АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.12.2016


ЖАС ПАЛУАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Күні: , 140 рет оқылды

15492409_222135681529661_4188344706637539147_n10-12 желтоқсан күндері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және Атырау облысы Исатай ауданының құрметті азаматы, «Халық емшісі» Зинеден Құрасұлының жүлдесі үшін 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Осы турнирге Орал қаласы командасынының құрамасы сапында Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі тобының тәрбиеленушісі Айымбек Насибуллин қатысып қайтқан болатын. Айымбек 55 келі салмақ дәрежесінде бағын сынап, жүлделі 2 орынға ие болды. Жас балуанның осындай жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы ҚР-ның спорт шебері Әділбек Алғазиевтің еңбегін атап айтуға болады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТУҒАН ЖЕРІМ»

Күні: , 136 рет оқылды

15443259_222056648204231_3199014524528465288_o14 желтоқсан күні «Жадыра» балабақшасының «Балапан» тобында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елім – туған жерім» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте сөз алған балабақша меңгерушісі Венера Малахова шақырулы қонақтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Шара барысында бүлдіршіндер Отан, тәуелсіздік туралы тақпақтарын оқып, әндерін шырқап, «Қара жорға», «Қамажай» билерін бұрала билеп көрермендерді бір серпілтіп тастады. Балаларға тарту ретінде ата-аналар тәуелсіздік туралы өлеңді мәнерлеп оқыса, Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін А.Айтмағанбетов шырқап, бір топ ата-аналар «Тәуелсіздік» флешмоб биледі. Сондай-ақ Елбасы және тәуелсіздік туралы бейнекөрініс те көрсетілді. Шара соңында «Балапан» тобының тәрбиешілері Меңсұлу Ысқақова мен Дана Сәлімова барша қатысушы ата-аналарға ризашлықтарын білдірді. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған етеңгілік үшін ата-аналар атынан рахметімізді айтамыз. Еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


КІТАПХАНАДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Күні: , 124 рет оқылды

15391283_221783118231584_3008179945137004489_o13 желтоқсан күні аудандық кітапхананың оқырмандар бөлімінің ұйымдастырумен «Азаттықты ұрпаққа ұлағат еткен – Тәуелсіздік» атты шара өтті. Шарада сөз алған аудандық кітапхананың әдіскері Гүлжан Базартаева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин және А.Оразбаева орта мектебінің мұғалімі Есбол Едіресов барша шараға қатысушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, тілектерін білдірді. Сондай-ақ ақтан ауыз тигізіп, шара өз жалғасын тапты. Мектеп оқушылары және «Нұрбалапан» балабақшасының тәрбиешісі Тоғжан Кәмжанова, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Әдемі Дәулетова тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, бейнекөрініс те көрермендер назарына ұсынылды. Шара соңында шақырулы қонақтар тәуелсіздікте жеткен жетістіктеріміз туралы ойларын білдіріп, өзара пікір алмасты.

Гауһар ӘДІЛЖАН


АУДАНДЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҮЛДІРШІНГЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Күні: , 140 рет оқылды

15540786_221718241571405_7515861241344901930_o13 желтоқсан күні «25 жұлдызды күн» жоспарына сәйкес аудандық сот қызметкерлері Қазталов ауылының тұрғыны Ұлдана Рахымғалиеваның шаңырағына барып, қайырымдылық көрсетті. Жас ана Ұлдана сәбиі Гүлназымның 1 жас 4 айынан бастап денсаулығының нашарлағанын байқап, дәрігердің көмегіне жүгінген. Осыдан кейін кішкентай Гүлназымның аяғын дұрыс баса алмайтыны анықталды. Тілек пен Ұлдананың анасы Света анамыз: — Кішкентай балапанымыздың осындай ауруға шалдығатынын білмедік. 3 рет ота жасалды. Сол кезде көмек қолдарын созған ұлымның достарына аналық ризашылығымды білдіремін, — деп көзіне еріксіз жас алды. Осыған орай аудандық сот төрағасы Райбек Қайырбеков бүлдіршіннің денсаулығының жақсарып кетуіне тілегін білдіріп, Гүлназымның келесі отасына ұжым атынан қаржылай қолдау көрсетті.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.