АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.10.2016


КУБОК – ҚАЗТАЛОВ ОКРУГІ КОМАНДАСЫНДА

Күні: , 92 рет оқылды

14612495_198046490605247_604539372282133227_o14 қазан күні «Қайрат» футбол алаңында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шағын футболдан ауылдық округ командалары арасында Қазталов ауданының Кубогі үшін жарыс өтті. Бұл жарысқа аудан округтерінен сегіз команда қатысты. Тартысты өткен жарыста Қазталов ауылдық округінің футбол командасы жеңіс тұғырынан көрініп, аудан Кубогін иеленді. Айта кетейік, шағын футболдан ауданымыздың құрама командасы өткен жылы облыс чемпионатында бірінші лиганың чемпионы атанды. Енді биыл жоғары лигада ойын көрсетеді. Облыста да бірінші болсын!- дейміз ағайын.

Әсем БОЛАТ


ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН КҮН

Күні: , 88 рет оқылды

14608909_197242717352291_282818571350981070_oМейірбандық күні болып саналатын «Қайырымдылық айлығы» аясында ауданымызда көптеген іс-шаралар оздырылуда. Сондай шаралардың бірі — аудандық С. Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы мен жастар демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жүрекке жылу сыйлайық» кеші. Осы кештің басты қонақтары — ауылымыздың мүмкіндігі шектеулі, көмекке зәру қамкөңіл жандары болды. Бұл жандар өмірдің қиындығына мойымай, ауыртпашылықтың ағысына қарсы жүзген, сағы сынбай, тағдырдың салғанын көтере білген жазықсыз жандар. Алайда жазмыштың жазғанына көнгеннен басқа амал нешік. Шараны ұйымдастырушы аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина,- мерекелік кешке қатысушы барша қамкөңіл жандарға өмірде еш мойымай, қиындықты жеңе білуге шақырып, денсаулық, бақыт тіледі. Әдемі әрі әсерлі өткен кеште аудандық мәдениет үйінің әдіскері Самал Хайрушева қызықты тренинг өткізіп, олардың өмірге деген қызығушылықтарын арттырып, көіңілдерін бір серпілтіп жіберді. Сондай-ақ кеште әсем ән шырқалып, күмбірлете күй төгіліп, қонақтарымыз әуенге қосылып, би де биледі Осындай меркелік кеш ұйымдастырған аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллинаға Гүлайым апамыз, Темірболат ағамыз және басқа да мүкіндігі шектеулі жандар ризашылықтарын танытып, алғыстарын білдіріді. Кеш соңында аға-апаларымызға арнап арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

Әсем БОЛАТ


КҮРЕ ЖОЛДЫҢ БОЙЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Күні: , 88 рет оқылды

14691967_197138064029423_5085796289747297595_o«ЮНИСЕРВ» ЖШС жүргізіп жатқан аудан орталығының ішіндегі ішкі жолдарды асфальттау жұмыстары қарқын алуда. Облыс орталығымен байланыстыратын күре жолдың ауылға кірер бөлігі қара жамылғы жабылмағандықтан «пять минут в Америкадан» түскеннен кейін көлік дөңгелегіне жабысқан «тонна-тонна» балшықтар ауылдың ішіне кіретін еді. Енді соның реті шешілді деуге болады. Қазіргі күнде жол құрылысы жүріп жатыр.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.