АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 27.12.2016


«НҰРЛЫ ЖЕР» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 202 рет оқылды

15675644_226345024442060_3082188693158380195_o27 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі орынбасары Сағынғали Бекжановтың төрағалық етуімен жиналыс өтті. Жиналыста «Нұрлы жер» бағдарламасының жобасы талқыланды. «Нұрлы жер» жобасы бойынша аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Керешов хабарлама жасады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


2017-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Күні: , 198 рет оқылды

15731765_226344194442143_7700427332970924777_o27 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші сессиясы өтті. Сессияда ауданның 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Сонымен қатар «Қазталов ауданыныің құрметті азаматы» атағына лайық деген азаматтар да анықталды. Аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев 2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы қысқаша мағлұмат беріп өтті. -2017 жылға аудан бюджеті 5 миллиард 942 миллион 120 мың теңге болып бекітілді. Оның ішінде өз кірісіміз – 1020 831 мың, субвенция – 3 841784 мың теңге. Республикалық трансферттер – 818 684 мың, облыстық трансференттер – 260 357 мың. 2016 жылдың бекітілген бюджетпен салыстырғанда 28%, ал өз кірісіміз 39,8 % өсіп отыр. Облыстық және республикалық трансферттердің басым бөлігі даму бюджетіне беріліп отыр. Атап айтсақ, Қазталов және Жалпақтал ауылдарын сумен жабдықтауды жалғастыру, Жаңажол, Бостандық, Қайыңды, Ақпәтер, Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық және Қособа елді мекендерін сумен қамту жұмыстарын бастауға, -деді Жанболат Серікқалиұлы.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


НҰРДОС ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Күні: , 154 рет оқылды

15747759_226337191109510_8453779492128651997_n2016 жылдың 21-23 желтоқсан күндері Орал қаласында КСРО спорт шебері Сайлау Мұқашевтың жүлдесі үшін еркін күрестен 2004-2006 жылғы және 2007-2008 жылғы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнир өткізілді. Аталмыш турнирге Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Орал, Тараз, Жаңаөзен қалаларының және Бөрлі, Жаңақала, Ақжайық, Қаратөбе, Алға, Тасқала, Индер, Қазталов, Сырым аудандарынан 300-ге жуық жас спортшылар бақтарын сынады. Осы турнирге Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес тобының жас палуандары қатысып, бақтарын сынап қайтқан болатын. Турнир нәтижесінде 23 кг салмақ дәрежесінде Нұрдос Нурболат қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Нұрдос алғашқы кездесуінде ақжайықтық палуанды ұтса, екінші кездесуінде оралдық палуанды таза жеңіспен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал, жартылай финалда Орал қаласының мықты палуанын 13:12 есебімен жеңіп, финалға шыққан болатын. Финалда Нұрдос тағы да шеберлігін көрсете біліп, Атырау қаласының палуанын 15:14 есебімен тізе бүктіріп, турнир жеңімпазы атанды. Нұрдостың бойындағы жігері мен намысын қайрап, төзімділікке тәрбиелеп, жеңімпаз атануына өз үлесін қосқан бапкері Мейрам Ғиляжевтің еңбегін атап айтқанымыз жөн.

Қайрат ЖАҚЫП


ЕНДІҒОЙ АНАМЫЗҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Күні: , 134 рет оқылды

15698353_226091847800711_8058358943238764594_n«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзін көрерсің» дегендей жылы жүректі жандарға қайырымдылық жасау — біздің парызымыз. Бүгінгі күнде қайырымдылық айлығынан тыс мекеме-ұйымдар арасында игі іс жасау әлі жалғасын тауып келеді. Осы орайда қайырымдылық айлығы шеңберінде Қазталов аудандық ветеринариялық станциясы жалғызбасты зейнеткер, зағип жан Ендіғой Күнісованың шаңырағына барып, қал-жағдайын білді. Сондай-ақ мекеме-ұжым атынан азық-түліктен және 20 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Зейнеткер Ендіғой анамыз аудандық ветеринария станциясының осындай қайырымды ісіне ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АСТАНАДАН ЖЕТКЕН СӘЛЕМДЕМЕ

Күні: , 162 рет оқылды

15675726_1710982309213345_8058413481471595287_o23 желтоқсан күні Жалпақтал ауылдық округ әкімі Самиғолла Ақмурзин ауылымыздағы мектеп, бөбекжай басшыларымен және әлеуметтік сала қызметкерлерімен, кітапхана меңгерушісімен кездесті. Кездесуде округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы Астанадан ауыл азаматы Замир Садықұлы Сағыновтың арнайы Жаңажылдық сәлемдемесін тарту етті. «Қазына» баспасынан басылған танымдық жасөспірімдерге арналған кітапшалар «Туыстар», «Менің денем», «Ағаштар», «Жануарлар», «Жәндіктер», «Құстар», «Балықтар» болып жеті топқа бөлінген. Бұл тарту-таралғы мектеп жасөспірімдері және балабақша бүлдіршіндері үшін ең пайдалы сый болса керек. Кездесуде мектеп, бөбекжай басшылары жерлесіміз Замир Садықұлының жіберген сәлемдемелеріне зор ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ҚУАНЫШ ЖАҚЫПОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШ ӨТТІ

Күні: , 136 рет оқылды

15591231_224825141260715_4069872442185147234_o 15626484_224825121260717_8235878606217257741_o 15676469_224824731260756_745003069477860271_o22 желтоқсан күні Жалпақтал мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, бүкілодақтық халық фестивалінің лауреаты, Р.Ығылманов атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері, майталман күйші, домбырашы Қуаныш Жақыповты еске алуға арналған «Ұрпағың ұлықтайды, ұмытпайды» атты еске алу кеші өтті. Сазгер ақын, термеші, ауданымыздың құрметті азаматы Баян Құбайқызы жүргізген еске алу кешіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова артында өшпестей із қалдырған Қуаныш Жақыповтан тәлім-тәрбие алған шәкірттерін биік белестерді бағындырып, ағамыздың есімі еш уақытта өшпейтінін жеткізді. Сонымен қатар еске алу кешінде Қуаныш ағамыздың үзеңгілес достары айтыскер ақын Дариға Мұштанова, ақын-сазгер Сәрсенғали Бисенғалиев сахна төрінде бірге жүрген күндерін еске алып, күйлері шарықтап, әділдік үшін шырылдап өмір сүрген, артында өшпес із қалдырған Қуаныш Жақыпұлын сағынышпен еске алды. Кеште өзі жетекшілік еткен Р.Ығылманов атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұстаздары Асылхан Болтанов, Гүлгүл Сәтжанова, Аяжан Құттыбаева, Халиолла Хамзаұлы, «Қыз Жібек» термешілер ансамблі, Айдар Досқалиев, Айзада Қибашева, Құндыз Еренбаева майталман күйші, домбырашыға ән-күйлерін арнаса, Нұркен Қажкенов «Ағамен сырласу» атты өлеңін оқып берді. Қуаныш Жақыпұлы 1951 жылы 3 ақпанла Фурманов ауданы, Балықты ауылдық кеңесіне қарасты Таңат елді мекенінде қарапайым ғана шаруа отбасында дүниеге келген. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы училищесінің дирижер бөліміне түсіп, 1976 жылы тамамдаған соң Қазталов саз мектебінде, 1977 жылдан бастап Жалпақтал балалар өнер мектебінде домбыра сыныбы және ұлттық саз оркестрінен сабақ берген. Қуаныш Жақыпұлының ұстаздық жолы, орындаушылық шеберлігі өз алдына бір төбе. 1982 жылы Қуаныш ағамыз алғаш дирижер болып екінші қырынан танылды. 1988 жылы «Халықтық» атақ қорғады. Ал 1996 жылы Р.Ығылманов атындағы «халықты оркестр» атағын алды. Қуаныш Жақыпұлының арманы сауатты оркестр құру еді. Сол кезден бастап аудан, облыс, республика жұртшылығына танымал болған оркестрдің байырғы мүшелерінің өлшеусіз еңбектері, өнер тарихымызда алтын әріппен жазылары анық. Еске алу кешінде ағамыздың жан-жары Айсұлу Сағитқызы, қызы, әрі шәкірті Әсия Қуанышқызы еске алу кешін ұйымдастырған барша ауылдас ағайындарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстары айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАҢА ЖЫЛ ШЫРШАСЫ ЖАҒЫЛДЫ

Күні: , 142 рет оқылды

15493374_224813927928503_3620898519988759919_o22 желтоқсан күні Қазталов ауданы орталығында Жаңа жылдық шырша жағылды. Аудан орталығындағы орнатылған шыршаны Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев пен Қазталов орта мектебінің оқушысы, оқу озаты Ақұлпа Асылбекова жақты. Шыршаны жағу салтанатынан кейін округ әкімі жиылған көпшілікті алдағы тауық жылымен құттықтап, ауданымызда мешін жылы қол жеткізген табыстарды атап өтті. Сонымен қатар округ әкімі 16 желтоқсан күні ауыл тұрғындары Елжан мен Айзат Есенғазиевтердің шаңырағында Бексұлтан атты сәбидің дүниеге келгенін туралы қуанышты хабарды жеткізіп, нәрестенің әжесіне естелік сыйлықтар табыс етті.

Қайрат ЖАҚЫП


МАҚСАТ – ҚОҒАМДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Күні: , 118 рет оқылды

15589956_224768384599724_4633454235811552518_n22 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа қатысушылар алдында ҚРДСӘД министрлігі еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департамент басшысы Сатқан Төлегенов, — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» туралы түсінік берді. «100 нақты қадам» бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі – мемлекет жұмыс беруші және азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, аурудың алдын алу болып табылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізі мақсаты – қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу, барлық тұрғындарды осы жүйеге тарту, экономикалық белсенді емес адамдар үшін мембюджеттен төлеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын болып табылады. Жиналыста осы қаралған мәселе бойынша түрлі сауалдар қойылып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.

Жұлдыз АСҚАР


БАПКЕРІНЕ ТЕМІР ТҰЛПАР СЫЙЛАДЫ

Күні: , 144 рет оқылды

15578283_224145354662027_2285106002601278165_o1990 жылы Ақпәтер орта мектебіне жас ұстаз болып орналасқан Жеңіс Қанатұлы дене шынықтыру пәнімен қатар күрес үйірмесін ашып, екі жыл ішінде аудан жеңімпаздары мен облыс жүлдегерлерін дайындады. Олардың қатарында Шайдолла Түменов, Ержан Сағатбаев, Серік Қартабаев секілді шәкірттері облыстық жарыстарда топ жарса, Батырбек Ихсатов, Алпамыс Бейсенбаев, Есенгелді Айсағалиев, Мерлан Төлегенов, Мерхан Нұрмұханов, Роман Мұқанғалиев, Манарбек Ақболатов, Жанаман Елешов, Серікбай Неғыметов, Құралай Қабырайқызы, Шаттыгүл Дүйсенғалиева, Нұрбол Серіков сынды шәкірттері республикалық, әлемдік додаларда топ жарды. Ақпәтер ауылының тұрғыны, шаруа қожалық жетекшісі Самат Хасанов мерейтой иесін шаруа қожалық жетекшілері, жеке кәсіпкерлері, Жеңіс Қанатұлының шәкірттері атынан құттықтап, темір тұлпарды сыйға тартты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ТАТАМИДЕГІ ТАРТЫСТЫ ДОДА

Күні: , 76 рет оқылды

15591058_224141927995703_7554310697800441335_o 15625624_224142547995641_2087158251938359014_o 15626240_224142397995656_5045760121547936033_oАқпәтер ауылында Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай және ауданымыздың құрметті азаматы, дзюдо күресінен жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы Жеңіс Стамғазиевтің 50 жас мерейтойына арналған 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық турнир өткізілді. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әскербек Нұрмұханов, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, еңбек ардагері Аманғали Дүйсенғалиев, округ әкімі, мерейтойы иесінің шәкірті Есенгелді Айсағалиев, аудандық спорт мектебінің басшысы Айбар Мұғалбаевтар құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар мерейтойы иесіне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан, шаруа қожалықтары атынан, Ақпәтер орт мектебі атынан игі тілектері айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңіс Қанатұлы 1990 жылы Ақпәтер орта мектебіне дене шынықтыру пәнінен ұстаздық қызметке орналасып, сол жылдары күрес үйірмесін ашты. Бапкердің тәрбиелеген шәкірттері республикалық және әлемдік додаларда жеңімпаз атанып, бір халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 спорт шебері, 30-дан астам спорт шеберіне үміткер палуандарды дайындады. Сондай-ақ белдесуді тамашалуға келген Жеңіс Қанатұлының студенттік өмірді бірге өткізген достарымен қоса бірқатар шәкірттері келді. Жарысқа Атырау облысы, Зеленов, Теректі, Жәнібек, Бөрлі аудандарынан және өзіміздің жергілікті округтерден 6 салмақ бойынша 70 жуық жас палуан қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Ернар Қуантқан (26 келі, Атырау облысы), Ақылбек Аманұлы (29 келі, Атырау облысы), Асылхан Зейнуллин (32 келі, Ақпәтер ауылдық округі), Ерсұлтан Сатыбалдиев (35 келі, Ақпәтер ауылдық округі), Қожахмет Шайхыахметұлы (38 келі, Атырау облысы), Алмас Хамидолла (+38 келі, Теректі ауданы) өз салмақ дәрежелері бойынша ешікмге есе жібермей, жеңімпаз атанды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеушілер бекіткен медальдар мен дипломдар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.