АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.12.2016


«25 ЖАС ШАҢҒЫШЫ»

Күні: , 198 рет оқылды

15304205_220997218310174_2538095619995571072_o11 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» шарасы аясында мекеме қызметкерлері арасында «25 жас шаңғышы» шеруі өтті. Спорттық шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов сөз алып, 25 жас шаңғышыларға сәттілік тіледі. Жас шаңғы шерушілер аудан орталығындағы көшелерді аралап, белгіленген орынға келіп тоқтады.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАЛПАҚТАЛДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Күні: , 98 рет оқылды

15419746_220481758361720_6049371330611365067_oБүгін Жалпақтал мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты. -Қазақстан халқы өзінің Тәуелсіздік күнін беделі асқақ, туы биік, мерейі үстем, шаңырағы берік мемлекет ретінде қарсы алып жатыр. Бабаларымыз аңсаған тәуелсіз елдің бүгінгідей кемел дәрежеге жетуі — Елбасының кемеңгер саясатының арқасында болды. Жиырма бес жылдың ішінде біз ата-бабаларымыздың аманатына сай дәстүрімізді жаңғыртып, мемлекет экономикасын нығайтып, халқымыздың әлеуметтік ахуалын түзедік. Өйткені Тәуелсіздіктің қадірі әр қазақстандық үшін ерекше. Бірлігі бекем елдің тәуелсіздігі баянды болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын,-деп өзінің құттықтау лебізін білдірген аудан басшысы «Ертегі» бөбекжайының бір топ тәрбиешілерін «Шығармашыл тәжірибелі ұстаз» төс белгісімен марапаттаса, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин де құттықтауын білдіріп, ауылымыздағы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде егеменді еліміздің көркейіп өсуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосқан бірқатар мекеме-кәсіпорындарға алғыс хат табыс етті. Салтанатты шарада Жалпақтал полиция бөлімінің көші-қон полициясы тобының инспекторы Айнаш Хасанова Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінде кәмелеттік жасқа толғандарға жеке кәулік тапсырды. Салтанатты жиын соңында Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздары мен ауылымыздағы өнерлі ұжымдар өз өнерлерін паш етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Күні: , 134 рет оқылды

15393002_220436258366270_7101059067214004068_oТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мекеме, кәсіпорын қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарысқа аудандық жасөспірімдер туризм орталығы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық Қазақтелеком, Қазталов, А.Оразбаева мектептерінен командалар қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер арасында 1 орынды Айбек Бисемалиев, 2 орынды Медет Қарсақов, 3 орынды Сергей Хасанов иеленсе, әйелдер арасында Толғанай Сұпышова 1 орынды, Дария Халықова 2 орынды, Айгерім Самат 3 орынды жеңіп, алғыс хаттармен марапатталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

Күні: , 134 рет оқылды

15385271_220425848367311_5732436380032281502_o10 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық ауыл шаруашылығы және аудандық ветеринария бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ауыл шарушылығы, ветеринария саласының мамандары және шаруа қожалықтарының өкілдері, ауыл ақсақалдары қатысты. Дөңгелек үстелде еркіндікке қол жеткізгеннен бері еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері, мал басының асылдандыру және қолдан ұрықтандыру жұмыстары туралы қызықты әңгіме өрбіді. Сондай-ақ әңгіме барысында бүгінгі күнде төрт түлік мал ұстаудың тиімділігі, мемлекет тарапынан жасалатын қолдау мен берілетін жеңілдіктер жөнінде де айтылды.

Қайрат ЖАҚЫП


ТАСҚАЛАДА ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ! АУДАНЫМЫЗДЫҢ ТЕАТРЛАРЫ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ ПЕН АТАЛЫМ ИЕГЕРЛЕРІ!!! ҚАЙРАТ АБДУЛОВ — ҮЗДІК АКТЕР!!!

Күні: , 92 рет оқылды

15284881_220152931727936_9137654087053674926_nЕл Тәуелсіздігіне 25 жыл, Тасқала аудандық халық театрына 10 жыл толуына арналған «Азаттықтың ақ таңы» халық театрларының аймақтық фестивалі өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған фестивальдің жабылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева қатысты. Шара қорытындысы бойынша марапаттау рәсімін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы, «Шабыт» фестивалінің лауреаты Нұргүл Жұбатова және Ә.Қастеев атындағы алтын медаль иегері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиев сынды қазылар алқасы жүргізді. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік режиссура» номенациясымен Жалпақтал халық театрының «Қара көзілдірікті келіншек» драмасы марапатталды. Ал Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов атындағы сыйлыққа Қазталов халық театрының «Қызыл орамалды шынарым» драмасы лайық деп танылды. Марапаттан жекелеген актерлер де құр қалмады.Қазталовтық Қайрат Абдулов «Үздік актер» атанды. Ал, жалпақталдық қос актер Нұрбек Мұхамбетқалиев пен Шайзада Елжанова «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел адам рөлі» аталымдарына ие болды. Театр ұжымдарына алғысхаттар мен қоса ақшалай сыйлық табыс етілді. (ақпарат Тасқала аудандық «Екпін» газетінің ресми парақшасынан алынды)

ДАРЫН — ||| ОРЫН ИЕГЕРІ

Күні: , 200 рет оқылды

15284140_220128121730417_4000350068641383065_n2-4 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Турнирде Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Жамбыл, Шымкент қалалары мен Шиелі, Арал, Қазалы, Түгіскен, Мәдениет, Амангелді аудандарынан 305 жас спортшылар бақтарын сынады. Осы турнирге Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі тобының палуандары 55 келіден жоғары салмақта Айымбек Насибуллин, 38 келі салмақта Дарын Сұлтанов, 50 келі салмақта Еркебулан Ерсайынов қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Турнир қорытындысында Дарын Сұлтанов Ақтөбе, Тараз, Ақтөбе, Тараз палуандарын жеңіп, республикалық турнирдің ІІІ орын жүлдегері атанып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Айымбек Насибуллин 55 келіден жоғары салмақта Орал құрама командасымен 10-12 желтоқсан күндері Атырау қаласында өтетін Республикалық турнирге қатыспақ. Айымбек пен Дарынның жаттықтырушысы — ҚР спорт шебері Әділбек Алғазиев.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Күні: , 128 рет оқылды

15326188_220107061732523_4316856136073100011_o9 желтоқсан күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр 1986 жылы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесу өткізді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараға ауданның барлық ауылдарынан сол оқиғаның куәгерлері шақырылды. Кездесуде желтоқсаншылардың кеуделеріне «Желтоқсанның 30 жылдығы» медальдары тағылып, алғыс хаттар табыс етілді. Кездесуде сөз сөйлеген «желтоқсаншылар» Қазақстанның тәуелсіздігін жақындатуға сеп болған, кеңестік қызыл империясының іргесін шайқалтқан әйгілі 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алды.

Жұлдыз АСҚАР


АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ

Күні: , 118 рет оқылды

15419777_220096728400223_2310157044048325364_o9 желтоқсан күні аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен Абайдың қара сөздерін насихаттау барысында кітапханашылармен кездесу өтті. Кездесуге мектеп кітапханашылары қатынасып, аудандық кітапхананың әдіскері Гүлжан Базартаева Абайдың қара сөздерінен мағұлмат берді. Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, — Бүгінгі жастар да, жалпы бәріміз де Абайдың дана сөздеріне үңіліп отыруымыз қажет. Өз бағытымызды, мақсатымызды осы қара сөздерден таба аламыз. Сонда ғана біздің жолымызда кедергілер аз болады, -деді. Кездесуде Қазталов мектебінің ұстазы Абзал Есенғазиев ұлы Абай ойын ортаға салса, кітапханашылар Абайдың қара сөздерінен де үзінділер оқыды.

Жұлдыз АСҚАР


ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 112 рет оқылды

15439946_220077001735529_4948470329348948614_n6-8 желтоқсан күндері Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Батыс Қазақстан облысы Кубогы үшін волейболдан ерлер командалары жарыс арасында өткізілді. Жарысқа облыс аудандары және қала командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Бөрлі ауданы, 2 орынды Жәнібек ауданы, 3 орынды Қазталов ауданының волейболшылары иеленді. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы» атағын ауданымыздың жас волейболшысы Сұлтан Ғұмар жеңіп алды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ»

Күні: , 126 рет оқылды

15304468_220039155072647_5733022902859050231_oҚазталов ауданының әділет басқармасы аудан тұрғындары үшін өз қызметін көрсетіп, халықтың алғысына бөленуде. Сол алғысқа бөленудің өзінде үлкен еңбек, қажыр-қайрат, әрбір қызметкердің үлесі зор екені сөзсіз. 9 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» шарасы аясында аудандық әділет басқармасы мерекелік кездесу өткізді. Кездесуде аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыздың аңсап өткен Тәуелсіздіктің 25 жылында жарқын жетістіктерге қол жеткіздік. Сол жарқын жетістіктерде сіздердің де қосқан үлестеріңіз бар деді, -деді. Кездесу барысында АХАЖ саласында аянбай еңбек еткен қызметкерлеріміздің еңбек жолдары мен қазіргі қызметкерлеріміздің жұмыс барысы туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар аудандық әділет басқармасында ұзақ жылдар қызмет жасап, зейнетке шыққан Райса Данияловаға және басқа да ардагерлерге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын ұсынылды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.