АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 20.10.2016


АҚ ХАЛАТТЫ АРДАГЕР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Күні: , 84 рет оқылды

14691976_199465780463318_4580898206830197503_oАуданымызда медицина саласында талай жыл табан тоздырып, ауру адамның жанына араша болған ақ халатты аналарымыз баршылық. Міне, осындай абыройлы қызмет атқарған аналарымызға бүгінде артынан ерген ізбасарлары құрмет көрсетті. Осы орайда 19 қазан күні аудандық орталықтандырылған аурухана қайырымдылық айлығы аясында осы салада адал еңбек еткен зейнеткер аналарымызға ақ дастархан жайды. Қайырымдылық шарасында сөз алған аудандық аурухана директоры Қайырбай Алтаев сол кездегі заманның қиындығына қарамастан өз жұмысын адал еңбекпен атқарған қайратты әрі қажырлы аналарымыздың жұмысын бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, өз лебізін білдірді. Кездесу кешінде аудандық аурухананың кәсіподақ төрайымы Жанна Жәрдемәлиева терапия бөлімінің 38 жыл кіші қызметкері болған ардагер Румия Вахитова және ардагер ана Қаным Артығалиеваларды 80 жас мерейтойларымен құттықтап, камзол кигізіп, ақ жаулық тақты. Сондай-ақ медицина саласының ардагер аналары Жаңылсын Мүтиева, Катя Жұмағұлова, Гүлбаршын Бұлқайыроваларға да құрмет көрсетіліп, аурухана қызметкерлерінің атынан ақ тілегін жеткізді. Ақ дастархан басына жиналған аналарымыз жұмыс жасаған сәттердегі естеліктерімен бөлісіп, ашық жарқын әңгімелесті.Ақ жаулықты аналарымыз осындай көңілді кеш сыйлаған аурухана қызметкерлеріне алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.

Жұлдыз АСҚАР


БОКСШЫМЫЗ ЖАРАДЫ

Күні: , 88 рет оқылды

14692095_199395413803688_7883148728475473481_oКүні кеше аудандық газетке Бостандық орта мектебінің оқушысы, Асыланбек Сармалаев жаттықтыратын бокс үйірмесінің тәрбиеленушісі Тұрарбек Қалиевтің Атырау қаласында өткен жарыста жүлделі оралғанын жазған болатынмыз. Араға бірнеше апта салып, 12-6 қазан күндері Ақсай қаласында өткен ХІХ Достық халықаралық турниріне де қатысып қайтты. Бұл жарысқа 1999-2000 жылғы туылған жастар арасындағы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген боксшылармен қолғап түйістірген Тұрарбек Қалиев 46 келі салмақта 2 орын күміс жүлдені иеленді. Тұрабекке талмай жаттығып, Данияр ағасындай биік белестерге жете берсін демекпіз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«ЖАДЫРА» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ЕРТЕҢГІЛІК

Күні: , 136 рет оқылды

14680821_199362063807023_3109500696388610014_o19 қазан күні «Жадыра» балабақшасында «Балапан» тобында «Бақшамызға күз келді!» атты ертеңгілік өтті. Шараның мақсаты — Балалардың күз туралы түсінігін кеңейтіп, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін бақылату. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы ойларын граматикалық түрде және байланыстырып сөйлеуге төселдіру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу. Ертеңгілік басталысымен бүлдіршіндерге «Алтын күз» ханшайымы келіп, барлық балаларды күздің шуақты мерекесімен құттықтады. «Алтын күз» ханшайымына бүлдіршіндер күз туралы тақпақтарын айтып, «Балапан», «Алтын күз» әндерін хормен шырқап ата-аналарды бір сергітіп тастады. Сондай-ақ шарада топтың биші қыздары орыс биін билесе, «Көгершін» тобының бишілері «Қолшатыр» биін билеп берді. Шара барысында сергіту сәті де ұйымдастырылып, ата-аналар балаларына арнап түрлі ойындар ойнап, «Бауырсақ» ертегісін сахналап көрсетті. Шара соңында «Балапан» тобының бүлдіршіндері «күзгі вальс» биін биледі. Кішкентай бүлдіршіндерге өз дәрежесінде ертеңгілік өткізген тәрбиешілер Меңсұлу Есқақова мен Мулькат Төрешоваға ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріне табыс, жұмыстарына шығармашылық шабыт тілейміз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ЕСЕП БЕРДІ

Күні: , 92 рет оқылды

14681065_198968567179706_8075757187794765678_o18 қазан күні Жалпақтал мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы Жалпақтал бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бойынша есеп беру-сайлау жиналысы басталды. Есеп беру-сайлау жиыны атқарылған жұмыс көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қатар ішкі партиялық әрекеттер, жұмыс және сауалнама әдістерін жаңарту болып табылады. Есеп-беру сайлау жиналысына «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасы Марат Тоясов «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде: БПҰ төрағасының 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі атқарылған жұмысы жайлы, БПҰ Бюро мүшелерін және аудандық есеп беру-сайлау конференциясына өкілдерін сайлау сұрақтары талқыланды. Жалпақтал бастауыш партия ұйының төрағасы Мағауия Есмағұлов партиялық жобаларды жүзеге асыру, оқу-тәрбие жұмыстарын орындау, мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру және т.б. жұмыстарының өтуі бойынша баяндап шықты. Жиын барысында өз тілектерімен Абылай Молдашев, Нұрхат Булаев сөз сөйледі. Ашық сайлау барысында БПҰ Бюро мүшесі және төрағасы болып Мағауия Есмағұлов қайта сайланды. Жалпы есеп беру-сайлау жиынына жақсы деген баға берілді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ӘКІМ АҚСАҚАЛДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 76 рет оқылды

14753679_198957803847449_7926040157709631551_o18 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, ауылымыздың ақсақалдарымен жүздесті. Кездесуге Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, ауданымыздың бөлім басшылары қатысты. Ауыл ақсақалдарының басын қосып, келелі ой пікірлерін білу мақсатында кездесуге келген аудан басшысы қазіргі таңда ауданда атқарылып жатқан игі істерді атап өтті. -Ауданымызды биылғы жылы біркелі жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда аудан орталығының үш көшесіне асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізіліп жатырса, алдағы айда Жалпақтал ауылының С.Датұлы көшесіне де асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар аудандық балалар-жасөсіпірдер спорт мектебіне, «Балдәурен» бөбекжайына қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіле, Талдыапан ауылдық округінде абаттандыру, ауылға кіре беріс жолдары тегістелген болатын. Жалпақтал ауылындағы бұрыңғы құрылыс аяқталмай қалған әскери ғимаратты қолымызға алып, күрделі жөндеуге қаржы бөлініп, төрт пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Басқа да округтерде де біркелкі жұмыстар атқарылды,-деді Нұрлан Мағазұлы. Сонымен қатар ақсақалдардың ауыл ішінде туындағын мәселелерін тыңдады. Кездесуде сөз алған ақсақалдар ветеринариялық мәселені, мал қыстату науқаны, ауыл ішіндегі көшелерді тегістеу секілді мәселелерді сөз етіп, ұсыныс-пікірлерін айтты. Ал ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов: -Бүгінгі күні К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің жанындағы өнер бөлімі өз алдына бөлек шығып, 2016-2017 оқу жылында өнер мектебі болып қайта құрылған болатын. Бұл өнер мектебінің материалдық-техникалық базасы, штаты қалай болмақ? Бір шешімін шығару керек. Ел Тәуелсіздігін алғанына 25 жылдың жүзі болса, сол тәуелсіздік жылдарында ауданымызға көгілдір отын келіп, халық рахатын көрген болатын. Қазіргі таңда сол ауданымыздың 29 елді мекені көгілдір отынды пайдалана алмай отырғаны бізді қынжылтады. Бұл көгілдір отынның жыры қай уақытта шешілмек?-деді. -Өнер мектебінің материалдық-техникалық базасы, штаты алдағы сессияда қаралып, келер жылы қаржы бөлінетін болады. Ал көгілдір отан мәселесі бойынша Серік, Көктерек, Жұлдыз бағыты бойынша, Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан, Талдықұдық бағыттары бойынша, Ақпәтер Талдықұдық бағыттары бойынша техникалық экономиалық негіздері жасақталды. Келер жылы жобалық сметалық құжаттарына қаржы бөлініп, жұмыстанатын боламыз,-деген аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы айтылған ұсыныс пікірлері мен сын-ескертпелер алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


БИЫЛ АСТЫҚ АРЗАНДАЙ МА?

Күні: , 70 рет оқылды

14711099_198862587190304_5963108463144537542_oЕліміз үшін биыл жемісті жыл. МИЛЛИАРД ПҰТ АСТЫҚ АЛДЫҚ. Былайша айтқанда бункерлік салмақпен алғанда егістіктен 23,1 миллион тонна астық жиналды. Бұл ел тәуелсіздігінің жылдары ішіндегі ең рекордты көрсеткіш болып табылып отыр. Ғалымдардың айтуынша болашақта еліміз астық өндіруде ең алдыңғы қатарда тұрады деп болжануда. 2021 жылдары жаһандық бидай өндірісі 11 пайызды құрайтын болса, Қазақстандағы астық өндірісінің көлемі 40 пайызға өспекші. НАНСЫЗ біз өмірімізді елестете алмаймыз. Нанның қасиеті туралы Мұхамед пайғамбарымыздың хадистерінде де айтылған. Міне, биылғы жылы облысымызда да егін бітік шығып, диханшылар қуанышқа бөленді. Қолына кетпен ұстамайтындар да бұған риза. Кешегі облыста өткен ауыл шаруашылығы мерекесін атап өткенде (әрине, біздер қатыса алмадық) «Қазақстан-Орал» арнасынан өңір басшысының сөзінен егіннен мол өнім алғандығымызды естідік. Енді биыл мол өнім жиналып отырғанда астықтың құны арзандай ма? Көріп жүргеніміздей 50 келілік астық дүкендерде «шамаң жетсе алып көр» дегендей құны 5300-ден 6000-ға дейін барады. Ал, бір бөлке нан 120 теңге тұрады. Нан бағасының осындай қымбатшылықта тұруының салдарынан кейбір үлкен отбасылар қиындықтарға душар болып жатқанын көріп-біліп жүрміз. Мәселен, 5-7 баласы бар отбасын алып қарайық. Күніне кем дегенде 3-4 бөлке нан қажет етіледі. Осының шығынын айға есептесек, тек 11 мыңдай теңге нанға жұмсалады. Жанұяға наннан басқа да тағам өнімдері керек қой. Қанттың құны 1 келісі 300 теңгеге жуықтады. Шағу майдың құны 2000-нан кем емес. Сондай-ақ шәйдің 1 қорапшасы 700 теңгеден кем емес. Қазақпыз ғой. Неше түрлі үндінің этикеткасын жапсырып қойған шәйді таңертеңнен кешке шейін «тартпай» отыра алмайтынымыз тағы бар. Міне, осындай күнделікті ең қажетті қолданылатын азық-түліктің бағасы шарықтап тұрғанда үлкен отбасылар алаңсыз тұрмыс құрып жатыр деп айта аламыз ба? Осындайда биік мінберлерден, -пәленше пұт астық жинадық!,-деп ұрандатып жатқанда, НЕГЕ АСТЫҚТЫҢ ҚҰНЫН АРЗАНДАТПАСҚА? P.S. Өткен жылдары «Орал өңірі» газетінен аты-жөнін ұмытып қалып отырмын бір ардагер ағаның Дінмұхамед Қонаев туралы естелігі жарияланды. Сонда данагөй басшы Д.Қонаев Оралға келгенде, -өңір басшыларына астықтан мол өнім жинап жатсыңдар, жоспар-жоспар деп астықтың бәрін Мәскеуге жөнелту мақсаты тұрмасын. Халықтың дастарханы нанға толып тұрсын, -деген екен. Ал, биыл исі аңқыған бөлке нандар дастарханымызда толып тұра ма? Астық өнімі арзандай ма?

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚАРАӨЗЕНДЕ ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Күні: , 108 рет оқылды

14711463_198588870551009_476116933556896849_o14 қазан күні Қараөзен ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қайырымдылық айлығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында «Толағай» отбасылық сайысы оздырылды. Сайысқа «Қыран» тобынан Ихсановтар отбасы, «Шаңырақ» тобынан Бекқалиевтар отбасы, «Тұлпар» тобынан Тулеуғалиевтар отбасы қатысты. Әр топ өздерінің ұрандарымен таныстырып сайыс 6 тур бойынша өтті. Әділқазылар өздерінің әділ бағаларын беріп сайыс қорытындысы бойынша «Тұлпар» тобы Iорын, «Шаңырақ» тобы IIорын, «Қыран» тобы III орынды иеленді. Командалар мадақтама грамоталармен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Әлеуметтік қызметкерлер осы сайысқа демеушілік еткен жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалық жетекшілері Т.Татпанов, Г.Кенжеғалиева, Ж.Жақсымбетова, Б.Хусайынов, К.Тулеуғалиева және Қараөзен мектеп-лицейімен мәдениет қызметкерлеріне алғыстарын білдіреді. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің құрдасы I топ мүгедегі Нұрсұлтан Жәрдемовке Қараөзен әкім аппаратының бас маманы А.Мұстақапова өз атынан ұялы телефон табыс етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ҚҰБАЙДОЛЛА АҒАМЫЗ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Күні: , 72 рет оқылды

14753284_198569493886280_5521463282501195693_oБиыл қазталовтықтар үшін жемісті жыл болып отыр. Спортта да, өнерде де оза шауып, бәйге алып жатырмыз. Енді міне, тағы да бір бәйгені жеңіп алдық. Ол қандай бәйге дейсіз ғой? Орал қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өткізген мерекеде қасапшылар арасында сайыс болды. Әрине, бұндай сайыстар сирек болатыны белгілі. Сондықтан да ол қызықты. Ауданымыздан бұл сайысқа Құбайдолла Ізмағанбетов ағамыз қатысты. Ағамыздың он саусағынан өнер тамған шебер екені белгілі. Себебі түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізгенде ағамызға «құда түсушілер» көп. Сондай-ақ бүгінде аудан орталығын етпен қамтамасыз етіп отырған Мәншүк апамыздың өнімдерінің сатылуына да қол ұшын беріп келеді. Ал, бұл дүкеннен ет сатып алғандар, -кіл сүйекті толтырып жіберді, — деген бір әңгіме естіліп жатырған жоқ. Міне, бұнда Құбайдолла ағамыздың қолтаңбасы жатыр. Облыстың 6 ауданынан қатысқан қасапшылар арасындағы сайыста Құбайдолла Ізмағанбетов бірінші орынды жеңіп алып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Бұл да кәсіптің бір түрі. Осындай кәсіптің шебері Құбайдолла ағамыз деп білеміз.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАСЫ СЕКСЕННІҢ ТӨРТЕУІНЕ КЕЛСЕ ДЕ, КӨЗІЛДІРІКСІЗ КІТАП ОҚИДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

14753737_198537607222802_2816744375176580024_oҚазіргі күнде кітап оқушылар азайып кетті деп айтып жатамыз. Ал, күні кеше ғана «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Айтуға оңай» хабарынан 96 жастағы әженің кітаптан қол үзбегенін көрсетті. Әженің, -оқып жатырған кітабым бітіп қалса, өмірім бітіп қалғандай болады, -деген әңгімесін естідік. Бұл со-о-о-онау Алматы жағындағы әже болса, өзіміздің қасымызда да жасы тоқсанға келмегенмен,сексен төртті еңсеріп тастаған Әбужәлит Шамғонов атамыз кітап оқудан қол үзген емес. Атамыздың бір ерекшелігі – кітапты көзілдіріксіз оқиды. -Үйге әкелген кітабым оқылып таусылып қалса, бірдеңе жоғалтқандай боламын. Сосын кітапханадағы қыздарыма қарай аяңдаймын, -дейді атамыз. Бүгінде жапа тармағай ғаламтордың шырмауына түсіп жатқанымызда, сексеннің сеңгірінде жүрген атамыздан бір үлгі алсақ, артық болмас еді.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.