АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.04.2017


АУДАН ƏКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАЛПАҚТАЛДА БОЛДЫ

Күні: , 118 рет оқылды

17759866_260244644385431_292191275939082589_n5 сəуір күні аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мəжитова Жалпақталда болып, мекеме басшыларымен кездесті. Кездесудің күн тәртібінде ауылдағы сенбілік жұмыстарды ұйымдастыру, ауыл тазалығына көңіл бөліну, əлеуметтік жұмыстар, медициналық əлеуметтік сақтандыру жұмыстары, Астана қаласында өтетін «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне бару жайы сөз болды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЕМИНАРЫ

Күні: , 130 рет оқылды

17493153_259987917744437_285110147501960694_o4 сәуір күні аудан әкімдігінде аудан әкімі аппараты және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының ұйымдастыруымен электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет үлесін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдері аппаратының мамандарына арналған семинар өтті. Семинарда аудан тұрғындарына электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы кеңес беру және «электрондық үкіметтің» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу туралы ақпарат алу жұмыстары түсіндірілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 143 рет оқылды

17636902_259983291078233_6442127820612759000_o4 сәуір күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің жиналысы өтті.
Жиналысқа округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде атаулы әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтылғандардың мәртебесін анықтау және «ЭКСПО-17» көрмесіне дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Жүсіп Шакуов, аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Сармалаеваның баяндамалары тыңдалды. Бұл мәселелерге тоқталып өтетін болсақ 2017 жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік төлемдерді төлеу ережелері енгізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Бұл бағдарлама бойынша аз қамтылған, көп балалы және еш жерде жұмыс жасамайтын отбасыларға мемлекет тарпынан әрбір отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік төлемдер төлеу қарастырылған. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға келсек, мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасындағы ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидасы негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орталығын күшейтіп, халық денсаулығының жақсарту. Бұл бағыттағы жұмыстар елімізде де қолға алынып, осы жылдың маусым айынан бастап күшіне енетін болады. Яғни, осы жылдан бастап әрбір Қазақстанның азаматы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы медициналық қорға табысынан қаржы аударуы қажет. Бұл сақтандырудың заңнамаларында көрсетілген 15 бағыт бойынша сақтандыру қаржысын мемлекет төлейтін болады. Сонымен қатар жиналыста көтерілген өзекті мәселе — жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтығандардың мәртебесін анықтау. Бұл бағытта да жұмыстар атқарылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, жылдар бойы анықталмаған жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтығандардың мәртебесін анықтау арқылы еліміздегі жұммысыздықты жойып, халықты толыққанды жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру болмақ. Жоғарыдан берілген мәлімет бойынша ауданымызда мәртебесі анықталмаған 9 мыңдай тұрғын бар екен. Ауданымызда осы азаматтардың мәртебесін анықтап, бір жүйеге енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ жиында биылғы жылы Елордамыз Астана қаласында өтетін халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-17» көрмесіне баруға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары туралы да талқыланды. Бұл халықаралық көрмеге ауданымыздан 1224 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Жиналыста күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар қайтарылды.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.