АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 30.03.2017


ҮЙДІҢ ШАТЫРЫН ТӨҢКЕРІП ТАСТАДЫ

Күні: , 176 рет оқылды

17636815_257793437963885_4177635972348763254_oБір аптадан бері Қазталов ауданында қатты жел тұрып, біресе жаңбырын, біресе қарын әкеліп, адамдарды мазалап тұр. Ал бүгін 29 наурыз күні таңертеңгі 7:00-ден солтүстік батыстан басталған қатты жел сағат 12-лерде күшейе түсті. Нәтижесінде Қазталов ауылының Шарафутдинов көшесінің №9 жеке кәсіпкер Сәуле Омарованың үйінің (дәріханасы бірге) шатырын қатты жел төңкеріп тастады. Абырой болғанда зақымданушылар жоқ. Ал төрт пәтерлік үй болып есептелетін бұл ғимаратты осыдан екі жыл бұрын тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөңдеу жұмысы жүргізілген екен. Үй иесінің айтуы бойынша бұл жөңдеу жұмысына 4 млн. үстінде қаражат жұмсалыпты. Жаңғыртудың сапасы екі жылға жетпей жатқанына қай мекеме жауапты екен?

Қайрат ЖАҚЫП


ПАЛУАНДАР КИЕЛІ ӨҢІРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 170 рет оқылды

17620462_257786851297877_4801815510078518514_o27-29 наурыз күндері аралығында Қаратөбе ауданында 2003-2005 жылғы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудандық ашық біріншілік өтті. Біріншілікке Атырау облысы, Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандары және «Жекпе-жек» спорт клубы мен Орал қаласы командаларының жас палуандары қатысып, боз кілемде бақтарын сынады. Осы жарысқа Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, жүлдемен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша 24 келі салмақ дәрежесінде Әлисұлтан Баянғали 1 орын, 20 келіде Асылхан Ерболат 2 орын, 30 келіде Асыланбек Мақсотов 2 орын, 20 келіде Нұрәлі Жалмұханов 3 орын, 20 келіде Нұрсат Жалмұханов 3 орын, 27 келіде Әлемхан Ғабдолханов 3 орын, 42 келіде Сұлтан Ақынбасов 3 орынды иеленді. Еркін күрес спорт түрінің құрылғанына аз ғана уақыт болса да бұл спорт түрінен аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің палуандары облыстық, республикалық дәрежеде жүлдегер атанып жүр. Бұл спорт мектебі ұжымының уақытпен санасапй еңбек етуі деп түсінген жөн. Осындай шәкірттерінің жеңіс тұғырынан көрініп, талай жарыстарда оза шабуына Мейрам Ғиляжевтың үлесі зор.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


КОМИССИЯДА Х.БӨКЕЕВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 146 рет оқылды

17635450_257770311299531_6972442421072850738_o29 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен Хадиша Бөкееваның 100 жыл толуын атап өту жөнінде құрылған комиссияның кезекті отырысы өтті. Х.Бөкееваның 100 жылдығын атап өту ауданда басталып та кетті. Білім, мәдениет салаларында және кітапханаларда өнер жұлдызының қызметі мен шығармашылығы туралы түрлі шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат беттерінде де мазмұнды да, мәнді естеліктер жариялануда. Енді мамыр айының ортасында Х.Бөкееваның 100 жылдығына арналған үлкен шара жоспарлануда. Бұл шараға Алматыдан түрлі өнер қайраткерлері келеді деп күтілуде. Сонымен қатар Х.Бөкееваның кеудетұғыры да ашылатын болады. Басқа да түрлі мәдени шаралар өткізілмекші. Комиссия отырысында осы алдағы келе жатқан үлкен мәдени шараны ұйымшылдықпен өткізудің бағыттары талқыланып, мекеме, ұйым жетекшілеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.

Әсем БОЛАТ


«НҰР ОТАННЫҢ» КОМИССИЯЛАРЫНДА

Күні: , 170 рет оқылды

17546947_257714027971826_3911063422736393384_o29 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі және партиялық бақылау комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста аудандық білім беру бөлімінің маманы Ая Хафизова,-ауданның білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмысының жәйі туралы,-хабарлама жасады. Сондай-ақ бірлескен отырыста Елбасының биылғы жылы халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау туралы айтылып, бұл бағытта партия мүшелерінің жауапкершіліктерін, атқарған істеріне сын көзбен қарау жөніндегі пікір, ұсыныстар да ортаға салынды. Бірлескен отырыста басқа да қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.