АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 31.03.2017


АНАЛАРҒА «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Күні: , 114 рет оқылды

17622063_258171551259407_8538825263535860733_o30 наурыз күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин ауыл тұрғындары Толқын Батырованы, Жадыра Меңдіханқызын қабылдап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығы бойынша «Күміс алқаны» табыс етіп, оларға еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде ана мен балаға қолдау көрсету басты назарға алынып, демографиялық өсімге ықпал ету мәселесі де қарқын алып келеді. Осы мақсатта ақ жаулықты ана атаулыға жасалынып отырған қолдау зор мәнге ие. -Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға. Алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегендеріңіз ерлікпен тең. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, ғұмырларыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, — деп құттықтады Самиғолла Сафиоллаұлы. Мұнан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, округ әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин, Жалпақтал ауылдық округінің аналар кеңесінің мүшесі Қайырлы Спашева сөз алып, игі тілектерін арнады. Елбасымыздың қолдауымен жүзеге асып отырған бұл бастаманы Мемлекет басшысының қамқорлығы деп бағалаған қос ана Елбасына ризашылығын, ауылдық округ әкім аппаратының ұжымына алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАДЫ!!!

Күні: , 154 рет оқылды

17457863_258072647935964_6627143558114513450_nҚұрметті аудан тұрғындары! Өздеріңізге белгелі, 2017 жылы елімізде ең маңызды оқиғалардың бірі – «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізіледі. Осыған орай, Казталов ауданының әкімдігі Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесіне аудан тұрғындарын қатысуға шақырады. Қазіргі уақытта аудан әкімі аппараты қатысушылардың тізімін жасақтауда, осыған орай ниет білдірушілердің өтінішін 7 сәуірге дейін аудан әкімі аппаратына тапсыруларыңыз сұралады. Көрмеге қатысуға ниет білдіргендер жеке бастарының мәліметтерін көрсете отырып, алдын ала БҚО облысының аумағынан шығуға шектеулер және тыйым салулар (айыппұл, алимент) жоқтығын тексеріп алулары қажет. Қазталов ауданы бойынша филиалдардан ұсынылған адам саны: Мектеп оқушылары: 355 Студенттер: 11 Зейнеткерлер: 19 Мүмкіндігі шектеулі жандар: 10 Мемлекеттік қызметкерлер: 44 Білім беру саласының қызметкерлері: 63 Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері: 31 Спорт саласының қызметкерлері: 13 Мәдениет саласының қызметкерлері (мәдени – сауықтыру орталығы, кітапхана): 31 Құқық қорғау саласының қызметкерлері: 31 Басқа да салалар бойынша: 616
«ЭКСПО – 2017» көрмесі кезінде Орал – Астана темір жол қатынасының жүру кестесі: 1 топ 08.07.2017 ж. Орал қаласынан кетуі, Астана уақытымен 21:50:00; 10.07.2017ж. Астана қаласына келуі, Астана уақытымен 14:53:00; 12.07.2017 ж. Астана қаласынан кетуі, Астана уақытымен 21:40:00; 14.07.2017 ж. Орал қаласына келуі, Астана уақытымен 12:44:36. Орал қаласы арқылы пойыз 57/58 Орал Астана. 2 топ 24.08.2017 ж. Орал қаласынан кетуі, Астана уақытымен 21:50:00; 26.08.2017 ж. Астана қаласына келуі, Астана уақытымен 14:53:00; 28.08.2017 ж. Астана қаласынан. кетуі, Астана уақытымен 21:40:00; 30.08.2017 ж. Орал қаласына келуі, Астана уақытымен 12:44:36. Барлық сұрақтар бойынша Айша Уәлиқызы жауап береді. Жұмыс телефоны: 32 1-22 Ұялы байланыс нөмірі: +77057963828 «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өздеріңіздің қатысуларыңызбен қолдаңыз

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАЙЫҚ!!!

Күні: , 154 рет оқылды

17457662_258045944605301_8654337118252190627_nҚұрметті аудан тұрғындары! Қазталов аудан әкімдігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өтетіндігін сізге хабарлайды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау; 4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. Мыналар: 1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар; 2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса; 5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; 7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); 8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. Аудандық комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады: 1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі); 2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер; 3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары; 4) балаларының жетістіктері; 5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері; 6) өздерінің шыққан тегін білуі (шежіре – ру тарихы); 7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері); 8) отбасының дарындары; 9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.); 10) отбасының қоғамдағы беделі. Құжаттар мына мекен-жәй бойынша 2017 жылдың 1 сәуір – 20 сәуір аралығында қабылданады:Қазталов ауылы, А.Оразбаева көшесі 23 үй. «Қазталов ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ. тел.8(71144)32063, 8(71144)40090, 8(71138)21431

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.