АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 13.12.2016


КӘСІПКЕРЛЕРМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУ

Күні: , 136 рет оқылды

15440564_221705368239359_3734819044118719445_o13 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесуде сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімәлиев аудандағы кәсіпкерліктің даму барысы және кәсіп ашқысы келетіндерге арналған бағдарламалар туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Аманжол Нығметов және жеке кәсіпкер Ғалия Шалақашева да кәсіпкерлік туралы пікірлерін білдіріп, жастарға өз ойларын айтты. Кездесуде жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕТІН КҮН ДЕ АЛЫС ЕМЕС

Күні: , 76 рет оқылды

15493747_221448924931670_2540973840713702374_o12 желтоқсан күні ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев іссапармен ауданымызда болды. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов Қазталов ауданының елді-мекендерін газдандыру сызбасымен таныстырды. Бүгінде Қазталов ауданының 29 елді мекені көгілдір отынның игілігін көре алмай отыр. Қазіргі күні бұл елді мекендерге техникалық экономикалық негіздері жасақталып, келер жылдың еншісінде қаржы бөлінсе жобалық-сметалық құжаттары жасақталмақ. Осы кездесуде «Қазталов ауданының құрметті азаматы», ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов бұл меселемен облыс басшысының хабардар екенін, облысымыздың 93,7 пайызының көгілдір отынның игілігін көріп отырғандығын айтып, ауданымыздағы елді-мекендерге көгілдір отын келер жылдың еншісінде шешілсе екен деген өзінің өтінішін білдіріп, көмек сұрады. -2017 жылдың аяғына дейін жобалық сметалық құжаттарыңыз түгелдей дайындалып бітсе, 2018 жылдан бастап, Қазталов ауданының елді мекендеріне газ тарту мәселесін қолға алатын боламыз,-деді кездесу барысында ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қалдыбекұлы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАҢАЖОЛДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІК ЗАЛЫ»

Күні: , 138 рет оқылды

15418509_221448978264998_8107009073545964299_o 15493747_221448924931670_2540973840713702374_o12 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Жаңажол орта мектебінде «Тәуелсіздік залы» ашылып, мұражайдың тұсауы кесілді. Тұсау кесу рәсіміне ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бұл мұражайдан қазақ жерінің айбынын, Алаштың асқақ рухын баяндайтын бабалардың байырғы құндылығын тамашалауға болады десек, кейінгі жас ұрпақтың өткен тарих тағылымын жан-жақты танып-білуіне үлкен мүмкіндік туып отырғанын жеткізіп, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады. Шараға қатысушылар мұражайдың ішін аралап, жаңа жәдігерлермен танысып, үлкен әсер алды. «Тәуелсіздік залының» жабдықталуына Жаңажол ауылдық округінің шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің қосқан үлестерін орасан зор екенін айта кеткен жөн. ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев алғашқы болып, мұражайға өз қолтаңбаларын қалдырды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


КӘСІПКЕРДІҢ ТУҒАН ЖЕРГЕ СЫЙЫ

Күні: , 82 рет оқылды

15418392_221427871600442_560703200726567725_o 15493254_221427834933779_1266596279109125685_o12 желтоқсан Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық елді-мекенінде үлкен қуаныш көптен күткен медициналық пункт ашылды. Жаңа әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылу салтанатына ауыл халқы түгел дерлік жиналды. Бүгінде туған жерінің тұрмысы мен әлеуетінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жандар ауданымызда жетерлік. Сондай жанның бірі сарықұдықтық Нұрлыбай Жолдыбайұлы. Ол туған жері Сарықұдық ауылына өз қаражаты есебінен 5 млн.200 мың теңгеге медициналық пункт салып берді. Енді сарықұдықтықтар алысқа бармай-ақ медициналық пунктте ем-дом қабылдай алады. Тұрғындарды бұл қуанышты сәтпен ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, ауыл тұрғыны Жолдыбай Тапауов, Жалпақтал ауруханасының директоры Алмас Тоғайбайұлы құттықтады. Жаңа әлеуметтік нысанның лентасы қиылған соң мәртебелі меймандар мен жергілікті тұрғындар медициналық пункттің ішін аралап көрді. Мұндағы фельдшерлік кабинет, екпе бөлмесі және акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай жаңа аппараттармен жабдықталып, жұмысқа білікті мамандар ауыл тұрғынның барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің ашылуы тұрғындар жүзіне қуаныш ұялатты. Енді олар кез келген мәселе бойынша жергілікті мамандарға жүгіне алады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҚАЗТАЛОВТА «ӘУЛЕТ» САУДА МАРКЕТІ АШЫЛДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

15419790_221402794936283_3435502850317228889_o 15493357_221402884936274_1318789772739747630_o12 желтоқсан күні Қазталов ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «25 игі іс» аясында «Әулет» шағын сауда маркеті ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің газ өндірісін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев және аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин,- Барша ауыл тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ашылып отырған шағын маркет тұрғындардың игілігіне қызмет жасасын!- деген тілектерін жеткізді. Сонымен қатар шағын сауда маркетінің лентасы қиылып, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашты. Бұл ашылған нысанның иесі «Рахматуллин» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Ғазиолла Рахматуллин. Шағын сауда маркетінің құрылысына кәсіпкер өз қалтасынан 11 млн. теңге қаражатын жұмсап, қол жетімді бағамен ауыл тұрғындардың тұтынуына қажетті тауарлармен қамтып отыр. Сауда нысанының ашылуына келген тұрғындар өздеріне керекті тауарларды сатып алып, қуанышты көңіл-күйде тарап жатты.

Қайрат ЖАҚЫП


ЕМЕН-ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ

Күні: , 84 рет оқылды

15391358_221401084936454_6891905764897009873_o12 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалынының мәжіліс залында «Ұмай» қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуге еліміз Тәуелсіздік алған жылдан бергі басшылық қызмет атқарған алдыңғы толқын апаларымыз, «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты. Кездесуде сөз алған «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлзада Изимова және аудандық мәслихат депутаты Гүлфия Көшбаева,-Тәуелсіздік жылдарында ауданымыздың нығаюына, көркеюіне үлес қосқан аға-апаларымыздың еңбегі ұшан-теңіз. Бірақ соны өскелең ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді. Олардың әрқайсысының өмірі бір өзгеше әлем,-деп барша апаларды мерекемен құттықтап, лебіздерін білдірді. Сондай-ақ кездесуде апаларымыз өз қызметтері барысында жеткен жетістіктері мен кездескен қиыншылықтары туралы сөз өрбітті. Емен-жарқын өткен жүздесуде шақырулы қонақтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Әсем БОЛАТ


РЕСПУБИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Күні: , 130 рет оқылды

15355696_221359261607303_2790874118894968928_n10-11 желтоқсан күндері Тараз қаласында «Балдәурен» продюссерлік орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Шарықта, шырқа, жасқыран!» атты балалар-жасөсіпірімдер байқауы өтті. Байқауға Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Аяна Жүсіпова вокал жанры бойынша бағын сынады. 11-13 жас аралығында жеке дауыста сайысқа түскен оннан астам бүлдіршіндердің арасында Аяна Мақсотқызы француз композиторы Патрисия Карлидің «Pordone moi» және Т.Мұханбетжановтың «Құс жол» әндерін орындап, бас жүлдені жеңіп алды. Осы байқауға қатысып, жүлделі орыннан көрінуіне септігін тигізген жетекшісі Айсұлу Қадырованың еңбегі зор. Сондай-ақ Аянаның Тараз қаласына бару жол шығынын көтерген мектеп мұғалімдеріН айтып өткен жөн болар. Осындай таланатты қызды тәрбиелеп отырған ата-анасын, білім нәрін сусындатып жүрген ұстаздарын құттықтаймыз. Жарайсың, Аяна! Өнерің үстем болсын!

Гауһар ӘДІЛЖАН


ТАЛДЫАПАНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ» АШЫЛДЫ

Күні: , 66 рет оқылды

15419536_221344208275475_3480543798178143158_o12 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Талдыапан ауылында «Тәуелсіздік монументі» салтанатты түрде ашылды. Монументтің ашылу салтанатына ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қатысты. «Тәуелсіздік монументінің» лентасын ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев және ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Орынғали Төкенов қиды. «Тәуелсіздік монументінің» идея авторы – Самат Сейіткереев. Шарада монументті салуға демеушілік жасаған бір топ азаматтар және құрылыс жұмыстарын жүргізген құрылысшылар алғыс хатпен марапатталды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.