АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Ноябрь, 2016


ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Күні: , 104 рет оқылды

15259317_215677068842189_6635079726733012235_o28 қараша күні «Нұр Отан» мәжіліс залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында қаржы саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев «Теңгенің құрылу тарихы» туралы хабарлама жасады. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілігінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы болып отыр. Ұлттық ақша осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен түрлі қаржы дағдарыстарына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапынан инвестициялық сенімге де ие болды.Қазақстан теңгесі Қазақстанның ежелгі тарихы бар ел екендігін әлемге танытуда. Ерен еңбек пен болашаққа ұмтылыс салтанат құрған ел ретінде танытуда! Теңге ұлттық валюта ретінде біздің еліміздің тарихында тəуелсіздіктің тек экономикалық негізі ретінде маңызды рөл атқарып қана қоймайды. Теңге — біздің тарихымыздың толық қанды бөлігі, өз заманының белгісі. Сондай-ақ аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы бірнеше жыл қаржы саласында еңбек еткен Жаңылсын Садыққызына алғыс хат табыстады. Кездесуде ұлттық теңгеміз туралы слайд көрсетілді.

Жұлдыз АСҚАР


«ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ КЕПІЛІ»

Күні: , 104 рет оқылды

15167655_215267458883150_3907678080355547213_o 15167721_215267425549820_5075543133436544796_oҚазақ халқы ықылым заманнан-ақ бірлік пен татулыққа үлкен мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі деп бағалаған. Халық бірлігі-егемендіктің, мемлекеттіліктің негізі. Қазіргі таңда елімізде 140-тан астам этнос өкілдері бір үйдің баласындай жұмылып, достықты, бірлікті сақтау жолында еңбек етіп келеді. Бұл татулық пен бірліктің кепілі — Тәуелсіздік екені баршамызға аян. 27 қараша күні 25 жұлдызды күндер тізбесіне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ауылымызда тұрып жатырған өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан «Татулық пен бірліктің кепілі» атты шара оздырылды. Шарада сөз алған аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дәулетова,- келген қонақтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, татулығымыз бен тұрақтылығымыз мызғымасын!- деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ шарада ел Тәуелсіздігі мен ұлттар бірлігін насихаттайтын бейнекөрініс пен кітаптар көрмесі көрсетіліп, келген қонақтармен Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы әңгіме қозғалып, татар, орыс және қазақ тілдерінде әндер айтылды. Шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қайрат ЖАҚЫП


ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҰЛЫҚТАҒАН СПОРТТЫҚ ШАРА

Күні: , 111 рет оқылды

15137552_215050405571522_7462900549259516469_o 15259255_215050088904887_1974586286552488149_o26 қараша күні Қараөзен  мектеп-лицейінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай спорттың волейбол түрінен мекемелер арасында жарыс оздырылды. Тәуелсіздікті ұлықтаған спорттық шараға Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігі, Жалпақтал мәдениет үйінің қызметкерлері, Жалпақтал колледжі, Жалпақтал полиция бөлімі, Жалпақтал газ шаруашылық мекемесі, Серік елді мекені, Қараөзен мектеп-лицейі және аудандық «Нұр Отан» партиясы Қараөзен бастауыш партия ұйымы мүшелерінен  құралған «Нұр Отан» командалары қатысты. Жарыстың ашылуында Қараөзен бастауыш партия ұйымының төрағасы Артур Батырбекұлы аудандық «Нұр Отан» партяисы филиалы атынан спорт ардагері Замир Шәкірұлын алғыс пен марапаттап, иығына шапан жапты. Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді. Күш-жігермен өткен әдемі ойында 1-ші орынды еңбекпен Жалпақтал колледжі жеңіп алды, екінші орын Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты, үшінші орын тұғырына «Нұр Отан» командасы көтерілді. Жеңімпаз командаларға кубоктар мен грамоталар тапсырылды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Күні: , 154 рет оқылды

15123339_215031675573395_7221274776085682579_o 15167614_215032912239938_2390429568150665715_o 15259267_215031975573365_2548874685083512953_o 15259626_215032488906647_4447538541878291042_o26 қараша күні Жалпақтал мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінің «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерті оздырылды. Концерттік бағдарламаны Рауан Байжұмашев, Гүлжанат Амангелдиева, Гүлбарам Лұқпанова үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) жүргізіп, кештің шырайын кіргізді. Мерекелік шарада еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы бейнебаян көрсетілді. Жалпы К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің ірге тасы 1991 жылы қаланып, 1993 жылы ел игілігіне пайдалануға беріліп, оқушыларға есігін айқара ашқан болатын. Сонымен қатар мектептің бастауыш сынып оқушылары Тәуелсіздік, мектептің тарихы жайлы жыр-шумақтарын арнады. Осы кеште мектептің басшысы Салтанат Кәрімқызы құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарға естелік сыйлықтар тарту етті. Осы мерекелік кеште мектептің ұстаздар қауымы мен оқушылары әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін, мың бұралған билерін арнады. Мерекелік шарада желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздікке жеткен  жетістіктері жайлы көлеңкелі қойылымда көрсетілді. Мерекелік концертте бейнебаян арқылы осы мектептің түлектері өздерінің құттықтауларын арнаса, 2007 жылғы мектептің түлегі, саксафон асбабын жетік меңгерген Мейірбек Қаберов, облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әртісі Ақсамал Қанатқалиева ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Мектеп ұжымы атынан сахна төрінде өнер көрсеткен К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінің түлектері Мейірбек Қаберовке, Ақсамал Нұрболатқызына естелік сыйлық тарту етілді. Тамаша кештің куәсі болған ауыл тұрғындары зор ризашылықтарын білдірді, тарқасты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ТУРНИР ӨТТІ ЖАЛПАҚТАЛДА ЕЛЕНБЕГЕН

Күні: , 104 рет оқылды

15250745_214979908911905_304636361432948570_oЖалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебі жыл сайын ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтың жүлдесіне арналған облыстық турнир өткізіп келеді. Бұл облыстық турнир биылда өз жалғасын тапты. Ия, Нұрлан Қауметовты танымайтын адам кем де кем шығар. Аудандық спорт мектебі ұйымдастырған облыстық турнирге сонау Бөкей орда, Ақжайық, Жаңақала, Зеленов аудандарынан өзіміздің ауданымыздың ауылдық округтеріне 120-ға тарта палуандар қатысты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және ауданымыздың спортының биіктен көрінуіне, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында, ауданымыздың палуандарын бірнеше рет республика, облыс, халықаралық және әлем чемпионаттарында биікке жеткізіп, еліміздің көк байрағын биіктен желбіреткен, «Қазталов ауданының құрметті азаматы», самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт ардагері Нұрлан Қажиақпарұлы Қауметовтың турнирі аудан тарапынан ескерілмей, еленбей қалғаны өкінішті, әрине. Бұл облыстық турнирге облыстық жоғарғы жетістіктер спорт мектебінің басшысы Абай Меңдешұлы облыстық спорт басқармасы атынан алғыс хатпен және иығына шапан жауап жатқанда, біздің мәдениет, спорт бөлімінің ұйықтап жатқаны ма? Ауданымыздың құрметті азаматы, ауданымыздағы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Қажиақпарұлының облыстық деңгейде өтіп жатқан жарысына аудан тарапынан қолдау болмаса, бұл турнирдің не қажеті бар? Бұны қалай түсінуге болады? Бір ауданда тұрып, біріміздің жақсылығымызды бөліспесе, бір-бірімізге қолдау білдірмесе біздің қазақылығымыз қайда? Ия, бүгін біз ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнирдің ашылу салтанатына қатысып, облыстық көлемде өтіп жатқан жарыста аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысын немесе мамандарын, осы салаға жетекшілік етіп отырған азаматтарды көре алмадық.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

Күні: , 113 рет оқылды

15129570_214967265579836_7012475233853701772_o 15156881_214967485579814_6311846920612522688_o 15252739_214967698913126_7775745458750089657_o 15259453_214967505579812_7958631329157731297_o26 қараша күні Жалпақтал ауылында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир оздырылды. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық жоғарғы жетістіктер спорт мектебінің директоры Абай Бакманов, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Ержан Ермұханов сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тілесе, облыстық жоғары жетістіктер спорт мектебінің директоры Абай Меңдешұлы облыстық спорт басқармасы атынан Нұрлан Қажиақпарұлына алғыс хат пен иығына шапан жапты. Жалпы бұл жарысқа Ақжайық, Бөкейорда, Жаңақала, Зеленов, Қазталов, Жалпақтал ауылдық округінің командаларынан 8 салмақ бойынша 120 палуан белдесуде. Сонымен қатар Нұрлан Қажиақпарұлының шәкірті, дзюдо күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, жастар арасында дзюдо күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Бейбіт Мәдиев қатысып, жаттықтырушысы Нұрлан Қауметовке өзінің игі тілегін арнады. Осы жарыстың өтуіне атсалысып, демеушілік танытқан «ЛУК-ОЙЛ» мұнай өндіру компаниясының бас инженері Армат Оңғарға зор ризашылықтарын білдірді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Күні: , 104 рет оқылды

15123412_214702505606312_1010770242462628693_o 15128809_214702242273005_6183096249636030309_o 15137417_214702288939667_8673720997270000303_o 15195994_214701698939726_3322352248551394326_oТәуелсіздіктің 25 жылдығына 21 күн уақыт қалды. Осы айтулы мерекеге орай ауданымызда жыл басынан бастап түрлі шаралар өз деңгейінде өтіп келеді. Бүгінде мерекеге арналған сондай шаралардың бірі аудандық білім беру бөлімінің «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Міне, осындай концерттің бірден-бір ерекшелігі — өз саласының білгір де, білікті мамандары киелі сахнада өз өнерлерін көрсетіп, бір сәт өнер әлеміне саяхат жасау келгендей күй кешеді. Бүгінгі кеште де болашақ ұрпақты тәрбиелеп жатқан жандардың арасынан өнерді кие тұтқанын аңғарғандай болдық. Бір ұжымды біріктіріп, әрбір үйдің ерке бүлдіршіндерінің дұрыстап тәрбиеленіп шығуына әр тәрбиешіге тәртіп беріп, қадалағалап отырған ол – балабақша меңгерушілері. Кеште аудандағы «Нұрбалапан», «Ақбота», «Жадыра» балабақшаларының меңгерушілері үш тілде Тәуелсіздік туралы өлеңдерді мәнеріне келтіре оқып, көрермендерді таңдандырды. Сондай-ақ «Қазақстан», «Қазақстан бақыты» (жеке дауыста Р.Насыров, А.Нығметова) әндерін хормен шырқаса, Лилия Әбілхайырованың «Тәуелсіздікке арнауы», А.Жалмұқанованың «Мерекеңмен елім», А.Хамзинаның «Атамекен», М.Айтмағанбетовтің «Егемен Қазақстан», А.Кенжеғалиеваның «Ауылым-әнім», Л.Әбілхайырова, Мөлдір Сапашева, А.Хамзинаның орындауындағы «Алтын бесік» әндері көрерменнің көңілінен шығып жатты. «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасының ұжымы «Аққу», «Ұлттар» билерін мың бұрала билеп, көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады. Кеш соңында білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Ринат Мәулетқалиев «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты өнер фестивалінің эстафетасын Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Әлия Жақсыбаеваға табыс етті.

Жұлдыз АСҚАР


САҒЫМҒА АЙНАЛҒАН «САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫС»

Күні: , 98 рет оқылды

15110422_214627698947126_1429613642022524440_o 15252527_214627618947134_1425280411538510010_oЕлімізде құрылыс қарқыны қызып тұр. Жер-жерге барсаңыз, осындай тіршілік ауанын көруге болады. Ішіміз жылып, көңіліміз өсіп қалады. Бүгінде Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болғанына міне 25 жылдың жүзі болды. Осы жылдарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, атам заманнан қалған көне ғимараттарды жаңартуға көңіл бөлінді. Бұл еліміздің дамығанының белгісі. Еліміз Тәуелсіздікке ие болған 25 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Үлкен қалаларды айтпағанда, қарапайым, шағын ауылдардың өзі де көз алдымызда өсіп-өркендеуде. Аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Жалпақтал ауылында да бір сыпыра игі істер қолға алынды. Ауылымыз абаттандырылып, ауылішілік жолдарымызға асфальт жол, жауя жүргіншілерге арналған тротуар төселіп, орталық саябағымыз жаңарып, еліміздің патриот азаматтары өздерінің қол таңбаларын қалдырды. Дегенмен әлі күнге шешімін таппай, өз кезегін күтіп тұрған ауқымды істер де жетерлік. Солардың бірі ауылдағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің жанында орналасқан, қараған көзге «Қожанасырдың тамындай» болып көрінетін қосалқы ғимараттың бітпей тұрғандығы көз салған адамға оғаш көрінетіні шындық. Әдетте, құрылысы ұзаған нысанды «Сақалды құрылыс» деп жатамыз. Жарты жолға келіп тоқтап қалған бұл ғимараттың «сақалы» жерге жетуге таяу. Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған жылы құрылысы басталған бұл мектеп 1993 жылы ел игілігіне беріліп, оқушыларға есігін айқара ашты. Ал жанында орналасқан екі қабатты қосалқы ғимаратың ірге тасы қаланып, бірақ аяқталмай қалған болатын. Себебі дәл осылай «Айдаладағы ақ отау, аузы-мұрыны көп отау» болып сілейіп тұрғанына 25 жылдың жүзі болды. «Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» демекші жыл сайын өтетін әкімдердің есеп беру жиындарда мәселе ретінде көтерілді. Бірақ…. -Бүгінде мектебімізде 480 оқушы білім алуда. Бірақта сынып топтамалары көбейіп, сыймай жатамыз. Сынып топтамасы көбейген мектебімізде бір денешынықтыру залы аздық етеді. Сонымен қатар алғашқы әскери дайындық кабинеті де стандарқа сай емес. Негізі алғашқы әскери дайындық кабинеті болған соң олардың қару сақтайтын қоймасы, зертханасы бірге болу керек. Мектебіміз салынғаннан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Бұл қосалқы ғимаратқа жан бітер түрі жоқ. Мектеп жанындағы екі қабатты қосалқы ғимараттымызды ауданымызға басшылық қызметке келген әкімдерімізге де айттық. Істелініп жатқан ештеңе жоқ. «Баяғы жартас, бір жартас»-демекші әлі шешімін табар емес,-дейді мектеп басшысы Салтанат Кәрімқызы. Ал мектептің шаруашылық жөніндегі орынбасары Есболат Батырғалиевтің айтуынша бұл екі қабатты қосалқы ғимараттың бірінші қабаты шағын денешынықтыру залы болса, екінші қабаты алғашқы әскери дайындық кабинетіне арналған екен. Өткен 2009 жылы мектепке күрделі жөндеу жүргізілердің алдында жобалық сметалық құжат дайындалған уақытта бұл екі қабатты қосалқы ғимараттың іргетасы жарылған, қабырғасы сөгілген деп кейінге қалдырылыпты. Жаңа ғана мақала басында айтқанымызда ауылымыздағы бірқатар мекемелер жаңа кейіпке еніп жатса, 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілген мектеп жанындағы қосалқы ғимараттың сыйқы мынау. «Қожанасырдың тамындай» болған қосалқы ғимарат мектепке қарап Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінде «Қуансаң, қуана бер….» деген сыңай танытып тұрғандай көрінді. Сағымға айналған «сақалды құрылысқа» жан бітсе, жаңа оқу жылында мектеп оқушылары шағын денешынықтыру залында, алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде жаттығады деген үміттеміз. Лайым солай болғай!

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


«САЛЫҚТЫ УАҚЫТЫНДА ТӨЛЕ!»

Күні: , 92 рет оқылды

15095641_214249295651633_5085349307300024953_n 15138462_214249348984961_7129434161239143074_oСалықтың жайы халықтың жағдайымен етене байланысты екені ежелден белгілі. Салық саясатының басты мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Ал салық төлеушінің ең басты міндеті салық пен өзге де міндетті бекітілінген заңнамаға сәйкес, бюджетке төлемдерді уақытылы және толықтай төлеу болып табылады. Уақытылы төлем жүргізбеген жағдайда, осының бәрі мәжбүрлі тәртіпте жүзеге асырылатын болады. Осыған орай 24 қараша күні аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып тұрғындардың жер және мүлік салықтары бойынша берешектерін уақтылы төлеу үшін белсенділіктерін жоғарылату мақсатында «Салықты уақытында төле!» акциясын өткізді. Акция барысында салық төлеуге шақыру туралы үндеулер айтылып, салық төлеу туралы жаднама парақтары таратылды. Сонымен қатар, сол жерде салық бойынша берешекті қалай білуге болатындығы жөнінде түсінік берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ -ТІЛ»

Күні: , 98 рет оқылды

15168733_214243358985560_8880185035356036869_o 15168811_214243378985558_1625529845640215788_o24 қараша күні аудандық орталықтандырылған кітапханада «Ұлы дала Елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс шаралар аясында «Мемлекеттің тірегі-тіл» атты кеш өтті. Кеште аудандық кітапхананың балалар бөлімінің балалар ісі жөніндегі әдіскері Анар Жұмашева қазақ тілі туралы мағұлмат берсе, Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қуандық Нұрымбаев «Шабыт пен тіл» өлеңін мәнеріне келтіріп оқыды. Сондай-ақ шарада аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, еңбек ардагері Ұлжан Ахметова, «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің мүшесі Сандуғаш Бекхожина, Қазталов мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев тіл мәртебесі туралы өз ойларын жеткізіп, кітапхана ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.