АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.04.2017


БАЛҒЫН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 114 рет оқылды

17917583_263044614105434_8388484743008812824_o12 сәуір күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин аудандық спорт мектебінің оқушыларын, волейбол тобының жатттықтырушысы Тимур Искалиевті қабылдады. Бұл жасөспірімдер Орал қаласында өткен аудан және қалалық мектептер арасында 2000-2001, 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының облыстық турнирінде екі жас ерекшеліктері бойынша І орын алған болатын. Сонымен қатар күн кеше Ақжайық ауданының Чапаев ауылында бұл жасөспірімдер осы екі жас ерекшеліктері бойынша көктемгі облыстық волейболдан ІІ орын алып, жасөспірімдер мектеп, ауыл намысын қорғап келген болатын. Осыған орай ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы мектеп оқушыларының жеткен жетістіктерін үшін әрдайым мақтанатындығын, спортты серік еткен жасөспірімдерге жеңіс тіледі. Сонымен қатар осы кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық спорт мектебінің басшысы Айбар Мұғалбаев оқушыларға иіг тілектерін айтты. Осындай кездесу ұйымдастырылып, қабылдаған үшін оқушылардың жаттықтырушысы Тимур Бақтығалиұлы аудандық спорт мектебіне, ауыл әкімшілігіне өз ризашылығын жеткізді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 136 рет оқылды

17760831_263040610772501_2608662654675206914_o 17917579_263040727439156_2097933245627772090_o12 сәуір күні Қазталов ауданы орталығына жұмыссапарымен Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев келді. Ол келген сапарында көктемдегі су тасқынының алдын-алу, аудан орталығындағы Қарасу тоғанындағы қыс мезгіліндегі балықтардың қырылуы және осы тоғандағы судың әсерінен Алма Оразбаева орта мектебі жертөлесіндегі су көтерілуіне қатысты мәселелермен танысты.
Осы мәселеге байланысты Жасұлан Жұмашев,- Қарасу тоғанының астында ұзақ жылдар бойы жиналған балшық осы тоғанның таяздалуына және арнасының ұлғаюына әсер етіп отыр. Сол себептен осы тоғанға жақын орналасқан үйлер мен ғимараттардың жертөлелері астында жер асты суының көтерілуіне әкеліп соғуда. Алма Оразбаева атындағы мектепте де осы жағдай. Жер асты суы 1 метрге дейін көтерілген. Бұл мектеп ғимаратының іргетасы мен қабырғаларының тозуына әсер береді. Сондықтан болашақта Қарасу тоғанын тазалап, тереңдету қажет. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия шұғылданатын болады,- деді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің басшысы аудан орталығындағы №19 өрт сөндіру бөліміне соғып, бөлімнің жұмысымен танысты.

Қайрат ЖАҚЫП


ТАСҚЫН СУДАН ӘЗІРГЕ ҚАУІП ЖОҚ

Күні: , 118 рет оқылды

17760772_263036677439561_1754702096177656275_o12 сәуір күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев ауданымыздың Жалпақтал ауылына арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев Үлкен өзенге жоғары жақтан келуіне байланысты «Автобаза», «Гүрілдеуік» бөгеттерін аралап, су деңгейінің жағдайымен танысты.


Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қазіргі таңда су деңгейінің бір қалыпты екенін айтып: -Жоғарыдан келіп жатырған судан қауіп жоқ. Су деңгейі үнемі бақылауымызда. Төтенше жағдайлар кезінде кезекшілік қойылып, жіті бақылап отыр. Қараөзенге су молынан келіп, көлтабандарға су шығару жұмыстарын ойдағыдай жүзеге асуда. Ал Жалпақтал ауылындағы оқшау қалған үйлердің тұрғындарымен оқушыларын төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері ауылға судан қайықпен өткізіп отыр,-деді. Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы тасқын су кезінде арнайы техникалар жіберіп, қолдау білдіретіндігін жеткізді. Кездесу барысында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының ауданымыздағы өкілі Еркебұлан Ермұханов бірге болды. Қазіргі күні Ресейдің Александров-Гайдан 90 текше метр су жіберіліп, Қараөзеннің су деңгейі 15 метр 48 сантиметр құрап отыр.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


МАЛ ТӨЛДЕП, ҚОРАДА ШУ…

Күні: , 136 рет оқылды

IMG_5776-12-04-17-03-49Қазіргі күнде ауданымыздың мал өсіріп, шаруа жасаған адамдарының «қызыл қырманы» басталды. Ол – көктемгі мал төлдету науқаны. Осыған орай жол түсіп Әжібай ауылдық округіндегі «Игілік» шаруа қожалығында болып қайттық. Іссапарда көгілдір көктемнің өзінің күшіне енгенін байқадық. Дала көк кілемге оранып, бәйшешектер бүр жаруда. Біз Мырзалы қыстағында орналасқан шаруа қожалығына келгенде, аула-қорадағы тынымсыз, қарабалас тіршілік басталып кеткен екен. Бізбен әңгімелескен шаруа қожалығы жетекшісінің көмекшісі Алмат Қараев былай дейді: -Қыстан аман-есен шығып жатырмыз. Жалпы қыс айы қаттылау болғанмен, көктем ерте шықты ғой. Жем-шөбіміз жеткілікті болды. Содан болар малдан өлім-жітім болған жоқ. Қазіргі күнде мал жаппай төлдеп жатыр. Мәселен, бағымдағы 500 қойдың 300-і төлдеп, одан 400 қозы алынса, 60 ірі қарадан 10 бұзау, 100 бас жылқыдан 20 құлын алынып отыр. Енді «қыста мінер шанаңды жазда сайла» дегендей, малдың табиғи шөбін даярлау үшін техникаларды да әзірлеп жатырмыз. Шаруа қожалығының жеріне көпжылдық шөп егілген еді. Соның пайдасы биыл тиер деген ойымыз да бар, -деді. Біз барғанда көмекшілері егіз төл туған қойларды көкке жаюға шығаруға қам жасап жатыр екен. Ал қораның ішінде «сексек атаның өкілі» үшеммен түбіттілердің санын көбейтуге үлес қосуда. Қыстақ айналасында көк шөпке тойған төлбасылар жайбарақат жайылып жатыр…

Әсем БОЛАТ


ТАСҚЫН СУДАН ҚАУІП ЖОҚ. СУ ДЕҢГЕЙІ БІР ҚАЛЫПТЫ

Күні: , 112 рет оқылды

17855091_262705694139326_7104579314768419555_o 17880418_262707490805813_1722219252033279516_o11 сәуір күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданымыздағы Қараөзен мен Сарыөзен өзендеріне жоғары жақтан су келуіне байланысты өзендерді аралап, осы өзендердің бойында орналасқан бөгеттер мен көлдердің жағдайымен танысты. Нақтырақ айтсақ Ресейден Қараөзенге секунтына 50 ден- 90 кубқа дейін су жіберіліп жатса, Сарыөзенге секунтына 1,5 куб су келуде.
Аудан әкімі,- Жоғарыдан келіп жатырған судан қауіп жоқ. Су деңгейін жіті бақылауға алдық. Ауданымызда төтенше жағдайларды қадағалайтын және құтқару жұмыстарымен айналысатын арнайы мамандар да кезекшілік етуде. Қараөзенге су молынан келіп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып барлық шабындықтарға су жіберіп жатырмыз. Ал Сарыөзенге де судың келуі жаман емес,- деді. Сонымен қатар аудан әкімі осы іссапарында «КазСуШар» Республикалық мемелекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Төлеген Ғұмаровпен кездесіп, Қараөзен өзенінің су жүйесінің бойында орналасқан суармалы шабындықтарға су шығару және Қарасу ауылдық округіне қарай су жіберу жұмыстары туралы кеңесті. Сондай ақ бұл кездесуде аудан әкімі мен су маманы Қараөзен бойындағы «Гүрілдеуік» бөгетінің қазіргі жағдайымен де танысты.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОШАНКӨЛДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМШЫЛДЫҚПЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 116 рет оқылды

17880789_262699667473262_8120260440307123016_oҚошанкөл ауылында сенбілік ұйымшылдықпен жүргізілуде. Ауыл ішінің күл-қоқыстары тазартылса, ауыл ішілік жолдар да тегістелуде. Осындай жұмыстарға ауылдық округ әкімдігі және жұртшылық, сонымен қатар мекеме, ұйымдар да белсенділік танытып отырғаны байқалады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚОЛДАУЫ ҰРПАҚ ЖАДЫНДА ҚАЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Күні: , 140 рет оқылды

17855513_262691520807410_2564963852358092265_o11 сәуір күні Қошанкөл ауылындағы «Сәйгүлік» музейінің жұмысымен танысуға жерлесіміз, бүгінде Орал қаласының тұрғыны Звайда Хасанқызы Әкімалиева арнайы барды. Звайда Әкімалиева – ауданымызда партия, кеңес, әкімдік, білім саласында абыроймен қызмет атқарған жан. Ол ауданның әлеуметтік-мәдени дамуына өзіндік із қалдырды. Бүгінгі күнде де бизнес саласында қызмет жасап жүр. «Сәйгүлік» музейімен таныса келе, Звайда Хасанқызы осындай тақырыпты музейдің өсіп келе жатқан ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің зор екеніне тоқтала келіп, осы жұмысты іске асыруға қолдау көрсеткен аудан әкімі Нұрлан Бекқайырға ризашылығын білдіріп, уақыт өтсе де осындай істің ұрпақ жадында қалатынын айтты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ТҰРҒЫНДАРҒА ТӨНІП ТҰРҒАН ҚАУІП ЖОҚ»,-ДЕЙДІ ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Күні: , 128 рет оқылды

17834824_262660730810489_9057865057597049418_o 17855086_262660690810493_6023557145559441481_oКүн жылынғаннан бастап, көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қолға алынған болатын. Қараөзен арнасына толып, жайылымдарға су шығарылуда. Су басу қаупі бар деген аймақтарда сақтық шаралары күшейтілуде. Жалпақтал ауылындағы «Автобаза» бағытында тұратын, өзен арнасына толған уақытта, сол маңда тұратын бес тұрғын үй ауылдан бөлініп, оқшау қалған болатын. Кешеден бастап Ақжайық аудандық №6 жедел құтқару жасағы келіп, кезекшілік міндеттерін мінсіз атқаруда. Біз осы мақсатта оқшау қалған бес тұрғын үйдің отбасыларымен кездесіп, мән жайды білген едік. Олардың айтуынша қазіргі уақытта жағдайлары қалыпты. Құтқраушылардың қайығы арқылы қатынас жасауда. Көпірдің бұзылып қалғанына қиналады. Өзін Жанармын деп таныстырған сол аймақтың тұрғыны: -Құтқарушылар түстен кейін келді. Қызым сабаққа бара алмай қалды. Қазір орталықпен қатынасымыз жақсы. Көпір түзелмей қатынас әзірге болмайтыны белгілі. Бірақ құтқарушылар кеткеннен кейін қатынасымыз қайта үзіледі. Сол қиындау болып отыр,-дейді. Ал аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Ихсанұлымен хабарласқанымызда: -Қараөзен арнасына толып, қайықпен қатынас жасау екі жерде ұйымдастырылатын. Оның бірі «Автобаза» болса, екіншісі «Тубдиспансер» аймағы болатын. Бұрынғы әкімдердің бірі Данияр Қайратовтың еңбегінің арқасында сол «Тубдиспансер» аймағына жаңадан жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынып, қазір рахатын көруде. Енді міне «Автобаза» бағытындағы тұрғындар үшін бар мүмкіншілігімізді жасап, қолдан келгенше көмектер көрсетілуде,-дейді. Ақжайық аудандық №6 жедел судан құтқару жасағының қызметкері Алдан Жомартұлының айтуынша қайық арқылы тұрғындарға қатынас жасалып тұрғындығын сөз етті. Сонымен қатар бұл аймақ өздерінің бақылауында, тұрғындар үшін төніп тұрған қауіптің жоқ екенін айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ӘСЕМАЙДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Күні: , 164 рет оқылды

17862339_262628160813746_3032555975704646156_nӘсемай Серікқали Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің даярлық тобында білім алады. Ол білімді, дарынды оқушылардың бірі. Жақында Астана қаласында барып қайтты. Онда Әсемай республикалық «Шебер» атты қолданбалы қолөнер байқауына қатысып, 3 дәрежелі дипломмен марапатталыпты. -Мен өскенде әнші болғым келеді. Сурет салғанды ұнатамын,-дейді бізбен тілдескен кішкентай Әсемай өзінің арманымен бөлісті. Осындай білімді, дарынды, талантты оқушыларымыз көп болғай. Бізде өнеріңмен өрге жүзі деген тілегімізді айттық.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.