АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.10.2016


«ЭКСПЕДИЦИЯ 25» ҚАЗТАЛОВТА

Күні: , 98 рет оқылды

14612407_196296220780274_4532849187920149316_o 14712740_196296374113592_2957976810808750602_o«Хабар» арнасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Экспедиция 25» атты экспедиция шығарған болатын. Жобаның негізгі мақсаты – ұлы дала елінің ұлылығын насихаттау. Осы экспедиция тобы 11 қазан күні ауданымызға ат басын тіреді. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында экспедиция мүшелері мен ауданның белсенді жастары және азаматтары кездесіп, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева экспедиция мүшелеріне ауданымыз туралы мағлұмат беріп, -елімізге қош келдіңіздер, -деген лебізін жеткізді. Кездесуде сөз алған «Экспедиция 25» жобасының жетекшісі Әділет Есекеев: — «Экспедиция 25» экспедициясы зерттелмеген жолы қиын жерлермен жүріп келеді. Басты ерекшелігіміз — біздің жобаның мүшелері ешбір дайындықсыз қатысып отырған белсенді азаматтар. Сондай-ақ бағытымызды экспедиция мүшелері өздері анықтап отырады. Сіздің жаққа келген себебіміз – Батыс өңірі табиғат байлығымен және кез келген қоғамда болып жатырған жағдайларға өздерінің белсенділігімен ерекшеленеді. Сол себепті де сіздің аймақты аралап көруді ұйғардық, -дейді. Кездесуде экспедиция мүшелері жолда кездескен қызықты жағдайлармен бөлісті. Сондай-ақ аудан өнерпаздары Мұрат Ахметов пен Қуат Ахметов домбыра және гитарамен ән шырқап, кеш шырайын аша түсті. Кездесу соңында экспедиция мүшелері мен қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«БАР БАЙЛЫҒЫМ – ОЛ МЕНІҢ ӨМІРІМ!»

Күні: , 100 рет оқылды

14608926_195591457517417_8051054575810896082_o«Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ. Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Осыған орай 10 қазан «Дүниежүзілік психикалық денсаулық» күніне орай аудандық орталық аурухананың психологі Жанаргүл Ғизатуллина және СӨСК- нің медігері Бақытжан Нағымов «Бар байлығым – ол менің өмірім!» атты ұранмен А. Оразбаева мектебінде болып, 8-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесудің мақсаты – психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша қоғамның назарын аудару, жасөспірімдер мен жастар үшін қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету. Кездесуде оқушыларға денсаулықтың маңыздылығы туралы түсінік беріп, қызықты тренинг жұмыстарын жүргізді.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


КЕМШІІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Күні: , 98 рет оқылды

14692081_196034120806484_3600828101992501348_o11 қазан күні Қазталов аудандық прокуратурасында аудан прокурорының орынбасары Адат Мұқанғалиевтің төрағалық етуімен мәжіліс өтті. Мәжілісте сарып ауруымен ауырған малдарды уақытылы тапсыру мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша аға прокурор Ербол Сапаров хабарлама жасады. Хабарламада айтылғандай округтердегі сарып ауруына шалдыққан малдарды тиісті органдарға тапсыру мерзімдері сақталмаған. Бұның өзі ҚР үкіметінің «Малдардағы сарып аурының алдын-алу және оған профилактикалық шаралар жүргізу» туралы бағдарламасының тиісті дәрежеде орындалмай тұрғанын көрсетеді. Осы мәселеге мал мамандары, округ әкімдері және «Қазталов аудандық ветеринариялық станциясы» МКК-нің директоры Талғат Есболов назар аудармай келген. Аудандық прокуратура атқарушы органдарға және осы мәселемен айналысатын мамандарға кемшіліктерді жоюдың қорытындысын берді. Мәжіліске қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин жіберілген кемшіліктердің алдағы уақытта түзетілетінін жеткізді.

Жұлдыз АСҚАР


«ҮЗДІК МЕКТЕП МҰРАЖАЙЫ» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ

Күні: , 108 рет оқылды

14711119_195995404143689_6213938245442118151_oМұражай – тәрбиелік мәні бар мәдени әрі тарихи орын. Ерте кезден-ақ адамдар өткен тарихты еске түсіру мақсатында өздеріне аса қымбат, бағалы заттарды осы мұражайда сақтаған. Ал, қазіргі таңда осындай көне жәдігерлерді сақтайтын біздің елімізде мыңнан аса мемлекеттік мұражайлар жұмыс істейді. Онда жарты миллионға жуық картина, мүсін, түрлі қолжазбалар, әрқилы заттар жинақталған екен. Бұған қоса мыңдаған халық мұражайлары мен мектеп мұражайлары да өз қызметтерін атқаруда. Осыған орай 11 қазан күні Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай аудандық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Үздік мектеп мұражайы» атты фестиваль өтті. Шараның мақсаты – Жасөспірімдердің өлкетануға деген қызуғышылығын арттырып, патриоттыққа тәрбиелеу және мектеп мұражайы арқылы ұлттық мақтаныш сезімін ояту. Фестивальге ауданымыздан 3 мектеп мұражайы қатысты. Шарада сөз алған аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Асыл Зәкарияқызы және аудандық тарихи- өлкетану мұражайының меңгерушісі Нәзікеш Қибатоллақызы — мұражайдың мән-маңыздылығын түсіндіріп өтіп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Фестивальдің бірінші кезеңі «Ерекше жәдігерлер» көрмесі деп аталып, мұнда әр мұражайдың мүшесі өздерінің әкелген жәдігерлерімен таныстырып өтті. Ал, «Жәдігерлер сөйлейді» кезеңінде мұражайдың түпкі тарихы бейнекөрініс арқылы көрсетілсе, «Атадан қалған мұра», «Эрудит білгірлері» атты кезеңдерде ата-бабасынан мұра болып қалған көне жәдігерлермен таныстырып, мұражай, тарих бойынша тест сынақтарын жүргізді. Байқау қорытындысы бойынша Ғ. Беғалиев орта мектебінің мұражайы 1 орын, К. Меңдәлиев мектебінің мұражайы 2 орын, А. Оразбаева мектебінің мұражайы 3 орынға ие болды. Қызықты өткен шарада оқушылар тек мұражай тарихымен терең танысып қана қоймай, сондай-ақ әсем әннен шашу шашып, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Шара соңында фестивальді ұйымдастырушы аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Миржан Қарабалин барша қатысушы қонақтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.