АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 04.04.2017


УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАР ӨЗ АЙМАҒЫН ЖІТІ БАҚЫЛАП ЖҮР МЕ?

Күні: , 78 рет оқылды

17632269_259908457752383_6746638546888250972_o 17758547_259908504419045_3601587777757772548_o4 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұжым жетекшілері, ішкі істер қызметкерлері қатысты.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – мал ұрлығы болып отыр. Осыған орай аудан әкімдігінің кезекті мәжілісінде мал жайылымы мен бағымын ұйымдастыру мәселесі айтылды. Бүгінгі таңда мал бағу мәселесі қиындап барады. Соның салдарынан кейбір округтерде мал ұрлығы көбеюде. Мәселен, аудан орталығынан шалғайда жатқан Талдыапан ауылдық округіндегі мал бағу жағдайы дұрыс жолға қойылмай отыр. Оның бірден-бір себебі – ауыл тұрғындары малдардың жайылымға шығуына қарсылық білдіріп, бағымға қоспай отырса, енді бір жағынан – бақташының болмауы. Қазірде бұл мәселенің оң шешімі табылып, Сарықұдық ауылынан басқа жерлерде мал жайылымға шығып, 3 бағытта бағылуда, -деді округ әкімі Асқар Есқалиев. Жалпы әрбір тұрғын өзінің жеке малының жоғалмауына жауапты болу керек. Ұрланған, жоғалған дүниенің барлығын құқық қорғау органдарына жауапты санасақ, қателескен болар едік. Дегенмен де Қараөзен, Талдыпан ауылдық окургтеріндегі жергілікті учаскелік инспекторлардың жұмысқа жауапсыз қараулары осындай жағдайларға әкелуде. Қараөзен ауылдық округіндегі жергілікті учаскелік инспекторының бөлмесінің есігі құлыпталып тұрады екен. Сонда олар қайда жүр? Қарапайым халықтың жағдайын кім ойлайды? Міне, осындай жергілікті учаскелік кейбір инспекторларымыздың жауапкершіліктерінің жоқтығынан адам баласының «жан айқайын» туғызатын жағдай туындауда. Соның салдарынан ауданымызда мал ұрлығына қатысты 13 қылмыс тіркеліп отыр. Ашылғаны бар. Ашылмағаны бар. Қандай жағдай болса да осы мәселелерге қатысты арнайы органдар көлеңкеде қалмай, көзге көрінетіндей жұмыс жасасақ, ісіміздің де оң болары анық. Жоғарыда аталған көкейкесті мәселелер бойынша аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне, құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар жүктеді. Жиында осымен қатар аудандағы білім беру ұйымдарының жұмыстары және ауыл ішін абаттандыру мәселелері қаралып, хабарламашылар өз ұсыныстарын білдірді.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНЫМЫЗДЫҢ 13 ЕЛДІ МЕКЕНІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Күні: , 66 рет оқылды

17523238_259669147776314_5522123089441184_n3 сәуір күні аудан əкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жұмыс атқаратын мердігер жетекшілерімен, округ əкімдерімен кездесті. Кездесуде аудан əкімі Нұрлан Мағазұлы уақытты көп созбай «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарын тезірек бастау керектігін шегелеп айтты. Және құрылыс жұмыстарын айтылған мерзім ішінде бітіру керектігі сөз болды. Еліміздің бірталай өңірлері үшін су проблемасы бүгінге дейін өткір күйінде қалуда. Өйткені, түкпірдегі ауылдардың барлығы бірдей сапалы ауызсумен әлі де толық қамтамасыз етіле қойған жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Үкімет 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Осы бағдарламаның арқасында көптеген қалалар мен ауылдарды ауызсумен қамтамасыз етуде оң қадамдар жасалды. Биылдың өзінде ауданымыздың 13 елді мекені толықтай ауызсумен қамтылмақ.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 139 рет оқылды

17758491_259540517789177_2949909825354843236_oЕліміздің көк туын желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатын бірден-бір жарыс – спорт. Осы спорт саласында ауданның атын республика, облысқа танытып жүрген спортшыларымыз жетерлік. Жақында ауданымыздың футболшылары Орал қаласында өткен Футзалдан БҚО чемпионатында үшінші орынды иеленіп қайтты. Осыған орай 3 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жеңімпаз спортшыларымызды қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, спортта биіктен көріне беріңдер деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ футболшыларымыз осы жарысқа қатысуға үнемі демеушілік көрсетіп жүрген аудан әкімі Нұрлан Бекқайырға және басқа да азаматтарға өз алғыстарын білдірді.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.