көркейту, гуманитарлық білім беру, мәдениетті заманауи қалыпқа келтіру, құндылықтардың бүкіл қазақстандық шеңберін құру, замандастарды құрметтеу – барлығы нақты тапсырмалармен ұласады, барлығына іске асырылатын уақыт берілген, -дейді Зәйлім Исатайқызы. Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың кеңесші маманы Қайрат Науханов жарыссөзге қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


«ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 108 рет оқылды

17952684_263857627357466_2525566963854030144_n14 сəуір күні аудандық жастар демалыс орталығында жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандарының ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне орай «Бозбала мен бойжеткен» тақырыбында кеш өтті. Бұл алғашқы рет ұйымдастырылып отырған шараға мекеме ұйымдардың жастары белсенділік танытып, атсалысты. Осы орайда əр мекемеден 3 жұп шығып, 4 кезең бойынша сынақтан өтті. Сайыс нəтижесінде Абзал мен Ақмарал бүгінгі кештің Қозысы мен Баяны атанды. Жеңімпаз жəне басқа да жұптарға естелік сыйлықтар табыс етті.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАЛПАҚТАЛДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ШАРАСЫ ӨТТІ

Күні: , 122 рет оқылды

17918007_263828744027021_791597830253593314_o14 сәуір күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал мәдениет үйінде «Ашық әкімдік» шарасында тұрғындарды қабылдады. Аудан орталығынан келген 17 кәсіпорын басшылары тұрғындарды қабылдап, жекелей сұрақтарына жауап, берді. Соның ішінде 7-уі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, 7-уі кәсіпкерлік бөліміне және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарына 4 адам келді. Айта кетейік «Ашық әкімдік» атты шара осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұдан бұрын 1 ақпан күнгі ұйымдастырылған шараға 35 ауыл тұрғыны келіп, кеңес алған болатын. Бүгінгі өткен шараға ауылымыздың 11 тұрғыны аудан басшысына тұрақты жұмыс және тұрғын үй мәселелері бойынша жолықты. Қабылдау барысында, көптің көкейіндегі сауалдарға ден қойған аудан әкімі, әлеуметтік мәселелерді алға тартқан жандардың ұсыныс-тілектерінің заңдылығына сәйкес орындалатынын айтты. Аудан әкімі мен бөлім басшыларының қабылдауында жалпы саны 47 тұрғын болды. Тұрғындардың сауалының дені — тұрғын үй мен тұрақты жұмыс болды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖОЛ СЫР БЕРДІ. «ӘУЛЕТ» ДҮКЕНІНІҢ ҚАСЫНДА АЯҒЫҢДЫ СЫНДЫРЫП АЛМА!

Күні: , 122 рет оқылды

17833939_263826814027214_6103850042813212108_oӨткен жылы аудан орталығындағы 3 шақырымнан астам көше автомабиль жолдарына және жаяу жүргіншілер үшін асфальт төселген болатын. Жаңбыр жауса аяғыңа жабысып айырылмайтын «бауырмал» балшығымыздан құтылдық қой деп қазталовтықтар, соның ішінде, Қ.Жақып (бұрынғы Ленин) көшесінің тұрғындары қол шапалақтап тұрып қуанды. «Юнисерв» ЖШС «әне-міне дегенше…» тез бітіріп тастады. Мынандай жылдам төселетін асфальтқа жұртшылық біріншіде таңырқай қарады. -Апырмай, мына қарқынмен Қазталовтың барлық көшесін бір айдың ішінде асфальттап шығуға болады екен,-деп… Одан бері 6-7 айдай уақыт өтті. Әлгі жылдам біткен асфальттың «но-о-о-лары» қар кеткеннен кейін шыға бастады. Суреттен көрініп тұрғандай. Енді, бұдан бірнеше жыл бұрын жаяу жүргіншілерге арналып салынған комхоз, ішкі істер бөлімі орналасқан көше бойындағы «Әулет» дүкенінің қасындағы тротуардан байқамай жүрсеңіз аяғыңызды сындырып алуыңыз мүмкін… Осы мәселе жөнінде аудандық автомобиль жолдары, тұрғын үй-ком. бөлімінің басшысы Нұржан Ислямовпен хабарласқанбыз. Оның айтқан жауабы: -Жаяу жүргіншілер үшін салынған жолдардың кейбір бөлігіндегі бүлініп жатқан жерлер біздерге таныс. Жақында «Юнисерв» ЖШС қайтадан келіп, жөндейтін болады. Ал «Әулет» дүкенінің жанындағы бүлінген жолды сол жерден су құбырын өткізген адам өз мойнына алады,-деді. Қалай еткен күнде де атқарылған жұмыс сапалы атқарылмай, қайта-қайта жөнделетіні немесе жұртшылықтың ренішін тудырып жататыны не себепті екен?..

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.