АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 11.04.2017


СУ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ ӨТУДЕ

Күні: , 128 рет оқылды

17880526_262575607485668_6679026736534970866_oҚазталов ауданында күні бүгін су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Осы мақсатта біз аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның орынбасары Нұретдин Құтқожинге жолығып мән-жайды білген едік. -Күні бүгін 40 текше метр су берілді. Жағдайымыз бір қалыпты. Үлкен өзен арнасына толды. Қауіп жоқ. 9 сәуірден бастап 90 текше метр су жіберілді. Қауіп қатер жоқ. Төтенше жағдайлар алдын алу бағытында тиісті жұмыстарымыз жүргізіліп келеді. Біздің басты мақсатымыз көктемгі суды ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін сақтап қалу. Сондықтан Жиеш, Ғайса, Бөлекқала, Жаңажол ауылдық округінің елді мекендеріне Мәнти секілді бөгеттер арқылы көл табандарына су шығару жұмыстары жүргізілуде,-дейді бізбен әңгімесінде Күні бүгін қауіптің алдын алу шаралары тиісті дәрежеде жүргізілуде.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАСТАРДЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

17814694_262298944180001_31751355964706746_o10 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында жастар ресурстық орталығы кеңесші мамандарымен алқа отырысы өтті. Алқа отырысында ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева кеңесші мамандардың атқарған жұмыстары жөнінде есептерін тыңдап, алдағы жұмыс жоспарларын нақтылады. Сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов ішкі тәртіп жөнінде айтып өтті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ НАСИХАТТАЛЫП, ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

Күні: , 128 рет оқылды

17505391_262256204184275_481529035631378128_o10 сәуір күні «Skyway» және beSTAR компаниясының өкілдері Перизат Мұсағалиева, Фархат Азимов ауданымызға келіп, мекеме, ұйым басшылары және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік және сауда бөлімінің басшысы Бауыржан Сатқалиев, аудан әкімі орынбасарлары қатысты. Кездесу барысында «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы бейнероликтер көрсетіліп, көрмеге қатысушы елдер, ұлттық жəне инновациялық павильондар, жұлдыздардың қатысуымен өтетін ауқымды шаралар, сонымен қатар «ЭКСПО-2017»-нің атынан ресми билеттер мен турпакеттер бойынша арнайы ұсыныстар туралы толыққанды ақпараттар берілді. -«ЭКСПО-2017» көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Халықаралық көрмеге 115 мемлекет, 18 халықаралық ұйым қатысады. Көрмеге екі миллион адам келеді деген болжам бар. Келушілердің жалпы саны 5 миллион адамды құрайтын болады. «ЭКСПО-2017» көрмесі кешенінің жалпы алаңы 175 гектарды құрайды, мұнда 35 нысан салу жоспарланып отыр. Қазақстанның ұлттық павильондары, үздік тәжірибелер аймағы, тақырыптық жəне корпоративтік павильондар орналасатын көрме аумағының алаңы 25 гектарды құрамақ. Ғимарат сфера тәріздес салынған. Сфераның сегіз деңгейінде келушілер энергетика саласында – ғарыш, күн мен жел, биомассалар, су және кинетикалық энергиялармен танысады. Біздің компания 3 турпакет ұсынады. Яғни, «Көрермен», «Делегат» және «Оқушы» пакеттері. Әр пакетте өзіндік суммасы мен қызметтері бар. Сонымен қатар жеңілдік билеттерін алуға құқығы бар тұлғалар бар. Яғни, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерге, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балалар, мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер, көп балалы ата-аналарға арнайы жеңілдіктер қарастырылған, -дейді Перизат Мұсағалиева. Айта кетейік, ауданымыздан «ЭКСПО-2017» көрмесіне 1224 көрермен қатысады деп жоспарлануда. Көрме билеттерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен де сатып алуға болады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.