АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.12.2016


ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ БАСТАУЫ

Күні: , 116 рет оқылды

15369260_219299541813275_8605704584810900877_o7 желтоқсан күні дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпаратты түсіндіру бөлімінің инспекторы Ерназ Уахасов, теолог-маман Бауыржан Убалханұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің акт залында ата-аналармен, оқушылармен, ұстаздармен кездесті. Кездесудің мақсаты — деструктивті діни ағымдар және олардың қызметі туралы шынайы ақпараттарды тарату, қоғамды экстремисттік және террористтік әрекеттерден алдын алу және оларда деструктивті діни ағымдардың әсеріне иммунитет қалыптастыру, дін саласындағы заңнаманы түсіндіру. Жиын барысында дәстүрлі діннен кереғар жат пиғылды діни ағымдардың жастар санасын улайтын зиянды насихаттары мен әрекеттері туралы, қолданатын әдіс-тәсілдері жайында сөз қозғалды. 15385518_219299515146611_675414434268978368_oЕлімізде жүргізіліп жатқан шаралар легі ислам дінінің тазалығын, бауырмалдылыққа жетелейтінін түсіндіріп келеді. Адам баласының бойына ең қажетті мейірімділік пен сүйіспеншілік, өзара сыйластық пен кеңпейілділік және тағы да басқа құндылықтарды топтастыратын маңызды қасиеттің бірі — бауырмалдық. Бұл қасиеттің әсіресе, асыл дініміздегі орны өте ерекше. Дінімізде мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды. Бұл қағида — исламдағы ең ұлы ұғымдардың бірі. Сонымен қатар кездесуде қазіргі жастар арасындағы жағымсыз әдеттер талқыланып, мұсылман ерлер мен әйелдердің киім үлгілері қандай болуы керек екендігі сөз етілді. Кездесу соңында оқушылар теолог маман Бауыржан Убалханұлына, дін мәселелерін зерттеу орталығының ақсапартты түсіндіру бөлімінің инспекторы Ерназ Уахасовқа өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өмірлік маңызы бар мәселелерге бей-жай қарамайтындықтарын білдірді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«ТӘУЕЛСІЗДІК МӘҢГІЛІК ЕЛ – МАҚТАНЫШЫМ» ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

Күні: , 156 рет оқылды

15325369_219292945147268_219991831652448819_o7 желтоқсан күні аудандық кітапханада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған «Тәуелсіздік мәңгілік ел – мақтанышым» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш шымылдығы Қазталов орта мектебінің 4 сынып оқушыларының көрінісімен ашылды. Кеште еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы бейнекөрініс көрсетілді. Сондай-ақ шарада ақиық ақын Мұқали Мақатаевтың өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыса, күмбірлете күй тартылып, әсем ән де шырқалды. Шарада оқушылар жан-жақтарыңда ілініп тұрған қабырға қағаздарындағы суреттерге баға беріп, жеңімпаздарды анықтады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ЖАСТАР

Күні: , 142 рет оқылды

15391437_219288508481045_7591472916775466316_oҮлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіп, әрқашан да ізгілікке жол ашып жүретін халық емеспіз бе?! Осындай қасиетті бойымызға сіңіріп, бүгінгі жастардың қарияларымызды қадірлеуі, үлкендерімізді сыйлауы – ол да бір имандылықтың белгісі болып табылады. Осыған орай Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында Қазталов ауылдық округінің жастар жетекшісі Жүніс Жолдыбаев жалғызбасты ана Зеріп Қойшыбаеваның үйіне барып, ардагер анамызға құрмет көрсетті. Осы орайда жастар Зеріп әженің ауласын қардан тазалап, қолғабыс жасады. Сонымен бірге ардақты анамыз осындай қамқорлық жасаған жастардың игі істеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«НҰРЛЫ ЖОЛ — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ФЛЕШМОБЫ

Күні: , 132 рет оқылды

15326206_219282161815013_8566356389577610773_oЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» шарасы аясында Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбында флешмоб өткізілді. Шара аясында «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының қызметкерлері қатысып, Тәуелсіздік нышанының белгісі ретінде 25 санын көкке көтеріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


БОСТАНДЫҚТА «ТӘУЕЛСІЗДІК ЗАЛЫ»

Күні: , 242 рет оқылды

15385462_219263688483527_9005705849298508786_o7 желтоқсан күні Бостандық жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай «Тәуелсіздік залының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында сөз алған БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдәш Ысқақова, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,-ел Тәуелсіздігін паш ететін игі істер жалғасын табуда. Соның бір айғағындай мектепте елімізде тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарды бейнелейтін алып істердің көшірмелері көрініс тауып отыр,-деді. Шараға қатысушылар «Тәуелсіздік залын» аралап, үлкен әсер алды. Айта кету керек осы «Тәуелсіздік залының» игілікке айналуына осы мектептің ұстазы Ахмет Қодаровтың көп еңбегі сіңген. Шара соңы ауыл көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Әсем БОЛАТ


БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

15391340_219205488489347_5049939367820926138_o7 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мекеме, ұйым жетекшілерімен мәжіліс өткізді. Мәжілісте Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев 2017 жылдың мерзімді баспасөзіне жазылу барысы туралы және қыс айында кездесетін қиындықтардың алдын алу туралы хабарлама жасады. Хабарламада көрсетілгендей баспасөзге жазылу барынша ұйымшылдықпен өтті деп айтуға келеді. Алайда осы мәжілісте аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудан орталығының ішкі жолдарын қардан тазарту мәселесіне тоқталды. Шындығына келгенде соңғы екі-үш күннен бері толассыз жауған қар көше және жаяу жүргіншілер жолдарын бітеп тастаса, мекеме-ұйымдардың алдында «АЛАТАУЛАР» пайда болуда. Ал құдай беріп жатқан қалың қардан балалар үшін ойын алаңдарын жасау да қолға алынбай жатыр. Сонымен қатар мұз айдыны аудан орталығында мұндалап тұрған жоқ. Бұған қар тазалаумен айналысатын және қыс айында ұйқыны ұмытуға тиісті коммуналдық мекеме мен төтенше жағдайлар бөлімі жайбасарлық танытуда. Осы мәселелер жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, оның орындалуы қадағаланатыны жөнінде айтылды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Күні: , 150 рет оқылды

15370087_219205271822702_4892169180724257535_o7 желтоқсан күні аудан әкімдігінде «25 жұлдызды күн» шарасы аясында аудан әкімі аппаратының «Нұрлы жол» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин білім беру жүйесіндегі бағдарламалардың орындалу туралы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева 1-12 жетоқсан аралығында ел Тәуелсіздігің 25 жылдығына орай облыс, аудан өкілдерінің ақпараттық насихат топтары ауылдық округ орталықтары мен елді мекендерде болып халықпен жүздесіп, салтанатты шараларға қатысуы туралы хабарлама жасады. Сондай-ақ осы күнге дейін облыстан БҚО еңбек инспекциясының орынбасыр Арман Тұйғынбетов, БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы басшысының орынбасыры Ділдәш Ысқақова қатықаны жөнінде де айтып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«ЖЕЛТОҚСАН –ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ»

Күні: , 120 рет оқылды

img-20161207-wa0011-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f6 желтоқсан күні аудандық жастар демалыс орталығында «Желтоқсан – Тәуелсіздік шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағанбет Сағадденов, аудандық жастар демалыс орталығының директоры Дархан Жалиев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин сөз алып, көрермендерді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ Қазталовка орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев оқушылармен бірге қойылым қойды. Кездесуде Тәуелсіздік құрдастарына естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Күні: , 88 рет оқылды

15384472_218794411863788_1858394923940070087_oТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында аудандық тарихи өлкетану мұражайында шара өтті. Шарада аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Гүлдана Хамитова, ардагер аналарымыз Жұпар Мұхамбетова, Ұлжан Ахметовалар сөз алып, Тәуелсіздік алған жылдардағы жеткен жетістіктерімізге тоқталды. Сондай-ақ аудандық тарихи өлкетану мұражайының жетекшісі Назекеш Адаялиева мұражай құндылықтарына тоқталып, Тәуелсіздік жолында құрбан болған ата-бабаларымыздың ерліктерін сөз етті.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.