АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.11.2016


АРХИВТЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Күні: , 142 рет оқылды

15167450_213896302353599_5300266211318663513_oӨткен жолымыздың қандайма дерегін білгіміз келсе архив құжаттарына сүйенеміз. Өйткені ол деректер дәлдікке, нақтылыққа негізделеді. Соның нәтижесінде өткен тарихқа нақты баға бере аламыз. Архив сонымен қатар жеке азаматтардың да, заңды тұлғалардың да құжаттарын сақтайды. Бүгінгі күнде Қазталов ауданының архиві жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын уақтылы орындап келеді. Нәтижесінде архив қызметін пайдаланушылардың бұл мекемеге деген ризашылықтары шексіз. Осыған орай 22 қараша күні Қазталов ауданының архивінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қазталов ауданының архив директоры Назгүл Мұстафина,- архивке 2016 жылы 254 сұраныс түскен. Солардың ішінде ТМД елдерінен де сұраныстар болған. Бүгінгі күнде 83 қор мемлекеттік есепке алынып отыр. Жалпы архивте 17130 сақтау бірлігіндегі құжаттар тұр,-деді. Дөңгелек үстелге қатысқандар архивке қатысты түрлі сауалдар қойып, оған тиісті жауаптар алды.

Әсем БОЛАТ


«ДІН ЖӘНЕ ӘЙЕЛ» АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Күні: , 142 рет оқылды

15168725_213888275687735_7656200730981988766_oӘйелдердің отбасындағы беделі мен қоғамдағы алар орнының жоғары дәрежеге көтерілгенін олардың көшбасшылығы мен іскерліктерінен аңғаруға болады. Әйел – ана, отбасының ұйытқысы, әйел – іскер, қоғам көшбасшысы, әйел – жылулық, барша әлемге мейірім шашып тұратын шапағат шуағы. Иә, әйелдерге қандай теңеу айтсаң да жарасымды. Өйткені олар бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп отыратын қауым. Бүгінгі күнде қоғамда теріс ағымдардың пайда болуы, жастарымыздың соларға ілесуі – болашақ үшін қауіпті құбылыс болуда. Сана-сезімдері қалыптаспаған жастарды діни экстремистік ұйымдар өз мақсаттарына пайдаланып жүргені жасырын емес. Осы орайда жастар тәрбиесінде әйел адамдардың алар орны ерекше. 23 қараша күні аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін және әйел» атты конференция өтті. Конференцияда «Дін және әйел». Қоғамдағы әйелдердің рөлі тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева баяндама жасады. Конференцияда осы мәселеге байланысты К.Меңдәлиев мектебінің директоры Салтанат Өтеғұлова, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Рамиля Сұпығалиева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Конференцияда БҚО дін зерттеу орталығының теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев ислам дінінің қоғамда алатын рөлі туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды. Конференция тақырыбы аясында поэзия, прозадан үзінділер оқылып, слайд көрсетілді.

Жұлдыз АСҚАР


ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Күні: , 144 рет оқылды

15194349_213882652354964_7846989393663966743_o19 қараша күні Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсізідігінің 25 жылдығына арналған 2000-2003 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудан чемпионаты өтті. Бұл чемпионатқа ауданымыздың мектептерінен 9 команда қатысты. Командалар 3 топқа бөлініп, әр топ айналмалы түрде ойын өрнегін танытты. Оза шапқан Қазталов, Көктерек, Бостандық орта мектебі командалары финалға жолдама алды. Нәтижесінде Қазталов орта мектебінің қыздар командасы волейболдан аудан чемпионы атанды. Айта кету керек Қазталов орта мектебі командасы бұл жарысқа жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсете білді. Команданың жаттықтырушысы Дәурен Қабдолов. 2-3 орындарды Көктерек, Бостандық орта мектебінің командалары жеңіп алды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕМЛЕКЕТ – ШЕКАРАДАН БАСТАЛАДЫ

Күні: , 138 рет оқылды

15122914_213786572364572_6754968006811712457_o23 қараша күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 жұлдызды күндер тізбесіне орай «Мемлекет – шекарадан басталады» атты дөңгелек үстел оздырылды. Бұл шараға №2036 әскери бөлімнің Қазталов шекара заставасы, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, Қазталов ауылдық округінің мамандары және ауыл ардагерлері қатысты. Мемлекеттік шекараның қастерлі ұғым екендігін, аумақтық тұтастық пен еліміздің шекарасын қорғауға, туған елдің патриоты болуға тәрбиелейтін бұл шарада аудан аумағандағы шекара қызметі туралы бейнекөрініс пен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесі де көрсетілді. Шарада Қазталов шекара заставасы бастығының орынбасары Бауыржан Жаманбай Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы туралы баяндама оқыды. Сондай-ақ шекаршылар дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайрат ЖАҚЫП


«АСҚАҚТАЙ БЕР, АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚСТАН»

Күні: , 106 рет оқылды

15068956_213556125720950_702411659545352534_o 15110875_213557612387468_5046361408424363544_o 15123101_213557349054161_7042349090220163401_o 15123463_213556935720869_3322256683286041100_o 15129424_213556905720872_7551331273648852994_o 15137639_213557192387510_6558566455137167931_o 15194520_213557819054114_1467238961077675470_oБиылғы жылы ауданымызда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойына орай мекеме ұжымдары арасында «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты өнер фестивалі басталған болатын. 22 қараша күні фестиваль эстафетасын Алма Оразбаева атындағы орта мектебі жалғастырды. Білім ордасының ұжымы аудандық мәдениет үйінде тұрғындар назарына «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Концертте егемен еліміздің тарихымен ұштастырылған көріністер қойылып, тәуелсіздіктің құрдасы жас жеткіншек бейнесі арқылы 25 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз баяндалды. Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген ұстаздар мен оқушылар киелі сахна төрінде мың бұралған билері мен асқақтаған әдемі әндерін шебер орындағандарын айта кеткеніміз жөн. Әсіресе, ұстаздар хоры «Елім менің», «Тәуелсіз Қазақстан» атты әсерлі әндерімен концертке келген халықтың рухын асқақтатып тастады. Сонымен қатар кәсіби әнші болмаса да Кәмшат Молдағалиева, Перизат Жәрдемова вокал жанрын жақсы меңгергендіктерін көрсете білді. «Бәрін айт та, бірін айт» демекші концерттік бағдарламаның тамаша өтуінде ынтымақтық таныта білген Алма Оразбаева атындағы орта мектебі ұжымының қажырлы еңбегі екенін байқадық. Концерт соңында сөз алған Алма Оразбаева атындағы орта мектебінің директоры Әлия Ғұсманова барша көрерменге және концертке ат салысқан аудандық мәдениет үйі қызметкерлеріне ұжым атынан алғысын білдіріп, өнер фестивалінің эстафетасын аудандық білім бөліміне табыс етті. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева сахна төріне көтеріліп, киелі білім ордасы қызметкерлеріне керемет те әсерлі концерттік бағдарламалары үшін көрермендер атынан алғысын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


«Менің елім Қазақстан» атты акциясы өтті

Күні: , 74 рет оқылды

15168930_213425195734043_6266834896679682526_o22 қараша күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Менің елім Қазақстан» атты акциясы өтті. Акцияда мәдениет, білім, қаржы, әлеуметтік салада бірнеше жылдан бері қызмет атқарған мамандармен және тәуелсіздікпен құрдас жастармен сұхбаттасты. Акция аясында сала мамандары өз ойларын жеткізіп, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өз саласында біраз жетістіктерге жеткенін айтып өтті.

Жұлдыз АСҚАР


БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР ЖАРАДЫ

Күні: , 122 рет оқылды

15111050_213408399069056_8923538371102238605_oСпорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Осындай дені сау ұрпақты тәрбиелеуде Бостандық орта мектебінің бокс үйірмесін айтуға болады. Бұл үйірмедегі жасөспірімдер тынбай жаттығып, түрлі жарыстарға қатысып келді. Газетіміздің өткен сандарында жазғанымыздай бұл үйірме түрлі жарыстардан жүлделі оралып келді. Жеңістерімен масаттанбай одан әрі жаттығып, республикалық, облыстиық, аудандық жарыстарға дайындық үстінде. Боксшы өрендер 14-17 қараша күндері Орал қаласында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы БҚО чемпионатына қатысты. Жарыста өздерінің техникалық шеберліктерінің арқасында 54 келі салмақта Наурызбек Есенов пен 48 келі салмақта Айхан Қадырбеков алтын медальды жеңіп алып, Маңғыстау облысында өтетін Қазақстан Республикасының чемптонатына жолдама алды. Ал Жоламан Мақсотов пен Женсерік Ғалымжанов үшінші орынға табан тіреді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА – «25 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН»

Күні: , 80 рет оқылды

15110920_213098692433360_3890902451240399572_o21 қараша күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен жиналыс өтті. Жиналысқа мекеме, бөлім және кәсіпорын басшылары қатысты. -Баршамызға белгілі биылғы жыл еліміз үшін еркеше жыл. Себебі ел Тәуелсіздігіне – 25 жыл. 25 жылдық мерейтойды жоғары деңгейде атап өту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осындай шараның бірі – «25 жұлдызды күн». Бүгін осы «25 жұлдызды күннің» басталуымен баршаңызды құттықтаймын, -деді Зәйлім Мәжитқызы. Жиналыста Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата заңның тарихи маңызын кеңінен паш ету мақсатында аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева «Ата Заңымыздың қабылдану тарихы, осы кезге дейін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы», аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Батырхан Байғонақов «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы кезіндегі халыққа қызмет көрсетудегі жетістіктер туралы» хабарламалар жасады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.