АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 27.03.2017


КӨРШІ АУДАНДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙЫ

Күні: , 144 рет оқылды

17434729_256976804712215_9093155505895247375_o 17436075_256976344712261_4828373217195414030_o 17504672_256976478045581_252297879177815130_o 17546840_256974708045758_5747935965506349811_oРесеймен көрші ретіндегі достық, бауырмалдық қарым-қатынастың жылдан-жылға нығаймаса, іргесі сөгілген емес. Қайта жыл сайын бекіп жатыр десек артық айтқандық болмас. Соның бір айғағы Қазталов ауданы мен Ресейдің Саратов облысына қарасты Александров-Гай муниципалдық ауданы арасындағы мәдени байланысты айтуға болады. Александров-Гай ауданында 17 мыңнан астам халық тұрып жатырса, соның 52 пайызына жуық өзіміздің қаракөз қандастарымыз құрайды. Ресейде тұрып жатырған қазақтардың өз тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін ұстануына толық мүмкіндік жасалған. Жыл сайын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Александров-Гай ауданында жоғары деңгейде аталып өтіледі. 26 наурыз күні Қазталов ауданының өкілдері Александров -Гай ауданында болып, Наурыз мейрамына қатысып қайтқан болатын. Ақшаңқан киіз үйлер тігілген аудан орталығындағы орталық саябаққа халық көп жиналды. Қол алысып, төс қағыстырған қандастарымыз бірін-бірі құттықтап, ұлттық салт-дәстүрлерді де ұмытпағандарын көрсетті. Қазақтың әні мен күйі әуелеген саябақта жиналған қазақ ағайынның құшақ жайған қонақжайлығы мен қуанышты көңіл-күйін көріп, Ресей жерінде емес өзіміздің елде жүргендей әсер алдық. Мерекенің шымылдығы көктемнің шуағы мен гүлге бөленген даланы бейнелеген театрландырылған көрініс арқылы ашылды. Сахна төріне көтерілген Александров-Гай муниципалдық ауданының басшысы Сергей Федечкин мен Қазталов ауданының өкілдерін бастап келген Қазталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов мерекеге жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтаған тілектерін жеткізді. Сонымен қатар қонақтар Қазталов ауданының әкімі және халқы атынан жолданған құттықтау хаты мен естелік сыйлықты табыс етті. Қонақ кәде ретінде аудандық мәдениет үйінің әншілері Оралхан Ерғалиев пен Мұрат Ахметовтың орындауындағы «Алға» әні көпшілікті бір серпілтіп тастады. Мерекелік шара әуелеген ән, күмбірлеген күй және мың бұралған бимен өрнектелген концерттік бағдарламаға ұласты. Шарада бағанаға шығу, арқан тартыс, кір тасын және қой көтеру сияқты спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Мерекеде Александров-Гай муниципалдық ауданының басшысы Сергей Федечкин бізге арнайы жолығып, құттықтау тілегін жеткізді: — Барша Қазақстан халқын, Қазталов ауданының тұрғындарын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін! Қазақстанның әрбір жеткен жетістігіне біздер де қуанып отырамыз.Бүгінгі тату-тәтті тірлігіміз екі елдің басшылары Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың достық қатынастағы дұрыс саясатының арқасы деп білемін. Тарихы ортақ, мәдени тығыз байланыс орнаған екі аудан арасындағы достық қатынас ешқашан үзілмесін. Еліміз тыныш болсын!

Қайрат ЖАҚЫП


ӨРТКЕ ОРАНБАҒАН ҚҰРАН ПАЙДАЛАНҒАНЫНА 150 ЖЫЛ БОЛҒАН

Күні: , 130 рет оқылды

17499387_256780654731830_2510268917480345435_nМына суреттен көріп отырғандай қасиетті Құран. Ал енді оның тарихы қандай? Бұл құран Ащысай ауылында тұратын Жанболат ағаның төрінде ілулі тұр. Жанболат аға айтады, — Сонау 1990 жылы Кеңес үкіметінің үстемдік етіп тұрған кезі. Ол кезде мен 20 жастамын. Бірде аула-қорамыз өртенді. Менің атамның атасы Мектепқалидан қалған Құранды жұрт көзіне көрсетпей, кебежеге салып қоятын еді. Оның себебі ауылдағы белсенділер Құран оқиды, діннің сарқыншағы деген сөздерінен қашып, осылай жасырады екен. Бір ғажабы сол өртте Құранның айналасы ғана өртеніп, басқа жері аман қалды. Біз таңғалдық. Қасиетті деген осындайдан қалған болар… Енді Құранның қай жылдан келе жатқанын есептер болсақ, менің әкем Сағидолла, оның әкесі Нығмет, Нығметтің әкесі Мектепқали ата, былайша айтқанда үшінші атамның құраны. Сонда бұл құранды пайдаланғанға ғасыр жарым уақыт болған, -деді. Қасиетті Құранның өртке оранбаған беттерін «бисмилла рахман рахим» деп іштей оқып, суретке түсіріп алдым.

Жұлдыз АСҚАР


НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ЕРЕКШЕ ТОЙЛАНДЫ

Күні: , 152 рет оқылды

17390380_255385584871337_2855959477164623404_o 17390444_255385588204670_3422631915636826205_o 17390448_255385771537985_7077389097148394664_oҰлыстың ұлы күнінде Наурыз мейрамы Жалпақтал ауылының мәдениет үйінің алаңында тойланды. Жер дүниені жасарта, жаңғыра келген Ұлыстың ұлы күнін жалпақталдықтар ерекеш ықыласпен қарсы алды. Киіз үй тігіліп, айналасында наурыз көжеден дәм татып, мәре-сәре болған үлкен-кіші. Биылғы наурыз мерекесінің ерекшелігі округтегі барлық мекемелер біріктіріліп, Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан бастап мерекелік шаралар ұйымдастырылған болатын. Бұл күні дүбірлі той, ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Күннің ызғарына қарамастан мәдениет үйінің алаңына жиналған жұртшылық бір-бірін «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» деген игі тілектерін айтып, құттықтады. Мәдениет үйінің алаңындағы Наурыз мерекесінде өнерпаз жігіттер мен қыздар өз өнерлерін ортаға салса, Қыдыр ата бата беріп, шашу шашылды. «Назқоңыр» фальклорлық ұлт-аспаптар оркестрінің күмбірлеген күйі, мәдениет үйінің өнерлі қыздары құлпыртқан биі де думанға айрықша көрік берді. Жалпақтал жұртшылығын арнайы құттықтауға келген аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр сахна төріне шақырылды. -Ұлыстың ұлы күнінде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Наурыз мерекесі жақсылығымен келсін. Ең бастысы елімізде тыныштық, ынтымағымыз артып, жұртымыз тыныш болғай. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!-деді аудан басшысы. Мұнан кейін округ әкімі Самиғолла Ақмурзин, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, еңбек ардагері Шынболат Өтешқалиев ақжарма лебіздерін білдірді. Одан әрі өнерпаздардың халық әндері шырқалып, үлкен-кішінің мерейін асқақтатып, көңілдерін шаттыққа бөледі. Наурыз мейрамында сауда-саттық ұйымдастырылды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан арқан тарту, бағанаға өрмелеу, қазақша күрес секілді ойындардың өтуіне жас-кәрісі белсене араласты. Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы киіз үйлерде болып, дәм татып, ізгі лебізін білдірді. Жалпақтал жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні қар аралас жаңбыр жауғанын жақсылыққа жорып, молшылықтың бас болғай деп тіледі.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

Күні: , 128 рет оқылды

17358889_255373101539252_7116589775284461826_o Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр. Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Жалпақтал ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Жалпақтал ауылында орналасқан қарттар үйінде бұл күнде 49 адам тұрып жатыр. Балалары жоқ, отбасынан айырылып, қамкөңіл күй кешкен қариялар мен тағдыр тәлкегіне ұшырап, мүгедек болып қалған жандарға қайырымдылық қолын созып, қамкөңіл көңілдерін сергіту – көпшіліктің парызы. Қамқорланушы қарияларды Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесімен құттықтаған аудан әкімі: -Сіздерді Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,-деп тілегін жеткізді Нұрлан Мағазұлы. Арнайы келіп құттықтаған аудан басшысы қариялардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, қашанда көмектесуге әзір екендігін жеткізді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

17435969_255365578206671_1986444207171275869_o22 наурыз күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмат Сәрсембиевтің, еңбек ардагері «Қазталов ауданының құрметті азаматы» Шәріп Хайруллиннің шаңырақтарында болды. Қос ақақалды Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтады -Сіздерді төл мерекеміз — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Дастарқанымызға ақ толып, ырыс пен берекенің бастауы болған бұл күнді дана халқымыз — «Ұлыстың ұлы күні» деп ұлықтаған. Наурыз ғасырлар тарихынан тамыр тартып, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан қастерлі мереке. Бұл мереке – еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірлік пен ынтымақтың мерекесі. Сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін,-деген аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмат ақсақалға облыс әкімі Алтай Көлгіновтың құттықтау хатын табыс етті. Ұлыстың ұлы күні келіп құттықтаған аудан әкіміне зор ризашылықтарын білдірген ардагер аталарымыз алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗЫМ!

Күні: , 128 рет оқылды

17362770_255049328238296_7357494278307701743_n 17390734_255052831571279_4147090483514408862_o 17436142_255051108238118_8268673800276083680_o21 наурыз күні аудан орталығындағы саябақта «Қош келдің, Әз Наурызым — мол ырысым!» Наурыз мейрамы өтті. Наурыз мейрамына жиналған жұршылықты аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, Жаңа жыл баршаға табыс, бақыт әкелсін деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар Ұлыстың Ұлы күніне арнайы келген Ресей Федерациясы Александров-Гай ауданынының муниципальдық депутаттар жиналысының төрайымы Анна Котова, Александров-Гай ауданы ұлттық мәдени орталығының директоры Орынай Қартабаева құттықтап, естелік сыйлық табыстады және қонаққаде ретінде әннен шашу шашылды.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАН ӘКІМІ БӨГЕТТЕРДІ АРАЛАДЫ

Күні: , 130 рет оқылды

17353486_254819838261245_7004844673931179451_nҚараөзен мен Сарыөзеннің қақ ортасында орналасқан ауданымыз — облысымыздағы іргелі аудандардың бірі. Ауылдық округтердің қожалықтары қос өзенге тәуелді. Шабындыққа су шығарады, бау-бақша отырғызады, төрт түлік мал өсіреді. Қараөзен мен Сарыөзен суын ауданымызда тиімді пайдалана білу – күн тәртібіндегі ең басты мәселелердің бірі. 20 наурыз аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Қараөзен ауылдық округінде болып, өзен-көлдердің, бөгеттердің жағдайымен танысты. «Автобаза», «Жиеш», «Құлақ», «Гүрілдеуік» бөгеттерін аралған аудан басшысы су тасқыны кезінде тиісті шаралардың қолға алу керектігін айтты. Аудан әкімімен кездескен Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлының айтуынша «Гүрілдеуік» бөгетін бекітуде топырақ дайындауда бірқатар жұмыстардың қолға алғандығын жеткізді. 115 миллион текше метр «Гүрілдеуік» бөгетіне алда уақытта қақпа орнатылса, өзен суын табиғи шабындықты суландыру үшін тиімді болары сөзсіз. -Өзен-көлдердің, бөгеттерді аралап, су тасқыны кезінде жайбасарлық танытпай, жұмыла кірісуіміз қажет. Көктем кезінде Қараөзені мен Сарыөзені тасып, көлдіктерге су шығатыны рас. Бүгінде ауылдас ағайындардың төрт түлікке тәуелді болғандықтан өзен-көлдеріміз тартылып кетпесе деген ой мазалайтыны шындық. Жоғары жақтан келетін суды тоғандарға, бөгеттерге ұстап қалып, пайдаға асыруға тиіспіз,-дейді кездесу барысында аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы. Су тасқынынын алдын алу барысында ақпан айында өткен жиында аудан әкімі округ әкімдері мен жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар беріп, сақтық шараларды күшейтуді ескерткен болатын.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ

Күні: , 66 рет оқылды

17353427_254118451664717_2055956717695054326_n17 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген Қайыңды ауылының тұрғыны Надежда Ташимова және Қазталов ауылының тұрғыны Зәмзәгүл Насырова тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі өтініштерін жеткізді. Бүгінгі күнде Надежда Ташимова тұрғын үй алу үшін 63-інші кезекте тұр. Ал Зәмзәгүл Насырованың тұрғын үйі жоқ. Осыған орай бөлім басшысы қабылдауға келгендерге Қазақстан Республикасының тұрғын үй Заңнамасына сәйкес кезекпен берілетіндігі айтылды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 86 рет оқылды

17358506_253910998352129_3455176539308214221_o 17358651_253911248352104_3519936254214590948_o17 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов Жалпақтал ауылында болып, «Қазталов ауданының құрметті азаматы», еңбек ардагері Нағым Ризуановты 80 жасқа толуына орай қабылдады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұрпақтар жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастамауы қажет» — деп, сол арқылы жастарды тұғырлы тұлғалардың үлгісінде өсіруді ұлағаттап келеді. Нағым Ризуанұлы бұрыңғы Фурманов ауданы, Қарақоға ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс болған ол орта білім алып, Фурманов ауданының Сталин атындағы колхозда колхозшы болып еңбекке араласқан. Әскери борышын өтеп келген Нағым ағамыз Коммунизм колхозында, Ақкөл қой совхозында жүргізуші болып еңбек етті. 1964 жылы совхоздың жолдамасымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтына қабылданып, «Оқымысты зоотехник» мамандығын алып шығады. Оқуды тәмамдаған Нағым Ризуанұлы Ақкөл, Жұлдыз совхоздарында, Сарықұдық мал бордақылау шаруашылығында басшылық қызметте болды. Кейін аудандық партия комитетінің ІІ хатшысына дейін жоғарлатылды. Зейнет демалысына шыққанға дейін аудандық суландыру жүйесі мекемесінде басшылық қызметте болды. Мерейтой иесін аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр атынан құттықтаған Сағынғали Ғабидоллаұлы: -Сіз еліміздің дамуына, жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен үлес қосып, қажырлы еңбек еттіңіз. Зейнетке шықсаңыз да, қоғамдық істерге белсене араласып, қашан да қатарда жүресіз. Мерейтойыңыз құтты болсын! Деніңіз сау болып, арамызда аман-есен жүре беріңіз, – деген ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ сексеннің сеңгіріне келген Нағым Ризуанұлының иығына шапан жапты. Қабылдауда сөз алған Жалпақтал ауылдық округі әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева және қоғамдық ұйым өкілдерінің төрағалары, еңбек ардагерлері естеліктермен бөлісіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сексеннің сеңгіріне шықса да, қарттыққа бой алдырмаған Нағым ағамыз Жаңажол ауылдық ардагерлер ұйымына, ауданның ақсақалдар алқасына төрағалық етіп, қоғамдық істерге белсене араласып келеді. Ақсақалын ұмытпай, үлкенге лайық құрмет көрсеткен аудан басшылығына ризашылығын жеткізген қария ақ батасын жаудырды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


САМБОДАН АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ

Күні: , 136 рет оқылды

17342951_253872881689274_7278384468296772980_n17 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына орай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ерлер арасында самбо күресінен аудан чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов барша жарысқа қатысушы спортшыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарысқа Қазталов, Тереңкөл, Талдықұдық, Қараоба, Жалпақтал ауылдық округтерінің командалары қатысып, жеті салмақ дәрежесінде сынға түсті. Дүбірлі өткен жарыс қорытындысы бойынша 52 келі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Берқайыров 1 орын, 57 келіде Датхан Қарабала 1 орын, 62 келі салмақ дәрежесінде Темірболат Мұқашев 1 орын, 68 келіде Азамат Рамазанов 1 орын, 73 келіде Қуаныш Сағынғалиев 1 орын, 82 келіде 1 орынды Қадырбек Кенжеғалиев, 90 келіде Селман Мусин, 100 келіде Жасталап Мақсотов 1 орынды иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.