АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.03.2017


ПАРТИЯНЫҢ ТУҒАН КҮНІ АТАЛДЫ

Күні: , 174 рет оқылды

17038956_249026782173884_3057207956223837461_o1 наурыз күні көктемнің бірінші күні «Нұр Отан» партиясының құрылған күні. Осыған орай Жалпақтал ауылдық округінің мәжіліс залында жиын өтті. Жиында сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Жалпақтал бастауыш партия ұйымының төрағасы Мағауия Есмағұлов: -Қазақ еліндегі тыныштық, ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен саяси-экономикалық тұрақтылығын сақтауда Елбасының еңбегі зор. Сонау ХХ ғасырдың соңында Елбасының өзі құрған «Нұр Отан» партиясы күні бүгінге дейін алға қойған мақсатын түпкілікті орындап, халыққа деген сенімін күннен-күнге арттыра түсуде. Әр жаңа жылда Елбасымыз кезекті Жолдауын жариялағаннан кейін, партия ұжымдары елміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасауға кірісіп кетеді. Міне, осылай елге қызмет істеп, адал терін аянбай төккен халықтық демократияны ту етіп, тыныштық пен толеранттылықты ұстанған «Нұр Отан» партиясы көктемнің алғашқы күнінде өзінің 18 жыл толып отыр.Сонымен қатар былтырғы жылы Елбасының Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні деп жариялағна болатын. Мерекеміз құтты болсын,-деп құттықтау лебізін білдірді бастауыш партия ұйымының төрағасы. Жиында еңбек ардагері Ғилым Едекешев, аудандық ресурстық орталықтың Жалпақтал аймағы бойынша кеңесші маманы Дәурен Батырғалиев өздерінің игі тілектерін айтты. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлық ел-өркендеуші ел» апртиялық жобасының аясында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралық конкурста ІІІ орын алғаны үшін Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің оқушысы Мақсат Амангелдіұлы және Жалпақтал өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Нұр Отан» партия БҚО филиалының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің алғыс хатымен марапатталды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ӘЖЕЛЕРІМІЗ БАС ҚОСТЫ

Күні: , 68 рет оқылды

17097156_249010818842147_4890363110919083765_o 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Жалпақтал мәдениет үйінде «Шапағат» әжелер қоғамдық бірлестігі бас қосып, ауданымыздың өсіп өркендеуіне үлес қосқан Сара Әшімғалиевамен кездесу ұйымдастырылып, алғыс айтылды. Кездесуде «Шапағат» әжелер қоғамдық бірлестігінің жектешісі, Баян Қабиева өзінің ақжарма тілегімен ашып, барша әжелерге алғысын айтып, елдің амандығын, әжелердің қай-қайсы да құрметке лайық екенін айтып, құттықтауын білдірді. Ел анасы атанған анамыз Сара Қуанайқызын мерейлі 70 жасымен құттықтап, сый-сияпат жасалды. Ұйымдастырылған мәдени шарда әжелеріміз бір-біріне тілек айтып, «Қыз Жібек» термешілер ансамблі қазақтың қара домбырасымен ән-күйге бөледі. Осындай игі шара ұйымдастырған Сара Қуанайқызы әжелер бірлестігіне алғысын айтып, зор ризашылығын білдірді. -Елдің тыныштығын сактап отырған Елбасына, дүниеге әкелген ата- аналарымыз, камкорлап отырған ел ағаларымыз өз алгыстарымызды білдіреміз. Акжаулыкты аналарымыз аман болгай,-дейді «Шапағат» әжелер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Баян Құбайқызы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЕШКІ МАЛЫНА НАЗАР АУДАРЫП ЖҮРМІЗ БЕ?..

Күні: , 174 рет оқылды

17022326_248969648846264_1779632962417020899_nСонау 1980-ші жылдары өзімнің туған ауылым Саралжында ауылдың сексенге жуық ешкісі жаз айында желдеп, жоғалып кетіпті. Ол кезде кеңшардың қора-қора малы тұрғанда ауылдағылар ешкіні іздеп неғылсын? Ешкім басын ауыртпапты. Сөйтіп, сексен ешкі қасқырға жем болды ма, адамға жем болды ма? -ешкім білмейді. Бұл әңгімені мен әжемнен естіп едім. Енді заман өзгерді. Елімізде ешкі малына деген сұраныс арта түсті. Ақбасты ғалымдардан бастап қарапайым мамандарға дейін ешкі өнімдерінің пайдасының көп екенін дәлелдей бастады. Мәселен, олардың айтуынша ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар екен. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Сондай-ақ омыраудағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары — А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен микроэлементтер көптігімен ерекшеленеді. Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар екенін айта кеткен жөн. Ал ешкінің түбітінің пайдасы тіпті зор. Уақытынан бұрын туылған баланы түбіттен жасалған шәліге орап қойса, тез жетіледі. Сонымен қатар түбіттен жасалған кез келген заттар құяң, остеохондроз, ревматизм кеселдеріне ем және қан қысымын төмендетіп, бастың ауырғанын басатын пайдасының бар екені де дәлелденіп отыр. Енді мына бір қызық дерекке көз салайық. 1980 жылдың олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз инфаркт алыпты. Дәрігерлер оған ешкі сүтімен емделу туралы кеңес берген екен. Содан Жақсылық ағамыз 200 ешкі алып бағып, көбейтіп әрі денсаулығын түзеген. Ол екі жылда 200 ешкіні 500-ге жеткізген. Бүгінде Жақсылық ағамыз ешкі, сиыр малын өсіретін ірі кәсіпкерге айналып отыр. Жақсылық ағамызға ешкі бақпай-ақ та үкіметтің қамқорлығымен денсаулығын да, тұрмысын да жақсартуға болар еді. Бірақ ол атакәсіптің ұлтымызға тигізер орасан пайдасының нәтижесін дәлелдеп берді. Осы орайда мал өсіруге қолайлы ауданымызда ешкі малына деген көзқарас қандай деген ой мазалайтыны сөзсіз. Шындығы керек, төрт түлік малды түгендей қалсақ, қой-ешкі деп бір-ақ қайырып жатамыз. Дұрысында ешкінің өсімі, онымен тікелей айналысып жатырған бір шаруа қожалығы немесе оның өнімдері арқылы кәсіппен айналысып отырған адамдар бар ма, оған жауап бермейміз. Аудандық ауыл шаруашылығының бізге берген мәліметі бойынша ауданда 31 мыңдай ешкі малы бар екен. Әрине, бұл ешкілер жеке тұрғындардың қарауында. Жалпы бұқаралық ақпараттан өңірімізде ешкі фирмасы құрылып жатыр дегенді оқығанымыз бар еді. Ал оның қалай дамып жатырғаны жөнінде хабарымыз аздау. Енді келіп мынандай мәселе туындайды. Бүгінгі күнде мемлекетіміз ауыл шаруашылығын дамытуға көп қолдау көрсетуде. Бұл – Елбасының Жолдауында да айтылуда. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуды міндет етіп қойып отыр. Керек десеңіз атқарушы органдардың қызметі де осы салалардың дамуымен байланыстырылуда. Олай болса ауылда кәсіп түрін ашу мәселесі қозғалғанда осы бір тың кәсіп – ешкі өсіру немесе олардың өнімдерін өңдейтін арнайы қожалықтар неге құрылмасқа? -деген ой келеді. Әрине, бүгінгі күнде далада шашылып жатырған қойдың жүні мен терісін жарата алмай отырғанда, ешкінің түбіті мен сүтін қалай пайдаға асырамыз? -деген күмән да болуы мүмкін. Бұл жерде көп қаражатты талап ететін үлкен фирма құру, тиісті құрал-жабдықтар сатып алу мәселесін айтып отырған жоқпыз. Қолынан іс келетін адамдар ата-бабамыздың жасаған кәсібін қарапайым түрде ұйымдастырса да болады ғой деген мақсат тұр. Осы мәселеге тиісті мекемелер немесе кәсібін дамытқысы келетіндер мойын бұрса, бір ауқымды шара іске асырылған болар еді. P.S. Жақында бір таныс апаймен жолығысып қалдым. Оның айтқаны, -кішкентай немеремнің аллергиясы бар еді. Соған дәрігерлер, -ешкі сүтін ішкізсеңіздер, көп пайдасы тиер еді, -деген кеңес берген болатын. Бірақ ауылда ешкі сүтін табу қиын ғой,-дейді. Рас, ешкі сүтін табу түгіл дүкендерден сиыр сүтін де таба алмаймыз-ау…

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Күні: , 98 рет оқылды

16999180_248810552195507_1163637378547052179_n1 наурыз — Алғыс айту күніне орай аудандық мәдениет үйінде Қазталов ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен және ауыл көркемөнерпаздарының қатысуымен «Бірлігі бекем, бақ қонған — Қазақ елі» мерекелік шарасы оздырылды. Мерекелік шарада Алғыс айту күніне орай түсірілген бейнефильм көрсетіліп, округ әкімі Сәрсенбай Молдашев барша шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар шараға қатысқан ауыл тұрғындарының назарына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған мерекелік концерт ұсынылды.

«Ауыл айнасы «ақпарат


АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Күні: , 106 рет оқылды

17097297_248737668869462_2899426600495628988_o1 наурыз — Алғыс айту күніне орай «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева және аудандық «Жастар қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Райымбек Нұрекешов сөз алып,- Бүгінгі күні біз алғыс айту арқылы бір-бірімізге құрмет көрсетеміз. Бұл күні біз ата-бабаларымызды еске алып, ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, ардагерлерімізге және бір-бірімізге ізгі тілектерімізді білдіреміз. Бұнда адамдар арасындағы сыйластық, түсіністік қала берді өсіп келе жатырған жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу мақсаты тұрғанын білуіміз қажет,-деді. Осыған орай салтанатты шарада жетпістің ортасына келген еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсеновті туған күніне орай және ұзақ жылдар бойы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарда абыройлы қызмет істеген Гүлзада Изимова мен Нұрия Хабибуллинаға естелік сыйлықтар табыс етілсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішевке де құрмет көрсетілді. Салтанатты шарада аудан жастары дайындаған бейнекөрініс жұртшылық назарына ұсынылды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ 18 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Күні: , 128 рет оқылды

17017029_248730715536824_3095279871879989109_o1 наурыз күні «Нұр Отан »партиясының құрылғанына 18 жыл толды. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында жиын өтті. Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тоясов,- 1999 жылы 1 наурызда «Нұр Отан» партиясы құрылған болатын. Елбасының кемеңгер басшылығының арқасында партия елiмiздегi жетекшi саяси күшке айналды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мүшелігінде 2407 мүше бар. Партия елiмiздiң дамып, өркендеуi, болашағымыз баянды болуы үшiн мемлекеттiң саясатын халықпен бiрге, халықтың күш-жiгерiн бiр арнаға тоғыстырып, бiр мүддеге бiрiктiру үшiн жұмыс iстеп келедi деп барша шараға қатысушыларды партияның туған күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді. Сонымен қатар жиында ауданымызда алғаш рет 1999 жылы партия құрылған уақытта партияға қабылданған ардагер Тұрақбай Дүйсенов те сол жылдары партия тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ жиында бірқатар азаматтар алғыс хатпен марапатталса, Қоныс мектебінің мұғалімі Нұртас Нұрғалиевке партия куәлігі табысталды.

Әсем БОЛАТ


МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІНЕ ІЛТИПАТ

Күні: , 258 рет оқылды

17022356_248673805542515_891761221389302286_n 1 наурыз Алғыс айту күніне орай Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінде аудандық оқу бөлімінде қаржы, автотранспорт салаларында абыройлы еңбек еткен, бүгінде 80 сеңгіріне шығып отырған Рысты Қожақованы, Масғұт Сариевты және ұзақ жыл денсаулық саласында абыройлы қызмет атқарған мерейлі 75 жасқа толып отырған Мәриям Бекешеваны Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин мерейтой иелеріне ілтипат көрсетіп қабылдады. -Мерейтой иелерінің туған күнідері бүгінгі Алғыс айту күніне тұспа-тұс келіп отыр. Ауыл әкімшілігі атынан туған иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұрпақ қызығына кенеліп, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер,-деген ыстық ықласын білдірген ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы алғыс хаты пен ескерткіш сыйлығын табыс етті. Мұнан кейін мекеме басшылары, ардагерлер ұйымы, аналар кеңесі мерейтой иелеріне жылы лебіздерін білдіріп, тағы бір мәрте құттықтады. Жиын соңында осындай мерейтой иелері сөз алып, көрсетіліп жатқан ілтипаттары үшін алғыстарын жаудырды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АРДАҚТЫ ƏЖЕЛЕРІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Күні: , 114 рет оқылды

17021893_248671882209374_865989133573420599_n1 наурыз -Алғыс айту күніне орай аудандық жастар демалыс орталығында тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуде Қазталов ауылдық округінің əкімі Сəрсенбай Молдашев -Бұл біздің жалпыұлттық мерекеміз, сіздердей аналарымыздың арқасында біз бейбітшілік өмірде өмір сүрудеміз.Сондықтан да сіздердей аналарымыз аман болсын!-деген тілегін жеткізіп,алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ «Гүлдерайым» əжелер ансамблі Шəмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» əнінен шашу шашса, аудандық жастар демалыс орталығының əдіскері Нұрия Хабибуллина Тұманбай Молдағалиевтің «Əйел сенің ақылшың да,серігің» атты өлеңін тарту етті. Шарада ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнəр Мырзағалиева сөз сөйлеп, ардақты аналарымыздың ерен еңбектерін үлгі етіп, еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер деген ақ тілегін жеткізді. Кездесуде Мүгілсін , Мариям ,Валентина , Сара , Бақыт , Жаңылсын ,Нұрсұлу əжелеріміз осындай шара ұйымдастырған ауылдық округі əкіміне жəне аудандық аналар кеңесіне ризашылықтарын жеткізіп,ақ баталарын берді

Жұлдыз АСҚАР


«ҚАДАМЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!»

Күні: , 198 рет оқылды

17038581_248665092210053_1024774028959253546_o1 наурыз — Алғыс айту күніне орай Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде «Қадамың құтты болсын!» шара өткізлді. Мақсаты —  1 наурыз күні дүние есігін ашқан сәбилерге сый сяпат жасау. Жалпы Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде жыл басынан бері 21 сәби өмірге келген. Бұл көрсеткіш ауылымыздағы демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанының дәлелі. Жалпақтал ауруханасының перзентхананың ақ халатты абзал жандары қашанда нәтижелі еңбек етуден тыңған емес. Қажырлы еңбектің арқасында аман есен шақалақ сәбилер демография санағын жаңғыртып, жаңартуда. Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы, аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова және Жалпақтал ауруханасының кәсіподақ ұйымы атынан 1 наурыз күні Алғыс айту күнінде нәрестелі болған Айымгүл Ниязбекқызын құттықтап, жас анаға және оның нәрестесіне мықты денсаулық, отбасына амандық тіледі. -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының аналарға, әсіресе жас аналарға деген қамқорлығы ерекше. 1 наурыз Алғыс айту күнінде нәрестелі болуымыз – отбасымыз үшін зор қуаныш. Жолдасымыз екеуміз Мейірхан есімді ұл тәрбиелеп отырмыз. Енді міне 3 келі, 200 грамм салмақпен Әлисұлтан есімді жас нәрестемізді қолымызға алып, қуанып жатырмыз. Біздің отбасымздың қуанышын бөлісуге келген Жалпақтал ауруханасына алғысымыз шексіз. Сондай-ақ осы сәбиді аман-есен дүниеге әкелуіме көп көмек жасаған перзентхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне алғысымды жеткіземін. Әр үйде іңгәлаған сәбидің даусы естіліп, өмірге келген сәбилер ата-аналарының көз қуанышы болсын,-дейді жас ана Айымгүл Ғариполла.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ҚАТИМОЛЛА БЕРДІҒАЛИЕВ 65 ЖАСТА

Күні: , 112 рет оқылды

17015864_248427095567186_8119591623463560383_o28 ақпан күні аудандық кітапхананың оқырмандар залында әнші-жыршы, термеші, айтыскер ақын, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Қатимоллла Бердіғалиевтің 65 жасқа толған мерейтойына орай әдеби-сазды кеш өтті. Қатимолла Бердіғалиевтің өнерін облыс, республика жұртшылығы жақсы біледі. Ол бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты. 1987 жылы Ұлы Қазан төңкерісінің 70 жылдық тойына арналған Орал облыстық ақындар айтысына Қазталов ауданының бас ақыны ретінде қатысып, үлкен ақындық өнер танытты. Қатимолла аға қай айтыста болмасын өзінің суырып салма, өткір де ұтқыр сөзімен қарсыластарын әркез бет қаратпай, мәртебесі жоғары түсіп отырады. Сондай-ақ Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Әдеби-сазды кеште Қатимолла ағаның өмірі, өнер жолы туралы бейнефильм көрсетіліп, шәкірті Боранқұл Сәртөк домбырамен әннен шашу шашса, мектеп оқушылары Қатимолла ағаға арналып шығарылған ақындар өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар Қатимолла ағаның ауылдасы, бала күнінен бірге өскен Уәли аға Қатимолла аға мен жары Бәтима апа екеуінің отау құруы кезіндегі қызықты естеліктерімен де бөлісті. Кешке қатысушылар мерейтой иесінің адамгершілік, қонақжайлылық қасиеттерімен қатар әзілді жаны сүйетіндігін де тілге тиек етіп, ізгі тілектерін жолдады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.