АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.12.2016


«ҚАРА КӨЗІЛДІРІКТІ КЕЛІНШЕК» — САХНАДА

Күні: , 114 рет оқылды

15289118_218583575218205_3474839012285613447_o5 желтоқсан күні М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры Сабырбек Олжабайдың»Қара көзілдірікті келіншек» драмасын көрермендер назарына ұсынды. Қойылымның өзекті тақырыбы ұрпақ тәрбиесі. Дүние-түлкi бұлаңдап, қанша қуса да жеткiзбей, кейiпкердiң көз алдынан жалт бұрылады. Кейбір ата-ана бүгінгі байлығы мен лауазымына масаттанып жүріп бала тәрбиесіне қажетті көңіл бөлмейді, келешекте соның кесірін, қырсығын көреді. Шығарма арқауы байлықтың соңына түсiп, бала тәрбиесiн ұмытқан жанның өкiнiшi. Өкінеді, бірақ уақыт өтіп, кеш қалады. Сонымен қоса, өмірде махаббатқа жеңіл қарауға болмайтын қағида тағы бір дәлелденеді. Қойылымның режиссері – ҚР мәдениет қайраткері Нұрлан Шаканаев, режиссері ассистенті Анар Мусина. Қойылымды алғашқы болып Жанар рөлінде Шайзада Елжанова, Серікті Нұрбек Мұхамбетқалиев, ал Аюбай Майлыбаевич – Мержан Дүйсенов, Батырбекті Азамат Дүйсенов сомдады. Сонымен қатар декарация эскизін жасаған, дыбыс беруші Жанат Қалиұлы, Нұрхат Жалмұханов, декарацияға атсалысқан Серік Сахипов, Нұрлан Меңдіғалиев, Русланбек Иманғазиев, суретшісі Талғат Нығматуллин. Қойылым соңында М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының режиссері Нұрлан Шаканаев спектаклге қатысып, ойнаған актерлерге өз ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҚАРАОБАДА ҚЫРАН ҚҰС ТҰҒЫРЫ

Күні: , 94 рет оқылды

15304459_218468615229701_2674058590896676836_o5 желтоқсан күні Қараоба ауылдық округінің іргесінде орналасқан Қыран құс тұғырының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада Тәуелсіздік құрдастары арнайы көрініс қойып, Тәуелсіздік құрдасы Венера Сәрсенғалиева және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы У.Әбішов ашылу лентасын қиды. Осындай мерекелік шара ауыл көркемөнерпаздарының концертіне жалғасты.

Гауhар ӘДІЛЖАН


ҮГІТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ

Күні: , 76 рет оқылды

15319022_218428931900336_3150974302323386833_n

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданның округ орталықтарында және олардың елді мекендерінде «Тəуелсіздігім тірегім» атты шаралар өтті. Осындай шаралар Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз, Ащысай, Бостандық елді мекендерінде жалғасын тапты. Бұл шарада арнайы бөлінген үгіт тобының мүшелері Ел Тәуелсіздігінің ішінде жеткен жетістерге тоқталып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар ауылдағы көркемөнерпаздар мүшелерінің концерттері ұйымдастырылып, аудан жетістіктері туралы слайд көрсетілді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.