АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.03.2017


НӘЗІК ЖАНДЫ САҚШЫЛАРҒА ДА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Күні: , 156 рет оқылды

17097880_250604645349431_3646590317659271208_o7 наурыз күні аудандық ішкі істер бөлімінде де нәзік жандыларды құрметтеу рәсімі өтті. Шындығы керек құқық қорғау саласында, соның ішінде полиция қызметінде нәзік жандылар аз болады. Бірақ адамдардың тыныштығын қорғауда нәзік жандылар да өз үлестерін қосуда. Осыған орай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бекбол Ортаев нәзік жанды полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Нәзік жандыларды әріптестері де құттықтап, ерлермен иық тіресе қызмет істеп жүргендеріне ризашылықтарын білдірді.

Әсем БОЛАТ


МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТ

Күні: , 148 рет оқылды

17039074_250593992017163_318305412558257647_o 17097606_250593648683864_2086886103624006543_o 17191877_250594165350479_147238310405959450_o 17191904_250593622017200_8730612564328222849_o7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел — өмірдің нұры» атты салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр барша шараға қатысушы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, ауданымыздың дамуы жолында аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеген еңбек ардагерлері мен көп балалы аналарды марапаттады. Сонымен қатар жаңадан «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданған мүшелеріне партия билеттері табыс етілді. Салтанатты шарада «Нұрбалапан» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиеленуші кішкене бүлдіршіндер аналарға арналған өлеңдерін оқып, залда қатысушы аналарға гүл шоқтарын табыс етіп, мереке шырайын аша түсті. Бұл шараның тағы бір ерекшелігі, ер азаматтардан құрылған аудан көркемөнерпаздары тамаша концерттік бағдарлама ұсынды. Концертте поэзиялық топтамалар оқылып, интермедиялар да қойылды. Концерттік бағдарламада вокалды инструментальді ансамбльдің сүйемелдеуімен жанды дауыстағы тамаша әндер орындалып, көрерменді бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар аудан жастары даярлаған бейнебаян көремен назарына ұсынылды.

Қайрат ЖАҚЫП


АҚПӘТЕРДЕ ЖАҢА МЕЙРАМХАНА

Күні: , 180 рет оқылды

17157391_250308345379061_2941644507009738649_o 17097649_250308095379086_4086755758416476941_o17038545_250308992045663_5633013872845779573_o 6 наурыз күні Ақпәтер ауылында тағы бір айтулы шараның тұсауы кесілді. Халық игілігі үшін қажетті нысан – заманауи келбеті жарасқан «Қожа» мейрамханасы ашылды. Іскерлігімен елге танымал ағайынды Мұрат, Самат Хасановтар ашқан мейрамхана 300 орынға лайықталып жасалған қонақ бөлмеге қоса, құдалардың аяқ суытып, дем алуларына арналған бөлме қазақы қонақжайлылықты паш етеді. Сонымен қатар сұлулық салоны, балаларға демалуларына жағдай жасалған бөлмелер, мейрамхана жанынан 24 сағаттық кафе жұмыс істеуде. Жоғары талғаммен салынған мейрамханада «жаңа өмірге қадам басқан жастардың қуаныш тойлары көбейсін» деген тілек айтылды. Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы: «Ізгі істің жаршысы бола беріңіздер!» — деген ақ ниетін жеткізсе, еңбек ардагерлері Жайсаң Ақбай, Кәрім Өтеғұлов жылы лебіздерін білдірді. Өзге де ауыл тұрғындары тілектерін айтып, сый-сияпаттарын тарту етіп, ризашылықтарын жеткізді. -Өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетем деген жандарға барынша жағдай жасалып отыр. Отбасымызбен ақылдаса келе былтырғы жылы мейрамхананың құрылысын бастап кетті. Мейрамханада ауыл тұрғындарының өз уақыттарын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе, түрлі той, жақсылықтарын ауыл адамдары енді осында өткізе алады. Бүгінде біз 17 адамды жұмыспен қамтып отырған жағдайымыз бар,-дейді бізбен әңгімелескен Мұрат Хасанов

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


«АНА-ГҮЛ, АНА-ЖЫР, АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ»

Күні: , 82 рет оқылды

16992511_249936332082929_3461924546893773162_o 17097375_249936382082924_5616952683744044891_oӘйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Санаулы күндерден кейін 8 наурыз Халқаралық әйеледер күні, аналар мерекесі тойланбақ. 5 наурыз күні осы мерекеге орай Қазталов ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Ана — гүл, Ана — жыр, Ана — өмірдің шуағы» атты мерекелік шара өтті. Шарада сөз алған округ әкімі Сәрсенбай Молдашев шараға қатысушы барша әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтаған тілегін жеткізіп, қоғамдағы әйелдер орнының ерекшелігі туралы да тоқталып өтті. Сондай ақ шарада округ әкімі осы мереке күндері 60, 70, 75, 80, 85 жасқа толып жатырған бір топ аналарды мерейтойларымен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Туған күн иелерін марапаттаудан кейін, шараға қатысушылардың назарына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары арнайы дайындаған мерекелік концерт ұсынылды.

Қайрат ЖАҚЫП


АРДАГЕР КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Күні: , 84 рет оқылды

17038569_249319582144604_2005390904423026010_o 17038616_249319498811279_385154165752593186_o3 наурыз күні 8 наурыз — халықаралық әйелдер күніне орай аудандық кітапханада «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» атты ардагер кітапханашылармен кездесу өтті. Бұл мерекелік шара өткізіліп жүрген басқа шараларға қарағанда өзгешелеу өткенін айта кеткен жөн. Олай дейтініміз — кітапхана ұжымындағы ер азаматтар нәзік жандылар мерекесіне жоғары белсенділікпен атсалысты. Күнделікті қызмет киімдерінің орнына штаттық киім кигенде олар тіпті өзгеріп шыға келген. Олардың мерекелік ән-жырдан және әзілден шашу шашулары тіпті керемет! Сонымен қатар облыстық кітапхана директорының орынбасары Сара Кенжебаева онлайн арқылы барлық кітапханашыларға мерекелік сәлем жолдаса, аудандық кітапхананың директоры Гүлдана Дәулетова да көктем мерекесімен құттықтап,алғыс хаттар табыс етті. Мерекелік кездесуге қатысқан ардагер кітапханашылар осындай мазмұнды кездесуге шақырғандары үшін бүгінгі ізбасарларына алғыстарын білдірді.

Әсем БОЛАТ


ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

16992139_249269408816288_2575539742001494750_o3 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық соттың төрағасы Райбек Қайырбеков пен мекеме-ұйым жетекшілерінің қатысуымен «Жолдаудың негізгі басымдықтарын талдау » мақсатында жиын өтті. Жиында сөз алған аудандық сот төрағасы Райбек Қайырбеков,- Жолдауда көрсетілгеніндей, әлемде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Ол сандық технологияларға иек артады. Ал экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Еліміздің сот жүйесінде жаңа технологияларды енгізу қазірдің өзінде тиімділігі мен нәтижесін беріп отыр,-деді. Сонымен қатар сот төрағасы мемлекет қауіпсіздігі, азаматтар құқығын қорғаудағы тиімді тетіктер де назардан тыс қалмаған. Соның ішінде Елбасы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру керектігіне тоқталып, әкімшілік айыппұлдардың әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болу қажеттілігін міндеттеген. Сот жүйесіне деген сенімді арттыруға көмектесетін мүмкіндіктерді табу да алдағы күнге берілген тапсырманың бірі екенін айтып өтті. Жиынға қатысушылар Елбасының Жолдауында айтылған міндеттердің іске асуы жөнінде ойларын ортаға салды.

Әсем БОЛАТ


БИЫЛҒЫ ЖҰМЫС БЕС БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Күні: , 116 рет оқылды

17022167_249249228818306_1232708612340149696_n— Жалпы біздің саламыздың жұмысы биылғы жылы бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар «ашық сұхбат алаңы», үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық, бұл жерде діни бірлестіктер жұмысы бірге қамтылады, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс, интернет блогингті дамыту және тағы бір бағыты бұл әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат. Биылғы жылы жалпы бұл бағытта үлкен жоспарларымыз бар, соның ішінде қазіргі уақытта қоғамдағы күрделі мәселелердің біріне айналып келе жатырған отбасылық келіспеушіліктер, жанжалдар, алимент мәселелері. Осы айтылған мәселелерге байланысты қоғамның назарын аударып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру бағытында, медиация арқылы осы мәселелерді шешуге көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстарды нығайту және жоспарлы жұмыс атқару мақсатында аудан әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық кеңес және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия жұмыс атқарады. Сондай-ақ жоспарға сәйкес биылғы жылы 97 шара белгіленіп отырса, сонымен қатар аудан әкімінің төрағалығымен 2 кеңес: діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі, жастар істері жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері жөніндегі комиссия жұмыс атқарады. Кеңестермен, комиссиялар бекітілген жоспарға сәйкес және қосымша келіп түскен ұсыныстарға сәйкес жұмыстар жүргізілмекші. Жыл басында дәстүрлі Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа түсіндіру және іске асыру жөніндегі шаралар туралы түсіндіру және насихаттаудың нақты іс-шаралары белгіленіп, іске асырылуда. Аудан бойынша 16 үгіт-насихат топтары құрылып, оларға ақпараттық- әдістемелік материалдар беріліп , аудан активі жиналыстары оздырылды . Жолдаудың маңыздылығын түсіндіру бағытында жиналыстар, халық жиындары өткізілді. Аудан аумағы бойынша тұрғындарға діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі 114 үш санды «Қауырт желі» туралы жергілікті тұрғындар арасында таралуын жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде.Әлеуметтік желідегі қысқаша сұхбатты пайдалана отырып әжелерді, ардақты аналар мен қаракөз сіңілілерімізді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болсын! – деген тілегімді жеткіземін, — деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева.

Жұлдыз АСҚАР


ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРҒА ТАРТЫЛДЫ

Күні: , 126 рет оқылды

16998716_249033782173184_5174265340453428825_nАудан орталығының М. деген тұрғыны 8 ақпан 2017 жылы «Алтын алма» дүкенінің жанында ішімдік ішіп, құқық бұзушылық әрекетіне барған. Бұндай жағдай М-ның тарапынан 1 жыл ішінде бірнеше мәрте қайталанған болатын. Осыған орай Қазталов аудандық соты М-ны ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бап бойынша 5 (бес) тәулікке әкімшілік қамауға алу туралықаулы шығарды. Сондай-ақ Қазталов ауданының О. деген тұрғыны 20.02.2002 жылғы Қарағанды гарнизоны әскери сотымен шығарылған атқару құжаты бойынша талапкер №55524 санды әскери бөлімнің пайдасына берешек 838 572 теңгені осы күнге дейін төлемей,сот шешімін орындамай келген. Қазталов аудандық соты борышкер О-ны ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін кінәл деп танып, осы бап бойынша ол 3 (үш) тәулік әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Әсем БОЛАТ


КҮНІ БҮГІНДЕ 6118 БАС БҰЗАУ АЛЫНҒАН

Күні: , 126 рет оқылды

16997952_249027882173774_8825073677305666949_nНаурыз айының 2-сі. Қаңтар, ақпан айындағы ақ боран мен шұнақ аяз өзінің қаһарын жойған сияқты… Мал баққан шаруалар,- ерте түскен қыстан қалай шығамын?- деп ойланғандары да рас. Қазіргі күнде «таңертең — киіз, түстен кейін — мейіз» болып қыраттар ақ көрпесін түруде. Қоралардан жас төлдердің үні де естіле бастады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметі бойынша аудан бойынша күні бүгінге 68779 бас ірі қара болса, соның 35010 бас аналығынан және 6118 бас бұзау алыныпты. Малдың төлдеуі енді-енді басталып жатыр. Осы алынған төлдердің көктем ызғарына ұшырамай, көкке ілінсін деген мақсат тұр.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.