АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.01.2017


ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Күні: , 76 рет оқылды

15937243_231727230570506_1023737479325316819_o2017 жылдың қаңтар айынын бастап зейнетақы төлемінің және басқа да әлеуметтік төлемдердің өсуіне байланысты ӘТВЕО департаменті Қазталов аудандық бөлімшесінің басшысы Эльмира Сармалаевадан сұхбат алған болатынбыз. — Батыс Қазақстан облысы бойынша ӘТВЕО депатременті Казталов аудандық бөлімшесі 2017 жылдың желтоқсан айында қайта есептеу жұмысын аяқтап, жылдың басынан алушылар жана мөлшерде зейнетақы мен жәрдемақылырын алады. 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 25-VI қаулысы сәйкес зейнетақы мөлшері 9 пайызға өсті. Базалық зейнетақы төлемі ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап 12802 тенге құрады. Ал 2017 жылдың бірінші шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері — 11%, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері — 20% -өседі. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері төлем түрлеріне байланысты төмендегі сомалар құрады: асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының мөлшері асырауындағы 1 балаға –21035 теңге, 2 балаға-36444 теңге, 3 балаға-45250 теңге, 4балаға-47940 теңге, 5 балаға-49652 теңге, 6 бала және одан коп балаға-51609теңге, тұл жетімдерге: 1 балаға- 28862теңге, 2 балаға-57724теңге, 3 балаға-86586теңге.

Әсем БОЛАТ


БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ СОТҚА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Күні: , 122 рет оқылды

15975114_231714050571824_2154546668165369973_o12 қаңтар күні Қазталов аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты сот қызметкерлерінің, мемлекеттік күзет қызметі бөлімі мекемесінің қызметкерлері және БАҚ өкілінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте аудандық сот меңгерушісі Руслан Қаженов, -Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылдың «5» мамырдағы бірлескен бұйрығымен бекітілген «Келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларында» көзделген «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот, департамент және оның аумақтық органдары аумағына және ғимаратына бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылған өкілдерінің, олардың кәсіби қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратурасымен кіруіне рұқсат етіледі. Сот процесіне қатысушылар полиция бекетіне ұсынылған тізімдер бойынша соттарға өтеді. Сот приставтары олар техникалық бақылаудан өткеннен кейін күту залына өздерінің бірге жүруін қамтамасыз етеді, -деп ақпарат беріп өтті. Кеңесте сонымен қатар БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметтеріне байланысты техникалық құралдарды пайдалану бойынша келісім болмаған жағдайда, бұндай мәселелер сот төрағасымен немесе судья-үйлестіруші, баспасөз хатшылары арқылы шешілуі тиіс екені айтылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ШӘКІРТ ЖЕҢІСІ – ҰСТАЗ ЖЕМІСІ

Күні: , 132 рет оқылды

16002986_1720580591586850_5358631192111437922_n6-9 қаңтар аралығында Орал қаласында өткен XV Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауы өткен болатын. Бұл байқауға Қазталов аудандық балалар саз мектебінің оқушылары да өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі оралды. Қазақстанның батыс өңірінен 5-17 жас аралығындағы барлығы 850-дей үміткер қатыстысқан бұл байқауда Айгүл Салаватова жетекшілік ететін қобыз сыныбының оқушысы Зере Уақит І-дәрежелі дипломант атанса, Әсемгүл Жұмабаева дәріс беретін добыра сыныбының оқушысы Алихан Максимов ІІ- дәрежелі лауреат деп танылды. Ал шебер өнерімен танылған баян сыныбының оқушысы Сұлтан Бақытжан Гран При иегері атанып, Астана қаласында өтетін халқаралық «Ақ көгершін» байқауына жолдама жеңіп алды. Сұлтанның ұстазы Ерлан Уаресов. Сонымен қатар өнерлі өрендерді тәрбиелеп отырған ұстаздар да арнайы марапаттарға ие болды. Иә, әрбір жас жеткіншектің бойындағы жылт еткен ынтаны дамытып, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын болашақпен байланыстыра білген ұстаздардың еңбегі ұшаң-теңіз. Ал осындай додаларда шәкірттері топ жарып жатса, ол ұстаз еңбегінің жемісі деп білеміз. Жеңістеріңіз құтты болсын! Биік белесті бағындырып, өнердің шырқау шыңына жетіңіздер!

Қайрат ЖАҚЫП


КӨШПЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Күні: , 122 рет оқылды

15994807_1720543704923872_2554169475218085445_o11 қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен көшпелі кеңес өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме-кәсіпорын, құқық қорғау органдарының басшылары, учаскелік полиция инспекторлары, мемлекеттік емес ұйымдар қатысты. Кеңесте Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжанов, Батыс Қазақстан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин сөз алып, киік браконьерлігіне қарсы күрес, мал ұрлығы және тағы да басқа мәселелерге тоқталып өтті. Көшпелі кеңесте «2017-2018 жылдарға арналған киік браконьерлігіне қарсы күрес бойынша бірлескен шаралар жоспарына сәйкес киік браконьерлігімен күресу және мал ұрлығы туралы», — жергілікті полиция бөлімінің басшысы Әділбек Ғазезов, — «Ауылдық округтердегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңдастыру туралы», — аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов, -«Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарының құқық белгілеуші құжаттарын дайындау, жөндеуді қажет ететін су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындау туралы» аудандық ауылшаруашылығының басшысы Сергей Тоқпанов хабарламалар жасады. Кеңесте жоғарыда аталған мәселелер бойынша арнайы орган басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жұлдыз АСҚАР


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫНЫ

Күні: , 124 рет оқылды

15936496_1720481961596713_5957098050389633710_o11 қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс кеңесі өтті. Жиында қоғамдық кеңес алдында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр 2016 жылы ауданда атқарылған жұмыстардан, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов мәлихат аппаратының жұмысы мен оның алдында тұрған мәселелерден, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сисенғали Нығметов қоғамдық кеңес жұмысынан есеп берді. Сондай-ақ облыстық қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі Мәлік Құлшар облыста коғамдық кеңес тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Жиында қоғамдық кеңес мүшелері жарыссөзге қатысып, ауданда атқарылған жұмыстар мен әлі де шешімін таппаған мәселелер төңірегінде өз ойларын айтып, аудан әкімі, мәслихат хатшысы мен қоғамдық кеңес төрағасының жұмысына оң бағаларын берді. Кеңес соңында қаралған мәселелер бойынша қарар қабылданды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЖАСТАРДЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ

Күні: , 116 рет оқылды

15896284_231137517296144_3021445091061254338_o10 қаңтар күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастар алқасының жиыны өтті.

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Күні: , 132 рет оқылды

15896053_231094430633786_2731087121968266277_o10 қаңтар күні Қазталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының №2 бұйрығымен «С.Садықов атындағы Қазталов аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын директоры лауазымына уақытша еңбек шарты негізінде МӘЛІК БЕРДӘЛІ тағайындалды. Жаңа басшыға сәттілік тілейміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


«АНАЛАРДЫ АРДАҚТАУ — АСЫЛ ДӘСТҮР»

Күні: , 127 рет оқылды

15896123_231058187304077_6718759433414293028_o10 қаңтар күні аудандық жастар демалыс орталығында аудандық ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен асыл ана Пазила Қадешқызының 80 жас мерейтойына арналған «Аналарды ардақтау — асыл дәстүр» атты шара өтті. Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсембай Молдашев,- Пазила әжені мерейтойымен құттықтап, әрқашан отбасыңыздың ортасында аман-есен, марқайып отыра беріңіз деген тілектерін жеткізді. Шараға жиналған барша аналар өздерінің ақ жарма тілектерін білдіріп, әуелетіп ән шырқады. Сондай-ақ шараға әжеміздің замандас құрбылары да қатысып, жастық шақтың жарқын естеліктерімен бөлісті. Осындай сый-құрметке бөленген Пазила әжей шараны ұйымдастырушыларға, барша қатысушы қонақтарға шынайы ілтипаты мен ризашылығын білдірді.

Әсем БОЛАТ


МАЛ ҚЫСТАТУ – ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Күні: , 120 рет оқылды

15972468_231044773972085_5123529368763918885_oҚыс – қатал сыншы болса, мал қыстату – маңызды науқан. Биылғы қыс мал баққан ағайын үшін жайлы болып тұрғандай. Бірақ, күні ертең қаһарына мінген «кәрі құданың» не көрсетері белгісіз. Біздің өңірдегі малшылардың қыс мезгіліне дайындығы қалай? Осыған орай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі берген, мал қыстату науқаны туралы мәліметтерге көз жүгіртсек. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша ауданда 70496 ірі қара, 219374 бас қой мен ешкі, 19878 бас жылқы, 196 бас түйе бар. Өткен жылы аудан бойынша 335112 тонна мал азығы дайындалып, күні бүгінге қыстақтардағы мал азығы 125291 тоннаны құрайды. Ауданда 284 мал қыстату орындарында 28422 бас мүйізді ірі қара, 105160 бас қой мен ешкі, 11760 бас жылқы және 113 бас түйе қыстатылуда. Мал қыстату орындарымен жол қатынасын реттеу, жол аршу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендермен байланыс жасау үшін ауыл шаруашылық құрылымдарының К-700 және МТЗ-82 дөңгелекті тракторлары пайдаланылуда. Әрине, бұл қағаздағы мәлімет. Қыстақтағы мал жайын білу үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарымен бірге аудан орталығынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан Бозой қыстағына барып қайтқан болатынбыз. Бұл қыстақта Оразтай Шайхиев жетекшілік ететін «Бозой» шаруа қожалығының малдары бағылуда. Шаруаның бас-қасында жүрген Оразтай ағамыздың ұлы Сағынбекті әңгімеге тартқан болатынбыз. – Былтырғы жылы жаз айларында жауын-шашын молынан түсіп, мал азығын артығымен жинап алдық. Қарашаның аяғынан бастап мал қыстауға тұрды. Қыстақта 200 бас ірі қара, 800-ге тарта қой-ешкі бар. Әзірге қыс қаҺарына міне қойған жоқ, жайлы болып тұр. Мал азығы толығымен жетеді деп отырмыз, — деп әңгімесін түйіндеді Сағынбек. Қыстың көбі кетіп, азы қалған сияқты көрінетіні де рас. Қаңтар түгесілуге қалды. Қазақ «жақсы болсаң құт, жаман болсаң жұт» дейтін ақпан – қысқа ғана ай. Арқамызды кеңге салып, наурызды көктемге қосып жүрміз. Демек, мал қыстатудың көп жүгі артта қалғанын теріс деуге болмас. Қыстан қысылмай шығайық!

Қайрат ЖАҚЫП


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША КЕҢЕС

Күні: , 120 рет оқылды

15936974_230819723994590_123208894138466695_o9 қаңтар күні аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында аудан халқын жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік қызметтердің мониторингі бойынша кеңес өтті. Кеңесте жұмыспен қамту және денсаулық саласының басшылары өз салалары бойынша партиялық көрсеткіштердің жобалары жөнінде хабарлама жасады. Сондай-ақ «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Кедергісіз келешек» сияқты тағы да басқа бағдарламалар туралы түсініктер беріліп, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.