АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 31.10.2016


КӨШЕНІҢ АСФАЛЬТ ЖОЛЫ «ЖАРАМДЫ» МА?

Күні: , 138 рет оқылды

14650328_203642153379014_3761217424376856497_n 14889744_203641936712369_3399939425294884497_oАудан орталығындағы көшелердің асфальтталып жатқанына жұрт қуанғаннан басындағы бөркін аспанға лақтырып, тіпті кейбіреулері «бөркінен де айырылып қалғандай» болды… Міне, қуаныш деп осыны айт! Енді сол қуаныш су сепкендей басылды. Редакцияға аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Айдынбек Абитов, ауыл тұрғыны Нұрлан Құсайынов ренішпен келді. –Жол асфальтталды деп сонау Оралға шейін шулатып мақтап жазып жатырсыздар. Ал, оның сапасына көз жібердіңдер ме? Білмесеңіздер айтайық. Қара жамылғының астына қажетті төсеніштер төселген жоқ. Былайша айтқанда жол салу технологиясы сақталмай отыр.(Суреттерін алып келді). Қай жерден көрдіңдер, 10 күннің ішінде 3 шақырым жерді асфальттап тастайтынды?! Егер 10 күннің ішінде 3 шақырым жер асфальтталатын болса, Чапаевтан тартылып келе жатырған жол әлдеқашан Қазталов емес, Жәнібекке дейін жетпей ме? Олар жол салу технологиясын сақтау қажеттігінен және тексерудің болатындығынан жұмысты уақытымен жүргізуде. Көріңіздер де тұрыңыздар. Енді 1-2 жылдан кейін мына асфальт «шифер» болады да қалады. Сол кезде көлікпен жүріп, «селкілдегенде» жолды қабылдап алғандарға көптеген «рахмет» айтылатынын білесіздер, -деген ойларын жеткізді. Ал, осы айтылған мәселеге аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Ислямов қандай жауап қайтарар екен? -Технологиясы сақталған, жаааааа-раааам-ды, -деген жауап алар ма екенбіз?!

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚОРШАУ ҚЫСҚАРДЫ. ТЕРЕК КЕСІЛДІ

Күні: , 180 рет оқылды

14884446_203631973380032_7507525140484986874_oШарафутдинов көшесінің бойындағы отырғызылған жасыл желектерді бала кезімізден білеміз. Көкке жетпегенмен әйтеуір ауылға көрік беретіндей болып өсіп келеді. Бұл көшенің келбетінің келісіп тұруына барлық тұрғындар да мүдделі. Өйткені бұл көше біздің «Достық» даңғылымыз. Қала берді бетке ұстарымыз. Ал енді, мына суреттен көріп отырғандай өсіп келе жатырған теректерді кесіп, оның қоршауын кішірейтіп, жол салып жатыр ма, су өткізіп жатыр ма белгісіз? Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, -жылдап өсіріп келе жатырған теректерді кесіп жол салады деген не масқара? Қоршау сынса қайта жөндеуге болады, ірге құласа оны да жөндеуге болады. Енді жылдар салып өсетін теректі бір мүдде үшін кесуге бола ма? Осыны қарайтын құзырлы органдар қайда?

Гауһар ӘДІЛЖАН


ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Күні: , 108 рет оқылды

14890332_203535120056384_7392388227961023855_o 14633240_203535540056342_5000843351136898227_o28 қазан күні аудандық спорт мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай волейболдан ауылдық округ командаларының ардагер спортшылары арасында Қазталов ауданы чемпионаты өтті. Жарыста Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин және жарыстың бас төрешісі Тимур Есқалиев сөз алып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа Қараоба, Жалпақтал, Қазталов, Қарасу ауылдық округтерінен командалар қатысты.
 

Жұлдыз АСҚАР


ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА «ТОЛАҒАЙ» СПОРТТЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Күні: , 96 рет оқылды

14706937_203460146730548_6266752833404673527_o 14852997_203460236730539_5764092847652191044_o 14902791_203460150063881_3662793304960568814_o28 қазан күні аудандық спорт мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесіне арналған «Толағай» спорттық ойыны оздырылды. Спорттық шарада сөз алған жұмыспен қамту орталығының басшысы Қадер Нұрғалиев, ӘТВЕО –департаменті аудандық зейнетақы қорының басшысы Эльмира Сармалаева барлық әлеуметтік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, әлеуметтік сала қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыстады. «Толағай» спорттық ойынында жарысқа қатысушы командалар «Су тасу», «Паровоз», «Қайық», «Нысанға доп лақтыру», «Робот», «Эстафета» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Ойын барысында шапшаңдылық пен ептілік танытқан «Регламент» командасы 1 орынды алса, 2 орын «Стандарт» командасы, 3 орын «Солерий» командасына бұйырды. Арнайы төрелік жасаған әділқазылар жеңімпаз командаларды алғыс хатпен марапаттап, ақшалай сыйлық табыстады.

Жұлдыз АСҚАР


ҚАРАҚАТТЫҢ ЖЕҢІСІ – ӨНЕРІНІҢ ЖЕМІСІ

Күні: , 100 рет оқылды

14632981_203446140065282_1710747644132078152_n26-27 қазан күндері «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында өткен «Дала дарыны» республикалық балалар арасындағы өнер байқауында жерлесіміз Қараөзен мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Қарақат Талғатова қатысып, лауреат атанды. Байқауға әртүрлі бағыттағы өнер жанрынан 300-ге тарта үміткер қатысқан болатын. Ал, Қарақат «эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Лұқпан Жолдасовтың «Бала тілегі» әнін шебер орындап, әділқазылардың жоғары бағасына ие болды. Кішкене кезінен киелі өнерді өзіне серік қылған Қарақаттың бойындағы талантын аша білген ұстазы Румия Әбдірахманованың еңбегі зор. Алдағы уақытта Қарақат Алматы қаласында өнер көрсететін болады. Қарақаттың жеңісі – өнерінің жемісі!

«Ауыл айнасы» ақпарат


ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 109 рет оқылды

14633281_203128973430332_4221778342300204355_oҚазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың ауданымызға қарасты елді мекендерге кезекті іссапары өз жалғасын табуда. Ауданымызда 54 елді мекен болса, соладың ішінде ең шалғай ораналасқан Көктерек ауылдық округінің Саралжын (Киров) және Бірік ауылдық округінің Саралжын ауылдары. 27 қазан күні аудан әкімі осы ауылдарға арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында ауылдардың қысқы маусымға даярлығы мен тұрғындардың хал-ауқаты туралы әңгіме қозғалды. Сонымен қатар аудан басшысы осы ауылдардағы әлеуметтік нысандарды аралап, жылыту жүйелерінің жұмысымен танысып шықты.

Қайрат ЖАҚЫП


«ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 186 рет оқылды

14859644_202601123483117_11563928036696372_o 14859887_202602816816281_1976476323560805989_o 14876566_202601463483083_2070047074449860463_o 14876705_202601183483111_8143891371820887414_o 14883588_202602303482999_4400936344074483539_oӘже – немере-шөбере сүйіп, олардың бал күлкісіне, шаттығына кенеліп отырған жан болып табылады. Халқымыз – дүниеге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қанаттандырған асыл ананың өмірлік тәжірибесі де мол әрі ағайын-туыстың бірлігін, бір-біріне деген қамқорлығын сақтаушы ретінде оларға құрметпен қараған. 26 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Әже мен немере» сайысы оздырылды. Бұндағы басты мақсат – жас ұрпақты ата- баба дәстүріне тәрбиелеу, әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану, баланы кішіпейілділікке, үлкен адамдарды құрметтеуге үйрету еді. «Әже мен немере» сайысына Гүлбаршын әже Самира немересімен, Аягөз әже Айару немересімен, Қалампыр әже Нұрайым немересімен, Орынай әже Жансерік немересімен, Шолпан әже Нұрберген немересімен, Гүлмай әже Айым немересімен, Надежда әже Исламбек немересімен, Тәнзила әже Дильназ немересімен, Ұлдаш әже Сұлтан немересімен қатысты. Олар «Тегін білу-тектілік» (таныстыру), «Сөз мәйегі – мақал», «Дәм-думан», «Қолөнер» және өнерден сайысқа түсті. Нәтижесінде бостандықтық Қалампыр әже Нұрайым немересімен 1 орынды иеленсе, 2 орынды қарасулық Надежда әже Исламбек немересімен, 3 орынды қайыңдылық Шолпан әже Нұрберген немересімен жеңіп алды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Байқауға қатысушы басқа да үміткерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР


БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

Күні: , 318 рет оқылды

14633654_202627123480517_7803149732859984384_o26 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімінің отырысы өтті. Отырыста 2017 жылға мерзімді баспасөзге жазылу бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева хабарлама жасады. -Баспасөзге жазылу кезеңі саяси маңызы зор науқан. Себебі газет пен журнал беттерінде елімізде жүргізіліп жатқан саясат насихатталуда. 2017 жылға баспасөзге жазылу науқаны басталып та кетті. Осыған орай бәріміз ынтымақпен бірлесе газет-журналдарға жазылайық, -деді Самал Қанапияқызы. Сонымен қатар Қазталов аудандық пошта байланыс торабының бастығы Жанар Табылдиева осы мәселе қойылған бойынша сұрақтарға жауап берді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


НЕСИЕГЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Күні: , 142 рет оқылды

14876691_202625373480692_4740618712031350399_o26 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімінің отырысы өтті. Отырысқа ауылдық округтер әкімдері, мекеме, ұйым басшылары қатысты. Отырыста ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жүсіп Шакуов хабарлама жасады. Елімізде халықты жұмыспен қамту бағытында түрлі бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Солардың ішінде «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жастар практикасы» сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар шағын кәсіп ашып, табыс табамын деушілерге мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер де берілуге. Бірақ осы несиені алып, кәсібін кеңейтіп, ал алған қарызын қайтармай жүргендер қатары көбейіп отыр. Ауданымыз бойынша шағын кәсіп ашу үшін қарыз алғандар мемлекетке 6 миллион теңге көлемінде берешек. Осы мәселелер бойынша Талдықұдық, Болашақ ауылдық округтерінің әкімдері Ақмарал Қуанышқалиева, Қоблан Дүйсеков жарыссөзге қатысып, несиені кері қайтаруда кездесіп отырған кедергілер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің несие бөлімі жетекшісі Талап Бисембаев қайтарылмай жатырған несиелер бойынша алынып жатырған шараларға тоқталды. -Қарызы қордаланып отырғандардың бірі де – Қазталов ауданы. Аудан несиені қайтармау жағынан облыс бойынша алғашқы орындарда тұр. Егер қарызды алушылар ерікті қайтарудан бас тартса, сот арқылы мәжбүрлеп өндіруді қолға аламыз. Кепілге қойған мүлкін тәркілеп, сатуға қоямыз. Әрине кепілдегі мүлік арзанға бағаланады, -деді ол. Отырыста сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов елімізде мал шаруашылығын дамыту мақсатында қолға алынған «Береке» бағдарламасы жөнінде хабарлап өтті. Жиналыс соңында қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданып, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне несие алушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ӘСЕМ ДЕ, НҰРЛАН ДА ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫН ҚЫЗДЫРА ТҮСТІ

Күні: , 122 рет оқылды

14853090_202574346819128_7832129329854667303_o 14859648_202568050153091_2380130271428119694_oАудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Әсем Болат өзінің ізденісімен жұртшылықтың ықыласына бөленіп келе жатырған жастардың бірі деуге болады. Түрлі тақырыпта қалам тербеуімен қатар, өзінің бойындағы түрлі мәдениет шараларды жүргізуде де көпшілік көңілінен шығуда. Күні кешегі сәйгүліктер туралы бейнебаянның да мазмұнды шығуына өзіндік үлес қосты. Ал, жастар форумында ашық пікірталас алаңын өзінің мәнерлі дауысымен, тапқырлығымен жарқырай көрінді. Әсем осындай қоғамдық жұмыстарға атсалысқаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин ресмиліктен «айығып», нағыз мәдени шараны жүргізушіге айналды. Міне, сондықтан екі замандасыма да еңбекте де, өнерде де табысты болыңыздар деймін. Ауданымызда сурет түсірумен айналысатын жастар көп. Ал, солардың ішінде бірі де, бірегейі де – Мерхат Ибатов деуге болады. Оның түрлі тақырыптағы түсірген суреттері адамдарды бейжай қалдырмайды. Бұл да өнердің бір түрі. Жастар форумында Мерхаттың суреттерінен арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрушілер таңданыстарын жасыра алмады. Осындай ізденістері үшін Мерхат Ибатов аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР

 

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.