АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.12.2016


ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

Күні: , 74 рет оқылды

15356511_218413751901854_2984669791998632254_nЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай облыс, аудан өкілдерінің елді мекендердегі салтанатты шараларға қатысу басталып кетті. Осы орайда аудандық мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Досжан Сәрсеков, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Кенжин Көктерек ауылдық округіне қарасты Сатыбалды, Саралжын, Оразғали елді мекендерін аралап қайтты. Іссапар барысында мекеме басшылары ауыл тұрғындарын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, бір салада бірнеше жыл қызмет жасаған еңбек адамдарына алғыс хаттар марапаттады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚЫСҚЫ ШАҢҒЫ ОЛИМПИАДАСЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 116 рет оқылды

15289238_218060418603854_3321018674273450648_o4 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігінің мерекесіне орай «25 жұлдызды күн» шарасы аясында аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастыруымен қысқы шаңғы олимпиадасының ашылуы өтті. Алғашқы түскен ақшақарда олимпиадаға қатысушылар белгіленген маршуртпен жүріп өтті. Бұның өзі жастарды бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятудың бірден-бір жолы деуге болады. Олимпиаданың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов, аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығының басшысы Нұрлан Жасқалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жұлдыз АСҚАР


«25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» ЖАСТАР ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Күні: , 127 рет оқылды

15235378_217497081993521_4729781882769600515_o2 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған «25 жұлдызды күн» мерекелік шарасы аясында аудандық жастар демалыс орталығының және ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гүлнәр Мырзағалиеваның ұйымдастыруымен мерейлі отбасылармен кездесу өтті. Кездесу кешіне биыл отау құрғандарына 25 жыл толып жатқан Ербай аға мен Назгүл апа, енді ғана жаңа өмірге қол ұстасып, қадам басқалы жатқан Саламат пен Айнұр, Ерғали мен Гүлгүл және Тәуелсіздік құрдастары қатысты. Кездесуге жиналған қонақтар Күләш апа мен Нұрлан ағамыз жастардың жаңа өмірлеріне бақыт тілеп, поэзия мен әннен шашу шашты. Сондай-ақ Тәуелсіздік құрдастары Анюта мен Аспандияр өздерінің Тәуелсіздіктің құрдастары екенін мақтаныш сезіммен жеткізіп, егеменді еліміздің ертеңіне нық қадам басып, аянбай еңбек етеміз деген жалынды жастық тілектерін білдірді. Кездесу жиналған қонақтарға әсем әндер айтылып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жұлдыз АСҚАР


ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАРЫ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ

Күні: , 70 рет оқылды

15250706_217438138666082_8347105254502095640_oЖалпақтал мәдениет үйінде ұжымдардың «Тәуелсіздіктің қарышты қадамдары» атты мерекелік концерті өз жалғасын тапты. 2 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Жиенбай» ЖШС-нің қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, ауыл тұрғындарының қошеметіне бөленді. Осы шарада мекеме басшылары әлеуметтік салада қызмет еткен бүгінде зейнет демалысындағы бір топ ардагерлерін, абыройлы қызмет атқарып жүрген мамандарын марапаттап, естелік сыйлықтар тарту етті. Мерекелік кештің мәресі ұйымдастырған ұжымдардың флеш-мобымен аяқталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА

Күні: , 142 рет оқылды

15271849_217410832002146_6561325160358825091_o1 желтоқсан күні Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай пауэрлифтингтен жасөспірімдер мен қыздар арасында аудандық ашық біріншілік өтті. Ашық біріншілікке арнайы келген Бөкей орда ауданынан келген спортшылар және Жалпақтал спорт мектебі, А.Хұсайынов атындағы орта мектебі,Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында Оралхан Қабдолғазизов 30 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Әділжан Нұртаев 36 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Нұрдаулет Асқаров 40 кг 1 орын /Жалпақтал БЖСМ/ Нұрсұлтан Усахов 48 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Әділхан Нығметов 53 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Шыңғыс Құбайдолла 56 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Ернар Ерниязов 59 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Дулат Жаныбеков 64 кг 1 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Ал қыздар арасында Сағидоллақызы Ұлмекен 40 кг 1 орын /Бөкей орда ауданы/ Әдемі Хамит 40 кг 2 орын /Бөкей орда ауданы/ Акжан Жоламан 48 кг 1 орын /Бөкей орда ауданы/ Гүлсезім Алғазиева 48 кг 2 орын /Қазталов аудандық ОБЖСМ/ Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жалпы командалық есепте І орынға тұрақтады. Штанганы отырып тұрып көтеру түрінен «ең үздік нәтиже» марапатына Дулат Жәнібеков ие болса, жатып сығымдап көтеру түрінен «ең үздік нәтиже» марапатына Әділхан Нығметов иеленді. Ал, штанганы жерден тарту түрінен «ең үздік нәтиже» марапатын Мырзабек Сисенов қанжығалады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.