АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 14.11.2016


КЕМЕҢГЕР БАБАМЫЗДЫ НЕГЕ «БАЙБАРЫС» ДЕП ЖАЗБАСҚА?!

Күні: , 116 рет оқылды

photo_74988Мысыр мен Шам елдерінің аймағында айбарлы Мәмлүктер мемлекетін құрған әйгілі бабамыздың есімі «Бейбарыс», «Бибарыс», «Байбарыс» болып әртүрлі нұсқада жазылып жүр. Осының қайсысы дұрыс? Қыпшақ-араб сөздігінің түпнұсқа қолжазбасына көз жіберсек, түркі тілдеріндегі үндесік заңын ескере отырып қойылған харакаттары бойынша оқысақ, қыпшақ тіліндегі дыбысталуы /байбарыс/ яғни, «Байбарыс» болып шығады. Қазақ тіліндегі үндестік заңы бойынша дауыссыздардың жуан не жіңішке айтылуы дауыстылардың жуан не жіңішкелігіне байланысты. Ал араб әдеби тілінде керісінше, дауыстылардың жуан не жіңішкелігі дауыссыздардың жуан не жіңішкелігіне байланысты болады. Демек, Бейбарыс есімінің қыпшақ тіліндегі дыбысталуы /байбарыс/, араб әдеби тіліндегі дыбысталуы /бәйбәрс/болады. Қазақ тіліндегі еңбектерде қолданылып жүрген «Бибарыс» нұсқасы араб тіліндегі осы қате нұсқадан ауысқан сияқты. «Байбарыс» нұсқасының дұрыс екеніне бабамыздың көзі тірісінде 1265 жылы өзі салдырған Каир қаласындағы мешіттің қақпасында Фатха харакатымен «Байбарс» деп жазылғанын белгілі шығыстанушы К.Сәки де айтқан. Осыдан келіп бабамыздың азан шақырып қойған аты — «Байбарыс» деп білеміз. Мағынасы – барыстың барысы, нағыз барыс, алып барыс, ең мықты барыс деген ұғымды білдіреді. Олай болса ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойында және елімізді Азия барысына теңеп жүргенде кемеңгер бабамызды неге «Байбарыс» деп жазбасқа.?!

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЖЫЛҚЫ ҰРЛАДЫ, БІРАҚ БОЙЛАРЫНА СІҢІРЕ АЛМАДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

11b053cde9afc6b515c9e2a150e1561e_xlАуданымызда барымташылар азаймай отыр. Қалай азайсын? Жайылымда жүрген семіз жылқы мен сиырды көргенде барымташылардың көздері «қызарып» кететіні сөзсіз. Соның айғағындай Т. Айтқалиев Бостандық ауылының аймағынан жылқы ұрлау үшін арнайы топ құрады. Ол топтың ішіне А. Жапақов, Е. Гиляжев, А. Гиляжевтар кіреді. Содан сөз байласқан олар 2016 жылдың 31 мамыр күні Б. Сағынтаевтың бір жылқысын ұрлайды. Б. Сағынтаевқа 150 мың теңге көлемінде материалдық зиян келтіреді. Бір жылқы бұларға аздық етеді. Енді олар 1 маусым күні жеңіл аутокөлікпен Бостандық ауылына қарасты Қайып қыстағының қасында жайылып жүрген бір үйір жылқыға көздерінің сұқтарын қадайды. Қарап тұрып ұрылар тамсанады… Қалай тамсанбасын?! Осы үйір жылқыны сіңіріп кетсе, миллиондаған теңге шытырлап қалтаға сүңгиді ғой… Содан олар 27 бас жылқы мен 10 құлыншағы бар үйір жылқыны айдап кетіп, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылындағы Шмит қыстағына апарады. Осы жылқылардың иесі Н. Өтеғалиевке 12 млн. теңгеге зиян келтірген. Бұл барымташылар тобы құқық қорғаушылардың құрығына ілікті. Нәтижесінде олардың ұрлықтары дәлелденіп, барымташылар ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағымен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасырын жымқыру белгілерімен және ҚК-нің 188-бабы 4-бөлімі 3-тармағымен ұрлық, яғни бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасырын жымқыруды бірнеше рет, аса ірі мөлшерде жасау белгілерімен 20.07.2016 жылғы сот үкімімен сотталды. Жәбірленушілерге залал толықтай қайтарылды. (деректер аудандық прокуратурадан алынды)

Әсем БОЛАТ


ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН ЛАЙЫҚТЫ АТАП ӨТУ ҚАЖЕТ

Күні: , 108 рет оқылды

15016420_209708816105681_5947726548145809359_o11 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Зәйлім Мәжитова, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым жетекшілері қатысты. — Биыл Қазақстанның дербес мемлекет атанғанына – 25 жыл! Ұлы тойды атап өту жыл басында басталған. Жыл соңына дейін жалғасатын мерекенің нақты жоспары жасалды. Тәуелсіздік тойын лайықты түрде атап өтудің маңызы зор. Дүбірлі тойды өз дәрежесінде атқару міндетіміз. Осы 25 жыл ішінде мемлекетіміздің жетістіктерін паш етуіміз керек. Осыған орай 21 қараша – 15 желтоқсан күндері аралығында «Ұлы дала елі» тақырыбымен 25 жұлдызды күн шарасы өтеді. Әр күннің өз тақырыбы бар. Сондай-ақ 1-15 желтоқсан аралығында әр ауылға, әр елді мекендерге үлкен делегация барып, көрмелер ұйымдастырып, концерт беру жоспарлануда. Сонымен қатар жыл соңында «Ең үздік меценант» аталымы бойынша өз туған жерінінің дамуына үлес қосып, деумеушілік жасап жүретін жомарт жан анықталатын болады. Ал Тәуелсіздікке тарту мақсатында қолға алынған «25 игі іс» аясында жыл басынан бері 17 объект аяқталса, 8 нысан жыл соңына дейін тапсырылады, -деді Зәйлім Исатайқызы. Комиссияда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева баспасөзге жазылудың жай-жапсарына тоқталып өтті.

Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА


ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН

Күні: , 88 рет оқылды

15025475_209705269439369_4069556095766478975_o11 қараша күні аудан әкімі, төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚОФ бас инженері Нұритден Мұхамбет, «Uniserv» ЖШС учаске бастығы Егор Тен, «ДорРемСервис» ЖСШ бас инженері Қанат Ақмурзин, төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының орынбасары Нұретден Құтхожин, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары қатысты. Комиссия отырысында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов хабарлама жасады. -Қазталов ауданы аумағындағы 210 шақырым республикалық маңызы бар жолдарға ДЭУ-41 мекемесі, соның ішінде 60 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырған мердігер «Uniserv» ЖШС компаниясы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді. Күзгі батпақ және қысқы аязды, қарлы-боран кездерінде жолда тұрып қалған жолаушылардың көліктеріне арналған жылыту орындары Жалпақтал ауылында орналасқан. Бірақ бұл орын жол бойынан алыс орналасқан. Ал жолаушылардың жылыну орындары қарастырылмаған. Сол себептерден осы мәселерді шешу үшін жол бойында орналасқан кафе, асхана, автосервис жетекшілерімен келісім-шарттар жасалу керек. Сонымен қатар жолда батып қалған көліктерді сүйреп шығару үшін жол бойында орналасқан елді мекендер, ауылдардағы техникалары бар шаруа қожалықтары, кәсіпкерлермен де келісімге келіп, шарт жасасу тиіс. Ал 195 шақырым облыстық маңызы бар және 524 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдарына «ДорРемСервис» ЖШС күтіп ұстау, қыс кездері қардан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бірақ бұл мекеме жолда қалған көліктерге арналған жылыту орындарын қарастырмай отыр. Осыған орай «ДорРемСервис» ЖШС де автосервис, кафе иелерімен келісім-шарттар жасауы қажет. Сондай-ақ күзгі-қысқы мезгілерде тоқтаусыз жауын-шашын, боранды кездерде аудан орталығынан шалғай елді мекендер жолдарын мердігер ұйымдармен қырып, тазалу жұмыстарына үлгере алмай жатады. Осы мәселені мердігерлер қосалқы мердігерлермен (субподряд) келісе отырып шешсе екен, -деді бөлім басшысы. Комиссия отырысында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр күзгі-қысқы мезгілде төтенше жағдайларды болдырмау, олардың алдын алу, көлік қатынасының тоқтамауы жөнінде айта келіп, -«Қыс – сыншы». Әлеуметтік нысандар, әсіресе білім ордалары жылыту маусымына дайын болулары керек. Электр, газ тиісінше тоқтаусыз берілуі керек. Сондай-ақ ауа райының қолайсыз кезінде жолда қалған жолаушыларға арналған жылыту пункттері барлық елді мекендерде болу қажет. Бұл жұмыстарға бәріміз де жауаптымыз, -деді. Айтылған мәселелерге орай аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


СІЗ, СӘЛЕМДЕСЕ БІЛЕСІЗ БЕ?

Күні: , 114 рет оқылды

15039449_209686692774560_6408004924797060542_oҰл балалар «Ассалаумағағалейкум» деп сәлемдессе, қыздар тіке қарамай қырын тізесін сәл бүгіп, ұяң ғана дауыспен, жанарын төмен түсіріп сәлем беретін болған. Үйге кіріп келген адамды «Сәлемші болсаң төрге шық» деп құрметтеуі де тегін емес. Ашық жарқын сәлемін беріп, шынайы ниетімен келген мейманға халқымыз әркез төрден орын ұсынып, айрықша құрметтеген. Адамның адамгершілігі, тәрбиелігі оның берген сәлемінен белгілі. 11 қараша күні аудандық жастар демалыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 21 қараша – Бүкіләлемдік сәлемдесу күніне орай «Сәлем – сөздің анасы» атты ой-толғау, пікір алмасу шарасы өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, мекеме, қоғамдық ұйым қызметкерлері қатысты. Шараны жүргізген жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина сәлемдесу тарихына сыр шертетін және сәлемдесу мәдениеті арқылы ұрпақ тәрбиесіне ықпал ету жолдары туралы қызықты баяндама жасады. Шараға қатысқан қонақтар,- күні бүгінге дейін ауылды жерлерде бейтаныс адамдардың өзі бір-бірімен амандасып, «жол болсын» айтып жатады. Жастардың арасында да үлкендерге сәлем беру жақсы қалыптасып келеді. Кейде қалада жүріп-ақ көзіне көзің тура түскен адамға үндемей өте шықсаң өзіңнен-өзің біртүрлі қысылып, ыңғайсызданып қалатын кезің болады. Негізі, сәлемдесу қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі болып саналады. Сондықтан осы құндылықтарымыздан айырылмайық,-деген ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты. «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!

Қайрат ЖАҚЫП


ЗАҒИП ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

Күні: , 84 рет оқылды

15002292_209687062774523_4681857279770489975_o13 қараша — Халықаралық зағиптар күніне орай бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханада зағип жандармен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде облыстық зағип жандарға арналған кітапхананың директоры Қаракөз Қасымқызы бейнетаспа арқылы өз құттықтауын жеткізіп, зағип жандарға тілегін білдірді. Кездесу кешінде зағип жандарға логикалық сұрақтар қойылып, тренинг оздырылды. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаевтың «Соқыр ана» өлеңінің желісі бойынша түсірілген бейнефильмді тамашалады. Осыған байланысты «Ашық микрафонда» зағип жандар кітапхана қызметкерлеріне және кешті әнмен әрлеген аудандық мәдениет үйінің ардагерлеріне ризашылықтарын жеткізіп, ақ баталарын берді. Аудандық орталық кітапханада зағип жандармен жұмыс жасайтын кітапханашы Жазира Егізәлиеваның осы шараны ұйымдастыруда еңбегінін зор екенін атап кеткен жөн.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ХОРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 88 рет оқылды

14991467_209674379442458_1263240838139381049_o11 қараша күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудандық ардагерлер хорының мүшелерін қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,-ардагерлердің ауданымыздың мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүргенін айта келіп, алдағы уақытта да өнерден тысқары қалмауларына ақ жол тілей отырып, шаңырақтарында шуақты күндер көп болсын,-деген лебізін жеткізді. Риясыз әңгімеде хор мүшелері аудан әкімдігінің ардагерлерге үнемі қамқорлық жасап келе жатырғандарына алғыстарын айтып, хордың облыста белесті бағындыруға үлес қосқан дирижер Мира Сүндетоваға ризашылықтарын білдірді. Қабылдауда аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудандық ардагерлер хорына алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Әсем БОЛАТ


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ XХI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Күні: , 130 рет оқылды

15025430_209672639442632_2803227522128517789_o11 қараша күні «Нұр Отан» партиясының Казталов аудандық филиалының конференциясы өтті. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Бекқайыр,- Қазталов аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмысынан баяндама жасады. Бұл мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Тереңкөл ауылдық округі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанар Кәкімова, Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаев, аудандық жастар кеңесінің төрағасы Райымбек Нұрекешов жарыссөзге қатысты. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, -партиялық ішкі жұмыстар, оны ұйымдастыру туралы хабарлама жасады. Конференцияда аудандық партия филиалының Саяси кеңесі сайланды. Сондай-ақ конференцияда облыстық партия конференциясына делегаттар сайланды. Конференцияға қатысушылар қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Әсем БОЛАТ


ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ

Күні: , 80 рет оқылды

14991337_209628839447012_6544677171977847785_o11 қараша күні аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен аудан чемпионаты оздырылуда. Бұл чемпионаттың мақсаты — Елбасының ұлт саулығын назарда ұстап, салауатты өмірді қалыптастыруға бағытталған саясатын жүзеге асыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, теннис ойынын халық арасында насихаттау, ауылдық округтер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Жарысқа Қазталов, Жалпақтал, Қараоба, Бірік, Болашақ ауылдық округтерінен 30-ға тарта спортшы қатысуда.

Қайрат ЖАҚЫП


ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ

Күні: , 140 рет оқылды

14940134_209332199476676_3147954679494223354_o 15000076_209340356142527_1548126114227137987_o 15003353_209332532809976_3842566478864214206_oОтбасылық құндылықтардың жоғары болуына ең алдымен Әйел-Ананың еңбегі зор. Ол –шаңырақтағы тағылымды тәрбиенің көзі, сыйластықтың алтын арқауы. Шаңырақтың түтінін түзу ұшыратын да — әйел. Осыған орай 10 қараша күні Жалпақтал ауылында аудандық іскер әйелдер форумы өтті. Форумда аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, — ауданымызда әйелдер араласпайтын сала жоқ. Білім беру саласының 76 пайызын, денсаулық сақтау саласының 90 пайызын әйелдер құрайды. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуда да аудан әйелдерінің еңбегі зор, -деді өз сөзінде. Форумда сөз алғандар әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқтала келіп, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл аудару қажеттігін айтып өтті. Форумға қатысушылар өздеріне қойылған сауалдарына жауап қайтара келіп, осындай кездесулер жиі болу керектігін тілге тиек етті. Форумда қарасулық қолөнер шебері Толқын Моншатаеваның тіккен киімдерінен сән үлгісі және ауылдардан келген іскер әйелдердің қолымен жасалған қолөнер мен тағам өнімдері де таныстырылды. Форумға қатысушы Әйел-Аналарға «Іскер әйел-2016» белгісі мен ескерткіш сыйлықтар табысталды. Форум соңында аудандық іскер әйелдер қауымдастығы құрылып, мүшелері сайланды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.