АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.04.2017


ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Күні: , 142 рет оқылды

17807606_261325614277334_8310095232611468383_o 17855256_261325730943989_43501700174026087_oКөктем мезгілі келісімен ауданда тазалық жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналған. Биылғы жылы да жылдағы дәстүр бойынша ауданда санитарлық тазарту, ауылды көркейту, көгалдандыру мақсатында тазалық айы басталып кетті. Барлық мекемеге арнайы аумақтар белгіленіп, тазалау жұмыстары жүктелді. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, ауыл көшелерін қыстан қалған қоқыстардан тазартуда. Сонымен қатар теректердің түптері қопсытылып, жаңа талдар егілуде. Сенбілікте тазалық жұмысының қызу өтіп жатқандығы байқалады. Тазалық жұмыстары тек аудан ішінде ғана емес, ауылдан тыс аумақтарда, өзен жағалауларында да жүргізілді. Ауылдың көркі ажарланып, көркейе түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс. Әрбір тұрғын өзі тұрып жатқан мекеніне деген жауапкершілігін сезініп, жанашырлық танытып, айналасын тазалап, сенбіліктерге белсене қатысса, әрбір аула, көше таза да көрікті болары сөзсіз.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ҚОЖА» ОЙЫН-САУЫҚ ОТАУЫ ӨЗ БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

17799202_261167214293174_700624074255467681_n 17799392_261167630959799_2069932331588318273_n 17800331_261166967626532_2957754293206095853_n7 сəуір күні аудандық мəдениет үйінде «Қожа» ойын-сауық отауы мерекелік бағдарламасын ұсынды. Кеште «Военкомат«, «Айтыс», «Кездесу» интермедияларындағы рөлдерді Оралхан Ерғалиев, Қайрат Абдулов, Тауасих Тақаев Еркін Ерболат шебер сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Сондай-ақ А.Оразбаева жəне Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің талантты оқушылары əдемі əзілдерді көрерменге жақсы жеткізе отырып, өнердегі шеберліктерін көрсетті. Кеште Қуат Ахметов, Мұрат Ахметов, Наргиза Мағжанова, Данагүл Жұмабаева, Аманжол Қамжанов, Балғаным Ғұбашева сынды көркемөнерпаздардың əсем əндері мен «Қарлығаш» халықтық би ансамбілінің билері орындалды.

Жұлдыз АСҚАР


АЯЖАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

17634774_261130110963551_2243987994366712133_nБүгін кешкі сағат 20:00 де редакцияға қуанышты хабар келді. Бірік орта жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Аяжан Досболсынқызы Ғаппар Республикалық «Ұлан» газеті жариялаған «Журналист болғың келе ме?» байқауында «Газет əлде интернет» номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Марапаттау Алматы қаласында 11 сəуірде болады. Əттең, жер шалғайлығы байланысты Аяжан ол рəсімге бара алмайын деп тұр. Аяжан осы байқауға қатысар алдында редакцияға келіп, аға-апаларынан кеңес алды. Біздер барлық тəжірибемізді айттық. Аяжан өзінің бойындағы қабілетінің арқасында Республика бойынша шығармашылықтан (шығармашылық жұмыстан орын алу қиын) бірінші орын алуы үлкен жетістік. Аяжан, саған алдағы уақытта таудай бақ тілейміз.

Жұлдыз АСҚАР


АҚПАРАТТЫҚ ТОП ҚАЗТАЛОВТА

Күні: , 112 рет оқылды

17620144_261057920970770_753995493697450371_o«Ауданымызда нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының», «жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтыған азаматтардың мәртебесін анықтау» және «міндеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін төрт ақпараттық тобы құрылған болатын. Осы ақпараттық топ мүшелері ауданымызға қарасты ауылдық округтерді аралап, жоғарыдағы мәселелер бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын бастап та кетті. Осыған орай 7 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашевтің төрағалық етуімен және ақпараттық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен халық жиыны өтті. Халық жиынында аудандық ішікі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімәлиев «Ауданымызда нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының», «жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтыған азаматтардың мәртебесін анықтау» және «міндеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы хабарламалар жасап, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайрат ЖАҚЫП


МАЛ ТӨЛДЕП, ҚОРАДА ШУ

Күні: , 124 рет оқылды

17553448_261031790973383_6353187510154214697_n7 сәуірге дейін аудан бойынша 13900 бұзау, 60 мың қозы, 12300 лақ, 2400 құлын, 5 бота төлдері алынып отыр. Төл алудан көш бастаушы Көктерек ауылдық округінде 2200 бұзау, 10400 қозы-лақ болса, Тереңкөл ауылдық округінде 1200 бұзау, 6000 қозы, 1000 лақ, 140 құлын алынды. Ал Қараоба ауылдық округінде 1100 бұзау 4400 қозы, 400 лақ, 600 құлын алынған. Төл алу науқаны жалғасуда.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АҚПАРАТТЫҚ ТОП БОСТАНДЫҚТА

Күні: , 126 рет оқылды

17807209_260990944310801_5053236051662438098_o7 сәуір күні Бостандық ауылында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» енгізу және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асуын насихаттау мақсатында жиын өтті. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева мен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімәлиев , -Бүгінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту — ең өзекті мәселеге айналып отыр. Аталмыш бағдарлама үш бағыт бойынша жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Яғни бұл бағдарламаның мақсаты — нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасай отырып, халыққа өз табыстарын арттыруға мүмкіндік беру болып табылады, -деді. Ал аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» енгізудің тиімді тұстары, яғни «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» енгізу нәтижесінде медициналық қызметтің сапасы артып, тұрғындардың денсаулығының көрсеткіші жақсаратындығын және адам қандай ауыр науқасқа шалдықпасын, сақтандыру жүйесінің аясында тиісті көмекке жүгіне алатындығын айтып өтті. Жиында ауыл тұрғындары сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Әсем БОЛАТ


АҚПАРАТТЫҚ ТОП БІРІК ПЕН ТЕРЕҢКӨЛДЕ

Күні: , 140 рет оқылды

17807281_260951184314777_3340406043797463847_o6 сәуір күні Бірік, Тереңкөл ауылдық округтерінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіру мақсатында халық жиыны өтті. Жиында ақпараттық насихат тобының мүшелері аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Сағат Нұрмұхамбетов кәсіпкерлік аясындағы мәселелерге тоқталып, оның жүзеге асу бағыттарын айтып өтсе, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі туралы түсінік берді. Жиын соңында қатысушылардың сауалдары тыңдалып, тиісті жауаптар қайтарылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚАРАӨЗЕНДЕ ӨТКЕН ЖИЫН

Күні: , 120 рет оқылды

17426306_260756671000895_5542002953648082762_n6 сəуір күні Қараөзен ауылдық округінің мәдениет үйінде округ басшысы Бауыржан Қабдолұлының төрағалығымен халық жиыны өтті. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80 қадамы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылып енгізіледі. Осыған орай аудандық ақпараттық насихат тобының мүшелері аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Зайда Қанаева, Жалпақтал ауруханасының бас медбикесі Ұлданай Неталиева түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында насихат тобының мүшелері жаңа реформа кезең-кезеңмен іске асырылатынын еске салды. Сонымен қатар ауыл тұрғындары сауал тастап, онда мал бақтыру, ауыл тазалығы, абаттандыру жайы сөз болды. Тұрғындармен болған кездесуді округ əкімі қорытындылады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«… МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН!»

Күні: , 140 рет оқылды

17758303_260714591005103_6403099508737656598_oАуданымызда көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жылдан-жылға қарқын алып келеді. Оның айғағындай аудан орталығында ашылған «Достық» саябағы, «Нұрлы бақ» жеміс бағын айтуға болады. 6 сәуір күні Қазталов ауданының орталығына аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың арнайы шақыруымен «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Мәлік Мұхтар келді. Аудан орталығындағы саябақтар мен көгалдандыру жұмыстарын қажет ететін нысандарды аралап көрген Мәлік Мұхтар осы жұмыстарды атқаруға қатысты ақыл-кеңесін беріп, тал-теректер егу туралы ұсынысын білдірді. Мәлік Мұхтарды әңгімеге тартқан болатынбыз: — «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Қоршаған ортаға деген жанашырлық әр адамның жүрегінде болуы тиіс. Ауылдарыңыз жылдан-жылға көркейіп келеді екен. Қазталов аудан орталығындағы біраз нысанды аралап көрдім. Көгалдандыру бағытында біраз жұмыстар істелген. Сіздердің жерлеріңізге тіке өсетін терек (тополь), үйеңкі(клен), шаған, қарағай, жыңғыл, жиде және қызылтал сияқты теректер егуге болады. Әрине, тек егіп қана қоймай, күтіп-баптау керек,-деді. Көгалдандыру жұмыстарында біраз тәжірибесі бар маманның ауданымызға арнайы келуі, осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болыуына септігін тигізері сөзсіз.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫНЫҢ 60 ПАЙЫЗЫ АТҚАРЫЛДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

17807684_260641551012407_5157093583242843023_oАудан орталығындағы 100 орындық мектеп-интернаттың өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. «Сәтті құрылыс» ЖШС осы кезге дейін құрылыс салу жұмыстарын бір тоқтатқан жоқ. «Сәтті құрылыстың» шебері Ербол Тұманов:- қазіргі күнде құрылыстың 60 пайызына жуығы жасалып отыр. Тас қалау жұмыстары жақында бітетін болса, шатыр жабу және ішкі жұмыстары басталып та кетті. Алла қосса белгіленген мерзімде құрылыс жұмыстарын аяқтайтын боламыз,- деді. Құрылыс жұмысының қарқынды жүріп жатқанын көрген біздер 2017 жылдың 1 қыркүйегінде шалғайдағы елді мекеннің балалары мектепке жаңа интернаттан баратынына сенімдіміз!

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.