АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 02.12.2016


НҰРСАЙДА ДА ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

15288591_217045168705379_2874819161768255793_o1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Нұрсай ауылында жасанды жамылғы футбол алаңының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,-бүгінгі ашылып отырған жасанды жамылғы футбол алаңы ауылдың игілігіне жарасын. Осындай іргелі істер ауданымызда көп болса, онда Тәуелсіздіктің бізге берген жемісі деп түсінейік, мереке ұзағынан болсын! –деген тілегін білдірді. Футбол алаңының ашылуының қуанышына келген жұртшылық жолдастық футбол жарысын тамашалады.

Әсем БОЛАТ


ӘЖІБАЙДАҒЫ ФУТБОЛ АЛАҢЫ

Күні: , 153 рет оқылды

15288706_217041322039097_5614455864163379586_o1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Әжібай ауылында жасанды жамылғы футбол алаңының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, -ауданымызда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай игі істер көптеп атқарылуда. Мына ашылып отырған футбол алаңы да соның бір айғағы. Ауылдың спорты дамып, елімізде толағай табыстар жасала берсін,-деген тілегін жеткізді. Футбол алаңының құрылыс жұмысын жүргізген мердігер — Ерболат Исмурзин. Футбол алаңында алғашқы матч та басталып кетті…

Әсем БОЛАТ


«ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН — ТӘУЕЛСІЗДІК»

Күні: , 142 рет оқылды

15259199_216956375380925_6592991555560185285_o 15289215_216957522047477_2813012762131057301_o 15304376_216956862047543_7064273863258389555_o 15304418_216957155380847_5097784873181606479_o 15326094_216957062047523_6198929237814858618_o1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орайластырылған «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты фестиваль аясындағы Қазталов орта жалпы білім беретін мектебі ұжымының «Ел бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» атты концерті өтті. Концерттік бағдарлама мектеп ұжымынан құрылған хордың «Біз — Отанның ұланымыз» ,»Егемен Қазақстан» әндерінің орындалуымен ашылды. Бағдарламада «Күй тартыс» орындаған Еркін Ерболат пен Алихан Максимнің өнерлері жұршылықтың көңілдерінен шықты. Сонымен қатар квартет, триолардың әсем әндері де тыңдармандардың жүрегін баурады деуге болады. Ал, мектептің дефектолог маманы Айдана Кенжеғалиеваның оқушылармен бірге сахнада өнер көрсетуі көрермендерді бейжай қалдырмады. Сондай-ақ қазіргі күнде ұмытылып бара жатқан гитараға қосылып ән айтуды жаңартқан мектеп ұжымының өнерлі тобының да орындаушылық шеберліктерінің жоғары болғанын айтқанымыз жөн. Концертте ұстаздар мен оқушылардың поэзия топтамасын үш тілде орындауы өте сәтті шықты. Әсіресе, ұстаз Абзал Есенғалиев пен Пушкиннің тілінде өлең оқыған оқушының поэзия иіріміне терең бойлап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мектеп ұжымы білім және тәрбиемен қатар өнерді де биік ұстап келе жатырғандарын көрсетті.

Қайрат ЖАҚЫП


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 76 рет оқылды

15304436_216947865381776_6081723512080905405_o1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімінің алғыс хатымен Республикалық және облыстық деңгейдегі байқау жеңімпаздары марапатталды. Олар: 1. МАРАТ БЕҒАЛИЕВ — «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы. 2. АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ХОР ҰЖЫМЫ — облыстық ардагерлер фестивалінің жеңімпаздары. 3. ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНЫҢ ФУТЗАЛДАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ- жоғары лигада ойын көрсетуде. 4. ЖАНАР КӘКІМОВА — «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының облыстық кезеңінің жеңімпазы. (Ұйым төрайымы) 5. ӘСЕМ ХАЛИУЛЛИНА — БҚО Дін басқармасының «Руханият» шығармашылық байқауында 1 орын иегері.

Қайрат ЖАҚЫП


ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Күні: , 128 рет оқылды

15326069_216942508715645_9026534964934048512_o 15235457_216942702048959_7085309946349118724_o1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудан тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық айшықты белестеріне тоқталды. Салтанатты жиында мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдаса, жас отау иелері Ерғали Нәсім мен Гүлгүл Сәрсенованың некелері қиылып, куәлік табыс етілді. Жиын соңында Тұңғыш Президент күніне орайластырылған «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты фестиваль аясындағы Қазталов орта жалпы білім беретін мектебі ұжымының концерті болды.

Қайрат ЖАҚЫП


ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Күні: , 85 рет оқылды

15250926_216634485413114_5524788477598856384_o30 қараша күні Жалпақтал мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, мекеме кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Мерекелік шарада Елбасының егемен елді қалыптастыру жолындағы ерен еңбегін айшықтайтын арнайы бейне материалдар көрсетілді. -Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды,-деп өзінің құттықтауын білдірді аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы. Осы шарада Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне, Жалпақтал аудандық электр торабы мекемесінің құрылғанына 50 жыл толуына орай аталмыш мекеменің бір топ қызметкерлері облыс әкімі Алтай Көлгіновтың, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының құрмет грамоталарымен және бір топ белсенді қызметкерлер «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның төрағасы атынан «Құрметті энергетик» төс белгісімен марапатталды. Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздары Тұңғыш Президентке арналған әндерін аспандата шырқап, мереке көркін қыздырды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


БАСПАНА – БАСТЫ ҚУАНЫШ

Күні: , 84 рет оқылды

15235700_216595462083683_1603506685868127912_o 15271868_216593788750517_6483088108190640645_o 15304172_216594445417118_8911116918907142265_o 15304334_216595395417023_3682483585165894309_o30 қараша күні Тұңғыш Президен күніне орай, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Жалпақталда бір пәтерлік төрт тұрғын үй пайдалануға берілді. Үй иелерін аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жаңа қоныстарымен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті. -Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының өз шаңырағы болуы керек. Былтырғы жылы Жалпақтал ауылында 14 үй пайдалануға берілсе, биыл міне жалпақталдықтар тағы да қоныс тойын тойламақ. Жалпы биылғы жылы ауданымызда 34 ірілі-ұсақты құрылыс жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын тауып атқарылатын болады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын,-деді аудан басшысы. Жалпақтал ауылындағы бұрын бітпеген әскери ғимаратын 4 пәтерлі тұрғын үй етіп күрделі жөндеуге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 22224000 теңгеге бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 17304000 теңгеге «Жолаушы-Жол» ЖШС-гі жеңімпаз деп танылып, толықтай күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтаған болатын. Жаңа пәтер алып, мәсе-сәрі болып қалғандардың арасында жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар, тұрғын үйге мұқтаж және бюджеттік сала қызметкерлері бар. -Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Жаңа пәтерімізді аралап көрдік. Құрылыс жұмыстарының сапасы көңілімізден шықты. Қонысымыз отбасымызға қуаныш әкелсін,– дейді жаңа баспанаға қол жеткізген Жалпақтал ауруханасының дәрігері онколог, мамологы Надежда Васильева.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


БІЛІМДІ ЖАСТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Күні: , 158 рет оқылды

15288506_216568682086361_5889963850243948867_o30 қараша күні «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Жалпақтал мәдениет үйінде «Қазіргі кәсіптік білім – жастар болашағы» атты Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледж студенттерінің форумы өтті. Бүгінде Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде 34 педагог мен өндірістік оқыту шеберлері 200 студентке білім беруде. 2008 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық базасы жақсарып, «Автомобиль және трактор жүргізуші», «Аспазшы», «Электронды есептеу машиналарының операторы», «Сылақшы», «Техник», «Электр газбен дәнекерлеуші» мамандықтарын дайындайды. Соңғы жылдары ауылшаруашылық техникалары екі «МТЗ-82-1» тракторлары, дән сепкіш, жер жыртқыш секілді техникалары келген. Сонымен қатар жүк аутокөліктері, жеңіл аутокөліктерде бар. Форум жұмысына аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жүсіп Шакуов, «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының басшысы Аманжол Нығметов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, еңбек ардагерлері, жеке кәсіпкерлер, Ғ.Молдашев, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Колледж директоры Мағауия Есмағұлов баяндама оқып, колледждің тарихына шолу жасады. Сонымен қатар форумда Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин сөз сөйлеп, студент жастарды білімді, жалықпай еңбек етуге шақырды. Осы шарада бір топ белсенді студенттер облыстық білім басқармасы атынан марапаттарға ие болды. Заман көші алға жылжыған сайын елімізде кәсіптік білімге деген талап күн сайын өсіп келеді. Кадр мамандар оқытып даярлау, тәрбиелеу қашанда актуальды мәселе. Қазіргі кезде кәсіби білімі бар білгір мамандық иелеріне сұраныс жоғары. Кез келген өндіріс орындарында, құрылыста басқа салаларда атқарылатын жұмыстардың тетігі кәсіптік-техникалық білімі бар мамандардың қолында. Мамандық таңдау — өзекті мәселе. Осыны жете түсінген жасөспірімдердің кәсіптік-техникалық білім алуға талпынуы өте құптарлық іс. Форумда студенттер өздерінің сауалдарын қойып тұшымды жауаптар алды. Форумда студенттердің білімдерін аяқтап, өз кәсіптерін ашсақ деген ойларын байқадық. Осы мақсатта біз колледждің директоры Мағауия Есмағұловқа жолыққанымызда: 15235857_215727278837168_7019344191634024988_o-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың: «Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда. Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын», — деген сөзін негізге ала отырып, біздің колледждің білімгерлеріне кәсіптік білім берудің сапасын арттырып, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру — басты мақсатымыздың бірі-дейді бізбен әңгімесінде.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 158 рет оқылды

15178236_216487185427844_624612484856248421_n26- 27 қараша күні Ресей федерациясының Александров-Гай ауданында пауэрлифтингтен ересектер мен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Біріншілікке Красный кут, Клуб Титан – Александров-Гай, Фок Завольжский, Новоузенск, Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және ересектерден Қазталов ауылының құрама командалары қатысты. Жарыс қортындысы бойынша жасөспірімдер арасында 52келі салмақ дәрежесінде Әділхан Нығметов І орын, 60 келі салмақта Нұрымғали Ищанов І орын, 67 келі салмақта Дулат Жәнібеков І орын иеленсе, ересектер арасында 63 келі салмақ дәрежесінде Жігер Жұмашев І орын, 67 келіде Альберт Хайырбаев І орын, 70 келіде Айбол Губашев I орын, 80 келі салмақта Амангелді Ғазизжанов І орын, 110 келіде Жасұлан Құлқайыров І орын, 52 келіде Мейрам Гиляжев ІІ орын, 60 келіде Айдын Елемесов ІІ орын, 75 кг Еркебұлан Ерахов ІІ орынды иеленді. Алдағы уақытта да жерлестеріміздің бағындырар биігі мен алар асулары әлі алда деп білеміз!

«Ауыл айнасы «ақпарат


ЖАРАЙСЫҢДАР!ҚАЗТАЛОВТЫҚ «МЕССИ, РОНАЛЬДОЛАР» ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Күні: , 150 рет оқылды

15319191_216430558766840_5702353175218380873_nЖақында Орал қаласында 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. Жарыста қазталовтықтар жасөспірімдер командасы Сырым ауданын 4-3, Ақжайық ауданын 3-0, Қаратөбе ауданын 1-1 есебімен тең түсіп 1 орынға шықты. Финалдық кездесуде Орал қаласының командасын ұтса, Шыңғырлау ауданын 2-0 есебімен ұтып ЧЕМПИОН атанды. Команда мүшелері осындай жеңістері үшін арнайы дипломмен марапатталды. Жалпы қазталовтық футболшылар жарыстарда үнемі жүлделі орындардан көрініп жүр. Яғни алдағы 2018 жылғы әлем чемпионатын айтпай-ақ қояйық, 2022-2026 жылдардағы әлем чемпионатына қазақстандық футболшылар қатысса, команданың жартысын қазталовтық футболшылар құрайтынына таң қалмаңыздар. Лайым да осындай оптимизммен жүрейік, ағайын!

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.