АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 04.11.2016


ШАРТТЫ ОРЫНДАМАСАҢ, АЛҒАН АҚШАҢДЫ КЕРІ ҚАЙТАР!

Күні: , 78 рет оқылды

14915528_206790979730798_4645430456469362072_nБүгінгі күнде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға келіп жатырған жастар қаншама? Оларға мемлекет тиісті қолдауларын жасап та жатыр. Дейтұрғанмен қолдауға ие болып алып, жастардың өз тілімен айтқанда «лақтырып кететіндер» де баршылық. Жақында Қазталов аудандық соты осындай істі қарады. Олардың бірі — аудандық тәрбие жұмыстары орталығында болса, екіншісі — А.Оразбаева мектебінде жұмыс жасаған. Оларға қалталарына көтерме ақы 98 910 теңгені салып алады. Кейін шартта көрсетілген міндеттерін орындамай, басқа жаққа кетіп қалған. Осыған орай аудандық сот ҚР АК-нің 272-бабына сәйкес оларға шартта көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін алған көтерме жәрдемақыларын қайтару туралы шешім шығарды.

Жұлдыз АСҚАР


БҮЛДІРШІНДЕР «БАРБИМЕН» ЕМЕС, «БАЛ-БАЛА» ОЙЫНШЫҚТАРЫМЕН ОЙНАСА…

Күні: , 130 рет оқылды

14902900_206783946398168_3353750909726964309_o 14940025_206783926398170_2185924828053650438_o“Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла” деген тәрбие қағидасын ата-бабаларымыз өмiр заңына айналдырған. Бүгiнгi бүлдiршiн – ертеңгi ел үмiтiн ар¬қалаған азамат. Баланың ел сүйiнетiн немесе күйiнетiн адам болып қалыптасуына отбасындағы тәрбиенiң тигiзетiн ықпалы орасан зор. Ал бүгiнгi бала тәрбиесiнiң бiр бөлiгi оның “жансыз” достары – ойыншықтар әлемiне тиесiлi. Осыған орай аудан орталығындағы «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасына бас сұқтық. Қазіргі күнде 269 бүлдіршін тәрбиеленуде. Жалпы бөбекжайдағы бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі ойыншықтармен қамтылуы -көңіл қанағаттандырады. Бірақ суретте көрініп тұрғандай кіші топтағы тәрбиеленушілердің түрлі ойыншықпен қамтылуы төмен екені көрініп тұр. Осы мәселе туралы балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Мәнсия Қадыроваға жолыққанымызда, -жыл аяқталғанға дейін ойыншықтардың түр-түріне тапсырыс беріп, алу жоспарда тұр, -деді. Жыл аяғына дейін қажетті ойыншықтар алынар. Бірақ мына мәселеге көңіл аударайықшы. Балабақша – мемлекеттік коммуналдық мекеме. Бүлдіршіндер балабақшадан тәрбие алу, соның ішінде ұлттық тәрбие алып шығулары керек. Аздап шегініс жасасақ, бұрынғы кезде бір шаңырақтың 5-6 қара домалағы әжесінің құшағында жүріп ұлттық нәрге сусындап шығатыны білетін едік. Енді ойыншықтарға көз сүзе отырып, әсіресе кішкентай топтағы кубиктермен ойнап жатырған бүлдіршіндер (әрі ойыншықтары аз) күні бойы не үйреніп шығады? деген де сұрақ туындайды. Ойыншықтарға балабақша әкімшілігі жылдық жоспарға сай тапсырыс бергенде тапсырысты ұтып алушыға техинкалық сараптамасында ұлттық мазмұндағы ойыншықтар алуы керектігі жөніндегі тармақтарды қоса ма екен? Бұл да ойландыратын сұрақ. Бүгінгі бүлдіршіндер суретте көрініп тұрғандай ұлттық реңк бермейтін қуыршақтарға қарап тұрып, үйге келгеннен кейін, -мама, сенің көзің неге көк емес? –деп сәбилікпен сұрақ қоймасына кім кепіл? Міне, осындайларды ескере келгенде мәселе балабақшаны ойыншықпен толтыру мақсат емес, мақсат – ұлттық құндылыққа негізделу керек. P.S. Сонау 90-шы жылдардың ортасында дүкен біткендерде «Барби» толып кеткенін білеміз. Тіпті қазіргі күнде «Барбидің» отбасы үлкейіп, оны шаңырағымен сатып жатқанын да көріп жүрміз. Ал біздің қаракөз бүлдіршіндеріміз Қыдырәлi Болмановтың “Бал-Бала” ойыншықтарымен ойнағанын тәуір көреміз.

Қайрат ЖАҚЫП


АПЫРМАЙ, «А-4» КӨЛЕМІНДЕЙ ДЕ АҚША БОЛАДЫ ЕКЕН ҒОЙ

Күні: , 250 рет оқылды

14889994_206375916438971_6337245039802018510_oМына суреттегі ақшаларға көз салыңыздар. Ақшаның алдының шыққанына 120 жыл уақыт өткен. Былайша айтқанда мына «одинь рубль» 1898 жылы қолданысқа шыққан. Яғни Романовтар династиясы Ресейді билеп тұрғанда «О,құдай патша ағзамды сақтай гөр!» деп шіркеулерде мінәжат еткен заманда пайдаланылған валюталар. 1918 жылы Кеңес үкіметін құрамыз, -деп қызыл жалау ұстағандар кезіндегі де ақшалар бар. Енді осы ақшалар қайда сақталған?, — дейсіз ғой. Сарыөзеннің жағасында орналасқан Жұлдыз ауылының тұрғыны Дүйсен деген ағамыздың жеке экспонатында сақталған. Ал, Дүйсен ағамызда бұдан басқа көнеден қалған жәдігерлер де бар. Бірақ Тәуелсіздігіміздің төл теңгесіне жетер ештеңе жоқ! — дегіміз келеді.

Жұлдыз АСҚАР


«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Күні: , 186 рет оқылды

14883585_206123676464195_2080525530824346421_o2 қараша күні Жалпақтал мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жалпақтал ауылдық округінің орталығында орналасқан мекемелердің осы 25 жылда жеткен жетістіктерін баяндайтын «Тәуелсіздіктің қарышты қадамдары» атты мекемелердің мерекелік концерті басталды. Бұл мерекелік концерттің негізгі мақсаты Жалпақтал ауылының орталығында орналасқан мекемелердің атқаратын қызметімен терең, кең көлемде таныстыру, насихаттау, мекеме қызметкерлерінің ауыл тұрғындары арасындағы беделін көтеру болып табылатын. Мекемелерден алғашқы болып Жалпақтал өнер мектебінің ұжымы бастады. Бұл ұжым өздерінің жеткен жетістіктерін бейнебаян арқылы баяндап, фотокөрме, оқушылардың жасаған бұйымдарын көрсете білді. Жалпақтал өнер мектебінің ұжымы «Назқоңыр» халықтық фольклорлық ансамблі Г.Даукенованың «Жасай бер, Қазақстаным!» атты күйімен кеш шымылдығын ашты. Мұнан кейін Құрманғазының күйі «Балбырауын», аталмыш ұжымның ұстаздары, өнер мектебінің оқушылары, «Қыз Жібек» термешілер ансамблі тамаша кеште әсем әндері мен күйлері ойналып, халықтың зор қошеметіне бөленді. Бұл мерекелік концерт алдағы күндері өз жалғасын таппақ.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖҮРЕКПЕН КӨРЕТІН ЖАНДАР

Күні: , 82 рет оқылды

14889847_206073606469202_19227635093329534_oЗағип жандар тағдырдың маңдайға жазуына орай жанардан айырылды. Бірақ, соған қарамастан өмірдің қиындықтарына мойымай ел қатарлы өмір сүріп жатыр. Жанары көрмесе де жүрегі көретін, өмірді сүюге құштар жандар. Осыған орай 2 қараша күні аудандық жастар демалыс орталығында 13 қараша – дүниежүзілік зағиптар күніне байланысты «Алланың берген әр күнін, Байлықтан артық бағала!» атты мәдени-сазды шара оздырылды. Шараға қатысушы зағип жандарға жастар демалыс орталығының директоры Дархан Жалиев, Қазталов ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Эльмира Оңғарова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов сөз сөйлеп, өз жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Шарада С.Садықов атындағы мәдени демалыс орталығының қызметкері Боранқұл Сәртөк қазақ жырауларының термелерін домбырамен нақыша келтіре орындаса, жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина «Көңіл қымбат» әнін шырқап, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ шараға қатысқан Мархабат Сырымова мен Жеңіс Айдаболов шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, -бүгін бір өте жылы кездесу болды. Жанымыз сергіп, әсем ән тыңдап, рухани байып қалғандай болдық. Бүгінгі кештен үлкен әсер алып отырмыз. Еңбектеріңнің жемісін көріңдер, -деген тілектерін жеткізді. Кеш шараға қатысушылардың қосыла шырқауындағы «Ағаларым» әнімен қорытындыланды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ШЕКАРА БҰЗДЫ. ЖАЗА АЛДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

14922267_205266823216547_122663234729754394_nҚазталов ауылының А. деген тұрғыны 20 тамыз күні шекара тәртібін бұзған. Сөйтіп ҚР-ның шекара туралы заңын бұзды.Қазталов аудандық соты Р-ды ҚК-нің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп танып, сотталған Р.-ға 1 (бір) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілеу туралы үкім шығарды. (Мәлімет Қазталов аудандық сотынан алынды.31.10.2016ж)

Гауhар ӘДІЛЖАН


«Е»-ЛЕР Е-ГЕ ҚОЛ КӨТЕРДІ. ТЕРГЕУ АМАЛДАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 160 рет оқылды

14600919_205254739884422_878866452119695135_n21 қазан күні Әжібай ауылында төбелес болды. «Бұл ән басқа әннен өзгерек» дегендей, бұл төбелес өзгеше төбелес еді. Бірік ауылдық округінің учаскелік полицейі Е. сағат 21:00 шамасында көшеде өзінің қызметін атқару уақытында ішімдікке тойған Е-ні тәртіпке шақырады. Осы кезде Е. көшеде «Нива – 21213» маркалы жеңіл аутокөлігімен кетіп бара жатырған Е- ні шақырып алады. Содан екеуі учаскелік полицейге қол жұмсайды. Қазіргі күнде учаскелік полицейге қол көтергендер ҚР-ның ҚК 380 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. (Мәлімет Қазталов аудандық прокуратурасынан алынды 31.10. 2016ж)

Әсем БОЛАТ


ЕЛІ ҚҰРМЕТТЕГЕН АҒАҒА МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Күні: , 130 рет оқылды

14859839_205205009889395_4418195449796389051_oӨткен жұмада Қайыңды ауылында ұзақ жылдар Ленин атындағы ұжымшарды басқарған білікті басшы Кәкім Құсайыновтың 90 жылдығына орай өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Бұл бастама Қайыңды бастауыш ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен іске асырылды. Кәкім Құскайынов осы ұжымшарда төраға болған кезде Қайыңды ауылы көркейіп, дамыды. Егін шаруашылығы жөнінен ауданымызды күллі республикаға танытты. Әлеуметтік нысандар салынды. Ал, сол салынған әлеуметтік нысандар бүгінгі күнде егемен елдің болашақ жастарына қызмет етуде. Былайша айтқанда Кәкім ағаның Қараөзен бойында орналасқан бұл ауылға еңбегі зор. Мемориалдық тақтаны ашуда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев,- Әркезде де ағалар жүріп өткен жолды бүгінгі ұрпақтың жадында болуы тиіс,-деген лебіздерін жеткізді. Осы шарадан кейін Кәкім Құсайыновтың ұрпақтары дастархан жайып, марқұм рухына құран бағыштады.

Әсем БОЛАТ


ЖАЛПАҚТАЛДЫҢ ҚОС ҚЫЗЫ ЧЕМПИОН

Күні: , 80 рет оқылды

14632941_205123023230927_8311835623012577431_nАудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Ғаділбек Сатыбалдиевтің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп, қос қызы алтыннан алқа тақты. 28-29 қазан күндері РФ Самара қаласында В.М.Кейлинді еске алуға арналған дзюдо күресінен 13 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында ашық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста бүгінде Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған спорт интернатының түлегі, жалпақталдық Элеонора Анарбекқызы 28 келі салмақ дәрежесінде, аудандық спорт мектебінде жаттығып жүрген, Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінің оқушысы 32 келі салмақ дәрежесінде Айшабибі Мұрадымова алтыннан алқа тақты. Ашық турнирде чемпион атанған Жалпақталдың қос қызына алдағы уақытта жеңісті күндер тілейміз.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.