АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 03.01.2017


ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН КӨШЕ

Күні: , 120 рет оқылды

15732556_1715215108790065_4031775718205035104_o 15774889_1715214992123410_1787879989763785599_o 31 желтоқсан күні Жалпақтал  ауылының Ет комбинаты шағын ауданында көше тұрғындары Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып, Тауық жылын қарсы алды. Ұйымдастырылған Жаңа жыл мерекесіне округ əкімі Самиғолла АҚМУРЗИН, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары құттықтап, келіп жылға береке бақыт тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«ТӨРЛЕТ, ҚҰТТЫ ЖАҢА ЖЫЛ»

Күні: , 128 рет оқылды

15731887_227921637617732_1081668156945855089_o 15732196_227921657617730_6292736325872167971_o 15844080_227921484284414_1714283176631616033_o31 желтоқсан сағат түнгі 22:00. Қазталов ауылы. Орталық алаң. Жаңа 2017 жылды қарсылауға халық көп жиналды. Алаңда аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Алаңға жиылған халықтың назарына аудан көркемөнерпаздары даярлаған Жаңа жылдық театрландырылған көріністері мен концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мерекелік шарада Аяз ата мен Ақшақар халықтың көңілін көтеріп, арнайы жағылған шыршаны айнала биледі. Сағат: 23:00-де тұрғындар сахна төріне қойылған экран арқылы Елбасымыздың Жаңа жылдық құттықтауын тамашалады. Сондай-ақ мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр барша аудан тұрғындарын төрімізге өткелі тұрған Тауық жылымен құттықтап, 2016 жылы жеткізген толайым табыстарды да атап өтті. Шара соңы мерекелік отшашуға ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЗЕЙНЕТКЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ

Күні: , 134 рет оқылды

15731741_227349261008303_2857935973681181917_o30 желтоқсан күні   Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова ауданымыздың құрметті азаматы, дербес зейнеткер Шәріп Хайруллиннің шаңырағында болды. -Бүгінгідей бақытты өмірге жетуіміз сіздердің қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Жауаптты қызметтерде болып, еңбек майданында аянбай тер төктіңіз. Сондықтан сізге деніңізге саулық, ортамызда аман-есен жүруіңізге тілектеспін,-деген Самиғолла Сафиоллаұлы Жаңа жылмен құттықтап, мерекелік сыйлығын табыс етті. Шәріп ақсақал Жаңа жыл қарсаңында құттықтап, әрдайым ұмытпай келгендері үшін шын көңілден риза екенін жеткізді. –Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. 2016 жыл табысты жыл болды. Тауық жылы да табысты, мерекелі жыл болсын. Еңбектеріңіз жемісті, отбасыларыңыз аман болсын,-деген Шәріп Хайроллаұлы өзінің ақ батасын берді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ӨНЕР ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 78 рет оқылды

15781162_227343154342247_971121213773366688_n29 желтоқсан күні  Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Ғилым Едекешев Жалпақтал балалар өнер мектебінде болып, ұжыммен кездесті. Жалпақтал балалар өнер мектебіне ат ізін салған округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы мектептің бөлек мекеме болып құрылуымен және босағадан аттағалы тұрған Тауық жылымен құттықтап, ұстаздардың жұмысына табыс, отбасыларына амандық тіледі. Өнер мектебі бұған дейін К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің өнер бөлімі болған еді. Ауылымыздың үлкендері аудан әкімшілігіне хат жолдап, өнер мектебінің бөлек болғанын қалап, өтініш айтқан болатын. Сол өтініштері орындалып, 2016-2017 оқу жылында бөлек мекеме болып құрылып, бүгінде нәтижелі жұмыс атқаруда. Кездесу барысында байырғы ұстаздарды үлгі ете отырып, жас буын ұстаздарға өмірлік азық боларлықтай ақыл-кеңестерін айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында кездесу ұйымдастырған үшін өнер мектебінің ұжымы зор ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


БАЛҒЫНДАРДЫ ҚУАНТТЫ

Күні: , 98 рет оқылды

15732426_226728424403720_318540990773242901_o28 желтоқсан күні мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған жаңажылдық қайырымдылық шыршасы ұйымдастырылды. Дәстүрлі кеш биыл аудандық киножүйесі мекемесінде өтті. Жаңажылдық кешке Жаңажол, Жалпақтал ауылдық округінің 13 мүмкіндігі шектеулі жанның біразы түрлі костюмдер киіп, жасанып келіпті. Мерекелік шараға қатысқан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Сафиолллаұлы кешке қатысушыларды Жаңа тауық жылымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ал Жалпақтал аймағы бойынша жалғызбастылар мен мүгедектерге үйден көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Мерует Нұралиева да құттықтауын білдіріп, Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыруда ұйытқы болған аудандық мүгедектер қорына ризашылығын білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандардың деніне саулық тіледі. Шара барысында балалар үшін түрлі байқаулар, ойындар ұйымдастырылып, оларға түрлі сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар үйде отыратын жеті мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмады. Әлеуметтік сала қызметкерлері Жаңажылдық сыйлықтарды олардың үйлеріне апарып табыстады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.