АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.01.2017


МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Күні: , 90 рет оқылды

15976954_233207750422454_2322157445500735749_n16 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Қазталов жастар кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттарын және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларынан туындайтын міндеттерді және «Нұр Отан» партиясының жастарға арналған жобаларын жүзеге асыру мақсатында жасалуда. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин меморандумға қол қойып, жастар саясатын іске асыруда бірлесіп жұмыстануға шақырды.

Жұлдыз АСҚАР


ІЗБАСАРДЫҢ ЕРЛІГІ

Күні: , 62 рет оқылды

15994868_233195860423643_7092370592686011020_o16 қаңтар күні аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында №5513 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатырған Ізбасар Сатыбалдиевпен кездесті. Бұл кездесуге аудан жастары өкілдерімен қатар, мектеп оқушылары да қатысты. Жерлесіміз Ізбасар Отан алдындағы борышын өтеу кезінде ерлік жасады. Қандай ерлік дейсіз? Ізбасар Сатыбалдиев кезекшілік міндетін атқарып жүрген кезінде суға батып бара жатқан 9 жасар баланы құтқарып қалған. Сөйтіп ол адам өмірін, елдің болашақ ұрпағын құтқарды. Осындай ерлігі үшін Ұлттық ұлан бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Р.Жақсылықовтың алғыс хатымен марапатталып, «Ұлттық ұлан үздігі» деген төсбелгісін алды. Бейбіт күндегі ерлікті жастарға және оқушыларға үлгі ете отырып, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстады.

Жұлдыз АСҚАР


МӘУЛІТ МҮБӘРӘК БОЛСЫН!

Күні: , 98 рет оқылды

15937188_233168560426373_7933809576576497326_oМәуліт айы – ислам дінінде өзіндік орны бар ерекше мерекелердің бірі. Мәуліт – араб сөзінен аударғанда «туылған уақыт» деген мағынаны білдіреді екен. Сондықтан әр жылы рабиғәләууал айында әз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулiтi аталып өтiлуi ислам әлемiнде қалыптасқан дәстүр болып табылады. Осыған орай Пайғамбардың туған күні Мәуліт мерекесіне байланысты 16 қаңтар күні аудандық жастар демалыс орталығында «Мәуліт мүбәрәк болсын!» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Қазталов ауданының бас имамы Жандосбек Құсайынов,- имандылық, адамгершiлiк, ибалылық жөнiнде сөз қозғап, Мәуліт айы Мүбәрәк болсын!- деген тілектерін жеткізді. Шарада Мұхаммед пайғамбардың өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, викториналық сұрақтар қойылды. Сондай-ақ шарада имандылық туралы Абайдың өлеңдерінен поэзия оқылып, әндер шырқалды.

Әсем БОЛАТ


СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 98 рет оқылды

15974833_233167163759846_1549912374573231502_o15-16 қаңтар күндері Орал қаласында классикалық пауэрлифтингтен және жатып сығымдап көтеруден жасөспірімдер, және ерлер мен әйелдер арасында қала кубогі жарысына Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысып қайтты. Жарысқа Орал қаласының балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінен, Ақжайық клубынан, Титан клубынан, Тасқала ауданынан және Қазталов аудандық орталық балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінен 5 командадан 70ке жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында 36 келі салмақта Әділжан Нұртаев 1 орын, 32 келі салмақта Оралхан Қабдылғазизов 1 орын, 44 келі салмақта Әділет Жусупов 1 орын иеленсе, 53 келі салмақта Нұрсұлтан Усахов 2 орын, 59 келі салмақта Ернар Ерниязов 2 орын, 66 келі салмақта Дулат Жаныбеков 2 орын, 53 келі салмақта Бақдәулет Ғани 3 орын, 59 келі салмақта Ерген Октябрят 3 орын иеленді. Ал ересектер арасында 53 келі салмақта Мейрам Гиляжев 1 орынды, 59 келі салмақта Айдын Елемесов 1 орынды қанжығалады. Жатып сығымдап көтеруден жасөспірімдер арасында 36 келі салмақта Әділжан Нұртаев 1 орынды, 32 келі салмақта Оралхан Қабдылғазизов 1 орынды, 53 келі салмақта Нұрсұлтан Усахов 2 орынды, 66 келі салмақта Дулат Жаныбеков 2 орынды иеленді. Ересектер арасында 53 ккелі салмақта Мейрам Гиляжев 1 орын, 59 келі салмақта Айдын Елемесов 1 орынды қанжығалады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ЖАДЫРАНЫҢ» ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Күні: , 86 рет оқылды

15873489_232213673855195_7134668014772861004_n 15936462_232212840521945_5780291418427911585_o 15994514_232212070522022_2197054106172230557_o 15994552_232212267188669_8270769124070252818_o13 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Жадыра» ойын-сауық театрының Жаңа жылдық концерттік бағдарламасы көремендер назарына ұсынылды. Жаңа жылдық бағдарламада аудандық мәдениет үйі қызметкерлері орындаған әсем әндер көремен жүрегінен жол тауып, «Қарлығаш» би ансамблінің бишілері билеген билер арқылы әдемі көрініс тапты. Сахнада өнер көрсеткен көркемөнерпаздардың актерлік шеберліктері интермедиялар арқылық залдағы халықты қыран-топан күлкіге батырып, үлкен қошеметке ие болды. Сондай-ақ бұл концерттік бағдарламада XV Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары, аудандық балалар саз метебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.

Қайрат ЖАҚЫП


«ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП»

Күні: , 108 рет оқылды

15937077_232097763866786_146191031093007096_o13 қаңтар күні аудандық жастар демалыс орталығында 1984-2013 жылдар аралығында аудандық саз мектебінің директоры қызметін атқарып, аудан мәдениетінің дамуына зор үлесін қосқан ардақты ұстаздардың бірі — Қорлан Ахметқалиеваның 70 жас мерейтойына орай «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу кеші өтті. Кездесуге Қорлан апайдың  отбасылық достары, өнердегі әріптестері, шәкірттері қатынасып, сол кездегі Қорлан анамыздың еңбек жолындағы абыройлы қызметі жөнінде көптеген естеліктермен бөлісіп, емен-жарқын әңгімелесті. Кездесу кешінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлзада Изимова, аудандық саз мектебінің директоры Жадыра Тілеубаева сөз алып, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. 48 жыл ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнаған ардақты жан бүгінде шәкірттерінің жеңісімен мақтанып, марқая алады. Сол уақыттағы талапшыл басшы қазірде шәкірттерінің алдында қадір-қасиетін жойған емес. Сондай-ақ аудандық саз мектебінің ұстаздары қазақтың киелі қара домбырасымен күмбірлете күй тартып, әсем әннен шашу шашты. Кеште мерейтой иесі Қорлан Тілепәліқызы — Нағыз өз ісің жанындай сүйетін адам, қандай да болмасын қиындықтардан шығады. Сонда ғана еліңе адал қызмет етіп, өз Отанының нағыз патриоты боласың, — деген ойын жеткізіп, сый-құрмет танытқан ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.