АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Январь, 2017


АУДАНДЫҚ СОТ 2016 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Күні: , 339 рет оқылды

16178871_236153606794535_3396380937393559205_o24 қаңтар күні Казталов аудандық сотында сот төрағасы Р.Қайырбековтің қатысуымен 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Статистикалық есепке сай сотпен қаралған істердің, атап айтқанда қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды. Қазталов аудандық сотымен 2016 жылы барлығы 38 тұлғаға қатысты 32 қылмыстық іс, 189 азаматтық іс және 298 әкімшілік іс қаралған. Қаралған 298 тұлғаға қатысты әкімшілік істің ішінде 16 ескерту, 53 айыппұл, 143 әкімшілік қамау, 31 арнайы жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазалары қолданылса, 55 тұлғаға қатысты әкімшілік іс өндірістен қысқартылған. Барлық істер бойынша қарау тәртібі мен мерзімдері бұзылмаған. Сот төрағасы аталған мерзім ішінде сотқа 189 арыз (2015 жылдың 12 айында 241) келіп түскендігін айтты. Есепті кезеңде 139 азаматтық іс шешім шығару арқылы қаралған, оның 2-уі (2015 жылда — 12) сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралып, заңды күшіне енген. Өткен жылы сотпен 3 арыз кері қайтарылса, 1 талап-арызды қабылдаудан бас тартылып, бұл сотқа келіп түскен арыздардың жалпы көлемінің 2,1 пайызды құраған. Статистика бойынша 2016 жылдың 12 айында келіп түскен арыздар саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 52 арызға немесе 27,5 пайызға кеміген. Арыздардың басым бөлігі аудан тұрғындарының келісім шарт міндеттемелерінен туындайтын, салық өтемдері бойынша даулар мен некені бұзу туралы істер құрайды. Сот өндірісінде маңызды орын алатын оңтайландырулардың бірі жаңа институт – оңайлатылған (жазбаша) өндірістерді енгізу болып табылады. Аталған санат бойынша 2016 жылы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен 63 іс немесе жалпы қаралған азаматтық істердің 33 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42 іске артық қаралған. Медиация тәртібімен іс қарау әр түрлі даулар бойынша кеңінен қолданылуда. 2016 жылы медиаторлардың қатысуымен 19 азаматтық істер бойынша медиациялық келісім жасалған. Сотта жаңа ақпараттық технологиялар да кеңінен қолданылуда. «Сот кабинеті» электрондық сервис арқылы 189 электронды талап арыз және 298 әкімшілік іс қабылданған. 2016 жылы 38 тұлғаға қатысты 32 қылмыстық іс қаралған. Брифинг барысында сондай-ақ сот төрағасы Р.Қайырбеков 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтар туралы айтып өтті. Атап айтқанда үш сатылы сот жүйесі жайлы, азаматтық-құқықтық дауларда прокурордың қатысуының қысқаруы, соттылық және азаматтық істерді қарау мерзімдерінің тәртібі туралы, сондай-ақ партисипативтік рәсім арқылы дауларды реттеу тәртібі жайлы айтылды. Сонымен қатар сот төрағасы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану мәселелеріне тоқталды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


АРДАГЕР ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУ

Күні: , 321 рет оқылды

16178791_236152320127997_4074595983027205852_o24 қаңтар күні аудандық орталық ауруханада ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев бар өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, ұзақ жылдар бойы халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленген ардагер дәрігерлермен кездесті. Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев,- қоғамдық ұйымдардың маңыздылығына тоқталып, ардагерлер ұйымының басты мақсаты — зейнет жасындағы ардагерлердің уақытын тиімді пайдалану және оларды қоғамдық жұмыстарға белсенді араластыру,-деді. Сондай-ақ кездесуде дәрігер бастауыш ардагерлер ұйымы құрылып, оның төрағасы болып дәрігер-терапевт Айғаным Үмбетқалиева сайланды. Кездесу соңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыс бағыттары түсіндірілді.

Әсем БОЛАТ


ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АУДАН БІРІНШІЛІГІ

Күні: , 212 рет оқылды

16177578_236063216803574_4998186318462529560_o21 қаңтар күні Жалпақтал ауылында 2003-2005 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті. Біріншілікке Ғ. Молдашев орта мектебі, Тереңкөл орта мектебі, Жалпақтал балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қастысты. Жарыс нәтижесі бойынша 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасынан Ерхан Ибрагимов 1 орын, Нұрбек Қадер 2 орын, Мерей Тұрарбеков 3 орынды иеленді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 148 рет оқылды

16298663_236060356803860_7967259588030492794_n21 қаңтар күні Ресей Федерациясының Александров Гай ауданында ересектер мен жасөспірімдер арасында «Жатып сығымдап көтеруден» ашық біріншілік өтті. Біріншілікке Красный кут, Клуб Титан — Александров Гай, ФОК Завольжскиий — Александров Гай, Ершов қаласының командасы, Қазталов ауданы командасынан Қазталов аудандық орталық балалар -жасөспірімдер спорт мектебі және ересектерден Қазталов ауылының құрама командасы қатысты. Жарысқа жалпы 60-қа жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасынан 65 келі салмақ дәрежесінде Дулат Жәнібеков 1 орынды иеленсе, ал ерерсекетер арасында 59 келі салмақта Айдын Елемесов 1 орын, 80 келіде Амангелді Ғазизжанов 1 орын, 110 келіде Жасұлан Құлхайыров 1 орын, 120 келіде Биғабыл Рушанов 1 орын, 54 келіде Ғарифа Халесова 1 орын, 54 келіде Мензипа Нығметова 2 орын, 52 келі салмақ дәрежесінде Мейрам Ғиляжев 2 орынды иеленді. Спортшыларымызға алдағы уақытта да жеңістің биік тұғырынан көрінуіне тілекшіміз!

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Күні: , 78 рет оқылды

16177936_234985823577980_1595632372308241764_o 16178484_234985956911300_5082837612561659159_oАуданымызда кестеге сай әкімдердің есеп беру жиындары өз мәресіне жетті. 21 қаңтар күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Қарасу, Көктерек, Бостандық, Қазталов ауылдық округтеріндегі халық жиынында ауданымызда былтырғы жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Халық жиындарына облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық келісім өкілдері, кейбір салалық мекеме басшылары қатысты. Халық жиындарында округ әкімдері Эдуард Ешмұқанов, Меңдіхан Халимуллин, Манарбек Сүндетов, Сәрсенбай Молдашев округте атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Сонымен қатар, жиындар барысында жергілікті учаскелік полиция инспекторларының да жылдық есебі тыңдалды. Жиындарда қойылған сауалдарға жауаптар беріліп, ауданымызда алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жоспары да айтылып өтті. Сондай-ақ аудан орталығы Қазталов ауылдық округінде өткен халық жиынында округ тұрғындары және округ депутаттары өткір мәселелер көтеріп, осы мәселелерді шешу жолдары да қарастырылды.

Қайрат ЖАҚЫП


СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ

Күні: , 156 рет оқылды

16142549_234854596924436_7534070407495953349_n21 қаңтар күні Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолұлы сексеннің сеңгіріне шыққан туған жердің ардақты ақсақалы Ғалымжан Ахметжановты қабылдап, құрмет көрсетті. Қабылдауда округ әкімі Бауыржан Қабдолұлы ауыл шаруашылығы саласына үлес қосқаны үшін Ғалымжан Ахметжановқа құрмет көрсетіп, алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттап, деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Мұнан кейін көршілес жатқан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Ғалымжан ақсақалдың иығына шапан жауып, Жалпақтал ауылдық әкімі аппараты, аудандық ақсақалдар алқасы атынан алғыс хатын, Қазталов аудандық «Нұр Отан» партиясы атынан да алғыс хаттар табысталды. Осы кездесуде еңбек ардагері Болат Бекешев, шаруа қожалық жетекшілері, аналар кеңесі де өз тілектерін білдірді. Ғалымжан Ахметжанов 1937 жылы бұрынғы Фурманов ауданы, Фурманов колхозында дүниеге келген. Жеті кластық білімі бар Ғалымжан ағамыз жастайынан еңбекке араласып, Фурманов, Сталин колхоздарында малшы, аға малшы кейін Ақкөл, Қараөзен совхоздарында зейнет демалысына шыққанға дейін аға малшы болып еңбек етті. 2001 жылы Қараөзен округінен жер алып, «Қайрат» шаруа қожалығын құрып, жетекшілік етті. мал басын өз төл есебінен көбейтіп, ауыл шаруашылығына мол үлес қосып келе жатқан шаруа қожалықтардың бірі. Бие байлап, ауыл тұрғындарын қымызбен қамтамасыз етіп отыр. Тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шаралар үнемі көрсетіп келеді. Жастайынан еңбекке араласқан Ғалымжан ақсақалдың еңбегі ескеріліп, 3 дәрежелі «Еңбек даңқ» орденімен, «Қазақстан мал шаруашылығының шебері» белгісімен, КСРО бүкілодақтық халықтар жетістігінің көрмесінде қола медалімен, «Еңбек ардагері» маделімен марапатталды. Өзіне көрсетілген құрметі үшін Ғалымжан ағамыз барша ауылдастарға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ТӨРТ ОКРУГТЕГІ ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕБІ

Күні: , 140 рет оқылды

16143618_234608560282373_1345585980882472758_o16179623_234610020282227_926993951039752981_o 20 қаңтар күні Талдықұдық, Талдыапан, Қараөзен, Жалпақтал ауылдық округ әкімдері Ақмарал Қуанышқалиева, Асқар Есқалиев, Бауыржан Қабдолұлы, Самиғолла Ақмурзин өткен жылы атқарылған жұмыстарын жайын халық алдында баяндады. Бұл есептік кездесулерге аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, мекеме-кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Округ орталықтарында болған кездесулерде ауыл тұрғындары көкейтесті мәселелерді шешу жолында сан түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұған дейінгі кездесулерде ауыл тұрғындары жеке бастың қамын соғатын. Бүгінде ауылдастар ауылдың нақты проблемалық мәселелерін, олардың оң шешім табуын, маңызды түйіткілді ұсыныс-пікірлерін айтатын жағдайға жетті. Ауыл тұрғындарының қойылған сұрақтарына аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы кейбір мәселелердің оң шешімін табатынын, ал кейбірінің қаражат жоқтығына байланысты кейінге шегерудің қажет екенін айтты. Осы есептік кездесулерде жауапты мекеме басшылары да тұрғындардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Ал жиын соңында төрт округте өткен есептік кездесулерде тұрғындар ауыл әкімдердің есебіне оң бағаларын беріп жатты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ӘКІМДЕР ЕСЕП БЕРУДЕ

Күні: , 152 рет оқылды

16112798_234364223640140_8903800869251694290_o 16113475_234364430306786_4692388848020156701_o19 қаңтар күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жаңажол, Ақпәтер, Қайыңды, Болашақ ауылдық округтеріндегі тұрғындармен кездесіп, 2016 жылы ауданда атқарылған жұмыстардан есеп берді. Кездесуде округ әкімдері Арман Алдабергенов, Есенгелді Айсағалиев, Болат Төлеушев, Қоблан Дүйсенов округтердегі атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар оқыды. Есеп беру жиындарына облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, кейбір салалық мекеме басшылары қатысты. Жиындарда тұрғындар қойған сауалдарға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелердің шешімін табудың жолдары айтылды. Сонымен қатар жиында жергілікті учаскелік полиция инспекторлары 2016 жылғы атқарған өз жұмыстарынан есеп берді.

Қайрат ЖАҚЫП


БРАВО! БРАВО! -ТАҒЫ ДА АЙТА ТҮС!… (ӨНЕР КӨГІНДЕГІ ЖАСТАР БІР СЕРПІЛТТІ)

Күні: , 146 рет оқылды

16177870_234333400309889_8059176410400368587_o 16177905_234333023643260_4828105689777416756_o 16178993_234332680309961_5027982325226527504_o 16179428_234333143643248_414643571669834965_o 16179829_234333103643252_5243991768868675940_o 16107192_234333193643243_2056108449299621732_o19 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде Сарыөзеннен түлеп ұшқан өнерлі жастарымыз «Елге сәлем» атты ән кешін ұсынды. Мәдениет үйіне келген көрермендерге орын болмай, түргеліп тұрды. Тек облыс емес, республикаға танымал өнерлі жастарымыз Дәурен Сейітжанов, Альберт Ғазизжанов, Асылжан Тасболатов, Аңсар Бердіғалиев, Айтемір Дәулетқалиев, Айбар Хайырханов, Арман Биғалиев, Айбек Дәулетқалиев, Сейітжан Мақсотов, Думан Ғаббасов, Айымбек Сартуков, Румия Маратова қай әнді орындамасын, олардың көрермендер жүрегін баурап алғандары соншалық, қолшапалақтау бір басылмай қойды… Тағы бір айтар өнерлі отбасынан шыққан Арман Биғалиевтің қызы Румия балғын да, балаң дауысы сахнаны кернеп, бозторғайдай аспанда қалықтап ән салғандай болды.Сондай-ақ өнерлі отбасынан шыққан Айымбек Сартөк пен Сейітжан Мақсотовтың да өнерлері алдағы уақытта Сарыөзеннің даңқын шығарады деп санаймыз. Біз ауданымыздың айтыс ақынына сусап жүргеніміз шындық. Думан соның орнын толтырып кеткендей болды. Концерттің соңында Айбар Хайырханов ешкімде бұйыра бермейтін (камерный) әнші дауыспен ән орындап, әнді тыңдап отырып Ла-Скала елестеді…Бұл Әлібек Дінішевтің туған жеріндегі талантын жалғастырушы. Қай әншіні алып қарамайық, өнер адамдарына айтарымыз БРАВО!!!, -тағы да!… деген көрермендер тілегін жеткіземіз. Өнерлі жастарға аудан әкімі атынан алғыс хат табысталды.

Жұлдыз АСҚАР


ҚАЗТАЛОВТЫҚ ШАҢҒЫШЫЛАР УНИВЕРСИАДАНЫ ҚОЛДАЙДЫ!

Күні: , 210 рет оқылды

16177520_234206566989239_5237938992360461885_o28 қаңтар – 8 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында өтетін 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысушы жерлес спортшыларымызды қолдау мақсатында аудан орталығында 19 қаңтар күні шаңғы тебуден жарыс өтті. Қысқы Универсиада «Қанатыңды кең серпі!» ұранымен жас спортшыларымызды спорттың биік шыңын бағындыруға шақырады. Осындай ұранмен шаңғышылар белгіленген мәре сызығынан Қарасу тоғаны бойымен жүріп өтті. Сондай-ақ жарыста белсенділік танытқан шаңғышылар «Ең жас шаңғышы» Б.Ғабидуллин, «Ең жасы үлкен шаңғышы» Ж.Құлқайыров, «Техникасы үздік шаңғышы» Н.Шайдуллин және аудандық жасөспірімдер туризм орталығы «Белсенділік танытқан үздік ұжым» номинациясына иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.