АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.11.2016


1 ЖЕЛТОҚСАН — ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Күні: , 235 рет оқылды

15122865_212054395871123_7967108758853505044_o18 қараша күні «Нұр Отанның» мәжіліс залында «Біздің тұңғыщ Президентіміздің жеткен жетістіктері» атты конференция өтті. Конференцияда Жастар ресурстық орталығының маманы Әліби Жангерей Елбасы туралы қысқаша мәлімет беріп, баяндамашыларға сөз кезегін ұсынды. Ауылдық жастар жетекшісі Жүніс Жолдыбаев, аудандық кітапхананың әдіскері Гүлжан Базартаева, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Бағдәулет Әмір, кітапхана қызметкері Ботагөз Айтмағанбетова Елбасы туралы хабарлама жасаса, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев Елбасы және ел Тәуелсіздігі туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ шарада Қазталов мектебінің оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Конференцияда аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ғалия Ахметова мен еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсенов,- Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» — деп ойлансақ бұл — туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сындарды саясатының арқасында әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының бергенінен әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!-деген пікірлерін білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН ПОЭЗИЯ КЕШІ

Күні: , 131 рет оқылды

15129496_212048732538356_4787739295484569437_o18 қараша күні аудандық жастар демалыс орталығында Нұрия Хабибуллинаның ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасым менің» атты поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты – жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезімімен көрермендер бойына сіңіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнерін көпшілікке паш ету. Кешті Нұрия Хабибуллина шараның мақсатын түсіндіре отырып, Елбасы туралы өлең жолдарымен бастады. «Нұрбалапан» балабақшасының тәрибешілері Айжан Ғилманова мен Тоқжан Кәмжанова өздерінің ел Тәуелсіздігі туралы туындыларын оқып шараның мәнін аша түсті. Сондай-ақ шарада кітапхана қызметкері Әсет Рахимов қазақ тілінің қадір-қасиеті туралы пікірін ортаға салып, Қалқаман Саринның «Тәуелсіздік» өлеңін мәнеріне келтіре оқып, көрермендерге рухани серпілтіп тастады. Ал Қазталов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абзал Есенғазиев өзі шығарған тәуелсіздік туралы өлеңін оқыса, «Қара өлең» үйірмесіндегі 6-7 сынып оқушылары Елбасы және Тәуелсіздік туралы жырларын мәнеріне келтіре оқып берді. Шараға қатысқан басқа да қонақтар өздерінің жүрекжарды тілектерін де білдірді. Шара соңында Нұрия Хабибуллина шақырулы қонақтарға алғысын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН


СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Күні: , 224 рет оқылды

15110509_211736702569559_8314125927913125651_o17 қараша күні аудандық балалар кітапханасында «Оқы да, биіктен көрін!» библио жобасы аясында Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттауға байланысты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Ж.Нәжімеденовтың алдын ала таңдалған өлең жолдарын оқып, таңдаған өлеңіне иллюстрациясын бейнелеу. Байқауға А.Оразбаева мектебінің 6-7 сынып оқушылары байқау ережесін нақты әрі сапалы орындады. Осы байқауда Зейнет Тілеуғали «Үздік суретші» атағын жеңіп алса, А.Хайрукова мен А.Нұрболатова «Сырлы бояу», А.Шакиратова «Жүйрік қиялды», А.Асылбеков «Ұшқыр ойлы», А.Бақберген мен А.Набиоллаева «Ынталы» номинацияларын иеленіп, дипломдармен марапатталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.