АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 29.12.2016


МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ – ҚОС ҚУАНЫШ

Күні: , 144 рет оқылды

15731836_226658554410707_6809843048379712655_o 15731961_226658737744022_8154226157804981786_o28 желтоқсан күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин жеке кәсіпкер, «Жиенбай» ЖШС-нің жетекшісі Ахметқали Қарағойшинді, Жалпақтал ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері, жас маман Ботагөз Сағынованың қабылдады. Кездесу барысында округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы ауылымыздың өсіп-өркендеуі жолында және кәсіпкерлік саласына қосқан үлесі үшін жеке кәсіпкер Ахметқали Жиенбайұлына облыс әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хатын табыс ете отырып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Кездесуде Ахметқали Қарағойшин Жаңа жыл қарсаңында құрмет, қошеметі үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сонымен қатар кездесуде ауыл әкімі Жалпақтал ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Ботагөз Сағыноваға тұрғын үйдің кілтін табыс етіп, мереке қарсаңындағы қоныс тойымен құттықтап, шаңырақтарына береке бақыт тіледі. Қабылдау барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы, жастардың анасы Айсәуле Қажиева игі тілектерін айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


«БАЛДЫРҒАН» БҮЛДІРШІНДЕРІ ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Күні: , 148 рет оқылды

15697427_226432581099971_6758014815028179321_n 15731927_226433057766590_610248761068630826_o27 желтоқсан күні «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының «Балдырған» тобында «Келді міне, жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте «Балдырған» тобының бүлдіршіндері әдемі киімдер киіп шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік әндер мен билер орындап, кештің шырайын аша түсті. Ертеңгілікте «Балдырған» тобының ата-аналары да көрініс қойып, кештің жақсы өтуіне атсалысты. Сондай-ақ Жаңа жылдық кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар келіп, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалап, сыйлықтар ұсынды. Осындай шараның жақсы деңгейде өтуіне себепші болған «Балдырған» тобының тәрбиешілері Айжан Құспанқызы мен Жанат Шұғайқызының еңбектері зор деп білеміз.

Жұлдыз АСҚАР


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНДЕГІ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ

Күні: , 96 рет оқылды

15675913_226432284433334_1838004105668060128_o 15724612_226432994433263_2597155663684048693_o 15776672_226432427766653_8441955059006961443_o 15776947_226432024433360_3983331345054600326_o27 желтоқсан күні Қазталов орта мектебінде психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің «Төрлет, төрлет жаңа жыл!» атты мерекелік кеші өтті. Кештің мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді мәдени өмірге араластыру және өнерге қызығушылықтарын арттыруға ықпал етіп, қоғамдық өмірге етене қатысуларына қолдау жасау. Шарада психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Дилара Салықова барша бүлдіршіндерді және ата-аналарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Шара барысында ескі жыл балаларға өткен жылда болған жақсы жаңалықтармен бөлісіп, саушылық тілеп қоштасса, келіп жеткен Әтеш жылы барша көрермендерге өз тілегін білдіріп, бүлдіршіндермен ойындар ойнады. Аяз ата мен Ақшақар да ортамызға келіп, балалардың қуанышын бөлісті. Балдырған балалардың бірі тақпақтарын оқыса, бірі би билеп өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақар да балалар мен ата-аналарына түрлі ойындар ойнатып бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ А.Оразбаева мектебінің оқушысы Перизат Жәрдемова мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалімі Жеңіс Хасанов әннен шашу шашып, ата-аналар «Жеті лақ» ертегісін сахналап беріп, балаларға бір шаттық сыйлағандай болды. Шара соңында «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салтанат Дүйсенғалиева бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН


АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ

Күні: , 147 рет оқылды

15676283_226395971103632_2779214102406766231_o 15676333_226399674436595_588108571809558092_o 15723451_226396947770201_603828851112212688_o 15774732_226396567770239_7361207434416749734_o 15776815_226396291103600_2218292777950837314_oҚашан да төрімізден орын алатын Жаңа жыл қуаныштары жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ, әсіресе, оның балалар өмірінде алар орны айрықша. Аудан әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шыршасы биыл да балаларға естен кетпес қуанышын сыйлады.  27 желтоқсан күні Қазталов орта мектебінде аудан әкімінің шыршасы өтті. Бұл мерекеге ауданымыздың көп балалы отбасылары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың және мектепте оқудан жақсы  көрсеткішке жетіп жүрген оқушылар қатысты. Осындай жарқылы мен жарқыны жарасқан мерекеде аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жеткіншектерді мерекемен құттықтап, еліміздің белді азаматтары болып өсулеріне тілектестігін білдірді. Кештің сәнін Ақшақар мен Аяз ата келтірсе, Алдар  Көсе, ескі жыл Мешін, Буратино, Мальвина, Пьеро, Күлше қыз бен Ханзада мерекенің шырайын келтіріп, ертегі кейіпкерлерінің рөлін тамаша сомдады. Ал шырша тойына келген балалар ертегі кейіпкерлерімен, Аяз ата, Ақшақармен бірге  сиқырлы кітаптың жұмбағын  бірлесе шеше отырып, би-билеп, тақпақ айтып, мерекелік шараны одан әрі  қыздыра түсті. Сондай-ақ шыршада әр оқушы өздерінің даярлап келген өнерлерін көрсетсе,  мерекеге әсем де әдемі киінген балаларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мереке соңында шат-шадыман болған балақайларға мерекелік сый-сияпат пен тәттілер таратылды.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.