АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 14.10.2016


ҚОЯН ЕТІ «ДЕЛИКАТЕС» ҚОЙ

Күні: , 102 рет оқылды

14589738_197114734031756_9164971657959149599_oКәсіп жасаймын дегенге оның түр-түрі бар ғой. Алайда сол кәсіп көздерін көп адамдар пайдалана бермейді. Ал, Қазталов ауылының тұрғыны Тұржан Нағымов сирек кәсіп қоян өсіруді қолға алған. –Бұл жануар шөпті талғап жейді ғой. Күн сайын олар қоректенетін қырықбуын, мия сияқты шөптер тауып беремін. Сонымен қатар арнайы жерден қазып орын әзірлеп, оны сым темірмен қаптадым. Себебі, бұлар жер асты арқылы ін қазып, түрлі жолдар сала береді. Алдағы уақытта пайдасы болатын болса, өсіріп, санын көбейтем бе деген де ойым бар, -дейді Тұржан бізбен әңгімесінде. Несі бар? Далаға шығарып қой сияқты жаймайсың. Шаршаған күні, -қоян бағып кел, -деп ешкімді жалдамайсың. Шөбі мен суын толтырып қойсаң болды емес пе? Әрі қоян еті деликатес қой.

Әсем БОЛАТ


АЯҚ КИІМІҢДІ ДОСБАЙҒА ЖӨНДЕТ

Күні: , 104 рет оқылды

14606437_197113567365206_5036364735689630495_n-Е-е-е-е бұрынғының етіктері етік те, қазіргінің етіктері етік емес қой, бәйгесі 10 күн, -деп үлкендер айтып отырады. Расында да іші-сырты жылтырап тұрған аяқ киімдерді қымбатқа сатып аламыз да, аз уақыт өтпей киюге жарамай қалғандықтан лақтырып тастаймыз. Осындайда аяқ киімдерді жөндейтін шебердің болғаны жақсы. Қазталов ауылындағы Досбай Василинді он саусағынан өнер тамған шебер деуге болады. Ол қандай аяқ киім болсын жөндеп береді. Оның қызметін пайдаланушылар да көп. Досбай Василин: -Аяқ киім жөндеумен айналысқаныма 15 жылдан асты. Менің қызметімді пайдаланғандар әркезде де риза болып жатады. Шындығы керек, қазіргі аяқ киімдер ауылдық жерде киюге келмейді деуге болады. Соның нәтижесінде олар жарамсыз болып қалады. Міне, осыларды барынша жөндеп беремін. Кез келген адамның, соның ішінде балалардың жиі-жиі аяқ киім алуға мүмкіндігі болмайды ғой, -дейді. Міне, өзінің шеберлігімен тұрғындарға пайдасын тигізіп жүрген Досбай Василиннің кәсібі айтуға тұрарлық және қызметінің бағасы да қалтаға салмақ салмайды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ҚАН ТАПСЫРДЫ

Күні: , 166 рет оқылды

14715698_197109704032259_5047793877226885339_o«Донор” сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, «сыйлау” деген мағынаны білдіреді. Біз қан тапсыру арқылы оған мұқтаж науқас адамның өмірін сақтап қаламыз. Жасы 18-ден асқан кез келген дені сау адамның 450,0 мл. көлемінде қан тапсыруы физиологиялық қалыпты жағдай болып саналады. Бұл процесс кезінде қан жоғалту қаупі болмайды. Керісінше, қан тапсыру адам ағзасына оң ықпалын тигізеді: жаңадан қан жасушалары түзіліп, ол адамның иммунитетін арттырады. Сондай-ақ, қан жасау процесі жақсарады, жүрек ауруларының алдын алады, ұйқы безі, бауыр, ас қорыту ауруларына пайдасын тигізеді, қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларының алдын алады. Бұған қоса, қан тапсырған адамның ағзасы қан жоғалтуға төзімді болады. Осыған орай 13 қазан күні аудандық орталық ауруханада донорлар қан тапсырды. Бір күннің ішінде 100-ге тарта донорлар басқалардың денсаулығын сақтау үшін өздерінің «тартуын» жасады. Мекемелердің арасында аудандық орталық ауруханасынан 21 донор қан тапсырса, Әжібай ауылы, Қазақтелеком мекемесі, Қазталов мектебінен донорлар көптеп шықты. Сонымен қатар «Ауыл айнасы» редакциясының қызметкерлері де қан тапсырып, атсалысты.

Әсем БОЛАТ


ЖАЛПАҚТАЛДА КЕШ ӨТТІ БАУЫРЖАННЫҢ

Күні: , 136 рет оқылды

14680864_196913767385186_7595691302813809675_o13 қазан күні Жалпақтал мәдениет үйінде батысқазақстандық ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының, айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, айтыскер ақын Бауыржан Халиолланың «Жұлдыз жауған жарық түн» атты шығармашылық кеші өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен Астана күніне арналған «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпенділер өркениеті фестивалі аясында ұйымдастырылған «Жүйелі сөз» атты ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алған Бауыржан Ширмединұлы жүргізген кеште Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр айтыс көгінде де жарқырай білген Бауыржан Халиоллаға жылы лебізін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Студент кезінен айтыстың дүбірлі додаларында аузымен құс тістеген сал жүйрік Бауыржан Халиолланың есімі Қонаевқа арналған айтыстағы төкпелерінен соң, ел ішінде тіпті жиі аталып кетті. Оның сол айтыстағы сөздерін ұялы телефонда бірінен соң бірі жазып алып жүргендерде есеп жоқ. Бірақ, Бауыржанның айтыскер ғана емес, жазба поэзияның да шебері екенін қалың қауым толық білмес. Оның бірде отты, бірде лирикалық боп келетін жырлары «Жұмбақ қыздың жанары», «Нәзік бұлт көшіп барады», «Жұлдыз жауған жарық түн» атты кітаптарында жинақталған. Кеште талай айтыста шындықты шыңғыра айтқан ақын Байыржан Халиолла өз өлеңдерін оқып, Жалпақтал жұртшылығының қошеметіне бөленді -Шығармашылық кешіме Жалпақтал жұртшылығының жиналып, ерекше ықалас ниетпен қабылдап жатқанын көріп, шыны керек қатты толқыдым. Осынау кешке арнайы қатысқан аудан басшысы Нұрлан Мағазұлына зор рахметімді айтамын. Енді бүгін жыр кешіме келіп, шапалағымен шабыт бергендеріне шексіз ризамын. Алғысым шексіз,-дейді ақын Бауыржан Халиолла Ал кеште Бауыржан туындыларына жазылған әндерді батысқазақстандық әншілер Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, Марат Халиуллин сынды әншілер орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Сонымен қатар әдеби кеште Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев секілді белгілі айтыскер ақындарда қатысты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


5 КИІКТІ АТТЫ. 6 МИЛЛИОН ШЫҒЫН ӨНДІРІЛЕТІН БОЛДЫ

Күні: , 148 рет оқылды

14650746_196827394060490_899144954469889833_nҚазталов ауданы Әжібай ауылының тұрғыны О. «Урал» маркалы мотоциклімен шығып, даладан 5 киікті атқан. Атқан киіктерінің мүйізін кесіп алған. Осындай заңсыз әрекет жасап жүрген кезінде «Охотзоопром» инспекторларының құрығына іліккен. Қазталов аудандық соты О.-ға 6 миллион 360 теңге шығынды өндіруге және ҚК-тің 337 бабының 4 бөлігі 2,4 тармақтарымен кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар «Урал» маркалы мотоциклі мен 1 дана 16-шы калибрлі ИЖ-К маркалы аңшылық мылтығы тәркіленді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


40 ДАНА МҮЙІЗ ҮШІН 16 МЛН 968 МЫҢ ТЕҢГЕ ШЫҒЫН ӨНДІРІЛЕДІ

Күні: , 164 рет оқылды

14714921_196823547394208_7853307085166958436_oҚайран ақбөкендердің мүйізі өздеріне сор болып жабысты. Аудандық соттан мәліметтер алынған жағдайда көбінесе қаралған істердің барлығы заңсыз киік аулағандар болып шығады. Тағы да сот мәжілісінде қаралған іс қолымызға тиді. Жақында М. деген азаматтан құқық қорғау органдарының қызметкерлері 40 дана киік мүйізін тапқан. Осыған орай Қазталов аудандық соты БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының талап арызы қанағаттандырып, М.-дан 16 миллион 968 мың теңге өндіруге үкім шығарды. Сонымен қатар М. ҚК-нің 339 бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. P.S: 1995 жылы Қытайдың Шэньси провинциясында Чжан Чэн деген азаматты заңсыз панданы аулағаны үшін өлім жазасына кескен. Міне, миллиардтан астам халқы бар Қытай елі жер бетінде құрып бара жатырған аюдың түрін осындай қатаң жаза арқылы тоқтатуды мақсат етіп отыр. Ал, біздерде құрып бара жатырған киелі жануарды атқандарды айыппұл салу арқылы жазалап келеміз. Бұдан шығып жатырған ешқандай қорытынды жоқ. Ақбөкенді көрсе көздері қарауытып кететін «екі аяқты қасқырларға» тек қана Қытай заңы керек.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ

Күні: , 124 рет оқылды

14700757_196728597403703_3064850668974187961_o13 қазан күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезекті қоғамдық қабылдауын аудан прокуроры Дәурен Медетбеков өткізді. Қабылдауға келгендердің дені жұмысқа орналасу туралы болса, енді бір жалғыз басты ана алимент өндіру мәселесінің шешімін таппай тұрғанын жеткізді. Аудан прокуроры бұл мәселе бойынша тиісті органдармен жұмыстанатынын айтып өтті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ӘСЕТ ҒИМРАНОВҚА АРНАЛҒАН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

Күні: , 138 рет оқылды

14707819_196725434070686_2011202746695551061_oАуданымыздың дамуы жолында аянбай қызмет атқарып, спорт жанашыры болған, өзі де талай рет спорттық жарыстарда жетістіктерге жеткен жерлесіміздің бірі — марқұм Әсет Қанатұлы Ғимранов еді. 13 қазан күні «Қайрат» футбол алаңында аудандық орталық балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің, аудандық кірістер басқармасы және құрдастары, сыныптастарының ұйымдастыруымен Әсет Ғимрановты еске алу мақсатында 2000-2001 жылғы туылған мектеп оқушылары арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өткізілуде. Біріншіліктің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов, Әсеттің апасы Әсел Ғимранова және достары Әсет Қанатұлы туралы естелік айтып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Біріншілікке аудандық орталық балалар — жасөспірімдер спорт мектебінен (Қазталов) 2 команда, аудандық балалар -жасөспірімдер спорт мектебі (Жалпақтал) , Алма Оразбаева атындағы орта мектебі, Қазталов орта мектебі , Кенжебек Меңдәлиев атындағы орта мектебі, Ғали Беғалиев атындағы орта мектебі, Тереңкөл орта мектебі, Ақпәтер орта мектебі, және Бостандық орта мектебінің командалары қатысты.

Қайрат ЖАҚЫП


АҚ ЖҮРЕКТІ АНАЛАРДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Күні: , 134 рет оқылды

14706900_196723047404258_2024701228185499400_o13 қазан күні қайырымдылық айлығына орай аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина және ауылдық аналар кеңесінің мүшесі Чиослан Адушева ардагер әжелеріміз бен көп балалы отбасының шаңырағында болды. Алдымен 91 жастағы Күләндам Құлжанова әжеміздің шаңырағында болып, қал-жағдайын сұрап, басына ақ жаулық тақты. Кездесуде әжеміз, -Айналайын, қарақтарым! Менің халімді сұрап, көңіл бөліп келіп жатқандарыңызға мың да бір рахмет. Сіздерге тек Алла ұзақ ғұмыр берсін. Әрқашан еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, -деп ақ батасын берді. Сондай-ақ байланыс ардагері Ғалия Сейітқалиева анамызға аналар кеңесінің мүшесі Чиослан Адошева өз қолынан дайындалған сүт өнімдерін беріп, аман отыра беріңіз, -деген тілегін жолдады. Осындай әжелеріміздің ақ батасынан кейін, 7 баланың әкесі Жасұлан ағамыздың шаңырағында болдық. Көздері жәутендеген Ерасыл мен Ерсұлтан алдымыздан шауып шықты. Нұрия мен Чиослан анамыз балаларға киім-кешек үйлестіріп, аналық ақ тілектерін жеткізді.

Жұлдыз АСҚАР


БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНДА ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИНАЛЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 136 рет оқылды

14556809_196701140739782_2602358302737331841_o11 қазаннан «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары басталды. Осыған орай Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Бірік, Бостандық, Жаңажол ауылдық округтерінде «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының төрағалары ағымдағы жыл ішінде партияның атқарған жұмыстарынан есеп берді. Сондай-ақ жиналыста Қараоба ауылдық «Нұр Отан» БПҰ-ның төрағасы болып Руслан Жұмағұлов, Қошанкөл ауылдық «Нұр Отан» БПҰ-ның төрағасы болып Мирбол Адаялиев, Тереңкөл ауылдық «Нұр Отан» БПҰ-ның төрайымы болып Жанар Кәкімова, Бірік ауылдық «Нұр Отан» БПҰ-ның төрайымы болып Ақтоты Қайреденова, Бостандық ауылдық «Нұр Отан» БПҰ-ның төрайымы болып Алтын Ақбаева, Жаңажол ауылдық «Нұр Отан» БПҰ-ның төрайымы болып Мәрзия Сәрсенова қайтадан сайланды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.