АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 20.12.2016


ЕЛ ТӘУЕЛСІЗІДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Күні: , 96 рет оқылды

15419588_222791328130763_4959354988248717549_o 15440538_222790834797479_4267582180482309778_o 15585071_222791618130734_492130733066372111_o 15591056_222791401464089_2784789876218238642_o16 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Қазталов ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев барша жиынға қатысушыларды ел Тәуелсіздігнің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ауылымызда шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосқан бір топ ардагер аналарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ округ әкімі «Семей полигонының жабылуына 25 жыл» медалімен сол полигонда қызмет жасаған азаматтарды марапаттады. Салтанатты жиыннан кейін көрерменнің назарына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оздырылған «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты мекеме ұжымдары қатысқан өнер фестивалінің гала концерті ұсынылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ЖЫЛ ҮЗДІГІ» — ҚАЙРАТ ЖАҚЫП

Күні: , 160 рет оқылды

15591493_222547074821855_6909301080983221637_o15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ауданның «Жыл үздіктері» анықталып, марапатталған еді. Солардың қатарында «АУЫЛ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ ҚАЙРАТ ЖАҚЫП БАР. Қайрат өлең жазады, дизайнер, видео камераны, фотоаппаратты бес саусағындай меңгерген. Тағы бір қыры – жиын — тойларда ұлттық құндылықтарды дәріптеген мәдениетті асаба. Сегіз қырлы, бір сырлы… Өнерің өрге жүзіп, қаламыңмен еліңе қызмет ете бер!- деген тілек білдіреміз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«ТҰҒЫРЫМЫЗ-ТӘУЕЛСІЗДІК, ЕЛДІГІМІЗ-ЕГЕМЕНДІК» САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Күні: , 184 рет оқылды

15418563_222530851490144_5396035969412184293_o 15419645_222532241490005_4243971276481537421_o 15443124_222532521489977_8859972858387226745_o 15540627_222530761490153_5783513388583669284_o 15540993_222532584823304_375354128174570466_o 15578368_222531818156714_3525881454449109146_o15 желтоқсан күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған баяндама жасады. Салтанатты шарада ауданның «Жыл үздіктері» марапатталып және түрлі сала өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар Нұрлыбай Жолдыбаевқа «Жыл меценаты» атағы табысталды. Салтанатты жиын соңы «Киелі Тәуелсіздік» атты бейнефильм көрсетіліп, аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған отшашу болды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ

Күні: , 153 рет оқылды

15443000_222528661490363_1904119596207042975_o 15493808_222528598157036_2615217667199006069_o 15585267_222528801490349_9207860406680084836_o15 желтоқсан күні аудан әкімдігіндегі «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған» мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Шараға қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, аудан дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматтар мен азаматшаларды «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медалімен мапапаттады. Сонымен қатар аудан әкімі облыс басшысы Алтай Көлгіновтің арнайы алғыс xаты мен «Құрмет» грамотасын және аудан әкімінің алғыс xатын да табыстады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Күні: , 134 рет оқылды

15403780_222413194835243_8670313749342572253_o 15403872_222413424835220_8032623388236846524_o15 желтоқсан күні аудан әкімдігінде «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атындағы» мәжіліс залының таныстырылымы өтті. Мәжіліс залы ұлттық нақышта безендірілілген. Киіз үйдің шаңырағы мен керегесі осы Тәуелсіздік залында көрініс тапқан. Сонымен қатар ел егемендік алғаннан кейін ауданда салынған ғимараттар мен ашылған нысандардың суреттері ілінген. Залдың таныстырылымында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр барша қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, ауданда жасалған жасампаз істердің бір парасына тоқталып өтті. Сонымен қатар ауыл ақсақалдарды Тұрақбай Дүйсенов пен Есімxан Меңешов тілектерін айтып, ақ баталарын берді. Ашылған жаңа залда таныстырылымға қатысушылар Астанада ҚР Президентінің қатысуымен өткен салтанатты шараны тікелей эфирде тамашалады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


А.ОРАЗБАЕВА МЕКТЕБІНДЕ «25 ИГІ ШАРА» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

15590875_222412501501979_7558083990806973331_o 15590917_222412318168664_13874930321372543_o 15591013_222412458168650_1131192075532768780_o14 желтоқсан күні А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған «25 игі шараның» қорытынды кешІ өтті. Кешке қатысушыларды мектеп директоры Әлия Ғұсманова құттықтап, барша ұстаздарға осы қиын да жауапты жұмыста аянбай еңбек етіп жүргендері үшін алғысын білдірді. Мектепте 7 қараша-13 желтоқсан аралығында егемендіктің 25 жылдық мерейтойына орай мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында «25 игі шара» атты мектепішілік байқау ұйымдастырылған болатын. Байқау нәтижесіндк «Үздік лездеме», «Үздік сабақ», «Үздік тәрбие сағаты», «Үздік сыныптан тыс шара», «Үздік шығарма», «Үздік сынып»,» Үздік кабинет», «Үздік спорттық шара» сынды аталымдар жеңімпаздарға табыс етілді. Байқау соңында аталған аталымдарды қорытындылай келе » Үздік бірлестік» атағына xимия, биология, геграфия және теxнология пәндерінің бірлестігі ие болды. Сонымен қатар басқа да мектепішілік шараларға белсене қатысқан мектеп мұғалімдеріне естерлік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар шарада мектеп ұстаздары мен оқушылары ән шырқап, мың бұрала би де биледі.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ӘН ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ ЖАНРЫ БОЙЫНША БАЙҚАУ ӨТТІ

Күні: , 140 рет оқылды

15403859_222408261502403_1877975161159375228_o15 желтоқсан күні аудандық жастар демалыс орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» шарасы аясында ән және поэзия жанры бойынша байқау өтті. Байқауға әр сала қызметкерлерінен қатысып, бактарын сынады. Нәтижесінде поэзия жанры бойынша 1 орын Аққанат Аяпбергенова (орталық аурухана), 2 орын Тоғжан Қамжан («Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасы), 3 орынды Әсет Рахимов пен Ләззат Сүйінішқалиева (аудандық орталықтандырылған кітапхана) иеленсе, ән жанры бойынша 1 орын Арайлым Хамзина, 2 орынды Гүлдария Құлмағанбет жеңіп, алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Күні: , 156 рет оқылды

15400921_222401648169731_855907089067453611_nЖелтоқсанның 2–16 күндері аралығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан орталығында мекеме, кәсіпорындар арасында спорттық шаралар фестивалі өтті. Спорттың әр түрінен ұйымдастырылып жатырған шараларға ауданымыздың мекемелері, кәсіпорындары және ауыл тұрғындары белсене қатысты. Бүгінгі күнде жарыс қортындылары төменде көрсетілгендей: Баскетболдан (ерлер арасында) Аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 1 орын, А.Оразбаева атындағы орта мектебі 2 орын, ал 3 орынды балалар жасөспірмдер туризмі орталығы жеңіп алды. «Үздік қорғаушы» атағын Н.Шайдуллин, «Үздік шабуылшы» болып Н.Ахметов және «Үздік ойыншы» деп А.Бисемалиев танылды. Дойбыдан (ерлер арасында) 1 орынды бозабалық А.Қадыров, 2 орын Ж.Шүкіров (Қазталов ОЖББМ), 3 орын А.Жұмағазиев (Тәрбие орталығы) өзара бөлісті. Үстел теннисі (ерлер арасында) 1 орын А.Бисемалиев (А. Оразбаева ОЖББМ), 2 орын М.Қарсақов (А. Оразбаева ОЖББМ), 3 орын С.Хасанов (А. Оразбаева ОЖББМ) Үстел теннисі (арасында) 1 орын Т.Супушева (А. Оразбаева ОЖББМ), 2 орын Д.Халықова (жұмыспен қамту б/мі), А Самат (Қазталов ОЖББМ) Үстел теннисі(командалық) 1 орын А. Оразбаева атындағы орта мектебі, 2 орын аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 3 орын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Волейбол (ерлер арасында) 1 орын аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 2 орын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 3 орын Қазталов орта мектебі ұжымдарының қанжығасында. Ал «Үздік қорғаушы» атағын Д.Мананов (туризм), «Үздік байланыстырушы» атағын Қ.Нұрғалиев (жұмыспен қамту б/мі), «Үздік тосқауыл қоюшы» атағын М.Ибатов (Қазталов ОЖББМ), «Үздік шабуылшы» атағын А.Молдашев (Туризм), «Үздік ойыншы» атағын М.Алмасов (спорт мектебі) жеңіп алды. Волейбол (әйелдер арасында) 1 орын Қазталов орта мектебі, 2 орын білім беру бөлімі, 3 орын А. Оразбаева атындағы орта мектебі командалары иеленді. «Үздік қорғаушы» А.Айдынғалиева (А.Оразбаева ОЖББМ), «Үздік байланыстырушы» М.Нұрмуханова (аурухана), «Үздік шабуылшы» Ж.Қажиекова (білім беру бөлімі), «Үздік ойыншы» Г А.бузарова (Қазталов ОЖББМ) танылды. Шахмат (ерлер арасында) 1 орын А.Жолдыбаев (Қорғаныс бөлімі), 2 орын Қ.Алтаев (аурухана), 3 орын А.Жұмағазиевке (тәрбие орталығы) бұйырды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.