АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.04.2017


«СТРУННАЯ КАПЕЛЬ — 2017». ЖАРАЙСЫҢ, НАРГИЗ!

Күні: , 178 рет оқылды

17390851_259522267791002_5221951015005560559_o1 сәуір күні Астана қаласында өткен «Струнная капель — 2017» жас бардшылардын республикалық фестивалі байқауына аудандық саз мектебінің оқушысы Наргиз Мағжанова қатысып, Гран-приді жеңіп алды. Бұдан бөлек Наргиз байқаудың 1 номинациясы бойынша Олег Митяевтің «Изгиб гитары желтой» әнін орындап, 2 орынға иеленді. Наргиздың осындай жетістікке жетуіне үлес қосқан жетекшісі — Асхат Нығметовтың да еңбегі бір төбе. Алдағы уақытта да Наргизге өнердің биік шыңдарын бағындыруына тілекшіміз! Жарайсың, Наргиз!

Әсем БОЛАТ


«ОЙ МЕН ОЙЫН» ШОУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Күні: , 84 рет оқылды

17457322_258594524550443_553507042853955094_n 17626593_258594871217075_982642620672120232_n 17634818_258594281217134_5607503523570973164_n31 наурыз күні аудандық жастар демалыс орталығында жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен «Ой мен ойын» шоу бағдарламасы өтті. Бұл бағдарламаға əр түрлі салада қызмет атқарып жүрген жастарымыз қатысып, белсенділіктерін танытты. Сондай-ақ шоуға қатысушы жастар «Сұңқар» жəне «Аралас» болып екі топқа бөлінген команда өз-өздерін таныстырып, «Көп сөйлеме», «Əн салшы, айналайын», «Естіп қойма», «Бетпе-бет» кезеңдері бойынша берілген тапсырмаларды шапшаңдылықтарымен орындап, ойынның қызықты өтуіне үлестерін қосты. Ойынға қатысқан жастар осындай қызықты ойындарды алдағы уақытта да ұйымдастырып өткізсе деген пікірлерін айтса, ойын барысында көңілдерінің бір серпіліп қалғандарын да жеткізді. Кеш əзілді ойындар мен ұтымды ойлармен əсерлене түсті. Бұл «Ой мен ойын» шоу бағдарламасы алдағы уақытта əр аптаның жұмасында өткізілетінін хабарлай отырып, аудан жастарын осы шоуға шақырамыз.

Жұлдыз АСҚАР


МАЛ ТӨЛДЕП, ҚОРАДА ШУ

Күні: , 142 рет оқылды

17492569_258491477894081_3787527187459934060_oҚазталов ауданы бойынша қолдағы малдардан 30 наурызға дейін 12 600 бұзау, 56900 қозы, 11 600 лақ, 1700 құлын, 5 бота алынып отыр. Ауданның шаруа қожалықтары және жеке тұрғындарының малдары қыстан аман-есен шығып, төлдерін беруде. Жалпы мал қыстату науқаны 15 сәуірге дейін жүргізілетін болады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ЭКСПО-ға ұсынамыз» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Күні: , 162 рет оқылды

17436271_258441111232451_8070336066234183680_o31 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы «ЭКСПО-ға ұсынамыз» жобасының аясында кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерін қабылдау күнін өткізді. Қабылдауда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов шағын және орта бизнес өкілдері мен азаматтарға «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің маңызына тоқталып, оның елімізді дүние жүзіне танытуға ықпалының зор екенін айта келіп, ауданымыздан халықаралық көрмеге 1244 адам қатысады деп жоспарлануда, -деді. Сондай-ақ қабылдауға қатысқан жеке кәсіпкерлер «ЭКСПО -2017» көрмесі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Жұлдыз АСҚАР


РӨЛДІ ҰСТАУҒА ҚҰҚЫ БОЛМАСА ДА, КӨЛІК ЖҮРГІЗІП, ТӘРТІП БҰЗДЫ

Күні: , 240 рет оқылды

17634543_258420441234518_3705686867412605855_nЧапаево-Қазталов-Жәнібек күре жолына қара жамылғы (асфальт) төселуі халық үшін қуанышты жағдай болып отыр. Қазіргі күнде Жалпақтал ауылына дейін көзді ашып-жұмғанша келіп қалып жатамыз. Алайда жолдың жақсаруы жол- көлік оқиғаларына да себепші болып жататынын жасыруға болмас. Жүргізушілер жылдамдықты асыра пайдаланып, түрлі оқиғаларға душар қылып жатады. Қазталов аудандық сотында қаралған 2 ақпан 2017 жылы Жалпақтал-Қазталов тас жолының 200-ші шақырымында келе жатырған азамат Н. Vollkswagen Passat маркалы аутокөлігімен жол жүру ережелерін бұза отырып, азамат Ж-ның аутокөлігіне соқтығысып, материалдық залал келтірген. Сондай-ақ азамат Н. бұдан бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған екен. Қазталов аудандық соты Н-ны ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни: 45 380 теңге айыппұл салу туралы қаулы етті. Ал 25 ақпан 2017 жылы азамат С. түні бойы қонақтықта болып, ішімдікке бой алдырған. Таңертең тұра сала тумасының ВАЗ 21140 маркалы аутокөлігін айдап шығып, С.Садықов көшесінің бойында жол ережесін бұзған. С. бұдан бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Қазталов аудандық соты С-ны ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, 200 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жөнінде үкім етті. (Материалдар аудандық соттан алынды)

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.