АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 24.10.2016


«ҮЗДІК КҮЗЕТШІ» — ҚЫМБАТ АПА

Күні: , 136 рет оқылды

14753827_201544983588731_2562997035171706065_oКөп жағдайда әйелдерді нәзік жанды, отбасының ұйытқысы ретінде санаймыз. Әйел-аналарды шаңырақтың түтінін түзу шығарып, бала-шағасын тәрбиелеп отырушы ретінде қабылдайтыныз рас. Бірақ қазіргі күнде бұл қағиданы жоққа шығарып, ер азаматтарға тән жұмысты атқарып жүрген әйелдер де баршылық. Ал соның ішінде тәртіпті қадағалап, тыныштық пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ететін жұмыстың бірі – күзетші болу бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осындай қиын қызметті игеріп жүрген нәзік жандының бірі – ақпәтерлік Қымбат Бисенбаева апамыз. Қымбат апа 14 жыл көлемінде Ақпәтер ауылдық әкімшілігінде күзетші болып жұмыс жасайды. Биыл зейнет жасына жетіп отыр. -Күзетші болу – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол кез келген жағдайды бақылап, төтенше оқиға бола қалғанда салқынқанды іс-әрекет жасай білуі керек. Қызмет жасап келе жатырған жылдар ішінде құдайға шүкір, ондай жағдайлар болған емес. Жұмысымды абыроймен атқарып келемін. Отбасымда да, жұмысымда да сыйлымын. Жолдасым Меңдіғали Шагиров екеуміз 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, 3 немере, 2 жиен сүйіп отырған ата-әжеміз. Өзім қоғамдық жұмыстарға да белсене араласамын. Ауылдағы «Ақырыс» әжелер ансамблінің мүшесімін, -дейді Қымбат апа. Иә, қандай жұмыс болса да наныңды адал жолмен тауып, сол қызметті адал атқарып, еңбегіңнің бағаланғанына не жетсін?! 21 қазан Қошанкөл ауылында өткен еңбек күніне орай өткен мерекелік шарада Қымбат Бисенбаева апамыз «Үздік күзетші» марапатына ие болды. Отбасының да, жұмыс жасайтын ортасының қарауылы әрі қорғаны болып жүрген Қымбат апамыздан үлгі алар батыл да еңбекқор қыздар көп болса екен.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Күні: , 122 рет оқылды

14566282_200616503681579_7306158551699394715_o 14692097_200616640348232_9089906106992802479_o«Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының ұйымдастыруымен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен жүзеге асып отырған «Жолда қабылдау» акциясының негізгі мақсаты — тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ауылішілік және тас жолдардағы көлік жолдарындағы жол қауіпсіздігінің алдын-алу. Аталмыш акция аясында 22 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов пен әкімшілік полиция қызметкері аудан тұрғындарымен қоса аудан орталығында аутокөлік жүргізушілерін тоқтатып, түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында қабылдау жасады. Акция барысында тұрғындар мен аутокөлік жүргізушілер тарапынан түскен шағымдарға тиісті жауаптар қайтарылып, айтылған ұсыныстары жазып алынды. Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, құқық қорғау органдарының әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жолда қабылдау» акциясы аясында азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, тиісті кеңестер мен заң аясында түсінік жұмыстары жүргізіле бермек.

Қайрат ЖАҚЫП


МЕРЕКЕ ДАЛА ҚЫЗЫҒЫМЕН ЖАЛҒАСТЫ

Күні: , 98 рет оқылды

14615627_200301100379786_2903128329969559208_o 14753834_200301507046412_2356262310703467680_oҚошанкөлдегі ауыл шаруашылығына арналған мерекелік шара дала қызықтарымен жалғасты. Қазақтың ұлттық ойындары аударыспақ, қазақша күрес, арқан тартыс сынды ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Қазақша күрестен жауырыны жерге тимей, «Түйе палуан» атағын ақпәтерлік Олжас Сүлейменов жеңіп алды. Сондай-ақ қазақтың қанын қыздыратын, делебесін қоздыратын ұлттық спортымыз – бәйгесіз дала қызығы өткен емес. 6 шақырымдық тай жарысында көктеректік Жоламан Есетовтің Сұңқары мәреге бірінші болып келсе, 9 шақырымдық құнан бәйгесінде бостандықтық атбегі Нұрлан Нұғымановтың Бақторысы шашасына шаң жұқтырмай, оза шапты. Ал, 22 шақырымға созылған қазақтың жабы тұқымды жылқылары арасында өткен аламанда көршілес Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының атбегісі Амантай Құспанов баптаған Балакүрең сәйгүлігі бас жүлдені жеңіп алып, жүлдеге тігілген жылқы малын иеленді. Мерекелік шараға қатысушылар дала қызығанан соң арнайы дайындалған киіз үйде қонақ болып, дастарханнан дәм татты.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОШАНКӨЛДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 102 рет оқылды

14711260_200298350380061_7265169318701577255_o 14711170_200298397046723_1665972965258354859_o 14682106_200298643713365_6269211825276731163_o 14715075_200299077046655_5577466067962121912_oАуылдың келбеті, тіршіліктің құт қонысы – ауыл шаруашылығы мамандарының жанкешті еңбектерінің жемісі болып саналады. Ауыл шаруашылығы дамыса, ауылдағы ағайынның әлеуметтік тұрмысы жақсара түссе, байлықтың да, бақыттың мекені сол. Осыған орай 21 қазан күні Қошанкөл ауылында ауыл шаруашылық күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына жан-жақты үлес қосқан бір топ еңбек адамдарын марапаттады. Шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің және техникаларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан көркемөнерпаздарының орындауындағы әсем де әсерлі әндері жиналған көпшіліктің көңілін көтерді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«СӘЙГҮЛІК» ЖЫЛҚЫ МҰРАЖАЙЫ ҚЫЗМЕТ ЖАСАУЫН БАСТАДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

14711572_200253393717890_419706330537956509_o 14715467_200253113717918_7912969892203660425_o21 қазан күні Қошанкөл ауылында «Сәйгүлік» жылқы мұражайының іргетасының қалану салтанаты болды. Айта кету керек бұл мұражай – жылқыға арналған алғашқы мұражай. Мұражайға арнайы орын бөлініп, жабдықталуда. Осы салтанатқа ауданымыздың барлық округтерінен қонақтар қатысты. Салтанатта сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -Мұражай жабдықталып, өзінің негізін қалады деуге болады. Бұл жұмыс бір күннің ісі емес, әрі қарай жалғаса бермек. Болашақта туризм кластеріне сәйкес Көктерек (Алау) лагері және мұражай көпшілік тамашалайтын орынға айналдыру жоспарлануда. Сондықтан басталған іс сәтімен болғай,-деген тілегін жеткізді. Ашылу салтанатында жұртшылыққа «Жасымнан жылқы десе менің жаным» атты «Ауыл айнасы» редакциясы әзірлеген деректі бейнебаян көрсетілсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Қараөзен ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолов, «Ауыл айнасы» газетінің жауапты хатшысы Мөлдір Әнуарбек құттықтау сөз сөйлеп, мұражайға сыйлықтар және жәдігерлер табыстады. Сонымен қатар жанұялық Беғалиевтер ансамблінің мүшесі Арман өзі шығарған «Қошанкөлім» атты әннің тұсаукесерін жасады.

Жұлдыз АСҚАР


«НҰРЛЫ БАҚТА» ҚЫРАН БЕЙНЕСІ МЕН ЖАСАНДЫ САРҚЫРАМА

Күні: , 104 рет оқылды

14706972_200240903719139_3472609063419766130_oАудан орталығында өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Нұрлы бақ» саябағы ашылған еді. Сол ашылу салтанатында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері арнайы келіп, жеміс ағаштарын отырғызған болатын. Бүгінгі күнде бұл жеміс ағаштары жайқалып өсіп келеді. Бұл саябақтың іші жабдықталуда. 21 қазан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақта қыран бүркіттің мүсіні және жасанды сарқыраманың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және БҚО «Жас эколог» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ислямғали Саламат, -осы жасалып жатырған игі істер жалғасын тауып, елдің кәдесіне жарасын,-деген тілегін жеткізді. Бұдан кейін салтанатқа қатысушылар баққа жеміс көшеттерін отырғызды.

Әсем БОЛАТ


ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 108 рет оқылды

14711632_200204260389470_3870046150443140229_o 14713038_200204117056151_7831778860035048164_o21 қазан күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Қазталов ауданына арнайы іссапармен келді. Өңір басшысының орынбасары сапарын ауданымыздың Талдыапан ауылдық округінен бастады. Округтегі ауызсумен жабдықтау жобасымен танысты. Қазталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Керешов сумен жабдықтау жүйесін карта арқылы түсіндіріп берді. Бүгінде Талдыапан ауылдық округінің сумен жабдықтау жобасының жалпы сметалық құны 820,625 мың теңге. Ал 2017-2018 жылдары Қособа, Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық елді-мекендерін сумен жабдықтау жобасына 363,000 мың теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жол жөндеу жұмыстарымен танысқан өңір басшысының орынбасары Бағдат Оразалдыұлы Жалпақтал ауылында болды. Облыс әкімінің орынбасары С.Датұлы көшесіндегі төрт пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұрынғы құрылысы аяқталмай қалған әскери ғимаратқа аудандық бюджеттен 26 млн. теңге қаржы бөлініп, бос тұрған нысанның қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Алдағы айда төрт пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Жалпақтал ауылдық округі мен Қараөзен ауылдық округіне жалпы сметалық құны 384,690 мың теңге тұратын су құбырын қайта құру жобасымен танысты. 2017-2018 жылдары Жалпақтал ауылдық округіне 176,000 мың теңге қарастырылса, күні бүгін 10 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Ал аудан орталығы Қазталов ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құруға 244,606,2 мың теңге қарастырылған болса, соның ішінде 62022,0 теңге қаражаты иегерілген. Ал қалған 182584,2 мың теңге қаражат келер жылдың еншісінде игерілмек екен. Сондай-ақ ауданымыздың газдандыру жүйесімен танысты. Бүгінде ауданымыздың 29 елді мекені көгілдір отынның пайдасын көре алмай отырғандығын айта кеткеніміз жөн. Бүгінде бұл елді мекендерге техникалық-экономикалық негіздері жасақталып, келер жылдың еншісінде қаржы бөлінсе жобалық сметалық құжаттары жасақталмақ. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев сонымен қатар аудандық спорт мектебінде болып, жөндеу жұмыстары жүргізілген спорт мектебінің жай-күймен танысты. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының ауданымызға іссапар кезінде аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов, бөлім басшылары бірге жүрді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


БҮГІНДЕ ҮЛКЕН-КІШІНІҢ ҚОЛЫНАН ТЕЛЕФОН ТҮСПЕЙДІ, АЛ БОТАНЫҢ ҚОЛЫНДА ИНЕ-ЖІП

Күні: , 84 рет оқылды

14706910_199811193762110_8666580620374335766_o 14712979_199811173762112_8574051854705365667_o 14718716_199811357095427_275510145599041802_nБұрынғы кезде әжелеріміздің, аналарымыздың қолдарынан бес ине түспей, қой жүнінен неше түрлі тоқыма өнімдерінен істеп жататын. Ал, оны киіп алған біздердің аяқ-қолдарымыз үскірік аязда тонбайтын еді. Енді қазіргі күнде үлкен-кішіміз болсын қолымыздан қалта телефоны түспейді. Бірақ асыл әжелеріміздің өнерін жалғастырып жүрген замандастармыз да арамызда бар екен. Соның бірі – аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Ботагөз Айтмағанбетова. Ботагөздің он саусағынан өнер төгіліп тұр. Үй шаруасы, қызмет болса да уақыт табады. Оның өнімдері көздің жауын алғандай…Мына қызықты қараңыз?! Бәріміздің үйіміздегі «тентектерге» алып берген пәленбай теңгенің құны тұратын қуыршақтар 2-3 сағат өтпей жатып, «эксплутациядан» шығып қалып жатады. Былайша айтқанда, әлгі қуыршақтың аяғы сыртта, басы іште, қолы көшеде жатады… Ал, Ботагөз соны да пайдаға асырып отыр. Мысалы, қуыршақтың бастарына түрлі ұлттың киімдерін тігіп, кітапхананың балалар бөліміне қойған. Кітапханаға келген балалар қолөнерді көріп, өздері де осындай ұлттық өнерге талпынары анық. Сондықтан Ботаға, — қолыңнан ине-жіп түспей, ұлттық өнерді дамыта бер! -дейміз.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.