АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.11.2016


ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА САҚАДАЙ САЙ ДАЙЫН ЕКЕНДІКТЕРІН КӨРСЕТТІ

Күні: , 88 рет оқылды

15123432_211700389239857_8867806102991927823_oҚылышын сүйреп үскірік аязымен бірге қыс айы да келіп жетті. Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты аудан орталығында алдын-ала қауіптің алдын алу шаралары жүргізілуде. Осыған орай 17 қараша күні табиғи апаттардың алдын алып, зардаптарын жою жөніндегі шұғыл әрекет тобының «Қыс-2017» штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Аудандық шұғыл әрекет ету құрамы 10 қызмет, 83 адам, 30 техникадан құрылған. Аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов, — Барлығын бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Сол себепті сақтансаң – сақтаймын демекші, әрбір адам өз өмірі мен айналасындағыларға жауапкершілікпен қарап, абай болғандары жөн. Қандай да болмасын қауіп-қатерге сақадай сай болуымыз қажет, -деді. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиынында құтқарушылардың қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі мен арнайы техниканың жағдайы тексерілді. Өрт сақшылары, суда құтқару қызметі, полицейлер, жедел жәрдем мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері сап түзеп, дайындықтарын көрсетті.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНДЫҚ СОТ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 98 рет оқылды

15025598_211699955906567_3734070689067853380_o17 қараша күні Қазталов аудандық соты үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Қайырбеков, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және сот мамандары қатысты. Аудандық соттың төрағасы Райбек Қайырбеков, — Біздер осы тұста көбіне-көп мемлекеттік мекемелермен өзара тығыз байланыста болсақ та, үкіметтік емес ұйымдар сот ісіне байланысты ақпараттарды нақты түрде білмей жатады. Міне, осы орайда біз сіздермен, әсіресе жастармен кездесудегі мақсатымыз – сот ісіне байланысты қандай да болмасын мәселені арнайы электрондық жүйе арқылы іске асыруға болатынын жеткізу еді, -деді өз сөзінде. Сонымен қатар әр жеке тұлғада электрондық сандық қолтаңба арқылы сот хабарламаларын жолдау мүмкіндіктерді жергілікті соттардың сайты арқылы «Сот құжаттарымен танысу», «Іс бойынша қосымша құжаттарды жіберу» сервисі іске қосылды. Сотқа жүгінген әр азамат талап-арыз тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына немесе электронды поштасына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға, сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді, -дейді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов. Дөңгелек үстел соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осындай дөңгелек үстелдерді өткізудің маңыздылығын айтып, әруақытта да тығыз байланыста болатындарын жеткізді.

Жұлдыз АСҚАР


КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 88 рет оқылды

15123372_211426359267260_2476221801471746621_o16 қараша күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекелеріне дайындық барысы жөнінде комиссия отырысы өтті. -Мереке қарсаңында жаңа нысандардың ашылуы, мекемелер мен көшелердің безендірілуі талапқа сай болуы керек. Сонымен қатар мерекелерге орай көрмелер ұйымдастыру, мүшайралар, спорттық шаралар өткізіліп, «Елбасы жолы», «Менің балалық шағымның аспаны» кинолары көрсетілуі қажет. Сонымен қатар 13 желтоқсан күні өтетін үлкен шарада «Ауданның құрметті азаматы», «Жыл үздіктері», «Жылдың үздік меценаті» марапаттары тапсырылатын болады. 14-15-16 желтоқсан күндері де концерттер қойылып, түрлі спорттық шаралар өтуі тиіс. Алда келе жатырған үлкен мерекелерді жоғары деңгейде тойлауымыз керек, -деді Зәйлім Исатайқызы.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ОБЛЫСТЫҚ «ЖАУҚАЗЫН – 2016» КӨРМЕСІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫ

Күні: , 100 рет оқылды

15032722_211407069269189_5140245842863099970_nКүні кеше ғана Орал қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «25 талант» атты қолөнер туындыларынан облыстық «Жауқазын – 2016» көрмесі өткен болатын. «Қос өзен таланттары» атты тақырыппен көрмеге ауданымыздан оқушылар қатысты. Ауданымызда он саусағынан өнер тамған жас таланттар көптеп саналады.
Олар талай байқауларда жүлделі орындардан көрініп те жүр. Осы көрмеде «Қос өзен таланттарының» қолымен жасалған дүниелерге көрмеге келушілер аса қызуғышылық танытты. Жасөспірім қолөнер шеберлеріне аудан әкімдігі үнемі қолдау жасап келеді. Осыған орай көрмені ұйымдастыру комиссиясы — Қазталов ауданын жасөспірімдер талантының жол ашылуына үнемі қолдау көрсетіп жүргені үшін алғыс хатпен марапаттады. Ұйымдастыру комиссиясының алғыс хатын аудандық тәрбие орталығының директоры Илан Нағымов аудан әкімі Нұрлан Бекқайырға табыстады.

Әсем БОЛАТ


КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫ – БИЗНЕСТІ ҚОЛДАЙДЫ

Күні: , 262 рет оқылды

15138376_211403962602833_8138453488828940612_oКәсіпкерлік палатасының мақсаты — аймақтарда кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау болып табылады. Осы уакытқа дейін палатаның қол жеткізген нәтижесі ретінде – аудандық әкімдікпен бірлесе отырып, ауданымызда кәсіпкерлердің дамуына өз үлесін қосып келеді. Осыған орай 16 қараша күні аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайршиннің төрағалық етуімен аудандық кәсіпкерлік палатасының есепті жиналысы өтті. Жиналыста аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,-ауданымызда кәсіпкерлік саланың дамытуда атқарылып жатырған жұмыстары туралы айтып өтті. Сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал директоры Аманжол Нығметов,-палатаның тоғыз айда атқарған жұмысынан есеп берді. Бұл мәселе жөнінде кәсіпкерлік палатасы филиалы аудандық кеңесінің төрағасы Сисенғали Нығметов, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Рамиля Сұпығалиева пікірлерін білдіріп, атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды. Жиынға қатысқандар өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде жауаптар алды.

Әсем БОЛАТ


«БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫЗ!»

Күні: , 252 рет оқылды

15055666_211349325941630_1965282762258625286_nҚарасу ауылдық мәдениет үйінде «Ақжелкен» бөбекжай балабақшасы ұжымының ұйымдастыруымен «Біз – тәуелсіз ел ұланымыз!» атты тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Мерекелік шарада Қарасу ауылдық округінің әкімі Эдуард Ешмұқанов ауыл халқын тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Кешті «Балдырған» аралас тобы тәуелсіздікке арнаған тақпақтарымен ашып, бүлдіршіндердің хормен орындаған «Дос болайық бәріміз» әні шараны жандандыра түсті. Бүлдіршін қыздардың «Буратина» биі кешке ерекше көрік берсе, Кәусар Өтеген, Нұрсұлтан Орынғали, Аянат Жұмагелді, Нұрғабыл Өтегеннің орындаған «Қошақаным» әні елдің ерекше қошеметіне ие болды. Сонымен қатар балабақша педагогтарының орындауындағы «Аққу» биі, саз жетекшісі Бейбіт Ерсайынұлы мен балабақша қызметкері Айбар Әнуарбекұлының орындауындағы «Ұлы дала» әні кешке әр бере түсті. Психологтің ұйымдастырған көңілді ойыны көрермендердің көңіл-күйін көтерсе, «Балдырған» аралас тобы балаларының орындауындағы «Спорттық биі» кешті жалғастырды. Кеш соңына көрермендер балабақша тәрбиешілері мен бүлдіршіндеріне қосылып флешмоб билеп, бір сергіп қалды. Шара балабақша педагогтарының орындауындағы «Елге сәлем» әнімен аяқталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛДІҢ ҰЛДАРЫ – ӨЖЕТ, ҚЫЗДАРЫ – ҚАЙСАР, ХАЛҚЫ — ҚАҺАРМАН»

Күні: , 96 рет оқылды

15109415_211335032609726_3271771070500722983_nТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алма Оразбаева мектебінде 7-12 қараша аралығында бастауыш пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұлдары – өжет, қыздары – қайсар, халқы – қаһарман» атты апталық оздырылды. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – өсер ұрпақ бойына өз Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік қасиетін ұялату. Мәңгілік ел болу жолында тәрбие мен білімді ұштастыра отырып, оқушылар бойына адами қасиеттерді сіңіру. Апталық барысында оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. «Тәуелсіздіктті құрметтейік» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Тәуелсіздік – қол жеткен арманым» тақырыбында эссе, шығарма жазу, «Тәуелсіздік – арманым» атты тәрбие сағаттары оздырылып, көрме, сыныптан тыс шаралар, ашық сабақтар, Абайды насихаттауға байланысты шаралар ұйымдастырылып, оған оқушылар белсене қатысты. Апта қорытындысында бірлестік өз өнерін көрсетіп, ұжымға көңіл-күй сыйлады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 122 рет оқылды

15110532_211329435943619_4723336044776038919_o15 қараша күні әкімі аудан Нұрлан Бекқайыр, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Кенжин Көктерек ауылдық округіне қарасты Саралжын (Киров), Көктерек және Қарасу ауылдық округінің Жұлдыз, Қарасу ауылдарында болып, әлеуметтік нысандардың жөндеу және қысқа дайындық жұмыстарымен танысты. Саралжын (Киров) ауылындағы клуб 1959 жылы салынғаннан бері жөндеу көрмеген. Бұрынғы мектеп ғимараты 2011 жылдан бастап ауылдық клуб болып жұмыс жасап келеді. Қабырғалары құлап тұрған бұл мекемені жөндеу үшін биыл аудандық бюджеттен 3 миллион теңге қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жөндеу жүргізетін мердігер де анықталып, «Темірлан» ЖК жұмыстарын бастап жатыр. Ғимараттың қабырғасы кері қаланып, төбесі, терезелері, есіктері ауыстырылатын болады. Клубтың жәй-күйімен танысқан аудан әкімі, -жөндеу жұмыстары сапалы болып, уақытында аяқталуы,- тиіс деді. Сондай-ақ Саралжын, Көктерек ауылдық округтеріндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мекеме қызметкерлерімен кездесті. Жұлдыз ауылында аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы жөндеуден өткен мәдениет үйін аралап көріп, өзен суының жағдайымен танысты. Сондай-ақ ауылға көгілдір отын жүргізілуге байланысты жасалып жатырған жобалау жұмыстарында әлеуметтік нысандардың бәрінің бірдей қамтылуы қажет екендігін де ескертті. Ал Қарасу ауылында тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізіп, оларды толғандырып жүрген мәселелерін тыңдады.

Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА


ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР БІРЛЕСІП ЖҰМЫСТАНУ ҚАЖЕТ

Күні: , 140 рет оқылды

15123366_211322232611006_1072572507869665036_o14 қараша күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин Талдықұдық ауылдық округінде болып, С.Есетов атындағы орта мектепте білім алып жатырған оқушылардың ата-аналарымен мәдениет үйінде кездесті. Аудан басшысының орынбасары ең алдымен С.Есетов атындағы орта мектепте болып, Манарбек Идрисов жетекшілік ететін «АсемСтройПроект» ЖШС-ы жүргізіп жатырған спорт залы мен асхананың жай жөндеу жұмыстарымен танысты. Спорт залы мен асхананың есіктері, терезелері ауыстырылған. Едендері сырланып, алдағы күндері толықтай бітіп, пайдалануға берілмек. Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы ата-аналармен кездесті. Жиналыс барысында мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Ақжол Қазиуллин «Бастаушы білім беру мазмұнын жаңарту: оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі», директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Альмира Бекқалиева І тоқсанның тәрбие жұмысы бойынша, тарих пәнінің мұғалімі Асылхан Қаратаев оқушыларға құқықтық тәрбие беру бағыты бойынша атқарылған жұмыстары туралы хабарламалар жасады. Сонымен қатар кездесуде білім бөлімінің басшысы Ерболат Мұратқалиұлы сөз сөйлеп, жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылардың ата-аналары Нұржан Ғұмаров, Әлия Оразаева, Алмагүл Ибатова, Гүлсезім Нұрболатова, Гүлнар Санкубаева жарыссөзга қатысып, балаларының тәртібінің жақсы екендіктерін айтып, мектепте спорттық құрал-жабдықтардың жетіспейтіндігін, шағын орталықтың төсеніштер мен ыдыс-аяқтардың ескілігін сөз етті. Кездесуде Зәйлім Исатайқызы: -Жалпы біздің жиналысымыз ата-аналарға білім беру саласындағы қандай жаңалықтар бар екенін кеңінен түсіндіру. Білім беру саласы — бай сала. Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі мектептерді «Назарбаев» зияткерлік мектебімен пара-пар етуіміз қажет. Сондықтан да заман талабына сай мұғалімдеріміз курстан өтіп, барынша жұмыстанулары қажет. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналармен өзара түсінісу жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына емес, оның нақты қылығына баға беру керек, міндетті түрде ата-аналармен бірлесе отырып, әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет. Әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелерді үлгі ете отырып, ұстаздар қауымы үлкен өзгерістерге дайын болуы керек. Бастауыш сынып оқушыларына ерекше қамқорлық, шыдамдылық, шеберлік, тапқырлық керек. Оқушылардың деңгейін ескере отырып, оларды мектеп өміріне бейімдеуіміз, жалықпайтындай етіп жұмыс жүргізу керек. Сонда ғана білім нәтижелі болады деп есептеймін. Өзекті мәселелердің бірі ол — суицид. Әсіресе суицидке көбіне қыз балалар ұрынып жатады. Біздің ауданымыз суицидтен қалыспайды. Оның алдын алуымыз керек. Мінез-құлқын айыруымыз қажет. Үйінде қандай жағдай болып жатыр? Ата-анасының жағдайы қалай? Құрбы-құрдастарынан кем қалып жатырған жоқ па? Осының барлығын айыра білуіміз қажет,-деген аудан әкімінің орынбасары басқада түйіткілді мәселелерді сөз етіп, жалпы ата-аналар жиналысын қорытындылады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АРДАГЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

15025155_211078665968696_431394364979910289_o«Менің милициям — менің қорғаным» («Моя милиция меня бережет») -деген В. Маяковскийдің өлеңі бар. Ал бұл өлеңді сонау Кеңес заманы кезінде аға-апаларымыз жаттап өсті. Бірақ қазіргі күнде де бұның мәні жойылған жоқ. Себебі – тәуелсіз еліміздің, оның адамдарының түн ұйқысының тыныш болуы, түрлі бұзақылық әрекеттерден сақтандыруда бүгінгі полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Қоғам болғасын түрлі жағдайлар болып жатады. Міне осындайда біз тәртіп сақшыларына арқа сүйейміз. Ауданымызда да қоғамдық тәртіпті сақтауда ұзақ жылдар қалтқысыз қызмет еткен ардагер ағалар бар. Олардың өнегелі жолдары бүгінгі ізбасарларына үлгі болмақ. Осыған орай 15 қараша күні аудандық ішкі істер бөлімінде құқық саласының ардагері Қадырбек Балғыновты 70 жасқа толған мерейлі мерейтойымен ұлықтау салтанаты өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Әзілхан Қайырханов мерейтой иесін құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ мерейтой иесін аудандық ардагерлер кеңесі, Қазталов ауылдық округі және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіре келе, ардагердің иығына шапан жапты. Осындай құрмет үшін құқық саласының ардагері Қадырбек Балғынов өзінің алғысын жеткізе отырып, ел тыныштығы үшін тәртіп сақшыларының абыройлы қызметтер атқаруына лебізін білдірді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.